Файл: 6_Лекционный комплекс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.11.2019

Просмотров: 2462

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10) Бос уақытта қолданылатын бағдарламалар. Оқушылар іс-әрекетін мектептен тыс және сыныптан тыс ұйымдастыру үшін арналған. Негізгі мақсаты: оқушыларға көңіл бөлу мен ой-қабілетін дамыту және т.с.с.

Тестілеу бағдарламалары. Қазіргі уақытта мәтіндік бақылау бағдарламасы кең қолданылады. Оларды шартты екі типке бөлуге болады: «жауабын жазыңыз» және «жауабын таңданыз».

1-типтің артықшылығы: жауабын оқушының өзі жазады, пернетақтамен жұмыс істеу қабілетін дамытады.

1-типтің кемшіліктері: енгізетін жауапты өңдеу күрделігі, көп уақыт тест нәтижелерін өңдеуге және жөндеуге кетеді.

2- типтің артықшылығы: жауаптарын өңдеуде бағдарламаларды құру оңай, нәтижелерін өңдеуге аз уақыт кетеді. Оқушылардың ЭЕМ-мен жұмыс дағдысы бұл тест түрінде аса көп қажет етпейді.

2-типтің кешіліктері: Оқушының кейбір білмей берген жауабының дұрыс болып кету ықтималдылығы.

Кемшіліксіз тестілеу бағдарламаларының сипаттамасы.

- Бағдарлама тестінің екі түрін де қолдану керек.

- Желі бойынша жіберу және тарату керек.

- Оқытушылар үшін сұрақтарды ауыстыруға мүмкіндік болу керек.

- Сұрақтар тәртібі оңайынан күрделіге бағытталуы керек, оқылған бөлімдерді қамту керек.

- Егер бағдарламада жауап уақытына шектеу қою қарастырылған болса, онда қанша уақыт қалғанын деманстрациялау керек.

- Қателер қайда жіберілген және сұрақтардың дұрыс жауабын көрсету керек.

- Әр сыныптарда оқушылар бағасын білімінің әр түрлі критериялары бойынша қарастырылуға болады.

- Оқушылардың тестілеу нәтижесі арнайы файлдарда сақталу керек және тест аяқталғаннан кейін өздері мұғалімнің ЭЕМ-не жіберілуі керек.

- Керекті файлдар заңсыз қолданудан қорғалу керек.

Педагогикалық бағдарламалық құрал негізгі белгілі себептері:

- Оқытудың моделдеу мүмкіндіктері, іштей даму құбылысын көрсету;

- Жаңа әдістемелерін тарату мүмкіндіктері;

- Оқыту үрдісін жекелендіруге болады.

Кемшіліктер қатары қарастырылуда:

1) Көптеген оқытушы бағдарламалар қайта жазылған оқулық ретінде ұсынылады, гипермәтіндік сілтемелер мәтінді монитордан оқуға әкеледі.

2) Педагогикалық бағдарламалық құралдың көпшілігінде олармен жұмыс істеу сипаттамасымен талаптары болмайды.

3) Кейбір педагогикалық бағдарламалық құрал оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескермейді (кіші қаріп, ақ түсті фонда көк әріптер).

Өздік педагогикалық бағдарламалық құрал құруда қолданушыға нұсқаулық (инструкция) құру керек, оған мыналар кіру керек:

- Оқыту үрдісінде ПБҚ қандай мақсатта қолданылады;

- Қандай ЭЕМ іске-асыруға, қандай жүйе талаптары қажеттілігін белгілеу;

- Қандай жастағы оқушыларға есептелінген;

- Сабақтардың қандай түрлері мен қандай кезеңдерінде қолдануға болады.


Педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелері.

Педагогикалық бағдарламалық құралдың дамуының ең тыйымды жолы мультимедиалық технология деп санауға болады.


Мультимедиалық технология - бұл әр түрлі табиғаты бар (мәтін, дыбыстық, графикалық, анимация, видео) құру әдістерінің және ақпаратты тиімді қолданудың жиынтығы. Қолданылатын педагогикалық бағдарламалық құралдың көбі мультимедиалық болып табылады. Тағы бір педагогикалық бағдарламалық құрал болып гипермәтін табылады.

Гипермәтін – белгілі тақырып бойынша мәтіндік фрагменттердің жиынтығы, онда кейбір сөздер (ерекше сөздер) белгіленген, бұндай сөздерді белсендету (активизация) мәтін үзіндісінің жаңа материалмен пайда болуына әкеледі. Қатысушы өзінің оқуын өзі жоспарлайды, ол белсенді рөл атқарады, яғни оны қызықтыратын тақырыптарды таңдай алады. Жиі гипермәтінді құжаттарда мәтін ғана емес, сонымен бірге графика, анимация, видео да қойылады. Бұл технология гипермедия атағын алды.

Гипермедия – бұл технология оқуды нақтырақ, көрнекірек жасауға мүмкіндік береді.

Электронды кітаптар – педагогикалық бағдарламалық құралдың әр түрлілігі, оған ЭЕМ-дағы беттерден құралған оқулық материалдары жатады.

Электрондық кітаптар:

- Энциклопедиялық (үлкен көлемді әртүрлі ақпараттар);

- Тақырыптық (қандай да бір тақырыптарға дерек);

- Бақылау жүргізуші (оқушының дайындық деңгейін айқындау) болады.

Мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құралды қолданған кездегі туындайтын мәселелер:

І. Әлеуметтік мәселелер. Қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі білімді ақпараттандыруда бірінші кезекте, адамдар мен мұғалімдердің жаңа өзгерістерді (жүйені) дұрыс қабылдауы.

1) Көптеген мұғалімдердің қалыптасқан әдістемелік оқытуды ауыстырғылары келмеуі. Әдетте қатардағы әрбір мұғалімдердің өзіндік әдістемесі қалыптасқандықтан, оқыту үрдісіне мультимедиалы технологияға тәжірибе енгізуде шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейді (тәжірибе кезіндегі нәтижені ешкім дәлелдеген емес). Мұндайда дайындыққа көп уақыт кетеді, ақпараттық технологияны игеру үшін уақытпен әрекет ету қажет.

2) Болашақ маман мұғалімнің даярлылығының болмауы. Қазіргі уақытта көптеген педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитындардың жаңа ақпараттық технологияны игеру мақсаты көзделген бағдарламалар жоқ.

3) Мектепте есептеуіш техникасы құралдарының жеткілікті көлемінде болмауы. Талап бойынша қарапайым мектептерде біріккен сабақтарды өткізуге толығымен арналған информатика бөлмесі болуы керек.

4) Компьютерлік сыныптарына жеткілікті қаражат бөлінбейді, педагогикалық бағдарламалық құрал жасау мұғалімдерге қиынға соғады.

ІІ. Педагогикалық бағдарламалық құрал сапасының мәселесі:

Ең басты дидактикалық принциптердің бірі – көрнекілік екені бірінші рет белгіленген, сондықтан мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құралды қолдану - көздеген объектіні немесе оның дамуындағы көріністі көрсетуге көмектеседі. Бүгінгі күнде мультимедиалық бағдарламаларды қолдану барысында өңделген нәтижелердің арасындағы қозғалысты қадағалауға болады.


1) Педагогикалық бағдарламалық құралды дайындауда жетілдірген шебер мұғалімдер, әдіскер және бағдарламашылар тартылмайды.

2) Материалды ұсынудың негізгі түрі мәтін болып табылады. Бұл балалардың тез шаршауына, денсаулықтың нашарлауына әкеп соғады.

3) Түстерді және басқа рәсімдеулерді дұрыс таңдамау көп кездеседі.

4) Әдіскердің нұсқауынсыз және технологиялық құжаттарсыз бағдарламаның тарауы, мұндай жағдайда педагогикалық бағдарламалық құралды сабақты қолдану мәселесі мұғалімге міндеттеледі (қандай түрдегі сабақта қолдану және т.с.с) бұл педагогикалық бағдарламалық құралды қолданудың көптеген дұрыс тәсілдерін мұғалімнің білмеуіне әкеп соғады.

ІІІ. Педагогикалық бағдарламалық құралдың психологиялық мәселелер:

1) Педагогикалық бағдарламалық құралдың көбі үй жағдайында жұмыс істеуге бағдарлануына байланысты мұғалімге оқушы компьютер жүйесінде орын жоқ, бұл мұғалімнің өзі үшін білім алу және бақылаудың үйренбеген ортасына түседі.

2) Егер мектепте балалар сабаққа қызығушылықпен ұмтылған болса, компьютерді оқу барысында бұл жағдай болмайды. Көбінесе бұл педагогикалық бағдарламалық құрал балалардың жасына және жеке ерекшеліктеріне, санитарлық гигиеналық нормаларды есепке алмайтындығы мен балаларды тез жалықтырумен байланысты.

3) Қазіргі уақытта мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құрал материалдың мазмұнының баяндау стилінің, шығармашылық және өзіндік іске асыру үшін мүмкіншіліктің жоқ болуы.

4) Мультимедиа құралы оқу үрдісін байытуға мүмкіндік береді, алайда дайын материалдарымен шамадан тыс әуесқойлық қаупі бар, ол сабақ қатысушыларының шығармашылық жұмыстарына зиян келтіреді. Оқушы компьютерге бағынышты ғана емес, сонымен қатар жүргізуші рөлін атқаруы қажет. Бұл жұмыстың түрлері бірге қолданса тиімді, яғни компьютер адамның жұмысына бағынышты болып немесе бағындырып оның психологиялық дамуын жүргізеді. Ол пән бойынша жаңа білімдерді ғана емес сонымен қатар шығармашылық икемділіктің дамуын қалыптастырады немесе керсінше. Оқу үрдісінің компьютер арқылы прогрессивті, сол сияқты регресивті жеке тұлғаның дамуына әкелуі мүмкін.

Қол жеткізу жолдары. Педагогикалық бағдарламалық құралды қолдану үшін кез келген мұғалімнің төмендегідей жұмыс жасау қажет:

1) Мектептерде арнайы сыныптармен жабдықтандыру. Мұндай сыныптарда әртүрлі пәндер бойынша сабақ өткізу мүмкіндіктері болады.

2) Мультимедиалық өнім шебер мамандардың көмегімен шығарылған болу керек. Мұғалім педагогикалық бағдарламалық құралды дұрыс таңдау мүмкіндігі болу керек.

3) Мұғалімге дербес компьютерді қолдану қосымшаларын сабақтарда түсіндіру қажет. Әрине кітап ұзақ уақытқа дейін материалды мазмұндаудың негізгі құралы болып қалады, бірақ электронды кітаптарды қолдану сабақтардың тиімділігін көтеруге мүмкіндіктер береді. Ол:


- тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді;

- қажет ақпараттарды тез табуға көмектеседі;

- көрнекі көрсету, дыбыстау қабілеті;

- қатысушылардың назарларын сейілтуге жол бермей, оқу жұмыстарын түрлендіру.

4) Пән мұғалімдерін арнайы дағдыларға дайындауды қамтамасыз ету қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарында немесе институттар базасында құрылған орталықтарға мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сонымен қатар кәсіби деңгейін көтеру курстарын жаңа педагогикалық технологияларда қолданумен жүргізу қажет.

5) Өзінің педагогикалық бағдарламалық құралын құру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет, ол үшін педагогикалық бағдарламалық құралды құру құралдарының қолда бар жиынтығының біреуін таңдау және оны оқу үрдісіне кеңінен енгізу қажет.

6) Мұғалімге компьютерді оқу сыныбында қолдану әдістемелік жобаланған оқу формасын ұсыну қажет. Ең тиімді нұсқа компьютерді әр оқу сыныбында қолдану. Оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану қажет.


Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Мультимедиалық технологияны оқу үрдісінде пайдалану.

  2. Педагогикалық бағдарламалық құралды жасау негіздері.


Негізгі әдебиеттер /4-6/,

Қосымша әдебиеттер/20-21/.


Дәріс -11.

Дәріс тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістері. Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.

Дәрістің мақсаты: Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуін және педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатиканы оқыту әдістері.

2. Жобалар әдісі.

3. Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.

Дәрістің тезисі:

Информатиканы оқыту әдістері.

Информатиканы оқытуда әдістерді дұрыс таңдай және сабақта тиімді қолдана білу керек. Әдіс (грек тілінен - бірденеге бағытталған) дегеніміз бір мақсатқа жету тәсілі.

Дидактикада оқытудың әдістері деп мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін құру әдісін түсінеді. Оқытудың әдістерінің мәселелерін шешуде атақты дидакт Бабанскийдің оқытудың әдістерін мұғалім мен оқушылардың реттелген бір-бірімен байланысты іс-әрекеті ретінде анықтайтын тұжырымын ұстанамыз. Бұл білім беру мәселелерін шешуге, жеке тұлға тәрбиелеп, дамытуға бағытталған.

Педагогикада оқытудың әдістерінің үлкен арсеналы жиналған. Әдісті жіктеудің өзінің анықталған ережесі болады. Алайда функционалды жағынан информатиканы оқытуда жіктеудің ең қолайлысы түсіндірмелі- иллюстративті, репродуктивті, мәселелік, бөліктеп іздеу, зерттеу әдістерімен ерекшеленеді. Берілген жіктеудің міндеттерімен информатика курсының мазмұнына сәйкестенуі үшін оны бағдарламаланған, модельді әдістермен және жобалау әдісімен толықтырған жөн.

Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс оқушылардың жаңа теоретикалық материалмен танысқанда компьютермен, бағдарламалық қолданбалармен жұмыста алғашқы білімдерінің қалыптасуында пернетақтамен жұмыс істеп үйренуінде қолданылады. Оқушыларға белгілі бір фактілерді дайын күйінде жеткізу үшін мұғалімнің оны әңгімелеп беруіне болады. Мұндай әдістерді (әңгіме, мазмұндама, түсіндірме) материал ақпараттық түрде болғанда немесе практикалық жұмыстың әдістерін сипаттағанда қолданған дұрыс.


Репродуктивті әдіс информатика сабақтарында тренажер- бағдарламалармен жұмыста (мысалы, пернетақталық тренажер), оқытушы және бақылау бағдарламаларымен әртүрлі кіріспе, жаттықтырушы жаттығуларды орындағанда, комментариймен жаттығуларда қолданады.

Мәселелік әдісті (мәселе сұрақтар, жағдайлар) графикалық ақпаратпен жұмыста қолданған жөн.

Бөліктеп-іздеу әдісін қолданғанда оқушылар болжам құруға, есепті бақылау, тәжірибе, жоспар құру немесе танымдық есептің алгоритімін шешу, жобалау және тағы басқалары арқылы шешуге қызығады.

Зерттеу әдісіне бақылау, тәжірибе, компьютермен, плакаттармен және басқаларымен жұмыс кіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың өзіндік ізденушілік іс- әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде танылады.

Бағдарламалық оқыту әдісінде информатика сабақтарында үйретуші бағдарламалар қолданылады. Бұл әдіс «Есептеуіш техникасының сандық негіздері», «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» тақырыптарында аса тиімді. Үйретуші бағдарламада берілген материал қатаң тәртіпте беріледі, әрбір кадр жаңа материал, бақылау сұрағы мен тапсырмадан тұрады.

Модельді әдіске математикалық немесе компьютерлік құрылуы кіреді. Бұл «бәсеңдейтін жобалау» әдісі. Орта мектептің информатика мұғалімі модельдерді құру үшін электронды кестелермен жұмыста қолданады. Алған тапсырмасына сәйкес оқушы математикалық модель құрады да, оны дайын күйде алады. Бұл модельдер келесіде оқудың объектісі болады.

Жобалар әдісі. Соңғы кезде информатика пәнінің мұғалімдері педагогикалық тәжірибеге жобалар әдісін белсенді түрде енгізе бастады.

1919 жылы Дальтон қаласында (АҚШ) Е. Паркхарст сынып-сабақтық жүйені әрбір оқушының педагогпен бірге құрылған жоспар бойынша индивидуалды жұмысымен ауыстыруға тырысты. Оқушылар мектеп бағдарламасын оқуда әркім өзінің жылдамдығы бойынша жылжу мүмкіндігін иеленді. Оқу күнінің бірінші жартысында олар ешбір оқу кестесінсіз жұмыс құралдары негізінде өз бетінше жұмыс жасады. Екінші жартысында – қызығушылық тудырған тақырып бойынша оқыды. Бұл тәжірибе "Дальтон-жоспар" деп аталынды. Бұл әдіс қазір де қолданылуды.

Жобалар әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен біріге отырып, нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады.

Жобалар әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа (1 тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады.