Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 1303

Скачиваний: 41

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Гепатаит Д вирусы

Гепатаит Е вирусы

408 15 жасар оқушы ауыл тұрғыны, отбасында сиыр,қой,ешкі ұстайды. Екі апта бұрын ауырған. Емханаға шаршағыштық, температураның 37-39С өзгергіштігі, тершеңдікке шағымданды. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аздаған бас ауруы, белсенді шағымдарымен қаралды. Терісі қалыпты түсте, дымқыл. Іш аймағы қалыпты конфигурацияда, ауыру сезімі жоқ. Тәбеті жақсы. Бауыр және көкбауыр қабырғадан 2 см шығыңқы, тығыз, ауырсынусыз. Нәжіс және зәрдің шығуы қалыпты. Қан талдауында: мөлшердегі лейкоцит, жылдамдатылған СОЭ. Науқас бірінші ретте қандай зерттеу әдісін өтуі қажет?

Тоқ ішектегі қан тамшыларына

Гемодақыл үшін қанды

Ми-жұлын сұйықтығының талдауы.

Райт-Хеддельсон реакциясы +

Зәр микрофлорасынан жағынды

409 28 жасар науқас емханаға лоқсу сезіміне, құсуға, эпигастралды аймағының ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымдарымен келді. 5 күн бұрын ауырған, дене температурасы 39С көтерілгенде жоғарыдағы сипмптомдар байқалған. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. теріде бөртпелер жоқ. Аздаған субиктерилді склер байқалады. Тыныс жиілігі 60 рет/мин. Тіл ақ жабынмен қапталған, ылғалды. Іші жұмсақ, терең пальпациялау кезінде оң жақ қабырға астының ауырсынуы байқалады. Бауыр қабырға доғасынан пальпацияланды, бауыр консистенциясы эластинді. Зәрдің түсі қошқыл. Төменде көрсетілген диагностиканың қайсысы сәйкес келеді?

қандағы амилазанының құрамын анықтау

қандағы қанттың құрамын анықтау

қандағы АЛТ құрамын анықтау +

қандағы креатинин құрамын анықтау

қандағы холестерин құрамын анықтау

410 Науқас 56 жаста. Өзін нашар сезіну, қалтырау, дене температурасының көтерілуі, бас ауруы, бел тұсының ауруы шағымдарымен келді. Аз уақыт аралығында кешкілікте әлсіздік, бас ауруы, қалтырау басталған. Дене температурасы 39,6 С көтерілген. Таңертеңгі уақытта шап аймағында ауырсыну, қышыну сезімдері байқалған. Қарау барысында- жағдайы орта ауырлықдәрежесінде, тері қабаты ылғалды, тыныс жиілігі 112 рет/мин, дене температурасы 40,0 С. Теріде орта және төменгі оң аяқ тұсында эритема және ісінген тәрізді бөлігі байқалады. Ұстап көргенде осы аймақта ауырсыну сезімі байқалады. Көрсетілген емдердің қайсысын ұсыну тиімді?

б/е левомицетин сукцинат 1,0 күніне 3 рет 7 күн

ауыз арқылы ципрофлоксацин 500 мг күніне 2 рет 10 күн

ауызға преднизолон 60 мгмөлшерін төмендете отырып

б/е пенициллин 1млн. күніне 6 рет 10 күн +

б/е диклофенак 75 мг күніне 1 рет 5 күн


411 Бала 5 жаста. Дене температурасының 38,0 С дейін жоғарлауына, жұтыну кезінде ауру сезіміне, әлсіздік, өзін нашыр сезіну, терідегі бөртпеге шағымданады. Жіті ауырған. Ауру анамнезінен: 3 күн ауырып жатыр, бөртпе 2 күні бетке, қолға, аяққа, мойынға шыққан. Қарау кезінде: температура 37,5 С. аран - ауызжұтқыншақ шырышты қабатының айқын гиперемияланған. Беті ісінген, ұрт аймағында ұсақнүктелі бөртпесі, мұрынерін ұшбұрышы бозарғаны байқалады. Алақанда терісінің ұсақ қабыршақты түлеуі байқалады. Анасының айтуынша бөртпеасты болған жоқ. Ең болжамды диагнозды атаңыз.

жәншау (скарлатина) +

қызамық

паротит

қызылша (корь)

лимфаденит

412 Ер адам 37 жаста. Мұрын, еріндері аймақтардағы бөртпеге, бас ауруына, дене температурасының 38,5 с дейін жоғарлауына, оң жақ аяқ-қолдарының қимылының шектеуге шағымданады. Қарау барысында: ерін, мұрын аймақтарындағы теріде ошақты бөртпе анықталды. Бөртпе ішінде мөлдір сұйықтығы бар 3-5 топтасқан көпіршіктерден құралған, шүйде бұлшықеттерінің қатаюы байқалады, Керниг және Брудзинский симптомдары оң, ауырсыну, температуралық және сипап-сезу сезімталдығы оң жақ қол мен аяқта төмендеген. Рефлекстер оң жақта төмендеге. Болжамды диагнозды атағыз:

біріншілікті көпмезгілді энцефалит

 энцефалит Экономо

 қарапайым герпес вирусымен шақырылған энцефалит +

 япондық масалық энцефалит

 энцефалит Сент-Луис

413 Пациент 17 жаста, шағымдары: жүрегі айну, іштің ауруы, әлсіздік, тез шаршау, 6 күннен кейін терінің және көздің ақ қабығының сарғаюы пайда болған, несептің түсі "сыра" типті, нәжістің ашық түсті болуы. Жіті ауырған, еш нәрсемен байланыстырмайды. Қарау барысында: тері жабындыларының, көздің шырышты қабаттарының сарғаюы, іштің пальпациясы кезінде оң жақ қабырғаасты аймағы ауырсынды, бауыр +2, дизурия жоқ, үлкен дәрет қалыптасқан, түссіз. Анализдерінде:АлАТ 45 Ед/л, АсАТ 39 ЕД/л; жалпы билирубин – 54 мкмоль/л. Аталмыш ауру кезінде ең типтік нәтиже:

созылмалы гепатит

өт жолдарының дискинезиясы

толықтай сауығу +

бауыр фиброзы (гепатомегалия)

өлім

414 Пациент 34 жаста, тәулігіне 4-5 іш өтетініне, нәжіс құрамында шырышты қоспа бар, іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрегі айну, бірреттік құсу, дене температурасының 38,5 с дейін жоғарлауына шағымданады. Жіті ауырған, жуық арады кешке басы ауырып, жүрегі айнып, дене температурасы 38 С дейін жоғарлағанада түнде іші өтіп бастайды, іші ауырады. науқастың сөзіне сенсек, жұмыстаға әріптесінің бірінде дәл осындай симптомдар болған. Қарау барысында: Т-38,5 С, Ps 85 соққы/мин, АҚ 11/60 мм.с.б. Терісі таза, түсі әдеттегі, эластикалық. Тілі ылғал, пальпация кезінде іші ауырады, іштің төменгі сол жақ мықын аймағында ауырсынатын сигмалы ішек пальпацияланады. Аурудың ауырлық дәрежесін анықтаңыз:



жеңіл

орташа дәрежелі +

ауыр

өте ауыр

өшпелі

415 Пациент 18 жаста, Мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Еш нәрсемен байланыстырмайды, 2 ай бұрын ЖРВИ (ОРВИ) ауырып шыққан. Қарау барысында: бойы- 178 см, салмағы - 58 кг. Т -37 С, Мойынның алдыңғы және артқы лимфа түйіндері ұлғайған, мөлшері үрмебұршақ тәрізді, ауырмайды. Қолында көпдеген инъекция іздері бар. АҚ 110/70 мм.с.б., Ps 74 соққы/мин. Өкпеде тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары-тұйық, ритмі дұрыс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Үлкен және кіші дәрет қалыпты. Қанда: Нв – 120 г/л, Эр – 4,0х10 12 /л Л-3,2х109/л, Лим – 27%, СОЭ-8 мм/ч, тромб – 190 х109/л. Ең болжамды диагноз:

АИТВ (ВИЧ)-инфекция +

Инфекционды мононуклеоз

Қызамық

Эпидемиялық паротит

Токсоплазмоз

416 Науқас 32 жаста. Бел аймағының ауруына, температурасының 37,8 С дейін жоғарлауына, қалтырау, түнгі қатты тершеңдікке, денесінің "сырқырап" ауруы, әлсіздік, тез шаршау, жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі, бас ауруына шағымданады. Ет өнімдері бөлімінде сатушы болып жұмыс жасайды. Бір апта шамасында ауырып жатыр, өз бетінше парацетомол қабылдаған, көмектеспеді. Қарау барысында: беттің гиперемиясы, тері жабындылары ұстағанда ыстық. ЧДД-18/мин, ЧСС-82 соққы/мин, АҚ - 100/70 мм.с.б. Бел аймағының қозғалысы шектеулі, паравертебральды нүктелердің пальпациясы кезінде ауырсыну байқалады. Екі жақтан да"шаншу" симптомы «-». Дизурия жоқ. анализдерінде: бакпосев - Brucella Spp., Райт реакциясы 1:250, Хедельсон реакциясы +++. Аталғандардың ішінен науқас еміндегі таңдау препаратын таңдаңыз:

Амоксициклин

Эритромицин

Доксициклин +

Тетрациклин

Рифампицин

417 47. Пациент 28 жаста. Дене температурасының 39 С дейін жоғарлағанға, бастың маңдай бөлімі ауыратынына, көзалмасы қозғалысы кезінде ауырсыну сезіміне, құрғақ жөтел, тамағының қырылдауы, әлсіздікке, сүйектері мен бұлшықеттерінің солқылдап ауыратынына, шаршау сезіміне шағымданады. 4 тәулік бойы ауырып жатыр, аспирин қолданған, уақытташа ғана әсер берген. Қарау барысында: Т -39,5 С, Ps - 82 соққы/мин, ЧДД - 19/мин, АҚ 110/70 мм.с.б. Жұтқыншақ және таңдау бадамшалары ісінген, артқы қабырғасы түйіршікті. Тері жабындылары - ылғал, қолтықасты ойықтар гипергидрозы анықталған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймағын, айырмайды. Өкпеде тыныс қатты, сылдарлар жоқ. Бауыр ұлғаймаған. Басқа органдар бойынша өзгерістер жоқ. Аталған пациентті емдеу барысында таңдау препаратын анықтаңыз:

Осельтамивир +

Антигриппин

Анаферон


Виферон

Ацикловир

418 Пациент 34 жаста, тәулігіне 10 ретке дейін іші өткен, нәжіс құрамында шырыш қоспасы бар, іші толғақ тәрізді ауырады, жүрегі айниды, 5 рет құсқан, дене температурасы 39 С дейін жоғарлағанға шағымданады. Жіті ауырған, сиптомдары үдегендіктен 3 тәулікте қабылдауға келген. Науқас сөзіне сенсек, жұмыстағы әріптесінде дәл осы симптомдар. Қарау барысында: Т - 39,5 С, Ps 85 соққы/мин, АҚ 100/60 мм.с.б. Терісі таза, бозыңқы, тері эластикалық қасиеті төмен. Тіл беткейі ақ қақпен жабылған, пальпация кезінде іші ауырады, іштің төменгі сол жақ мықын аймағында ауырсынатын сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Үлкен дәреті аз, "ректальді түкірік" шырыш қоспасы бар. Этиотропты емдеу бойынша тағайындалады:

Фуразолидон

Энтеросорбент

Нормобакт

Регидрон

Ципрофлоксацин +

419 Этиологиясы бактериальді болып келген ішек инфекциялары (сальмонеллез, иерсиниоз) кезінде орташа және ауыр дәрежелі ағымда таңдау препараты болып табылады:

Котримоксазол

Полусинтетикалық пенициллиндер

Цефалоспориндер +

Аминогликозидтер

Хинолондар

420 Енгізілген атропин дозасының әсері бағаланады:

мидриаз бар, саливация жоқ

қарашықтың көлемі, жүректің жиырылу жиілігі

жүректің жиырылу жиілігі, қарашықтың көлемі, бронхоспазм болмауы

саливация, бронхореи, тершеңдік, брадикардии +

саливация, миоз, тершеңдіктің болмауы

421 Тұмау эпидемиясы кезінде 17 жастағы боз бала, бас ауру, дененің сынуы, өзін нашар сезіну, оянған кезде жарықтан қорқу шағымдарымен келген, бұрын тамырішілің есірткі қолданған. Дене қызуы 37,3 С, шүйде бұлшықеттерінің тырысуы. Дәрігер төсек режімін, көп су ішуді, панадол қабылдауға кеңес берген. 12 сағаттан кейін жүрек айну мен бас ауруы қосылған. Науқас өте ұйқылы-ояу болған. Шақырту бойынша келген, кезекші дәрігер науқасты госпитализациялаған. Болжамды диагноз:

Ауыр дәрежелі тұмау.

ЖИТС-энцефалопатия.

Герпестік энцефалит.

Лейкоэнцефалит.

Менингококкты менингит +

422 Науқас 36 жаста, әлсіздікке, жұтыну кезінде өршейтін, тамақ ауруына шағымданады, ауру сезімі сол құлаққа беріледі. 3 күннен бері ауырып жатыр, анамнезінде бірнеше рет баспамен (ангина) ауырған. Объективті: тері жабындыларының бозаруы, тершеңдік, дене температурасы 38,9 С, пульс минутына 98 соққы, ырғақты, толулығы жақсы. Аузын әрең ашады, шайнау бұлшықеттерінің ригидттілігі мен ауырсынуы байқалады. Ауыз қуысының шырышты қабаты айқын гиперемирленген, ісініп тұр, сол жақ бадамша безінің күрт ұлғайып, инфильтрцияланғанның салдарынан асимметрия байқалады. Ісінген бадамша безінің лакуналары құрамында іріңді тығыны бар. Болжамды диагноз:


Лакуналық баспа (ангина).

Фолликулярлы баспа (ангина).

Жұтқыншақарты абсцессі.

Паратонзиллярлы инфильтрат.

Паратонзиллярлы абсцесс. +

423 Науқас 27 жаста, тамағының сол жақтағы қатты ауру сезіміне шағымданған, мұрнымен сөйлейді, көп мөлшерде сілекей бөлінеді, аузын аша алмайды. Бір апта бұрын баспамен (ангинамен) ауырып, антибиотиктермен емделген. Науқас оң жақ иығына басын салбыратып ұстайды. Мойнынның төменгі жақ бұрышы артында, ауыратын ісіну байқалады. Ауыз қуысының шырышты қабықшасы орташа гиперемирленген. Бадамша бездері қабыршақтанған доғашықтарынан шығыңқырап көрініп тұр. Болжамды диагноз:

Жұтқыншақ дифтериясы.

Тонзилогенді медиастинит.

Жіті фарингит.

Паратонзиллярлы абсцесс. +

Жұтқыншақтың қатерлі сырқаты.

424 57 жастағы науқасты жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне алып келді. Анамнезден жоғары қан қысымы аясында лезде құсу пайда болды, психомоторлы қозу, орынсыз мінез-құлық, бас ауруына шағымданды. Объективті: АҚҚ 200/120 мм с.б.б. ГШБ= 4 ұпай. Беті гиперемияланған. Гертвиг - Мажанди синдромы , оң жақтағы гемиплегия. ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз қандай?

энцефалит

менингит

ми инфаркті

геморрагиялық инсульт +

менингоэнцефалит

425 59 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен көшеден жеткізілді, көшеде кенеттен есінен танып қалған. Қарау кезінде: сопор, сол жақ ұрты тыныс алу кезінде «желкен тәрізді», сол жақ аяғы ішке қарай ротацияланған, сол жақта Бабинский симптомы оң, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Топикалық диагноз қойыңыз:

оң жақ ми жартышары +

сол жақ ми жартышары

оң жарты шардың шүйде бөлімі

мишық

ми бағаны

426 54 жастағы ер адам кенеттен оң жақ көзінің көру бұзылысы болуына, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі және ұюының пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем келу уақытында (20 минуттан кейін) аталған шағымдар жоғалды. Науқас соңғы жарты жылда осындай оқиға үшінші рет болғанын айтты. Объективті қарау кезінде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, екі көзіндеде көру қабілеті қалыпты. Неврологиялық статусында: терең рефлекстер S>=D, басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Предварительный диагноз:

транзиторлы ишемиялық шабуыл +

субарахноидальды қан құйылу

ишемиялық инсульт

паренхиматозды қан құйылу

мидың созылмалы ишемиясы

427 Бас миы тамырларының атеросклерозымен ауыратын П. есімді 70 жастағы науқаста оң жақ аяқ-қолында әлсіздік және ұю пайда болды. Объективті: АҚ 170/90 мм с.б. Санасы сақталған. Оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі шығарған кезде оң жаққа қарай ауытқиды. Оң жақ аяқ-қолының күші 3 баллға дейін төмендеген. Оң жақта тонусы және рефлекстер жоғарылаған. Оң жақта аяқ басының патологиялық Бабинский жазылу симптомы оң. Алдын ала диагноз: