Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 1307

Скачиваний: 41

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін қандай нысан толтырылады?

"

003-5/у

001-3/у

021/у +

001-4/у

001-7/у

367 "50 жастағы ер адам, қиын бөлiнетiн қақырықпен жөтел, ентігу сезімдеріне шағымданады. Анамнезінде- 30 жыл бойы темекі шегеді, күніне 1 қорап. Тексерілмеген, емделмеген. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. АҚҚ 140/100 мм с.б. Пульс 84 минутына. Өкпеде - қатты тыныс, төменгі және ортаңғы бөлімдерде құрғақ сырылдар. Дәрігер науқаста өкпенің патологиясы бар деп болжап, оны спирометрияға бағыттайды.


Дәрігер пациентті медициналық мекемеден тыс диагностикалық тексеруге жіберу үшін қандай форманы толтырады?

"

021/у

001-4/у +

001-7/у

003-5/у

001-3/у

368 К есімді бала 2,5 жаста.17.05 -23.05. аралығында анасы еңбек демалысы кезінде ЖРВИ ауырған баласына қарады. Баланы қарау уақыт аралығы кезені үшін анасына қандай құжат беріледі және еңбек демалысы ұзартылады ма?

Еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді, еңбек демалысы ұзартылмайды +

Еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, еңбек демалысы ұзартылмайды

Өндірістік формадағы анықтама беріледі, еңбек демалысы ұзартылады

Еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, еңбек демалысы ұзартылады

Дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасын беріледі, еңбек демалысы ұзартылмайды

369 1,5 жастағы бала сауда орталығында кока-кола және пицца жеген соң екі рет құсқан, үш реттік сұйық дәрет болған, дене температурасы 37,5 С-қа жоғарылаған, ішін пальпациялағанда ауырсынады. Нәжісі көп, «батпақты жер балдырының» иісіндей сасық, шырыш түйіндері бар. Осы жағдайда қандай антибактериалды препарат этиологиялық факторға әсер етеді?

Амикацин

Тобрамицин

Цефтриаксон

Фуразолидон

Ципрофлоксацин +

370 15 жасар балада ауыру жедел басталған, температурасы 38 С және тұмау (насморк) мен мұрын бітелуі байқалды, одан соң мұрыннан көп мөлшерде бөлінділер, тамағында ауырсыну мен жыбырлаулар, ылғалды жөтел, мойын лимфа түйіндерінің үлкеюлері, көздеріндегі ауырсынулар, жас ағу пайда болған. 2 реттік сұйық нәжіс болған. Аурудың ағымы толқынды (волнообразное течение) болғаны байқалады. Қанның жалпы анализы: нормоцитоз, лейкопения; салыстырмалы лимфоцитоз; салыстырмалы моноцитоз. Осы типтік көріністер қандай вирустық инфекцияға тән?


Тұмауға

Паратұмау

Риновирусты инфекция

Аденовирусты инфекция +

Короновирусты инфекция

371 Науқас 17 жаста, қуырылған жұмытқаны жегеннен 6 сағаттан кейін жедел ауырды, ішінің ауырсынуы, жүрек айну, 4 рет құсу, жиі сұйық нәжіс пайда болды. Температура 38,0С, іші үрілген, пальпацияда оң жақ мықын аймағы ауырсынады. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, шырышпен, қара-жасыл түсте, сасық иісті. Қай антибактериалық дәрілер таңдау дәрісі болып табылады?

цефалоспориндер

пенициллиндер

фторхинолондар +

макролидтер

левомицетин

372 Науқас 17 жаста, тәтті майлы қаймақ қосылған балкүлше жегеннен 3 сағаттан кейін жедел ауырды. Әлсіздік, жүрек айну, жеген тағаммен көп реттік құсу пайда болды. Сұйық нәжіс, көп мөлшерде, қосындыларсыз. Дене температурасы-37,8С. Тері жамылғылары боз, аяқ-қолдары суық. Пульс 100рет/мин. АҚ -90/60 мм.с.б.б. Жүрек тондары тығыздалған. Дәрігердің қағидасы қандай?

асқазанды шаю

лактулоза тағайындау

б/і спазмолитиктер тағайындау

ципрофлоксацин тағайындау

энтеросорбенттерді тағайындау +

373 22 жастағы әйел адам, гестация кезеңі 9-10 апта, ауруының 7-ші күні жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскен. Шағымдары: құрғақ жөтел, жарықтан қорқыныш, әлсіздік, денесіндегі бөртпе, дене қызуының жоғарылауы. Ауруының 4-ші күні алдымен бетінде, одан кейін мойынында, кеудесінде және қолдарында бөртпе пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температура 390С, склерит, конъюнктивит, ауыз-жұтқыншағында өзгерістер жоқ. Бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында көптеген, бірі-бірімен қосылған, дақты-папулезді бөртпе байқалады. Әйелмен вирустың ұрыққа жасайтын әсері туралы сұхбат жүргізілді. Жүкті әйелді жүргізудің қай тактикасы ең дұрыс болып табылады?

жүктілікті сақтау

жүктілікті үзу

12 апта мерзіміне дейін әйелдің келісімі бойынша жүктілікті үзу +

қай кезең болса да медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу

12 аптадан астам мерзімінде медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті

374 30 жастағы ер адам, мүшеқапсыз әр түрлі серіктермен жыныстық байланыста болған. Анамнезінен: екі апта бойы ауырады, алғашқы 3 күнде дене температурасы 38,0С жоғарлаған, құлақмаңы аймағында ауырсыну және ісіну. Бір апта бұрын ішінің айналмалы сипаттағы ауырсынуы, жүрек айну, күніне 5-6ретке дейін құсу, диареяны байқаған. 2 күн бұрын дене температурасының қайтадан жоғарлауы, кеше оң жақ енектің ауырсынуы мен ісінуін байқаған. ЖҚА: эр. - 3,2х1012\л, лейк.- 5,5х109/л., п. - 2%, с. - 58%, лимф. - 35%, мон. - 5%. ЭТЖ – 30 мм/сағ.Оң жақ енек УДЗ: орхит. Мүмкін болатын диагноз?



хламидиоз

уреаплазмоз

жеделдеу бруцеллез

паротитті инфекция +

бактериальды орхит

375 Әскери қызметкер, 20 жаста, жедел ауырған, дене температурасы 40°С дейін көтеріліп, басы ауырған, құсқан, әлсіздік дамып, денесі сырқыраған. Сол күні бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жағдайы аса ауыр. Ыңқылдап жатыр. Тері жабындылары бозғылт, денесінде, санында, балтырында, аяқ басында геморрагиялық бөртпелер анықталады, кейбіреулерінің ортасында некроз ошақтары бар. Менингеалды белгілері теріс. Бел аймағын соққылау симптомдары оң. АҚҚ 90/60 мм. с. б., пулсі 100 рет минутына. ҚЖА: лейкоциттері –24х109/л., миелоциттері – 2%, т/я – 14%, с/я- 78%, м. -2%, лимф.– 4%, ЭТЖ - 40 мм/сағ. ЗЖА: лейк. 6-8 к/а., эритр. 8-10 к/а. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба

Менингококкты инфекция. Менингококцемия +

Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба

Псевдотуберкулез, генерализацияланған формасы

Лептоспироз. Иктеро-геморрагиялық формасы

376 Әйел адам 35 жастағы, 10 мамырда Алматы қаласының травматологиялық пунктында қаралған. 9 мамырда тауға шыққан кезде кене шаққанына шағымданады. Травматологиялық пунктте кенені алып, санэпидсараптау бөлімінің паразитологиялық зертханасында кенелік энцефалит (КЭ) вирусын анықтауға жібереді. Зерттеу нәтижесі теріс болып шығады. Қандай іс˗әрекет ең тиімді болып табылады?

доксициклин тағайындау

КЭ қарсы серологиялық алдын алу жүргізу

КЭ қарсы серологиялық алдын алу жүргізудің қажет жоқ +

жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызу

невролия бөлімшесіне

377 22 жастағы әйел гестация мерзімі 33-34 апта, бір апта бұрын ауырған-әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, оң қабырға доғасы астында қолайсыздыққа шағымданады. Ауруының 6 күні склерасының сарғаюы, зәр түсінің өзгеруін байқаған. Бүгін мұрнынан қан кету болған. Қарауда: жағдайы ауыр. Тежелген, дезорентацияланған. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары сарғыш түсті. Денесінде геморрагиялық бөртпе. ЖЖЖ-100рет/мин. АҚ 100/70 мм.с.б.б. Бауыры пальпацияланбайды. Диурез 500 мл. ЖҚА: эр.- 2,5х1012\л, лейк.- 3,0 х 109 /л., п.- 5%, с.- 65%, лимф.- 8%, мон.-2 %, ЭТЖ – 45 мм/сағ. БҚ: АЛТ- 900 б, АСТ- 780 б., жалпы билирубин - 110,6 ммоль\л, тікелей - 93,6 ммоль\л. Коагулограмма: ПТИ-43%, фибриноген–1,5 г/л. ИФА: antiHAVIgM «-», HBsAg «-», aHDVIgM«-»,aHСVIgM «-», antiHЕVIgM «+». Қай синдром қауіпті болып табылады?

бауырлық интоксикация

бүйректің жедел зақымдануы

бауыр өлшемдерінің қысқаруы

жедел бауырлық энцефалопатия

коагуляциялық гемостаз факторларының бұзылысы +


378 75 жастағы әйел ауруханаға келіп түсті. 2 күн бойы қалтырау, бас ауруының мазалағанын, бүгін – оң жақ балтырының ауыруына, ісінуіне, қызаруына шағымданады. Өзінің айтуы бойынша маса шаққан жерді қасыған. Қант диабетінің 1 типімен аурады, инсулинді қолданады. Бір жыл бұрын бет тілмесінен ем алған. Дене қызуы 39°С. Status localis: оң жақ балтыры мен табанының сыртқы қабатының терісі айқын қызарған, анық жиектерімен белгеленген ісінуі бар, теріні пальпациялағанда ыстық және ауырсынулы. ЖҚА: эр.-2,5х1012 /л, гем. -115 г/л, Л. - 14,4x109 /л, э. – 1%, т\я – 5%, с\я – 72%, м – 7%, л – 15%, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

тілме +

эризипелоид

листериоз

пастереллез

жұқпаланған жара

379 Ер адам 20 жаста. Жедел ауырған. Учаскелік дәрігерге ауруының 5-ші күні қаралған. Ауруы біртіндеп басталып, жұтқан кезде аздап ауру сезімі, дене қызуының 37,5°С ға дейін көтерілуі пайда болған. Өздігінен 5 күн бойы эритромицин қабылдаған, жақсару болмаған. Тамақтағы ауру сезімі күшейіп, дене қызуы 39°С дейін көтерілген. Аңқаны қараған кезде: доғаның шырышты қабатының қызаруы, таңдай, бадамша безі, тілшік ісінген. Екі жақты бадамша безінде сұры түсті жабынды, шпателмен қиын алынады, жабынды тығыз – әйнекке жағылмайды. Ең ықтимал диагноз?

аңқа дифтериясы +

лакунарлы баспа

аденовирусты инфекция

іріңді-некротикалық баспа

Симановский-Венсен баспасы

380 Ер адам 30 жаста. Емханаға әлсіздікке, соңғы үш айда тәулігіне 3-4 рет сұйық нәжістің болуына, аздап салмақ жоғалтуына, тамақ жеген кездегі ауыздағы ашу сезіміне шағымданып келді. Эпид.анамнезінде: инъекцилық есірткі қабылдаған. Объективті: мойынның артқы-алдыңғы және жақ асты, лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, эластикалық ауру сезімсіз . Іші аздап кепкен, пальпация кезінде іштің барлық аймағында аздап ауру сезімді. Бауыры +2,0 см. Ауыз қуысының шырышты қабатында, ұртында қызыл иекте, қатты таңдайда сүзбе тәрізді ақ жабындылар байқалады . Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Болжама диагноз АИВ-инфекция. Қандай диагностикалық әдіс Ең дәлелдейтін әдіс болып табылады?

CD4 лимфоциттер саны

АИВ - қа ИФА

ПТР ДНК АИВ

ПТР РНК АИВ

иммуноблотт +

381 Ер адам, 45 жаста, сол жақ санының арты жағында эритеманың пайда болуына шағымданып келген. 2 күн ішінде эритема диаметрі үлкейе бастаған, жергілікті жерде қышу сезімі мазалайды. Эпидеиологиялық анамнезінде: эритема пайда болмастан 5 күн бұрын тауға шыққан, үстінен кене алған, Ресей Омск областында болған. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,20, эритема сақина тәрізді, көлемі 5х8см, шетінде – папула түріндегі біріншілік терілік аффект. Кандай дәрі осы ауруда ЕҢ тиімді болады?


амикацин

цефазолин

азитромицин

цефтриаксон +

левомицетин сукцинаты

382 Мира 15 ай, ЖІИ-мен 6 күн бойы ауырады. Летаргиялы. Көзі шүңірейген. Нәжісі сұйық, сулы, нәжісте шырыш және қан жоқ. Су ішуден бас тартады. Тері қатпары баяу жазылады. БЖАЫЕ бағдарламасы бойынша баладағы қай сипатқа байланысты жедел ауруханаға госпитализациялайжы?

нәжісте қан

көзі шүңірейген

көп көлемді диарея

летаргиялы, су ішпейді +

тері қатпары баяу жазылады

383 4 жасар бала жұқпалы аурудың қабылдау бөліміне жеткізілді. 1 күн бойы ауыратыны анамнезінен белгілі, ауруы дене қызуының 39С жоғарылауынан, ішінің ауруынан, лоқсу, 3-4 рет құсудан басталды. Қарап тексергенде: мазасыз, тері қатпары бірден жазылады. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі анықталады, сигма спазмдалған, ауырады, тенезмдер, анусы босаңсыған. Үлкен дәреті сұйык, аз мөлшерлі, шырыш, ірің және қан аралас. ЖҚА: Эр.-4,2х1012 /л, гем. -105 г/л, Л. - 15,8x109 /л, т/я – 10%, с/я – 54%, м – 6%, л – 34%, ЭТЖ - 25 мм/с. Әсіресе болуы мүмкін болжам диагноз

Сальмонеллез

Эшерихиоз

иерсиниоз

клебсиеллез

шигеллез +

384 6 айлық қыз бала, жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. 3 күн бойы ауыратыныны анамнезінен белгілі, ауруы жедел дене қызуының 38,7С жоғарылауымен, жөтел, мұрнынан су ағу, көп реттік құсу мен патологиялық қоспаларсыз сұйық нәжістен басталды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, мазасыз, тітіркенгіш, тамағы қызарған, сулы коп мөлшерлі нәжіс, метеоризм. Суды шөлдеп ішеді, мазасыз, тері қатпары бірден жазылады. ЖҚА: Эр.-4,2х1012 /л, гем. -105 г/л, Л. - 3,8x109 /л, т/я – 5%, с/я – 25%, м – 6%, л – 64%, ЭТЖ – 16 мм/с. БАБЖ бойынша дәрігердің дұрыс тактикасы

План А, регидрон 50 мл әрбір үлкен дәреттен соң

План А, регидрон 100 мл әрбір үлкен дәреттен соң

План Б, регидрон 75 мл/кг 4 сағат бойы +

План Б, регидрон 75 мл/кг 6 сағат бойы

План В, парентеральды регидратация 100 мл/кг

385 Ерлан 6 жаста, баланың анасы дене температурасының 37,5С жоғарлауына, ішінің ауырсынуына, мезгілдік жүрек айнуына шағымданып келді. ЖҚА: эозинофилия, ЭТЖ 15 мм/сағ. Эпидемиологиялық анамнез: жеке бас тазалығы ережелері үнемі сақталмайды. Нәжіс микроскопиясы: құрттардың сопақ жұмыртқалары, диаметрі 0,1мм, екіжиекті қапшықты анықталды. Баланы емдеуге тиімді дәріні тағайындаңыз:

азитромицин

кандазол

невиграмон

метронидазол

пирантел +

386 Туылғанына 10 күн болған нәресте өмірінің 5 күні пайда болған қабағының қызаруы мен екі көзінен де іріңді бөліністердің болуына, дене қызуының қалыпта болуына шағымданып келді, хал-жағдай жақсы, конъюнктивада өтпелі қатпар тұсында ашық-қызыл фолликулдар, іріңді бөліністермен, құлақмаңы лмфа түйіндерінің ұлғаюы. Болжамды диагноздың пайдасына қандай қосымша қосымша қапараттар керек?