Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 822
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім тексерудің оқу процесіндегі орнын анықтау үшін оның атқаратын қызметін білу керек . Математиканы оқыту кезінде білім тексерудің үйретушілік , түзетушілік , болжаушылық , дамытушылық , басқарушылық , бағдарлаушулық , бағалаушылық , тәрбиелеушілік жөніндегі қызметі бой көрсетеді .
Білім тексерудің үйретушілік қызметі бұрын меңгерген материалдар мен игерген іскерліктің басын қосып жинақтайтын , қайталайтын және одан әрі пысықтай түсетін жаттығулар мен есептер жүйесі арқылы жүзеге асады. Білім тексеру оқу материалындағы ең негізгісін , өзектісін бөліп алуға , олардың қорытып , жуйелеуге үйретеді.
Ал диагностикалық қызметі білімділігі жетістіктер мен кемістіктерді дер кезінде анықтауда , соның нәтижесінде тапсырмаларға түзету енгізуге , сабақтың барысы мен мазмұны өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Бақылаушылық қызметі оқушылар білімнің күй – жайын , олардың ойлау қызметінің даму деңгейін анықтауға , танымдық әрекеттің тәсілдерін , оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру машықтарын зерттеуге мүмкіндік береді . Бақылау арқылы білімнің алғашқы деңгейі , сонымен бірге меңгерілген білімнің тереңдігі мен көлнмі айқындалып , алғашқы білім мен меңгерілген білім салыстырылады .
Болжаушылық қызметі оқу – тәрбие жұмысындағы қажетті информацияларды алуға көмектеседі.Болжаудың нәтижелері оқушының танымдық қызметіндегі олқылықтарды жоюға , жиі кездесетін типтік қателерді болдырмау шараларын ұйымдастыруға пайдаланылады.
Өркендетушілік қызметі оқушылардың творчествалық қабілеті мен танымдық әрекеттерін жандандыруды көздейді.Тексеру кезінде оқушылар ойлауға , сөйлеуге , оқығандарын қайталап айтуға , ізднуге , өздігінен оқуға машықтанады.
Бағалаушылық қызметі деп оқушыны немесе класты оқыту мақсатының орындалу деңгейін анықтауды түсінеді. Тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктердің , қателіктердің бетін ашуға көмектеседі және оларды жою үшін қай бағытта жұмыс істеу қажеттігіне жөн сілтейді. Бағалау оқушылардың оқу қызметіне дем берудің маңызды тәсілдерінің бірі.
Тәрбиелік қызметі оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттыруды , тәртібін , ұқыптылығын тәрбиелеуді меңзейді . Тексеру оқушыларды өзін - өзі бақылауға үйретеді , табандылыққа , еңбекқорлыққа баулиды .
Білім тексерудің атқаратын қызметін бұлай мүшелеу негізінен зерттеу мақсатында жүргізіледі.Ал оқыту процесінде бұлар өзара бірлікте , бірін-бірі толықтыру арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылардың білімін программалап тексеру.
Бұл тәсіл арнайы техникалық құралдардың көмегімен немесе онсыз , программалап оқыту кезінде немесе дәстүрлі оқыту әдістерінде де пайдаланылады . Білімді программалап тексеру берілетін сұрақтар мен оған қайтарылатын жауаптардың жиынтығын қамтиды .Сұрақтар мен жауаптар міндетті түрде нөмірленеді.
Оқушылардың жауаптарын бағалау үшін әр алуан техникалық құралдар пайдаланылады . Әдетте олар екі топқа бөлінеді:
1. Жеке оқушының білімін тексерілетін қондырғылар .
-
Автоматтандырылған кластар .
Білім мен іскерлікті бағалау үшін мұғалім алдымен оқушылар әр класты қандай білім мен іскерлік меңгеруі қажеттігін білуі тиіс .
Оқушылар білімі ауызша жауаптары және бақылау жұмыстары , өздігінен орындайтын жазбаша жұмыстары және бақылау жұмыстары бойынша бағалғнады .
Білімді бағалаудың қорытынды сатысы – емтихан тапсыру , Емтихан Халыққа білім беру министрлігінің нұсқауы бойынша жүргізіледі. Сондықтан емтихан кезінде оқушылардың үлгеріміне қойылатын талаптарда көрсетілген күллі білім , іскерлік пен машықтар текксерілуі тиіс .
Лекция № 19-20 Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
Жоспар
1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру
2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіруге негізделген оқыту технологиясы
3. Математика сабағында дидактика бірліктерді ірілендіру технологиясын пайдалану
1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру ұғымы
Дидактика бірліктерді ірілендіру (ДБІ) идеясы – ғасыр идеясы ретінде оқытудың тұтастығын қамтамасыз ететін, яғни жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, әсіресе, интеллектуалды болып жетілуіне мүмкіндік туғызатын оқыту технологиясы негізінде танылған. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын математика пәніне қатысты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым – П.М.Эрдниев. Ол: Ірілендірілген дидактикалық бірліктер – логикалық жағынан әр түрлі элементтерден құралған, ортақ ақпаратқа ие бола алатын оқу процесінің «клеткасы»,- деп топшылайды. Ол оқу процесінің клеткасы ретінде «математикалық жаттығуларды» қарастырады және «оқу мен оқытуды» біртұтас бүтінге біріктіретін оқытушы мен оқушы әрекеттерін атайды.
Ғалымның айтуынша, ДБІ-ге негізделген оқыту технологиясы әр оқушының бас сүйегіндегі орасан зор психо-физиологиялық (қорларын) резервтерді оятып, іске жұмылдырады. Іріленген тақырыптарға көшу барысында өзара байланысты біртектес ұғымдарды бірге топтастыра қарастырғанда, оқушылардың санасында олар туралы мүлде «жаңа» білім пайда болады. Бұл «жаңа білімге» ДБІ-дің нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, бір элементтен екінші элементке көшу барысында студенттер олардың арасындағы өзара байланыс ақпаратына көз жеткізеді. Тек бір-бірімен байланысты бірліктерді ірілендіру көлемінде топтастырып қолданғанда ғана берілген ақпарат нәтижелі болады, тез қабылданады.
ДБІ технологиясының негізгі ерекшелігі – мұнда оқушылар оқу ақпаратын іріленген мазмұндажинақы қабылдайды және есте берік сақтайды.
ДБІ теориясымен мына мәселелер тығыз байланысты: оқу материалдарын тірек схемалар мен сигналдар арқылы қабылдау және жазу идеясы (В.Ф.Шаталов); ғылыми теорияларды және олардың құрылымдық элементтерін бөліп қарастыру (Б.С.Гершунский); сабақ құрылымының тұтастығы мен дамуына қатысты оқыту мен оқудың актілері (Г.Д.Кириллова). Ғалымдардың пікірінше, «құрылымдандыру» ұғымы – оқу материалдарының құрамдас элементтерін біріктіреді (ұғымдар, заңдар, идеялар, ұстанымдар). Оларды оқушыларға жеткізу және меңгерту белгілі бір байланыстар мен қатынастар арқылы тізбек түрінде болады.
Математиканы оқытуда дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолдану өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас амалдар, операциялар, логикалық-методологиялық бірліктерді бір мезгілде жүйемен оқытып үйретуге мүмкіндік береді.
Мәселен, «Жазықтықтағы түзулер» атты лексикалық тақырып төңірегінде мынадай оқу материалдарды ірілендіріп, бір-бірімен байланыстырып өткенде, бірнеше сабаққа арналған оқу материалды студенттер бір сабақта меңгеріп, шығармашылықпен сабақтастырды: Параллел түзулер, перпендикуляр түзулер, өзара қиылыспайтын түзулер.
ДБІ технологиясы арқылы математиканы оқытудың ұтымдылығы – алдын-ала қарастырылған ішкі байланыстары бар тапсырмалар жүйесі. Ірілендіру ұстанымына негізделген белгілі бір есептер жиынтығы, олардың қатаң түрдегі бірізділігі оқушылардың математикалық сөйлемдерді орынды құрастыруды үйрену барысында тілдік(математикалық) құралдарды саналы түрде және берік меңгеруге жетелейді.
ДБІ технологиясы арқылы математикаға қатысты ұғымдарды игерту кезінде бірліктерді ірілендіру мазмұны төмендегідей ұстанымдарға негізделеді:
1. Бірізділік
2. Жүйелілік
3. Сабақтастық
4. Тұтастық
5. Шоғырлылық
Бірізділік ұстанымы меңгертілетін материалдарды бірінен соң бірін үйлестіріп, бір ізге түсіріп ұсынуды көздейді: бірінші тапсырмада іріленген логикалық бірліктердің түсініктері; екіншісінде мысалдары; үшіншіде іріленген бірліктерді ажырату тапсырмасы ұсынылады.
Сабақтастық ұстанымы орындалатын тапсырмалардың арасындағы үндестікті, байланыстылықты қамтамасыз етеді. Сабақтастырыла оқытылған материалдар оқушы санасында берік орнығып, керек кезінде еске емін-еркін түсіруіне жағдай жасайды.
Жүйелілік – дидактика ұстанымдарының маңыздысы. Кез келген материал теорема, аксиома, ережелер, қағидалар болсын, есептердің шешу әдістері болсын белгілі бір жүйеде берілуі қажет. «Жүйесіз нәрсені жадыңда сақтау қиын. Егер оқытуда жүйе болмаса, егер ол бір-бірімен байланыссыз, ретке (тәртіпке) келтірілмеген, ұйымдаспаған, бөлшектері бүтінге бірікпеген, бытыраңқы элементтер күйінде болса, онда бұл оқытудың оқушы жадында да (санасында) сақталмайды.
Шоғырлылық ұстанымы білімді бөлшектеп емес, топтастырып қабылдауға мүмкіндік береді. Біртектес, ұқсас ұғымдарды топтастырып, бір мезгілде оқыту сапалы білім беруге негіз болады.
Тұтастық ұстанымы игертілетін математикалық бірліктердің жеке-жеке бөлінбей, бүтіндей ұсынылуын қамтамасыз етіп, ақпараттың жинақы қабылдауына пайдасын тигізеді. Тұтастай алынған білім оқушылардың жадында ұзақ және берік сақталуына ықпал жасайды.
Аталған ұстанымдар тиімді жүзеге асырылуы үшін сабақта мынадай талаптарды орындаған дұрыс:
1. Іріленген тапсырмаларды орындау барысында олардың барлық құрама бөліктері бірізділік негізінде жүзеге асырылуы шарт (бір сабақтың шеңберінде).
2. «Бір мезгілде» оқытуда өзара байланысты мысалдар мен тапсырмаларды орындау кезінде аз уақыт арасында аяқтау қажет. Уақыт мөлшері (санаулы) бірнеше минут болуы шарт.
3. Берілген тапсырманы орындау барысында оқушының ойы басқа нәрсеге бөлінбегені дұрыс.
4. Бір мезгілде орындалатын тапсырма үйге немесе ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Тек осындай жағдайда ғана 15-20 минут аралығында операциялар белсенді фазада жүзеге асырылып, жұмыстың табысты болуына себін тигізеді.
Өзара бір-бірімен байланысты біртектес білімдерді бір мезгілде қарастыру: біріншіден, білімді бөлшектеп емес, тұтас қабылдауға мүмкіндік береді; екіншіден, терең және сапалы білім меңгеруге жол ашады.
Лекция № 21-22 Интербелсенді әдіс-тәсілдер
Жоспар:
-
Т – кестесі тәсілі -
Үш қадамды сұхбат тәсілі -
Бестармақ тәсілі -
Пирамида құру тәсілі -
Аквариум -
Галереяны шарлау тәсілі -
Пікірталас
Т – кестесі
Т – кестесі – бір біріне қарама –қарсы ( «иә / жоқ » , келісемін / келіспеймін » « қарсымын / жақтаймын » , « ішкі / сыртқы » , « маңызды / маңызды емес » секілді ) немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі .
Студенттер алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды , содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам) кестелерін салыстырып , пікірлеседі , жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада оқытушы бүкіл аудиторияға ортақ кесте құрастыруына болады . Әр жұп / топ бұл кестеге екі –үш пікірін ұсынады.
Т –кестесі оқытушыға екі жақты тапсырмаларды шығармашылық тұрғысынан түрлендіруге жан – жақты мүмкіншілік береді .
Тапсырма . Арифметикалық прогрессия мен геометриялық прогрессияны келесі кестеде салыстырыңыздар.
Арифметикалық прогрессия | Геометриялық прогрессия |
| |
Үш қадамды сұхбат тәсілі
2. Үш қадамды сұхбат – тақырып бойынша студенттер бір – бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі . Бұл тәсіл сұрақ қою , қайтадан сұрақ қою тәсіліне ұқсас ,алайда мұнда басты назар сұрақтың жауабына назар аударылуына байланысты болады.
Шағын топ ішінде (3-4 адам ) студенттер тақырып бойынша бір – бірінен интервьюды келесі кезекпен алуы мүмкін:
Үш студент туратын топта :
1.А студент В –дан интервью алады , ал С олардың сұрақ – жауабын жазып отырады ;
2. В студент С- дан интервью алады , ал А олардың олардың сұрақ – жауабын жазып отырады ;
3. С студент А- дан интервью алады , ал В олардың олардың сұрақ – жауабын жазып отырады .
Үш қадамды сұхбатты жазбаша да орындауға болады .
Бестармақ тәсілі
3. Бестармақ – ойды тиянақтап , өзіндік түсінікті нақты сөздермен
келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл.Бұл тәсілде студенттер өз ойын
қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы керек .
Бестармақты жиі Бес жолды өлең депте атайды.Мәселен сабақ тақырыбы«Сызықты теңдеу» болды дейлік:
Теңдеу
Біртекті , біртекті емес ,
Ойлан , үйрен , шеш.
Ах+В – түріндегі өрнек