Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 823
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сызықты теңдеу.
Бірінші көзге қарағанда Бестармақ кішкене балалардың ойыны іспеттес қарапайым , жұпыны , орындалуы оп –оңай тәсіл ретінде көрінуі мүмкін .Алайда тәсілді қолдану барысында студенттер аз да болса қиыншылықтарды бастан өткеріп , терең толғаныста болатындығы ақиқат.
Пирамида құру тәсілі
4. Пирамида құру – жаңа мәліметпен жұмыс жасалғаннан кейін , түрлі деңгейлерде түсінік құрастыру тәсілі . Бұл тәсіл жүзеге « жеке – жұп – топ – аудитория» схемасы арқылы асырылады.
Мысалы:
Аквариум тәсілі
5. Аквариум – студенттердің қандайда болмасын проблеманы
«көрермендер » немесе « жұртшылық » алдында диалог үрдісінде талдау мүмкіншілігін береді .
Шағын топ ішінде (4-6 адам ) студенттер проблеманы шешу жолдарын талқылайды. Талқылауды топ ішіндегі бір студент жүргізеді : ол басқаларға сөз беріп , олардың пікір алмасуын ұйымдастырады , топты ортақ мәмлеге келуге бағыттайды . Аудиториядағы басқа студенттер көрермендер сияқты жаңағы топты қаумалай қоршап тұрады : олар топ ішіндегі студенттердің проблеманы қалайша шешетіндігінде , олардың диалог құруына көңіл қояды . Алайда олар диалогқа араласа аламайды , олар тек топ ішіндегі атқарылып жатқан жұмысты өздерінің осындай шағын топ ішіндегі әрекеттерімен салыстырады.
Шағын топтағы студенттер осылайша сырт назарында болады : олар құдды аквариум ішінде отырған сияқты.
Галереяны шарлау тәсілі
Пікірталас
Пікірталас - студенттердің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өмір шеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.
Қандай да болмасын дамудың негізінде пікірлердің тоғысуы мен олардың қарама-қайшылықтары, олар туғызатын қақтығыс пен даудамай жатады - бұл диалектика заңдылығы. Бұл заңдылық әсіресе қоғамның әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және кәсіби өсуіне жан-жақты ықпал жасайды.
Пікірталас – оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені студенттер қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға үйрснеді.
Студенттср пікірталаста еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың қақтығысуына белсенді түрде араласады. Пікірталас студенттік аудиторияға өмірдің шынайы проблемаларын әкеліп. оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдсрін табуға бағыттайды.
Пікірталастың ережелері
Пікірталас басында студенттермен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Бұл ережелер өзара сыйласымдық, төзімділік, жанжалдардың алдын алу, тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау идеялары тұрғысынан құрастырылуы керек. Сондай ережелер үлгі ретінде төменде келтіріледі:
1. Әрбір қатысушыда өз пікірін айту мүмкіншілігі болуы керек.
Үйренушілер әрқашан да (топ ішінде, пікірсайыс кезінде) өз ойларын ортаға салып отыруы керек, өйткені пікірталастың нәтижесі сан-алуан, сан қилы пікірлердің тогысуынан пайда болады.
2. Тыңдай білу керек.
Топ ішінде жақтастардың да, басқатоптардағы қарсыластардың да пікірлерін мұқият тыңдай білу керек.
3. Біреудің сөзін бөлуге болмайды.
Жақтастардың да, қарсыластардың да сөздерін бөлмеу керек. Бұл мәселеге пікірталасты жүргізуші асыра ден қоюы керек.
4. Үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін
уақыт бесріп отыру керек.
Мәселен, әрбір 10-15 минуттан кейін пікірталасты тоқтатып (2-5 минутке), студенттерге өз ойларын немесе дәлелдерін пысықтау, толықтыру мүмкіндігін беру керек.
5. Пікірталас кезінде бастапқы пікірді өзгерту мүмкіндік беріледі.
Үйренушілердің өз пікірін пікірталастың аяғына дейін ұстануы -міндетті емес. Керісінше, пікірлерін өзгерту арқылы олар өздерінің икемділігін, ойларының ұшқыр екендігін аңғартады. Мұндай әрекеттерді «сатқындық» деп санаудың қажеті жоқ, өйткені пікірталастың басты мақсаттарының бірі - өзгеру мен бейімделу екендігін ұмытпау керек.
Пікірталас үйренушілерде келесідсй біліктерді дамытады:
Студенттердің топтары арасындагы пікірталастарды межелік немесе аралық бақылауды (емтиханды) алмастыратын бақылау нысаны ретінде де қолдануға тұрарлық.
Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер
1. Тақырып
Пікірталаста қарастырылатын тақырып (мәселе) әлеуметтік маңызы бар өзекті проблема болуы тиіс. Бұл мәселе қатысушыларға белгілі бір дәрежеде таныс болып, олардың қызығушылығын тудырып, мүдделеріне сәйкес келуі керек. Бұдан басқа жағдайда студенттердің бұл мәселе бойынша қызу талқы мен талас жургізуі екіталай.
Тақырып бинарлы сұрақ түрінде келтірілуі керек. «Бинарлы сұрақ» дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі жауап беруге болатындай сұрақ.
2. Сұрақтар
Пікірталаста талқылау үшін алдын-ала сұрақтарды дайындап алған дұрыс. өйткені пікірталастың қалайша өрбитіндігі көп жағдайда осыған байланысты болады. Сұрақтар пікірталасты дамытуға бағытталуы керек, сол себепті де оларда даулы тұжырымдар, кеңінен тараған түсініктерге сәйкес келмейтін ұйғарымдар болуы керек. Сол арқылы пікірталас жанданады, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлауды үдете түссді, пікірталасқа қатысушылар санын да осылайша өсіруге болады.
3. Пікірталастың жоспары
Пікірталас жоспары (сценарийі) алдын-ала дайындалады, Онда талқылауға ұсынылған сұрақтар келтіріліп, пікірталасқа қатысушылардың мақсаттары, қандай техникалық (слайдтар, диа
фильмдер) және көрнекі құралдар (плакаттар, диаграммалар) қолданатындығы көрсетіледі.
Сценарийде пікірталасты үш кезеңде жоспарлаған орынды:
1) Берілген сұрақты талқылау, өзіндік позицияны таңдап алу және айқындау.
Сценарий әдетте жүргізушінің (оқытушы немесе студент) алғы сөзімен басталады. Мұнда ол тақырыптың таңдалуын негіздеп, оның өзектілігіне, пікірталаста қатысушылардың мақсаттарына тоқталады, пікірталас ережелерін қатысушылардың есіне салады. Осыдан кейін пікірталастың сұрағы тақтаға жазылады да, қатысушылар алдымен жеке, содан кейін жұппен немесе шағын топ ішінде ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңде қатысушылар позиция таңдап, оны негіздеп алуы керек.
2) Пікір таластыру.
Қатысушылар көзқарастары бойынша екі немесе одан да көп топтарға бөлінеді. Топтар өз дәлелдсрін айқындап, спикерлерді таңдап, қарсы жаққа қойылатын сұрақтарды қарастырады. Пікірталас келесідей тәртіппен жүргізіледі:
3) Ой-толғаныс.
Пікірталас аяқталғаннан кейін студенттер өз ойларын ортаға салып, талқылауы керек. Содан кейін оларды жазбаша келтіріп, оқытушыға өткізеді.
4. Пікірталасқа дайындық.
Қатысушылар пікірталастың тақырыбын алдын-ала біліп, оған жан-жақты дайындалуы қажет. Ол үшін келесі әрекеттерді атқарған орынды:
- пікірталас жүргізу мәдениетімен және оның ережелерімен танысу;
- проблеманы зерттеу, оныңтерминологиясыментанысу;
5. Жүргізуші
Пікірталасты оқытушы немесе студенттер жүргізеді. Жүргізуші пікірталастың тақырыбын жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол даулы мәселелер туындаған мезеттерде барлығы да келісетіндей беделді үкім айтуы керек.
Жүргізуші пікірталасты талқыланатын сұрақпен бастап, оған қысқаша комментарий береді, сол арқылы қатысушыларды пікірталасқа шақырады. Пікірталас барысында ол қатысушыларга сұрақ қойып, талқылауды қажетті бағытта қалдырып отырады: қатысушылар тақырыптан немесе регламенттен ауытқып бара жатқанда оларды пікірталас аумағында қалдыруға ұмтылады.
Алайда жүргізуші қарсы жақтардың пікірлеріне баға беретін төреші болмауы және пікірталастың басты тұлғасына айналып кетпеуі керек. Оның басты міндеті - барлық студенттерді пікірталаска қатыстыру. Сол себепті де жүргізуші сұрақ қойып, қатысушыларды қуаттап, олардың назарын тақырыптың ең қызықты әрі өнімді жақтарына аударып, қарама-қарсы пікірлерді ұштап, аудиторияның белсенділігін жоғарғы деңгейде ұстап отыруы керек.
Пікірталасты тақырып ауқымында қалдыру үшін жүргізушінің келесідей ережелерді қадағалағаны орынды:
6. Сөйлеушілер
Сөйлеушілердің пікірталастың ережелерін қатаң түрде ұстанып, өз ұстанымдарын жақтап, қарсы жаққа дәлелді түрде сын айтуы үшін оларға келесідей біліктерді меңгеру керек:
- қатысушылардың қандай мәселелер бойынша келісімді екендігін нақтылап, дау туғызатын жәйттерді айқындай білу.
7. Пікірталасты қорытындылау және бағалау.
Пікірталасты қорытындылау - оның тиімділігінің айғағы. Сол себепті де пікірталас соңында қатысушылардың қорытынды пікірлеріне тоқталып, проблема шешудің ең тиімді жолдары қысқаша сарапталады. Бұл жерде жүргізушіге кейбір пікірлердің осал жақтарына (кемшіліктеріне) тоқталуына болады.
Талқылау барысында жиі келтірілген және ұтымды пікірлерге де талдау жасалады. Мұнда ұстанымдардың мазмұны, тереңдігі мен ғылымилығы, дербестігі, дәлелдердің ұтқырлығы, терминдер мен түсініктердің қолданысы сарапталады, қатысушылар өз әрекеттері мен көзқарастары жайлы әңгіме қозгайды. Студенттер пікірталаста келтірілген дәлелдер мен оларға қарсы айтылған уәждерге қайта оралып, оларды толықтыру мүмкіншілігін алады. Бұған қоса олар тақырыптан ауытқып, пікірталас барысында туындаған басқа да мәселслсрді талқылауға ұсынады.

-
Студенттер берілген материалмен ( мәтін , лекция , оқулық ) жекелей танысып болғаннан кейін , ол бойынша өзіндік түсінік және пікір қалыптастырады. -
Студенттер жұптарға бірігіп , өздерінің идеялары , ойлары мен пайымдауларымен серіктерімен бөліседі . -
Студенттер төрт адамдық шағын топтарға бірігіп, туындаған проблемалар мен мәселелердің шешімдерін талқылайды , қорытындылайды , бір шешімге келеді. -
Соңында студенттер бүкіл аудитория болып , проблеманың шешімдерін келтіреді , олардың ең тиімділері тақтаға жазылады .
Мысалы:
-
х ,у , х+у , х+2 -
2+3х , 3+4у -
2х+1=0 x=-1/2 -
Анықталу обл: х-2 >0 x>2
Аквариум тәсілі
5. Аквариум – студенттердің қандайда болмасын проблеманы
«көрермендер » немесе « жұртшылық » алдында диалог үрдісінде талдау мүмкіншілігін береді .
Шағын топ ішінде (4-6 адам ) студенттер проблеманы шешу жолдарын талқылайды. Талқылауды топ ішіндегі бір студент жүргізеді : ол басқаларға сөз беріп , олардың пікір алмасуын ұйымдастырады , топты ортақ мәмлеге келуге бағыттайды . Аудиториядағы басқа студенттер көрермендер сияқты жаңағы топты қаумалай қоршап тұрады : олар топ ішіндегі студенттердің проблеманы қалайша шешетіндігінде , олардың диалог құруына көңіл қояды . Алайда олар диалогқа араласа аламайды , олар тек топ ішіндегі атқарылып жатқан жұмысты өздерінің осындай шағын топ ішіндегі әрекеттерімен салыстырады.
Шағын топтағы студенттер осылайша сырт назарында болады : олар құдды аквариум ішінде отырған сияқты.
Галереяны шарлау тәсілі
-
Галереяны шарлау- студенттердің жазба немесе графикалық жұмыстарын қабырғаға іліп , барлық қатысушылардың олармен танысып , өз пікірлерін ауызша немесе жазбаша келтіруі . Жазбаша пікірлер жұмыстардың өзіне немесе бөлек қағаздарға жазылып , жапсырылады.
Пікірталас
Пікірталас - студенттердің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өмір шеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.
Қандай да болмасын дамудың негізінде пікірлердің тоғысуы мен олардың қарама-қайшылықтары, олар туғызатын қақтығыс пен даудамай жатады - бұл диалектика заңдылығы. Бұл заңдылық әсіресе қоғамның әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және кәсіби өсуіне жан-жақты ықпал жасайды.
Пікірталас – оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені студенттер қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға үйрснеді.
Студенттср пікірталаста еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың қақтығысуына белсенді түрде араласады. Пікірталас студенттік аудиторияға өмірдің шынайы проблемаларын әкеліп. оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдсрін табуға бағыттайды.
Пікірталастың ережелері
Пікірталас басында студенттермен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Бұл ережелер өзара сыйласымдық, төзімділік, жанжалдардың алдын алу, тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау идеялары тұрғысынан құрастырылуы керек. Сондай ережелер үлгі ретінде төменде келтіріледі:
1. Әрбір қатысушыда өз пікірін айту мүмкіншілігі болуы керек.
Үйренушілер әрқашан да (топ ішінде, пікірсайыс кезінде) өз ойларын ортаға салып отыруы керек, өйткені пікірталастың нәтижесі сан-алуан, сан қилы пікірлердің тогысуынан пайда болады.
2. Тыңдай білу керек.
Топ ішінде жақтастардың да, басқатоптардағы қарсыластардың да пікірлерін мұқият тыңдай білу керек.
3. Біреудің сөзін бөлуге болмайды.
Жақтастардың да, қарсыластардың да сөздерін бөлмеу керек. Бұл мәселеге пікірталасты жүргізуші асыра ден қоюы керек.
4. Үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін
уақыт бесріп отыру керек.
Мәселен, әрбір 10-15 минуттан кейін пікірталасты тоқтатып (2-5 минутке), студенттерге өз ойларын немесе дәлелдерін пысықтау, толықтыру мүмкіндігін беру керек.
5. Пікірталас кезінде бастапқы пікірді өзгерту мүмкіндік беріледі.
Үйренушілердің өз пікірін пікірталастың аяғына дейін ұстануы -міндетті емес. Керісінше, пікірлерін өзгерту арқылы олар өздерінің икемділігін, ойларының ұшқыр екендігін аңғартады. Мұндай әрекеттерді «сатқындық» деп санаудың қажеті жоқ, өйткені пікірталастың басты мақсаттарының бірі - өзгеру мен бейімделу екендігін ұмытпау керек.
Пікірталас үйренушілерде келесідсй біліктерді дамытады:
-
өзіндік пікір қалыптастыру; -
өз пікірін қуаттайтын нақты дәлелдер келтіре білу, олардың өміршеңді, нанымды және ұтымды болуын кадағалау; -
пікірлердің айырмашылығын аңғару; -
басқалардың пікірімен санасу, оны сыйлау; -
басқалардың өзіңмен келіспейтіндікті көріп, олармен келісім және мәмілеге келу керектігін түсіну; -
өз пікірін өзгерте білу, басқа пікірлерді ұстанудан «ұялмау», қаймықпау, басқаларға бейімделе білу; -
таңдау жасап, шешім қабылдау.
Студенттердің топтары арасындагы пікірталастарды межелік немесе аралық бақылауды (емтиханды) алмастыратын бақылау нысаны ретінде де қолдануға тұрарлық.
Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер
1. Тақырып
Пікірталаста қарастырылатын тақырып (мәселе) әлеуметтік маңызы бар өзекті проблема болуы тиіс. Бұл мәселе қатысушыларға белгілі бір дәрежеде таныс болып, олардың қызығушылығын тудырып, мүдделеріне сәйкес келуі керек. Бұдан басқа жағдайда студенттердің бұл мәселе бойынша қызу талқы мен талас жургізуі екіталай.
Тақырып бинарлы сұрақ түрінде келтірілуі керек. «Бинарлы сұрақ» дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі жауап беруге болатындай сұрақ.
2. Сұрақтар
Пікірталаста талқылау үшін алдын-ала сұрақтарды дайындап алған дұрыс. өйткені пікірталастың қалайша өрбитіндігі көп жағдайда осыған байланысты болады. Сұрақтар пікірталасты дамытуға бағытталуы керек, сол себепті де оларда даулы тұжырымдар, кеңінен тараған түсініктерге сәйкес келмейтін ұйғарымдар болуы керек. Сол арқылы пікірталас жанданады, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлауды үдете түссді, пікірталасқа қатысушылар санын да осылайша өсіруге болады.
3. Пікірталастың жоспары
Пікірталас жоспары (сценарийі) алдын-ала дайындалады, Онда талқылауға ұсынылған сұрақтар келтіріліп, пікірталасқа қатысушылардың мақсаттары, қандай техникалық (слайдтар, диа
фильмдер) және көрнекі құралдар (плакаттар, диаграммалар) қолданатындығы көрсетіледі.
Сценарийде пікірталасты үш кезеңде жоспарлаған орынды:
1) Берілген сұрақты талқылау, өзіндік позицияны таңдап алу және айқындау.
Сценарий әдетте жүргізушінің (оқытушы немесе студент) алғы сөзімен басталады. Мұнда ол тақырыптың таңдалуын негіздеп, оның өзектілігіне, пікірталаста қатысушылардың мақсаттарына тоқталады, пікірталас ережелерін қатысушылардың есіне салады. Осыдан кейін пікірталастың сұрағы тақтаға жазылады да, қатысушылар алдымен жеке, содан кейін жұппен немесе шағын топ ішінде ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңде қатысушылар позиция таңдап, оны негіздеп алуы керек.
2) Пікір таластыру.
Қатысушылар көзқарастары бойынша екі немесе одан да көп топтарға бөлінеді. Топтар өз дәлелдсрін айқындап, спикерлерді таңдап, қарсы жаққа қойылатын сұрақтарды қарастырады. Пікірталас келесідей тәртіппен жүргізіледі:
-
Әр топтан спикер сөз сөйлейді. -
Оған басқа топтардан сұрақтар қойылады. -
Жауап бсрілгенде, пікірталасқа топтың басқа да мүшелсрі қатысады.
3) Ой-толғаныс.
Пікірталас аяқталғаннан кейін студенттер өз ойларын ортаға салып, талқылауы керек. Содан кейін оларды жазбаша келтіріп, оқытушыға өткізеді.
4. Пікірталасқа дайындық.
Қатысушылар пікірталастың тақырыбын алдын-ала біліп, оған жан-жақты дайындалуы қажет. Ол үшін келесі әрекеттерді атқарған орынды:
- пікірталас жүргізу мәдениетімен және оның ережелерімен танысу;
- проблеманы зерттеу, оныңтерминологиясыментанысу;
-
қажетті әдебиетті зерттеу; -
мамандармен сұхбаттасу; -
әртүрлі көзқарастарды сараптау, оларды салыстыру; -
өз позициясын айқындау, оның ұтымды жақтарын анықтау, дәлелдер жинақтау.
5. Жүргізуші
Пікірталасты оқытушы немесе студенттер жүргізеді. Жүргізуші пікірталастың тақырыбын жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол даулы мәселелер туындаған мезеттерде барлығы да келісетіндей беделді үкім айтуы керек.
Жүргізуші пікірталасты талқыланатын сұрақпен бастап, оған қысқаша комментарий береді, сол арқылы қатысушыларды пікірталасқа шақырады. Пікірталас барысында ол қатысушыларга сұрақ қойып, талқылауды қажетті бағытта қалдырып отырады: қатысушылар тақырыптан немесе регламенттен ауытқып бара жатқанда оларды пікірталас аумағында қалдыруға ұмтылады.
Алайда жүргізуші қарсы жақтардың пікірлеріне баға беретін төреші болмауы және пікірталастың басты тұлғасына айналып кетпеуі керек. Оның басты міндеті - барлық студенттерді пікірталаска қатыстыру. Сол себепті де жүргізуші сұрақ қойып, қатысушыларды қуаттап, олардың назарын тақырыптың ең қызықты әрі өнімді жақтарына аударып, қарама-қарсы пікірлерді ұштап, аудиторияның белсенділігін жоғарғы деңгейде ұстап отыруы керек.
Пікірталасты тақырып ауқымында қалдыру үшін жүргізушінің келесідей ережелерді қадағалағаны орынды:
-
Айтылған пікірді айқындау, нақтылау («Қандай мағынада айтып тұрсыз? Мысал келтіре аласыз ба?). -
Бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету (Бұл қалайша болған еді? Неліктен олай деп ойлайсыз?). -
Басқа пікірлерге жүгіну (Сіздің айтқаныңыз алдыңғы пікірмен қалайша ұштасады? Сіз алдыңғы көзқараспен келісесіз бе?). -
Белсенділендіру (Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Сіздің айтайын деп тұрғаныңыз қандай мәселе? Бұл мәселе Сіздің пікіріңізге қайшы емес пе?). -
Қиындық тудыру (Мына мысал туралы не айтасыздар? Ал егер Сіздің бұл пікіріңізбен келіспейтін болсақ кайтесіз?).
6. Сөйлеушілер
Сөйлеушілердің пікірталастың ережелерін қатаң түрде ұстанып, өз ұстанымдарын жақтап, қарсы жаққа дәлелді түрде сын айтуы үшін оларға келесідей біліктерді меңгеру керек:
-
қарсыластарының көзқарасын жақсы түсініп, оны дұрыс баяндай білу; -
өз позицияларының ұтымды жақтарын нақты білу; -
өз пікірлерін басқаларға нанымды әрі сенімді түрде жеткізе білу;