Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 820

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңіске жеткен командаға сертификат беру. Сабақтың соңында әр бір оқушылар Инсерт стратегиясын толдыру керек:
Инсерт стратегиясы


Бұрыннан білемін

Жаңа ақпарат

Білдім

Білгім келеді














Үйге тапсырма : № 245 (3,4) ;246 есептерді шешу.
Қорытындылау : Оқушыларды бағалау .
Бағалау туралы қысқаша мәлімет беруді жөн көрдім. Бағалау сабақтың ең бір маңызды бөлімі екені сөзсіз , қорытындысы депте айтуға болар еді.Бағалаудың түрлеріне келетін болсақ : өзін -өзі бағалау , бірін –бірі бағалау , топпен бағалау. Бағалаудың түрін оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұсынған жөн.

  1. Кестенің көмегімен өзін -өзі бағалау

Есептер

Өзім шығардым

Тақтадан көшірдім

Қиналдым



















  1. Жетондардың көмегімен өзін -өзі бағалау.

Жетондар әр түрлі болуы мүмкін (пішіндері , түстері)

3.Бірін –бірі бағалау.Тест тапсырмасын орындап болғаннан соң кілтін тақтаға іліп оқушылардың бірін –бірі бағалауы немесе топтағы оқушылардың тест жұмысын перфокарта түріндегі кілттің көмегімен топ басшысының тексеруі және белгіленген критерий бойынша бағалауы.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.


Интербелсенді тәсілдердің сабақ кезеңдерінде қолданылуы.

Кезеңдер

Қолдануга тиімді тэсілдер

I - кезең.

Мотивация немесе Қызығушылықты ояту



Ой козгау, Т-кестесі, Болжау, Кластер-лер, Оңай жэне киын сүрақтар кестесі, Ойлан,жүптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Атаулар тура-лы үш сү.рақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек \'стел, Үш кадамды сүхбат, Топтық зерттеу, Венн диаграммасы, Бестармақ

II - кезең.

Білім кұрастыру немесе Мағынаны ажырату



Ой қозғау, Графикалык органайзерлер, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай жэне қиын сүрактар кестесі, Ойлан, жү.птас, пікірлес, Кең ауқымды лекция, Сұрак кою, кайтадан сүрак кою, Бірін-бірі окыту, Қос жазба күнделігі, Үш жазба кунделігі, INSERT, Жигсо, Жигсо-2, Үш кадамды сүхбат, Топтық зерттеу

III - кезең.

Түсінікті дахшту

немесе

Ой-толганыс


Ой козғау, Т-кестесі, Болжау, Кластер­лер, Оңай және қиын сұрактар кестесі, Ойлан,жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш кадамды сұхбат, Пікірталастар (Торлы талкылау, Академиялық даудамай, Бұрыштар), Топтык зерттеу, Эссе, Үлкен шеңбер,Аквариум,Бестармак,Жеңілдетілген анықтама/ түсіндірме, Галереяны шарлау, Қос шеңбер.



RWCT с а б а қ т а р ы


Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Лекция № 18 Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын

бағалаудың жаңаша әдіс-тәсілдері

Жоспар:

  1. Бағалаудың жаңаша қағидалары

  2. Бағалау тәсілдері


1. Бағалаудың жаңаша қағидалары
Бағалау – оқушылардың оқу процесінде қаншалықты табысты ( немесе , керісінше ) болғандықтан , білім игерудегі олардың жетістіктерін , өсуі мен дамуын анықтау , оқушылардың қолынан не келетіндігін айқындау .

Бағалау – оқушылардың білімін қалайша әрі қарай дамытып , олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін қалайша жақсартуға болатындығын білу , жоспарлау және оқушыларды соған ынталандыру.

Бағалаудың алты қағидасы:

Бірінші қағидасы : “Маңыздылық ”.


Бағаулау үшін пәннің ең маңызды , бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу керек , өйткені бағалауға уақыт , күш шығындалады. Егер нәтиже маңызды болмаса , онда оны бағаламаса да болады.

Екінші қағидасы : “Дәлдік”

Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді білу үшін біз оқушылардың қажетті білім , білік , дағды , құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.

Үшінші қағидасы : “Обьективті ”.

Бақылау жұмысын орындалудың нәтижелерін бағалау көп жағдайда субьективтік процесс.Обьективтікке бағалаудың нақты талаптарын таңдау арқылы жетуге болады.

Төртінші қағидасы : “Оқытудың ажырымас бөлігі ”.

Егер қандай да бір жаттығуларды бағалау үшін қажетті талаптар дайындайтын болсақ , олар сонымен бірге бұл тапсырманы орындаудың ережелері де болуы мүмкін , яғни нақты білім , білік , дағды , құндылықтарға үйретудің ережелеріне айналады.Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігі. Басқаша айтқанда бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады.Бағалау мен үйрету – біртұтас процесс.

Бесінші қағида : “Жариялық”.

Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушылары алдын – ала хабарлануы керек .Баға жария түрде қойылып , оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланатындығын білуі крек .

Алтыншы қағида : “Қарапайымдылық”.

Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек .Бағалау талаптарын оқу процесіне біртіндеп , оқушылардың бағалау құралдарын игеру деңгейіне байланысты енгізуге болады.Бағалау оқушылар мен мұғалімдердің секемділігін туғызбау керек .

2. Бағалау тәсілдері

ЖОО – ның оқу процесінде студенттердің білімін бағалауда келесідей тәсілдеді қолдануға болады : Тестілеу , Бақылау , Интервью , Сауалнама , Есеп беру , Өзін-өзі бағалау , Рубрика.

  1. Тестілеу. Тест студенттердің оқу жетістіктерін , олардың білімі , біліктері мен дағдылаудың жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіншілігін береді.Мұнымен қатар тестілеудің артықшылығы оның технологиялық мүмкіншіліктерімен байланысты : тест қысқа уақыт ішінде компьерді қолдану арқылы үйренушілердің көп мөлшерінің білім деңгейін өлшенбелі әрі дәл тапсырмалар арқылы анықтайды . Барлық үйренушілерге ортақ және біркелкі тапсырмалар тест нәтижелерін оқу процесін өзгерту мақсатында қолдануға тиімді етіп , студенттерді өзін - өзі бақылау және өз білімін жетілдіру ісіне ынталандырады .


Тестілеуде мынадай қағидаларды ұстану керек :

  • Тестілеу әділ жүргізілуі керек.

  • Студенттердің барлығы да тест тапсырмаларымен танысу мүмкіндігіне ие болуы керек.

  • Тесттер ашық болуы керек .

  • Бағалаудың басқа да құралдарын қолдану керек.

2. Бақылау. Бақылау – қандай да бір жәйттерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы .Бақылау арқылы оқушылардың сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап , талдау жүргізуге болады.

3. Есеп беру .Есеп беру – оқу динамикасын көрсету үшін оның әр кезеңінде оқушылар мен оқытушының өзінің жұмысы , бақылауымен бағалауын жазбаса түрде келтіру .Есеп беру үйренушілер мен оқытушылардың талаптарды қандай деңгейде орындағандығын көрсетіп, оқу процесін жоспарлауға өзгертулер енгізу мүмкіншілігін береді.

4. Сауалнама. Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақталу .

Оқушылардың білімін , іскерлігі мен машықтарын тексеру – математиканы оқыту процесінің маңызды буындарының бірі . Оның мақсаты әрбір оқушының және бүкіл кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау . Сонымен бірге оқушылардың білім , іскерлік , машықтарын тексеру білімді қайталанудың , тереңдетудің , баяндандырудың және жүйелеудің әрменді құралы болып табылады .

Білім тексеруде қойылатын талаптары.Алдымен білім тексеру нысаналы болуы керек . Білім тексеруде қойылатын негізгі талаптардың бірі – оқытушының әділдігі тексеру мазмұны мен тәсілдерін тексерілетін білімнің сипатына сәйкестендіру арқылы қамтамамыз етіледі . Мұның мәні – оқушыларға берілген білім ғана тексерілуі тиіс.

Білім тексеруде қойылатын талаптардың тағы бірі – жүйелілік , ал ең басты талап - оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру . Мұнда оқушының білімі , іскерлігі , машығы өзінің ерекшелігіне қарай тексерілуі тиіс .

Оқушылардың логикалық ойлауы мен сөйлесуінің дамуын байқауга мүмкіндік беретін білім мен машықты тексерудің ең көп тараған түрі – үлгерімді ауызша тексеру.Ауызша тексеру кезінде оқушылардың біліміндегі олқылықтарды , оларды анықтауға және оларды жою жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді .

Жеке ауызша сұрақ – жауап кезінде негізгі сұрақтармен қатар , оқушыларға қосымша сұрақ беру керек . Негізгі сұрақ оқушылардан материалды немесе есептің шығару жолын толық , анық түсіндіруді талап етеді .

Оқушалардың білімін ауызша тексерудің тиімділігін арттыру үшін мұғалім үнемі сабақтың жоспар конспектісінінде берілетін негізгі сұрақтар мен қосымша сұрақтарды жеткілікті қамтып , тұжырымдау қажет .