Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 818

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау.

Қолдануының пәндік саласы: көбінесе көптеген фактілер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-танымал мәтіндер. Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады. оқытушы бұл тәсілді шығармашылық түргыдан карастырып, оған өзгертулер енгізуіне болады.

Джиксо стратегиясы
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.

Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Джиксо –деп 20-ғасырдың 50-жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған:әр бөлігін өз орнына қойғанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан.Бұл тәсілдің басқашада атаулары бар. Мысалы: Ресейде шығатын әдістемелік және дидактикалық әдебиетте оны «Зигзак», «Ажурная пила», «Мозаика» деп те атайды.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.


ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Сол жағына



Бөліктің оң жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)













Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

  • Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

  • Автор оқырманды қалай қызықтырады?

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан

тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Венн диаграммасы.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Венн диаграммасын толық түсіну үшін мынадай мысал келтірейік:
1. «Тең қабырғалы ұшбұрыш» тобына Венн диаграммасы.
Тең қабырғалы үшбұрыш Ортақ Тең бүйірлі


Үшбұрыштарды салыстыру арқылы осы Венн диаграммасын құру , оқушылардың үшбұрыштардың қасиеттерін дұрыс меңгеруге алып келеді.


ТӨРТБҰРЫШТАР тобына Венн диаграммасы
Төртбұрыштар тақырыбын үйретуде де Венн диаграммасын құру оқушыларда математика пәніне қызығушылық оятады

Тік төртбұрыш Квадрат

Ортақ


1)барлық қабырғалары тең,барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм

3)R=d/2;P= 4а

s= a2

1)барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограмм.

2)Егер параллело

грамм тік төртбұрыш болса, онда оның диагоналдары тең.

3)R=d/2;P= 2(a+b);

S=ab




Ұқсастықтары:

1)Екеуіде төтбұрыш

2)параллелограмм

3) барлық бұрыштары тік

4)R=d/2




Сын тұрғыдан ойлау технологиясын қолданылып жүргізілетін сабақтарға мысалдар келтіреміз.
Қазіргі заман талабы жаңаны да , жақсыны да талап етеді. Ол тек қана өндіріс саласында ғана емес , білім беру де болатын жағдай. «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші бүгінгі таңда білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Қазақстан оқу Ассоциациясы «Сын турғысыдан ойлау және жазу арқылы дамыту » бағдарламасының алған білімді , білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеудегі орны ерекше.

Оның бұрынғы дәстүрлі оқу технологиясынан ерекшеліктері :

1. Оқушының интеллектуалды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы.

2.Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы.

3.Мұғалім мен шәкірттің өзара қарым –қатынасында жауапкершілік пен сенімділіктің болуы.

Өз білімімді шыңдай түсу мақсатында Сын турғысыдан ойлау технологиясын оқып , түсініп болғаннан кейін өз -өзіме басқаша көзбен қарайтын болдым. Сын турғысыдан ойлау сабақтары оқушыларды топ алдына шығып ойын қорғай білуге , оқушылармен тығыз қарым –қатынаста болуға тәрбиелейді.Сабақты қызықты және ұтымды өткізу үшін ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушылардың көңіл –күйін , назарын сабаққа аудару қажет.

Сабақтың тақырыбы: Ұшбұрыштың түрлері мен ауданын табуға есептер шығару.

Сабақтың мақсаты :

а) Білімділік : Оқушылардың ұшбұрыштың түрлері мен ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету , жүйелеу.

ә) Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін , білім , білік дағдыларын дамыта отырып , интеллектуалдығын қалыптастыру , геометрияға деген қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелік : Оқушыларды өзін -өзі басқаруға , ұйымшылдыққа , дәлдікке , өз мүмкіндігіне сенуге , үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : сайыс сабақ

Сабақтың әдісі : танымдық ойын , тест , топпен жұмыс , жеке оқушымен жұмыс, Топтастыру әдісі , Инсерт стратегиясы , Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта , құнды қағаз , сызғыш

Сабақтың жүрісі :

  1. Ұйымдастыру

  2. Тендер жариялау

  3. «Алғашқы қадам » (үй тапсырмасын тексеру )

  4. «Лездік тапсырма » ( сұрақ –жауап )

  5. « Біліктілік » сайысы ( әр топқа тапсырмалар беру )

  6. «Алғырлық кілті » ( оқулықпен жұмыс )

  7. « Сергіту сәті » ( топтарға жұмбақтар , мақалдар беру )

  8. « Шешуші сәт » ( сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру )

  9. Үйге тапсырма

  10. Бағалау , қорытындылау .

Сабақтың барысы:
Тындаңыздар ! Тындаңыздар ! Республикалық « Құрылыс жол » министрлігі Сағыз – Миялы тас жолын салуға тендер жариялайды!!!

Осы тендерге 3 топ қатысуға ұсыныс білдірді . Олар : « Тік бұрышты ұшбұрыш » , « Тең бүйірлі ұшбұрыш» , « Тең қабырғалы ұшбұрыш»топтары.

І бөлім . «Алғашқы қадам » ( Үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10 ұпайдан беру )

ІІ бөлім. «Лездік тапсырма » ( Сұрақ –жауап , әр сұрақ 10 ұпай).

1.Ұшбұрыштың қандай түрлерін білесіздер ?

2. Ұшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

3. Ұшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не ?

4. Ұшбұрыштың тамаша нүктерін атаңыз ?

5. Ұшбұрыштың ауданы дегеніміз не?
ІІІ бөлім . « Біліктілік » сайысы ( Әр топқа жеке –жеке тапсырмалар беру 50 ұпай )
«Тікбұрышты ұшбұрыш » тобына кесте толтыру .
Тікбұрышты ұшбұрыштың с – гипотенузасы , һ- тік бұрышының төбесіне түсірілген биіктігі берілген . S- ауданын табыңдар.



P/c

h

c

s

1

10 м



?

2

0,24 см

?

1,44 см

3

?

169 мм

253,5 мм

4

1,2 м

6,3 м

?

5

7,8м

?

23,4 м


« Тең бүйірлі ұшбұрыш» тобына «Топтастыру стратегиясы


IV Бөлім. «Алғырлық кілті » ( оқулықпен жұмыс , әр түрлі ұпайлы есепті топ өздері таңдайды)
№ 234 есеп 30 ұпайлық есеп .

Берілген:

  1. АВС – үшбұрыш



Т/к :һ-?

№ 241 есеп 40- ұпайлық есеп

Берілген: АБС – тік бұрышты ұшбұрыш

а=1.6м , b=4.5м , т/к: S=?
Vбөлім « Сергіту сәті » (Әр топтарға жұмбақтар , мақалдар беріледі . Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

«Тікбұрышты үшбұрыш » тобына математикалық жұмбақтар мен мақалдар

1. Бірдей санды бірнеше рет ,

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң ,

Қандай атау болады. (Дәреже)

2.Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады.

« Тең бүйірлі үшбұрыш» тобына :

1.Егіз туған қос жүрек

Жарыса шауып терлейді

Бірін –бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да ,

Бір мәреге келмейді. (Параллель түзу)

2. Айдағаным бес ешкі

Ысқырығы жер жарады.

«Тең қабырғалы үшбұрыш» тобына :

1. Күшіне мінген бір мықты ,

Жығып салды сегізді (Шексіздік)

2.Бір тал кессең

Он тал ек.

« Шешуші сәт » ( сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру, дұрыс жауап 10 ұпай )

Тест тапсырмалары:

1. Үшбұрыштың бір қабырғасы 24 см , оған түсірілген биіктік 11 см . Үшбұрыштың ауданын тап.

А)13,2 см(кв) б) 528 дм с) 132 см (кв) д)528 см(кв)

2.Үшбұрыштың ауданы 64 м(кв) , қабырғасы 16 м болса , үшбұрышқа түсірілген биіктікті тап.

А) 0,8 м б) 8 м с) 0,08 м д)8 см

3. Үшбұрыштың ауданы 1,21 дм (кв) , биіктігі 2,2 дм болса , қабырғасын табыңдар?

А) 1,1 дм б) 1,1 см с) 11 дм д)0,11 дм
Семантикалық карта




p/c


S (м2)


H(м)

Жауаптары

A=

А =

A=9м

A=5м

A=33м

1

12

4

+












2

40

16










+



3

66

4












+

4

54

12







+







5

48

12




+