Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 819

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Оқытушы сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде екі шешімі бар проблеманы студенттерге жария қылады.

  2. Студенттер терт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

  3. Топ ішіпде студенттер қарама-қарсы көзқарастар бойынша екі-екіден бөлініп, жұптаса отырып, өз позициясын қорғауға дайындалады (бұл жерде студенттер жұптарга өз қалауы бойынша немссс тіпті оқытушы нұсқауымен бөлінуіне болады).

  4. Жұптар уақытша бұзылып, студенттер аудитория ішінде өз жақтастарын тауып, басқа жұптар құрып, өз дәлелдерімен бөліседі, оларды толықтырады.

  5. Студенттер алғашқы жұптарына қайта оралып, басқа студенттерден естіген дәлелдерін ортаға салып талқылайды, алдағы пікірталасқа дайындалады.

6. Жұптар топ ішінде кезекпен екінші жұпқа өз позициясын жеткізеді. Қарсы жақ мұқият тыңдап, туындаған ойларын қағазға түртіп отырады.

7. Екі жұп бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп, өз ұстанымдарын жақтап, пікірталасқа кіріседі.

8. Пікірталас тоқтатылып, екі жақ келісім мен мәмілеге келетіндей ортақ шешімді іздестіреді. Мұнда әр жақтан ұтымды дәлелдер ескеріледі.

9. Бағалау. Студенттер пікірталаста туындаған өз ойлары, позициялары мен ұстанымдарын қағазға түсіріп, әрекеттері бойынша есеп береді.

Миға шабуыл

Шығармашылықты ынталандыратын «миға әрекет» психологиялық тәсілмен, Алекс Осборн «Қолданбалы елес», 1950, шатастырмаңыз. Және бұл екі сөз тіркесі де «brainstorming» деген ағылшын терминінің орыс тіліндегі нұсқалары, бірақ әртүрлі салада қолданылады және әртүрлі міндет атқарады. Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясында фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады.

Лекция № 23 Дамыта оқыту технологиясы

Жоспар:

  1. Саралап оқыту және оқушылардың ой өрісін дамыту

2. Деңгейлеп оқыту туралы ұғым
Мұғалiм оқушының сабақтағы әрбiр әрекетін алдын ала жоспарлау арқы­лы оның ойлау, болжау, тұжырымдау секілді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастырады. Сабақтың нәтижесінен мейлiнше жоғарғы көрсеткішпен шығу үшiн оны бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңiл аударуы қажет, ненi бiлiп, ненi игерiп шығатыны туралы толық мағлұ­мат берiледi. Сабаққа осындай дайындықпен қатынасқан оқушы одан көптеген жаналықты, қызықты құбылыстарды күтедi. Мұғалiмнiң міндетi - оқушының осы үмітін ақтау, оның аздап жануына қажеттi бағыт беру.


Әрбiр жаңа сабақ өткен сабақтың материалымен байланыстырудан баста­лады. Бұл әдic оқушының назарын бiрден сабаққа белсендi түрде араласуға аударады, қайшылығы бар ұсыныстар мен сұрақтар қою арқылы дiлгiрлiк жағдайлар туғызылып, оның шешiмi пiкiр таластыра отырып ақиқатты iздеумсн жалғастырылады. Оқытудың осы бөлiмiнiң сабақ мерзiмiндегi үлесi 10 пайыз­дан аспауы керек.

Бұдан кейiн жаңа тақырып талданады. Оқушы оның мақсатын орындау әдiстерiн ұғып меңгергеннен кейiн тақырыптың мазмұны толығымен ашылады. Сонымен бiрге тақырыптағы бұған дейiн кездеспеген жаңа ұғымдар мен атаулардың мағынасы, қолдану аясы айқындалып, оқушы­лардың санасында олар туралы түсiнiктiң берiк орнауы қадағаланады. Бiр такырыпты топ болып бiрге тaлдап, бiрге орындаудың, ақиқатты бiрге iздеудiң арқасында оқушылардың санасында ұйымшылдықтың нышандары қалыптасады, нәтижесiнде терең iзденiстiң, бiлiмдi өз бетінше игеруге ұмтылудың қажеттiлiгiне көз жеткiзiледi. Оқытудың бұл бөлiмiнiң үлесi сабақ мерзiмiнiң 30 пайызын құрауға шақталып дайындалады.

Сабақтың шешушi мәселелерi 3-бөлiмде орын­далады. Бұл жерде қолданбалы бағдарламаны пайдаланып, тақырыптың маз­мұны соңғы рет шолудан өткiзiлiп, тестiлiк сұрақтарға жауаптар ойластыры­лып, оқушының тақырыпты қаншалықты түсінгені бағаланады. Қажет болған жағдайда оған қосымша талқылау, қайталау ұсынылады. Сондықтан оқушылар түгелдей дерлік жұмысты орындауға қатыстырылады. Осы тұста мұғалім оқушыны әрбір істі тиянақты орындап, бұған дейін кездеспеген құбылысты байқауға, сол арқылы өз әрекетіне шығармашыл түрде қарайға баулиды. Бұл бөлімнің үлесі сабақ мерзімінің 50 пайызын құрайтындай болып ұйымдастырылады. Уақыттың қалған 10 пайызы өтілген материалды бекітуге арналады. Мұғалім бұл уақытты да мейлінше тиімді түрде пайдаланып, оқушының белсенділігі мен танымдылығын жетілдіруге тырысады және әрбір оқушының жұмыс туралы пікірі сараланып, қаншалықты мағыналы екені бағаланады.

Оқытудың тиімділігін оқушының зейінділік, үлгірім, білімнің сапалылығы, графикалық танымы, конструкторлық шеберлігі секілді 5 түрлі құндылықпен бағалау әлдеқайда толық мағлұмат береді деп ойлаймыз. Бұл құндылықтар оқушының білімділігін және білімнің қаншалықты тиянақты болып қалыптасқандығын жан-жақты сипаттай алады. Теориялық білімінің тереңдігі - өтілген материалдың оқушының санасында саналы орын алуымен (яғни оның зейінділігімен) шығармашылық ойлау қабілеті – түсіндірілген материалдың негізінде құрылған, бірақ одан тысқары, дәстүрлі емес сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетінше шешу мүмкіншілігімен, графикалық танымы , талдау дағдысымен, құру-жинау шеберлігі – хронометраж жүргізу арқылы, өлшеу-есептеу дағдысы - өлшеуіш аспаптарды тиімді пайдалану, өлшеу қателігін дұрыс анықтап, қажетті шамаларды есептеу біліктілігімен, ал игерген білімнің сапалығы оны дер кезінде және қажетті жерінде пайдалана білуімен бағаланады. Сабақ жүргізу барысында әрбір сабақтың қорытындысын сараптау үшін арнайы дайындалған кестелер толтырылып отырылады.



Оқушылардың білім деңгейін жоғарыда көрсетілген 5 түрлі құндылықпен анықтау үшін бағалаудың барлық жүйесін қолдану жақсы нәтиже береді және оның ең жоғарғы шамасы (бірыңғай ұлттық тестілік жүйесіндегідей) 30 балмен шектеледі. Алғашқы төрт құндылықты анықтауға негіз болып табылатын оқушының зейінділігінің қалыптасу дәрежесін бағалаудың құрылымы мен мазмұны төмендегідей кестеде берілген.
3ейiндiлiктi анықтаудың балдық жүйесi






Деңгейдің сипаттық мазмұны

Балдық

баға

Дәстүрлі

баға

1

Оқу материалын толық меңгеру, өз бетінше білі-мін жетілдіру, пысықтау сұрақтарына тиянақты жауаптар дайындау, үй тапсырмасын еркін орын-дау, шығармашылық түрде ойлау, пікір сайысына белсенді қатынасу, әрбір мәселе туралы пікірінің болуы.

30-25

өте жоғары

2

Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, пысықтау сұрақтары мен үй тапсырмасын орындауға аса қиналмау, пікір сайысына қатынасу, өз ойын дәлелдей білу.

25-20

өте жақсы

3

Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, пысықтау сұрақтарын, үй тапсырмасын орындауға қиналу, пікір сайысында белсенділік таныта алмау, тақырып туралы пікірінің тиянақсыздығы, басқаның пікірін жиі мақұлдауы.

15-20

Жақсы

4

Оқу материалы туралы ұғымы төменгі дәрежеде қалыптасқан, өз бетінше ешбір тапсырманы орындай алмайды, тақырып туралы түсінігі әлсіз, баяндау, дәлелдеу қабілеті толық қалыптаспаған.

10-15

қанағаттанарлық

5

Оқу материалы туралы ұғымы төмен, сұрақтарға жауап беру, ойлау және ұққанын айтып беру қабілеті жетілмеген.

10 балдан төмен

нашар


Кесте негізінде сабаққа қатынасқан оқушылардың білім деңгейінің өзгерісі әрбір сабақ сайын анықталып отырады.

Сабақтың тиімділігін және оқушының зерделік еңбегінің өнімділігін көтеру мақсатымен сабақты жүргізу барысында дамыта оқытудың жетілдірілген қағидалары жетекшілікке алынды. Бұл
қағидалар төмендегідей тұжырымдалады:

- оқу үрдісі оқушыны материалды игеруге ынталандыра түсетіндей болып ұйымдастырылса;

- оқыту барысында оқушыға берілетін бүгінгі тапсырма кешегіге қарағанда қиындау болып, оны қосымша ізденуге жетелесе;

- әрбір тапсырма еңбектену барысында оқушыны аз болса да жеңіске жетелейтіндей, қол жеткен табысқа мақтанатындай болып берілсе;

- оқушының еңбегі орындау нәтижесі үшін емес, орындау тәсілін шешкені үшін бағаланса;

- оқушыны білімді игерудегі табысын қатарындағы құрдасымен емес, өзінің бұған дейінгі деңгейімен салыстыру арқылы бағаланса;

- пікір сайысына (диспут) қатысу, шығармашылық бағыттағы баяндама жасау, конструкторлық тапсырмалар орындау арқылы «сыртқы» ғылым оқушының ішкі біліміне тасымалдану шаралары ескерілсе, сонда ғана оқыту ісі дамымалы болмақ.


  1. Деңгейлеп оқыту дегеніміз не?


Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің дамытпалы оқу технологиясына ыңғaйлау кажеттiлiгi туды. Сол себептi оқытуда мұғaлiм де, оқушы да субъект ретiнде алынуы қажет. Мұғaлiм мен оқушының бiрлесе әрекет жасауы - Ж.А.Қараев технологиясының түп мақсаты. Озат орта мектептер бiрнеше жыл профессор Ж.А.Қараев технологиясымен жұмыс iстеп келеді. Математиканы оқытуда бұл технологияның басты тиiмдiлiгi:

- оқушының үнемі әрекетке қосады;

- үш кезең арқылы өздiгiнен үзiлiссiз бiлiм алуғa ынталандырады;

-математика тілі мен оның құрылымын игеpтiп, ауызша, жазбаша тiлде қолдану аясын кеңейтуге мүмкiндiк бередi;

- окушы әpi балдай, әpi салыстыра отырьш, негiзгi бiлiмдi өздігінен меңгеруге әpeкeттeндipeдi.

Математикадан окушының бiлiм сапасын жетiлдiрудегi жeтicтiктeр саралап деңгейлеп оқыту технологиясындa төмендегiдей жүйелi әpi үзiлiссiз дамытуды көздеген жұмыстар құрылымымен іскe асады:

1. Жаңа тақырыпты өткен такырыппен байланыстырa отырып ұғындыру керек.

2. Жаңа бiлiмдi игертудегi деңгейлiк тапсырмалар түрлерi (І, ІІ, ІІІ деңгей).

3. Тест тапсырмалары.

4. Өздiк жұмыс.

5. Қатемен жұмыс.

6. Көп деңгейлiктi бақылау жұмысы.

7. Рейтинг, мониторинг арқылы бiлiм деңгейiн сараптау.

Математиканы оқытудағы жалпы мақсат - оқушылаpғa математикалық тілдің ғaсырлар бойы сұрыпталып кeлгeн көркемдігi мен әcepi өpнeгiн, қуатын, құдipeтiн, шешендiгiн жас ұрпак бойына дарыту. Сондықтан да саралап деңгейлеп оқыту технологиясы осы мұраттарды шешуге кепiл бола алатын технология болып табылады.

Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушылардың білім сапасын арттыруды негізгі кепілі. Педагогикалық технология арқылы:


  1. Оқушыға математика тілінің ғылыми негіздерін меңгертуге болады;

  2. Оқушылардың ауызша және жазбаша математикалық тіл мәдениетін арттырып, баланы еркін сөйлеуге, жазбаша ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландырады;

Қазақстан Республикасында білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаттарының бірі қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажетінен туып отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, академик В.М.Монаховтың оқыту технологиясы; Дьяченконың жұмыстарында айтылатын оқытудың ұжымдық тәсілі; Ж.А.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау; білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы практикаға енгізілуде. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізілетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,басқа да тиімділігін жетілдіруге, оқушылардың дамуына бақылау жасауға,оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі.

Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтарда бар мәселелерге байланысты құрылады.

2. Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырыл, тапсырманы орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Осы технологияны сабақта пайдалану барысында сыныпты үш топқа бөлемі.
Топтау тәсілінің тиімділігі.

1. Оқушының бір-біріне жолдастық, достық, қарым-қатынастары арта түседі.

2. Бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады, үйрете жүріп өзіде үйренеді.

3. Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті арта түседі.

4. Бір сабақтың үстінде берілген материалды толық қамтуға мүмкіндік туады.