Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 815
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5. Бағалалу жұмыстарын салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аласыз.
Сабақтың технологиялық картасы
Тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру, тепе - теңдікті дәлелдеу.
Сабақтың танымдық мақсаты: Оқушыларды тригонометриялық өрнектерді түрлендіре білуге, есептер шығаруда тепе-теңдікті қолдана білу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды зейін қойып тыңдауға, теорияны практикамен ұйымдастыруға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өз бетімен танып білуін жетілдіру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Оқу әдісі: Сұрақ-жауап деңгейлеп саралап оқыту.
Танымдық әрекетін ұйымдастыру: Дағды мен шеберлікті үйрену.
Оқытудың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Жабдықталуы: сызба плакаттар, магниттік тақта, фишкалар.
Өзектілігі:
А) Білім негізі: тірек білімнің қажеттілігі және сабақты өтуге дайындық.
Ә) Қызығушылықты қалыптастыру әдісі: жаңа технология элементтерін құрастыру.
Б) Тексеру бақылау түрі: оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындау, бағалау арқылы. Даму маниторингісі арқылы.
2. Жаңа түсініктерді қалыптастырудағы әрекет түрі:
А) Жаңа түсінік: тиригонометиялық тепе-теңдік.
Ә) Бұрын алған білімнің дамуы: есптер шығару арқылы.
Б) Мұғалімнің қойған проблемалық информациялық сұрақтары арқылы: сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенісі және котангенсінің анықтамасын геометрия және алгебра курсы бойынша айту.
Сабақтың барысы:
1кезең:Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру. Тірек-сұрақтары (жаңа сабақты меңгеру үшін, өткен сабақтардан тапсырмалар.
2 кезең:Жаңа сабақты меңгерту алгоритмі. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды түсіндіреміз.
3 кезең:Деңгейлік тапсырмалар:
1- ші деңгей (5 ұпай)
1- 2cos60° + cos30° =
2. 6ctg600-2sin60° =
3. sin 45°·cos45° =
Өрнекті ықшамдаңдар.
4. sin2a-l =
5. cos2 a + sin2 a + 2 =
2-шідеңгей (10 ұпай)
Өрнектіықшамдаңдар
1. (1 -cos )(l + cos ) =
2. sin - sin cos2 -
3. sin4 + cos4 + 2sin2 cos2 =
4. sin2 + cos2 + tg2 =
3-шідеңгей (15 ұпай)
Теңбе-теңдіктідәлелде
1.
2.
(ctga - cos )(sin + tg ) = (1 + cos )(4 - sin
)
Өрнекті ықшамда
3.
3. Оқушытүсінігінтексеру: сұрақтар қою және есептер шығару арқылы.
Үйге тапсырма: № 255 (1) В, № 252 (1) А, №265 (1) С
Сабақты қортындылау:
1. Қандай негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктермен таныстық.
Бұл жағдайда педагогикалық технология – компьютерлік техниканың тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу тиімді болып табылады. Педагогикалық технологиясы дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П.Беспалько) белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
– бақылау әрекеттері / бақылау жұмыстары (бж)/;
–педагогикалық басқару, болашақта/жоғарырақ деңгейлерде/ оқушылар өзін-өзі басқарады(басқару)
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады.
Бірақ ол мақсат - өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптары мен өзгерулерін талап етеді.
Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз:
1. Жаңаша мақсат оқушылардың өздігімен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің – мұғалімдердің күнделікті жұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек, біздің жағдайымыздағы «оқыту әдістемесі» - деп отырғанымыз «оқушы – мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютерлік техника – оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда – оқу материалының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.
- Қалайша?
- Оқытудың басты мақсаты - өздігімен білім алып, дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілетін тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріледі, өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар, негізінен, жаңа тақырып бойынша заңдылықтар мен ережелерді өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды меңгерту үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші – оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады. Технологияландыру процесі іс жүзінде модульдеп оқыту арқылы жүзеге асырылады. Модуль деп – соңында бақылау жұмысын жүргізіп отыратын әр тараудың материалын айтамыз. Олардың айырмашылығы мынада: бақылау жұмысын алмас бұрын, оған дайындық жұмыстың екі түрі жүргізіледі. Біріншісі - тарау бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмыс (әр оқушының осы тараудағы білімінің ақауын анықтау). Екіншісі – ол бойынша қатемен жұмыс (сол ақауды жою). Бұл жұмыстарға екі сабақ немесе 20-25 минуттан бір сабақ арнауға болады. Осыдан кейінгі алынатын міндетті бақылау жұмысының соңында жүргізіліп отыратын қатемен жұмыс әр ұстаздың міндеті, әдеттегідей 5-10 минуттық қатемен жұмыс жүргізу.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерге ие.
-
білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі; -
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей қолайлы болуы шарт; -
білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс. -
Оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру; -
Оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық және төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау.
Сондықтан да оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы бойынша дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.