Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 817
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әңгімелесу – оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу – мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
-
жаттап алуға лайықталған болуы керек. -
Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. -
Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Олар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Математиқада мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2) оқушының ойлау қабілетін келтіруге берілетін тапсырмалар оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретілімдік маңызды болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөз жұмбақтар.
Үшінші эвристикалық тапсырмаларды төмендегіше топтастыруға болады:
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін заңдылыққа шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзінің жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
2) әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесімен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей, мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) олимпиадалық есептер.
3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Мазмұнының жаңартылуы мен толықтырылуы деген «оның басқа мазмұнмен ауыстырылуы немесе оның көлемінің өзгертілуі қажет» - дегенді емес, «оның ұлттық нақышпен толықтырылуы және байытылуы, бір деңгейден басқа деңгейге дамып отыратын қызықты, мәселелі тапсырмаларды беріп отыру керек, - дегенді білдіреді.
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар:
бірінші деңгей үшін – игерілгенді пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.
жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Осы жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтындай оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
- Мұндай жағдайда барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
- Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыт болады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз- өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
- Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылаумен бағалаудың ерекшелігі неде?
- Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» (зачет) алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын («оқушылық», «міндетті») 1-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ:
- барлық оқушылардың оқу мақсатына 100% қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік береді.
«Есепке алу» (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушыларды да, кем деген де, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық. Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбейінше келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады; өзіне деген сенімі артады.
Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндеттеледі. Осылайша, бір деңгейден басқа деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.
«Жұмыс дәптерін» құрастыру барысында математика пәнінен оқыту өлшемдерін теориялық тұрғыда мынадай ретпен алуға болады:
-
білім мазмұнын қажетті ақпарат көздерінен іріктеуі, оны оқушының ізденімпаздық іскерлігіне белсенді қолдана алу, ойлау іс-әрекетінде ұтымды амалдарды қолдануы, оқушының білім алу дағдысын қалыптастыруы; -
білім мазмұны оқушының танымдық үрдісіне сәйкес келуі, әрбір тарау және оның ішкі бөліктерін анықтау барысында ұтымды қолдануы; мұнымен бірге, математиканың басқа ғылымдармен интегративті қатысын және жекелеген курстарды анықтауы; -
компьютерлік техниканы дидактиканың мүмкіндігімен есептеуі; -
Оқыту үрдісінде аймақтық, ұлттық ерекшеліктерді елеулі, психология, физиология, антропология заңдылықтарын математика пәніне ыңғайлап алуы. Математика пәніндегі тараулардың кіші бөліктерге жіктеліп, тұтастықта келу қағидасын көп деңгейліктерге бейімдеп беруі.
Көріп отырғанымыздай, берілген көрсеткіш оқушылардың білім алу қабілеттерін өлшемдікпен бағалауға қолайлы жағдай туғызады. Мұнымен бірге математика пәнін оқыту үрдісінің заманауи заңдылықтарына ыңғайлау мәселесіне де көңіл бөлу керек:
-
дидактикалық оқыту үрдісінің қарқындылық заңдылығы. Жұмыстың ауқымы алдыңғы игерілген материалдан 15% - 20%-ға өсіп отырады; -
жеке тұлғаның даму заңдылығы. Оқу үрдісінде оқушының ортасына қарай бейімделуі. Оқу тәрбие кеңістігіне оқушының сұғына алу және амалдар мен оқу құралдарын ұтымды пайдалану іскерлігінің қарымдық заңдылығы; -
оқу-тәрбие үрдісін басқару заңдылығы оқушы мен ұстаздың қозғаушы күштерінің ілгері және кейінді ықпалдастығының қарқындық мәні. Тәрбиеліктің өзі математика пәнінің теориялық-тәжірибелік, шығармашылық жұмыстары арқылы ізгілікке бейімделуінің маңызы. -
Ынталандыру, марапаттау заңдылығы. Оқу іс-әрекеті әр оқушының ішкі ойлау, парасаттау мүмкіндігіне байланыстылығы, осыған орай сыртқы қозғаушы күшінің өз уақытындағы ықпалы; -
Сыртқы және ішкі бірліктің заңдылығы. Адамның ішкі және сыртқы қозғаушы күші табиғат құбылыстарындағы қуат пен күшке ұқсастығы сапасында меңгерілуі.
Осының бәрі дерлік академик В.Беспальконың оқыту үрдісінің формулаға салуымен үндеседі. Дидактикалық үрдіс оқушының танымдық үрдісін туғызады. Сөйтіп, оқушы өзін-өзі тұлғалық болмысқа дамыту қарқынында басқарушылық іскерлікке жетілуі қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды: оқушының танымдық іс-әрекеті деңгейліктен сатылап көтерілуі шапшаңдығы дәстүрлі оқыту үрдісінен әлде қайда қарқынды болып келеді. Бұл орайда «басқару» деген ұғымға «R» толғанысқа оқушыны түсіру ұстаздың басты мақсаты болып отыр. Әр деңгейлікті орындағанда сол деңгейлікке қатысты оқушы мүмкіндігін мөлшерлеп, өзінің өзіне әділ баға беруі байқалады. Егер оқушы өзінің оқу үрдісіне бір рет шабыттанса, келесі іс-әрекеттеде оған ынталылық танытары сөзсіз. Бірақ, ол тапсырма деңгейінен екінші деңгей оңай, не одан өте терең берілмей, оның орта дәрежесін ұстау өзінің есінен шығармай отыруы жұмыстың көп деңгейлікті заңдылығын бұзбауға үлкен көмек. «Жұмыс дәптері» құрастырылғанда оқушының танымдық қызметінің моделі басшылыққа алынады. Аталған моделде оқушы субъекті, міне осы субъектінің парасаттау іс-әрекеті алдымен белгілі материалды меңгеру деңгейі, екіншіде – соған ыңғайлы тапсырмалар сұрыптап алуы, үшіншіде – оқушының іс-әрекеті, төртіншіде – іс-әрекеттің өнімділігі, не өнімсіз нәтижесі. Аталған төрт іс әрекеттің жүйесі оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл микромақсат. Себебі, математиканың материалы жеке қарастырылады. Әрине, оқыту мақсатының дұрыс шешілуі үшін оқушының оқуға құлшынысын ояту басымдық мәнге ие.
Математика пәнінің оқу материалын алдымен деңгейліктерге саралап оқыту қағидасымен жіктеп, оның әрбір көрсеткіштерін, өлшемдерін күні бұрын құрып алудың нәтижесінде ақиқатқа сай мониторинг қорытындысын шығаруға болады. Сөйтіп, дәстүрлі оқытудың ескі қарқыны бес балды жүйесінен пайызбен есептеуге негізделген жаңаша бағалауға ойысуға болады екен.
«Жұмыс дәптері» оқушының репродуктивті, эвристикалық және шығармашылық деңгейліктерін қарастырады. Деңгейліктерге ыңғайлап тапсырма құрастыру оқушының жеке қабілет, іскерлік, дағдыларын табиғи мүмкіндіктеріне сәйкес дамытады. Іштей әр оқушы өзінің білім, мен тәлім дәрежесінің күннен-күнге тереңдеу ұстанымында екені сезінсе, өздігінен парасатты іс-әрекетке мойын ұсынатыны белгілі.Қазіргі мектептерге дайындалған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші деңгей тапсырмаларын құрастыру мүмкіншілігін (карточкалар түрінде) мұғалімдер шешуі қажет.
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін – 5 ұпай, екінші деңгей үшін – 10 ұпай, үшінші деңгей үшін -15 ұпай.
Осы жағдайда, әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, ұй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:
-
бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары; -
екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі; -
т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.
Ең жоғары деңгейдегішығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да еңбекқор оқушы орындай алады.
Осылайша, әр тақырып бойынша оқушыларға сыныптан тыс уақытта жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексертіп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомостқа және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомостқа (+) (-) – пен белгілеп отырады.