Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 814
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл оқушылар арасында олардың бір-бірінің үлгерімі деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне жол беріледі. Сондықтан бақылау мен бағалау, ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін жиналған ұпайларды есептеумен аяқталады.
Жинаған ұпайларын оқушылар әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады. Осындай бақылау, сыртқы бағалау ретінде қарастырылады. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму мониторингтерінде белгіленеді.
Оқушының даму мониторингі оның жеке басының қабілетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының дамуы деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен-өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді.
Сонымен оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайында бағалау процесі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімінің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.
Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар «есепке(зачет)» алынып отырады. Есепке алудың (зачеттің) «екіліктен» айырмашылығы: осы бірінші деңгейдің «есепке алынбаған», тапсырмалары қашан «есепке алынғанша» міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.
Өзін-өзі бағалау «қосу» әдісімен жүргізілгендіктен оқушы бұрынғыдай «екілік» аламын деп қорықпайды. Оқушыда жоғары ұпай жинауға ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың санына тікелей тәуелді.
Сонымен:
-
Технологияның принциптері – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен; -
Өздігімен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат – жаңа технологияның талаптарына сай жаңа буын оқулықтар жазу болып табылады. Жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі – қысқа мерзімде, ешқандай бейімдеусіз-ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымына ұқсас.
Оқыту үдерісінде саралап білім беру нәтижелерінің теориясы мен әдістемесі
. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі ұлттық мәртебемен білім беру жүйесін ғаламдық модернизация кеңістігіне сабақтастыра ізгілікті мазмұнда дамыту ұстанымы көзделіп отыр.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты» талаптары білім мазмұнының нәтижесін қалыптастыруда оқушы барлық пәндерден ізгілікті ұстанымдағы біліктілік пен дүниеге зердемен қарауға бағыттайтын ілімді қабылдау іскерлігін дамытуға бағытталған. Педагогикалық технология мен білімдену технологиясының ара-жігін ашып көрсеткен орынды. Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл бағыт негізгі ғылым жетістіктерін, XXI ғасырдың қол жетерлік табыстарын алдын-ала жобалауға, нәтижесін тиімді амалдармен, әдіснамалық деңгейде белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың білімді меңгеру үдерісінің басымдығы оның сол пәнге қажетті теориялық мазмұны болып есептеледі. Білімде адам баласының көп ғасырлық тәжірибесі жинақталған. Білім фактілер, принциптер, заңдар түрінде өмір сүреді. Арнаулы білімдердің белгілі бір саласына терең қанығу білім негіздерін меңгермейінше мүмкін болмайды. Меңгеру-деген термин оқушының таным-білім әрекетінің белсенді жағын білдіреді.
Білімдерді меңгеру үдерісін неғұрлым толық қарастыру үшін оны бірқатар кезеңдері мен буындарға бөлген және солардың әрқайсысына берілетін сипаттамаға толығырақ тоқталған ақылға қонымды болмақ.
Қабылдау – білімдерді меңгеру үдерісінің бірінші кезеңі. Алғашқыда ұстаз ғана белсенді де, ал оқушылар тыңдап, бақылайды. Білімдерді игерудің осы кезеңінің өзінен-ақ оқушының әрекетінің белсенділігі маңызды екенін көрсетеді. Теория мен практика оқушылардың оқу материалын қабылдауының белсенділігінің тұтас жүйесін жасайды. Оқытудың технологиясы дегеніміз–ұстаздың іс-қимыл үдерісінің қисындық-тәжірибелік қажеттілігін нәтижеге бағдарлау. Оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның білім меңгеруі бір деңгейден келесі деңгейге көтерілуі үшін оқулықтарда берілген нысаналар тек мемлекеттік қалыптың I деңгейінде қалмай, II, III деңгейліктерге ыңғайлы болуы үшін өлшемдіктер мен тапсырмалар оқушы бейіміне қарай құрылады. Қабылдау кезеңнің келесі мақсаты, қайталаным деңгей мен эвристикалы деңгейдің өлшемдіктері мен тапсырмаларын анықтау. Саралап, деңгейлеп, дамыта оқыту
технологияларын пайдалана отырып, бастауыш мектепте білім беру нәтижелерін дарынды қабілеттілікті анықтау мақсатында білімді зерделеу мен тексерудің түрлері қарастырылады. Нәтижеге оқушылардың игерген білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін іс-әрекетке қосу арқылы жетуге болады.
Тексеру-ұмытудан сақтандырудың ғана емес, білімді неғұрлым берік игерудің де маңызды құралы. Тексеру нәтижелері бойынша мектеп, ұстаз, қоғам мен ата-ана, мемлекет алдында есеп береді. Тексерудің барысында ұстаз ұстаным ретінде алған деректерге сәйкес, ол материалды оқып үйрену жөнінде бұдан арғы жұмыстың барысын белгілейді. Оқушылардың білімдерін тексеретін, оларды бағалаудың ең үнемді әдістерін жасау – мейлінше көкейкесті іс. Білімді тексеруді оларды анықтауданайыра білу керек.
Анықтау – тексерудің алғашқы кезеңі. Мұнда ұстаз оқушының материалмен жұмыс істегендігін ғана анықтап шығады. Білімдерді анықтау бұларды игерумен бірге соның барысында жүре алады. Ең алдымен, білімдердің, дағдылар мен шеберліктердің саналы меңгеру тереңдігі есепке алынады. Бұл көрсеткіштер білімдерді тексеру және бағалау кезінде анықтағыштар болып табылады. Білімдерді тексеру жан-жақты болуға, жүйелі жүргізілуге тиіс.
Жеке-даралық ерекшеліктерді есепке алу - білімдерді тексеруге қойылатын келесі талап. Бұл ұстазды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін ұстаздың бағамдауына қолдаушылық дәрежесі, оларды ой әрекетінің ерекшеліктерін терең зерттеуге бағыттайды. Үлгерімділікті тексеру негізінен алғанда ағымдағы есеп түрінде өткізіледі. Ағымдағы есеп балаларды жүйелі жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылар неғұрлым жастау болса, олардың жұмысына деген бақылау соғұрлым ұқыпты да сан алуан болуға тиіс. Ұстаз балалар материалдан өзіне қажеттісін алуға және бүтіндей олардың оқуға қалай қарайтынын анықтап тұжырымдайды. Байқау үдерісінде жиналған материал оқу-тәрбие жұмысын жоспарлағанда оқушыларға жеке-дара қарауды жүзеге асырғанда негіз болып табылады..
Осының нәтижесінде балаларды, оқушыларды дарындылыққа бейімдеудің төмендегідей мұрат-мүддесі нысанаға алынады:
- ізгілендіру, демократияландыру, дарынды оқушыларды әлеуметтік факторлардан құқықтық қорғау;
- дарындылыққа баулудың биологиялық, әлеуметтік факторларын есепке алу;
- білім меңгерудің үзіліссіздігін, дарынды балалармен жұмысты ұдайы жүргізудің жолын табу;
- дарынды оқушылардың өзін-өзі басқару әрекеттерін мемлекеттік және қоғамдық мәнде ұйымдастырудың құрылымын құру;
- жалпы оқушылардың санатынан дарындылық қабілетке бейімі бар оқушылардың диагностикалаудың әдістерін пайдалану;
- оқытудың арнаулы жұмыс бағдарламасын үйлестіру, дарынды қалыпқа баулудың түрлерін дамыту, жеке тұлғалық-болмыстық деңгейліктерін айқындау;
- ұстаздарды дарынды оқушыларды оқытуға даярлау. Жоғарыда тізілген дарындылық қабілетке бейімдеудің мақсат-мүддесі алғашқы теориялық мәнділікгі айқындап, нәтижелі әрекетке жетелейтін жұмыстарды жобалауға мүмкіндік береді.
Дарынды оқушыларды оқытудың төрт стратегиясы (қарқындылық, тереңділік, ауқымдылық, мәселелік) ұстаздың ұдайы ізденісінің нәтижесінде ұйымдастырылатын амалдар болып табылады.
1. Қарқындылық. Бұл стратегия әр оқушының қажеттілік уәжіне қатысты деңгейлік-санаттарын анықтайды. Жоғары қарқынмен жұмыс орындау стилін байқайды. Қарқындылық ұғымы әр оқушының интеллектуалды әлеуеті мен өнер бигінің өсу, оқу, даму прогрессиясымен өлшенеді. Оқытудың бұл ст
ратегиясы шетке шығып, шығармашыл шеберханада, мастер-сыныпта, қарқынды курстарда, белгілі бағдарламамен өтілетін саралау жұмыстары арқылы іске асады.
2. Тереңділік. Стратегияның бұл типі оқушыларға қатысты. Экстра дарынды балалардың қызығушылық уәжін қанағаттандырады.
3. Ауқымдылық. Оқыту мазмұнының ауқымын кеңейту арқылы жүзеге асатын үдерістік стратегия. Дәстүрдегі тақырыптар интегралдау қағидасымен толығып отырады. Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінің тәсілдері мен жолдары ұдайы молығып отырады.
4. Мәселелік. Стратегияның бұл түрі тұлғалық дарындылықтың қызығушылық ынта-ықыласын дамытады. Айрықша нұсқалы бағдар, бар мәліметті басқаша қарастыру, жаңаша мән табу, интерпретацияны көп нұсқалы құру, сананың үдерісін толғаныс негізінде ұйымдастыру секілді іс-әрекеттер қарастырылады. Бұл стратегия сабақта бағдарлама өзгерісімен және оқудан тыс кезеңдерде арнаулы жаттықтырулармен іске асады. Осы төрт стратегия біздің дарынды оқушылардың қажеттілік уәжін қанағаттандырудың төрт тағаны демекпіз.
Дарынды балаларға білімді саралап берудің нәтижесіне жету жолының үлгісінде мақсатты іске асыру мемлекеттік стандарт шегінен ауқымды, терең білім игерту арқылы оқушылардың креативтік пайым (жас ерекшеліктеріне орай) жасауға жағдай туғызу көзделеді. Оның міндеттері білім мазмұны мен оқыту мазмұны нәтижесіндегі оқушының интеллектілі әлеуетін өркендетудің жолдары, амал-тәсілдері, құралдары сараланады. Әрине, әр сыныптағы сараланған дарынды балалардың білім қабылдау әдістері әртүрлі деңгейде болғандықтан, олардың қажетсіну уәжінің және дарындылық типінің қандай екендігінің маңызы зор. Ұстаз бұл екі іс-әрекетті міндетті түрде ақиқатты тұрғыда орындауға міндетті. Рейтингі мен мониторинг қорытындылары оқушылардың ішкі интеллектуалдық (өздерінің жас ерекшіліктеріне қарай ) әлеуетіне үйлесімді болу мақсатында бағдарламалық-модульдік технология ұтымды қолданылуы көзделеді. Бағдарламалық-модульдік технология, яғни «Жұмыс дәптері» оқушылардың дарынды оқушылардың қабілетін өркендетудің қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.