Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 804

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


АКТ пайдаланып өтетін сабаққа дайындық кезінде мұғалім сабақ жоспарын оның мақсаттарын негізге ала отырып құрауы қажет екенін ұмытпауы тиіс, оқу материалын іріктеу кезінде негізгі дидактикалық принциптерді сақтау керек: жүйелілік пен бірізділік, қолжетімділік, саралау тәсілі, ғылымилық және т. б. Компьютер мұғалімді алмастырмайды, тек қосымша қызмет атқаратыны да түсінікті.

Осындай сабаққа тән белгілер:

1. Бейімделу принципі: компьютерді баланың жеке ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.

2. Басқару: кез келген уақытта мұғалім оқыту үдерісіне түзетулер енгізуі мүмкін.

3. Интерактивтілік және оқытудың диалогтік сипаты. АКТ-ның оқушы мен мұғалімнің әрекетіне жауап беру, олармен диалогқа «түсу» қабілеті бар, бұлар компьютерлік оқыту әдістемелерінің басты ерекшелігін құрайды.

4. Жеке және топтық жұмыстың ұтымды үйлесімі.

5. Оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету.

6. Шектелмеген оқыту: білім мазмұны, оның интерпретациясы және оны қолдану көлемі өте үлкен.
АКТ-ның негізгі функцияларының арасынан келесі белгілерді ерекшелеп атап көрсетуге болады (1-кесте).

1-кесте. АКТ құралдарын әдістемелік мазмұны бойынша жіктеу.

АКТ функциялары

Мазмұны

Оқыту

Қабылдаудың белгілі бір деңгейіне жету үшін білімдерін хабарлап, біліктіліктерін, практикалық қызмет дағдыларын қалыптастырады.

Ақпараттық-іздеу және анықтамалық

Ақпаратты жүйелендіру бойынша біліммен қамтамасыз етеді, біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады

Демонстрациялық

Зерттелетін объектілерді, құбылыстар мен процестерді зерттеу мақсатында елестетуге мүмкіндік туғызады.

Модельдеуші

Объектілер, құбылыстар мен процестерді зерттеу мақсатында модельдеуге мүмкіндік береді.

Жаттығу құралдары

Түрлі біліктілік пен дағдылармен жұмыстануға, оқылған материалды қайталауға және бекітуге жағдай жасайды.

Имитациялық

Құрылымдық немесе функционалдық сипаттамаларын зерттеу үшін белгілі шынайылық аспектісін ұсынады.

Зертханалық

Нақты жабдықтармен қашықтықтағы эксперименттер жүргізуге мүмкіндік жасайды

Оқу-ойын

Оқу материалын зерттеуге және түсінуге жағдай жасайтын оқу-ойын жағдаяттарын ұйымдастырады



Тұжырымдамалық сызба
АКТ-ны мектепте қолдану (ЮНЕСКО материалдары бойынша)



Ақпарат көзі: SITES 2006 зерттеуі.
Сілтеме:

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы. Теория. Тәжірибе. Ойлар. 1-бөлім /Әдістемелік құрал / Әлімов А.Қ., Қалғынбаева Ж.С., Обыденкина Л.В., Онищенко Е.А., Рысқұлбекова Ә.Д., Сапарова Г.С., Сурначева О.Г., Тушинская О.Ю. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 154 б.
STEM-білім берудің дамуы

STEM-білім беру дегеніміз не?

Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: қарқынды ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.

Егер бұрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен немесе металлмен жұмыс істесе, онда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа – бұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды. Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.

STEM – оқытудың кіріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдар шынайы өмір мәнмәтінінде зерделенеді. Мұндай тәсілдің мақсаты – STEM-сауаттылық пен әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс құру (Tsupros, 2009).

«STEM» аббревиатурасын алғаш рет 1990 жылдары америкалық бактериолог Р.Колвэлл ұсынды, бірақ ол 2000 жылдардан бастап белсенді түрде қолданыла бастады. STEM негізінде осы ұғымның жаңа нұсқалары пайда болды. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технологиялар, роботтехникасы, инженерия және математика).

Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандықтар пайда болуда және STEM мамандарға деген сұраныс жаппай өсуде. Мысалы, ЕО елдерінде бұл салада жұмысқа орналасқан мамандардың үлесі 2000 жылдан 2013 жылға дейін 12%-ға артты.

Сонымен қатар, еуропа елдерінде 2025 жылы басқа мамандықтарға сұраныс 3%-ға өссе, STEM саласындағы мамандарға деген сұраныс 8%-ға өсетіні болжануда. 2011 жылы ЭЫДҰ-ның қарастырылған 16 мемлекеттің ішінде Финляндияда STEM-мамандықтар түлектерінің анағұрлым көп саны байқалды: 20-39 жастағы халықтың 100 мың адамына шаққанда 109. Бұл көрсеткіш Канада мен Швейцария көрсеткіштерінен екі есе артық.

STEM саласында білім беру жоғары технологиялар саласындағы мамандарды дайындаудың негізі болып табылады. Сондықтан, Аустралия, Қытай, Ұлыбритания, Израиль, Корея, Сингапур, АҚШ секілді көптеген елдер STEM-білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалар жүргізеді.
STEM білім берудің артықшылықтары:

Пәндер бойынша емес, "тақырыптар" бойынша біріктірілген оқыту

STEM-оқыту пәнаралық және жобалық тәсілдемені қамтиды. Оның негізі - жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік шығармашылық және математиканы кіріктіру. Осы аталған пәндерді басқа пәндермен байланыссыз жеке оқытудан бас тарту оқу бағдарламаларының ерекшелігі болып табылады.

Ғылымды, технологияны, инженерлік шығармашылықты және математиканы кіріктіріп оқыту өте маңызды, себебі бұл салалар тәжірибеде өзара тығыз байланысты.

Ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қолдану

STEM-білім беру практикалық сабақтардың көмегімен балаларға ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қалай қолдану керектігін көрсетеді. Әр сабақта олар заманауи индустрия өнімдерін құрастырып дайындайды және дамытады. Олар нақты бір жобаны зерделейді, нәтижесінде шынайы өнімнің түптқрпатын өз қолымен жасап шығарады.

Мысалы, зымыранды құрастыру арқылы жас инженерлер инженерлік дизайн үдерісі, іске қосу бұрышы, қысым, тартылыс күші, үйкеліс күші, траектория және координаталар осьтері сияқты түсініктермен танысады.

Сын тұрғысынан ойлау және проблемалардың шешу дағдыларын дамыту

STEM бағдарламалары балалардың сын тұрғысынан ойлау және өмірде кездесуі мүмкін қиындықтарды жеңуі үшін проблемалардың шешімін табу дағдыларын дамытады. Мысалы, оқушылар жылдам жүретін көліктерді құрастырады, кейін оларды сынақтан өткізеді. Алғашқы сынақтан кейін, олар өз көлігінің неліктен мәреге жетпегені туралы ойланады және оның себебін анықтайды. Мүмкін оған алдыңғы бөлігінің дизайны, дөңгелектердің арақашықтығы, аэродинамика немесе іске қосу күш әсер еткен шығар? Әр сынақтан (тексеру) кейін олар алға қойған мақсатына жету үшін өз дизайнын жетілдіре түседі.


Өз күшіне деген сенімділікті арттыру. Балалар әртүрлі өнімдер жасап, көпірлер мен жолдар салып, аэропландар мен көліктерді іске қосып, роботтар мен электрондық ойындарды сынамалап (тексеріп), өздерінің су асты және әуе конструкцияларын әзірлей отырып мақсатқа жақындай береді. Олар өз өнімін жетілдіру және сынақтан өткізу, тағы да жақсарту және қайтадан сынау арқылы жетілдіреді.

Оқушылар барлық проблемаларды өз күшімен шешу арқылы, ақыры өз мақсатына жетеді. Балалар үшін бұл – қуаныш, шабыт, жеңіс. Әр жеңістен кейін олар өз күшіне одан сайын сенімді бола түседі.

Белсенді коммуникация және командалық жұмыс

STEM бағдарламалары сондай-ақ белсенді коммуникациямен және командалық жұмыспен ерекшеленеді. Талқылау сатысында пікірталастар мен өз пікірлерін айтуға арналған еркін орта құрылады. Олар өздерін соншалықты еркін сезінеді, тіпті өздерінің кез келген пікірін айтудан қорықпай, сөйлеуді және таныстырылым жасауды үйренеді. Уақыттың көп бөлігін балалар партада отырып емес, өз конструкцияларын сынау және дамытумен өткізеді. Олар үнемі нұсқаушылармен және командадағы өз достарымен сөйлеседі. Балалар үдеріске белсенді түрде қатысқанда сабақты есінде жақсы сақтайды.

Техникалық пәндерге деген қызығушылықты дамыту

Бастауыш мектептегі STEM-оқытудың міндеті оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерге деген қызығушылығын дамытуға арналған бастапқы жағдай жасау болып табылады. Өзінің істеген жұмысын жақсы көруі оның қызығушылығын дамытудың негізі болып табылады.

STEM-сабақтары өте көңілді және серпінді болып келеді, сондықтан балалар жалықпайды. Олар сабақта уақыттың қалай өтіп жатқанын байқамайды және мүлдем шаршамайды. Зымырандар, көліктер, көпірлер, зәулім үйлер сала отырып, өздерінің электрондық ойындарын, фабрикалар, логистикалық желілер мен сүңгуір қайықтарды құрастыра отырып, олар ғылым мен техникаға көбірек қызығушылық таныта бастайды.

Жоба дайындауда қолданатын креативті және инновациялық тәсілдемелер

STEM-оқыту алты кезеңнен тұрады: мәселе (міндет), талқылау, дизайн, жасау/құрастыру, сынықтан өткізу және жетілдіру. Бұл кезеңдер жүйелі жобалық тәсілдеменің негізі болып табылады. Әртүрлі мүмкіндіктердің барлығын қатар немесе біріктіріп пайдалану өз кезегінде креативтілік пен инновациялардың негізі болып табылады. Осылайша, ғылым мен технологияны бір уақытта зерделеу мен қолдану арқылы көптеген жаңа инновациялық жобаларды құруға болады. Көркемөнер мен архитектура қатар өмір сүрудің керемет мысалы.


Оқыту және кәсіптік өсу

Әртүрлі мамандықтардың қажеттілігінің өсу деңгейін талдайтын көптеген басылымдар бар.

Әртүрлі болжамды бағалаулар бойынша жоғары сұранысқа ие 10 мамандықтың 9-ы STEM-білімді талап ететін болады. Оның ішінде, 2018 жылға дейін химик-инженер, «software» әзірлеуші, мұнай инженері, компьютер желілерінің сарапшысы, механик-инженер, құрылысшы-инженері, робот техниктері, ядролық медицина инженері, су асты құрылыстарының архитекторы және әуеғарыш инженері мамандықтарына деген сұраныстың өсетінін болжайды.

Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау

STEM-бағдарламалар балаларды технологиялық жағынан дамыған әлемге де дайындайды. Соңғы 60 жылда технологиялар қатты дамыды: Интернеттің (1960), GPS технологиясының ашылуынан (1978) ДНҚ сканерлеу (1984) мен IPod-қа (2001) дейін. Бүгінде адамдардың барлығы дерлік IPhone мен өзге де смартфондарды пайдаланады. Бүгінгі күні әлемді технологиясыз елестету мүмкін емес. Бұл технологиялық даму жалғаса береді және STEM-дағдылар осы дамудың негізі болып табылады деген сөз.

STEM мектеп бағдарламасына қосымша ретінде

7-14 жастағы мектеп оқушыларына арналған STEM-бағдарламалары олардың мектептегі сабақтарына деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Мысалы, физика сабақтарында оқушылар жердің тартылыс күшін өтеді, тақтаға формулаларды жазып түсіндіреді, ал STEM-үйірмелерінде олар парашют, зымыран немесе аэропландар құрастырып, оларды іске қосу арқылы өз білімін бекіте алады. Мектеп оқушылары үшін олар көрмейтін немесе естілмейтін терминдерді түсіну кейде қиынға соғады. Мысалы, температураның жоғарылауы себебінен болатын қысым немесе көлемнің артуы. STEM-сабақтарда олар қызықты эксперименттер жасау арқылып, бұл терминдерді оңай түсіне алады. Сондықтан да АҚШ-тағы орта мектептер STEM-орталықтарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Мектепке STEM-білім беруді енгізу алдағы уақытта жақсы инженерлерді дайындау мәселесінің шешімін табуға ықпал етеді деп күтіледі.