Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 806

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мұғалімнің бұл технология бойын­ша қызметi төмендегiдей компонент­терден тұрады.

- оқу мақсаттарымен таныстыру;

- оқудың жалпы жоспарын түсiндiру;

- жаңа материалды түсiндiру;

- ағымдағы тексерудi ұйымдастыру;

- ағымдағы нәтижелердi бағалау;

- оқу материалын меңгере алмаған оқушыларға түзету жұмыстарын жүргiзу;

- өзара көмек топтарын ұйымдас­тыру;

- көмек көрсетiлген оқушыларды қайта тестiлеу.

Мұндай жұмыс барлық оқу бiрлiктерi бойынша жүргізіледі, ол қорытынды тестiлеумен және әр оқушының материалды меңгеруін бағалаумен аякталады.

Әр деңгейлі оқыту технологиясы (В.Фирсов).

Бұл технология әрбiр оқушының өзiнiң "жақын даму аймағында" танымдық, қызмет жасауына негiзделген. Ол дәстүрлi сынып-сабақ жүйесiндегi орта қабiлетi бар оқушыға ғaнa арнал­ғaн оқу процесiнiң кемшiлiгiн жоюға бағытталып құрылған.

Оқушылардың сабаққа ынтасы, сұранымы, қарқыны (темпi), темпе­раменттерiнiң және ойлау мен еске сақтау қабiлеттерiнiң әр түрлi деңгей­де болатынын ескерiп, технология авторлары оларды аталған көрсет­кiштерiне сәйкес топтарға (жоғары, орташа, төмен) бөлудi ұсынады.

Оқушыларды саралау төмендегiдей 3 түрде жүргiзiледi.

а) оқушылар оқу жылының басында бiлiм, бiлiк деңгейлерi мен жеке тұлғалық қасиеттерiнiң көрсеткiш­тepiн анықтайтын диагностика негiзiнде әр түрлi деңгейде дәстүрлi немесе тереңдетiле оқытылатын сы­ныптарға бөлiнедi.

б) сынып iшiндегi саралау мектепт­ің орта буынында жүргiзiледi, мұнда оқушылардың қабiлетiне сәйкес және олардың ұйғарымдары ескерiле оты­рып, жекелеген пәндердi тереңдетiп оқыту топтары құрылады.

в) оқушылардың өз ұйғарымы, ата-аналар мен мұғалiмдердiң ұсынысы, эксперттiк бағалау, психодиагностикалық диагностика негiзiнде ұйымдасты­рылған негiзгi және жоғары сыныптардағы бейiндi оқыту аркьлы capалау.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев). Деңгейлік саралап оқыту технологиясы В.П.Бесполько ұсынған педагогикалық технология ұғымына оған негіз болатын концептуальды көзқарасқа сәйкес және Б.Блумның «толық меңгерту» технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған.


Лекция № 11 Математиканы оқытуда педагогикалық

технологияны қолдану мәселелері

Жоспар:

1. Сабақта педагогикалық технологияны қолдану

2. Математиканы оқытудағы инновациялардың практикаға ендірілуі дәрежесі


1. Сабақта педагогикалық технологияны қолдану
Қазіргі мектеп бағдарламасында қысқаша теориялық тұжырымдамалардан соң іле-шала практикалық кезең – есеп шығару кезеңі басталады. Бұл дұрыс емес. Сондықтан В.Занков пен В.Давыдов ұсынған теориялық білімнің жетекшілік роль атқаратындығы жөніндегі принцип барлық оқушылардың жедел алға жылжуына негізделген іргетасқа айналды. Теориялық білімді игеріп болған соң ғана басты назар практикаға айналса бала білімінде ала-құлалық болмайды. Әдетте адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы сала бойынша өз танымын кеңейте түсуге деген табиғи талпынысы арта түсетіні баршамызға аян. Мектеп оқушыларына тиянақты білім берсек қана, біз оларды ой-сана еңбеккері ретінде тәрбиелейтін боламыз.

Материалды блоктар боынша түсіндіру оны дұрыс қорытуға, бұрынғы жекелеген теоремаларды, ережелерді өзара логикалық байланысты танып білуге мүмкіндік береді. Оқушыларға есеп шығарудың бір бөлігі ғана емес, оны тұтастай көріп білуге, алда не күтіп тұрғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Блок мұғалім уақытын үнемдеуге мүмкіндік жасайды, әрі күнделікті сабақта өткізген материал жиі қайталанып отыруды және ұғымдардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуі оқушылардың есінде ұзақ уақыт сақталады.

Мысалы «Арифметикалық және геометриялық прогрессия» тарауына 16 сағат бөлінген. Оның екі сағатына лекция сабағы ретінде материал түсіндірілді, 8 сағатын есеп шығару кезінде тірек сигналдарын күнделікті пайдаландым, 1 сағатын ттестілік бақылауға, қалған 3 сағатын қайталауға арналғаннан кейін бақылау жұмысын алғанда оқушылардың материалды жақсы меңгергендігін байқадым. Әрине мектеп курсында лекция сабағы жоғары оқу орындарындағы өзгеше жағдайда өтеді. Оқушыны жалықтырмас үшін өз беттерімен және жалпы сынып бойынша да тапсырма беріледі. Лекция өту барысын төмендегідей ұсынып отырмын.
3 Технологиялық карта
Тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия


Оқу процесінің М1 М2 М3

логикалық құрылымы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Б Б Б Б Б Б Б Б Тест Қ Қ Қ БЖ БЖ

Мақсат қою

Игерілген материалдар

Түзету

М1 Арифметикалық және геометриялық прогрессияның анықтамасының тұжырымдамасын білу

Б1 Арифметикалық прог-рессияның а1=3 d=2 болса, алғашқы бес мүшесін теріп жаз. 2. Геометриялық прог-рессияның b1=3, q=2 болса алғашқы бес мүшесін теріп жаз.

Т1 Арифметикалық және геометриялық прогрес-сияның анықтамаларының тұжырымдамасындағы ұқ-састық пен айырмашылық-ты ажырата білу.

М2 Арифметикалық және геометриялық прогрессияның n-ші мү-шесіннің формуласын білу

Б2 Арифметикалық прог-рессияның а1=3 d=5 болса, а10 мүшесін тап.

2. Геометриялық прог-рессияның b1=7, q=2 болса b5 мүшесін тап

Т2 Арифметикалық және геометриялық прогрессия-ның n-ші мүшесіннің фор-мулаларындағы ұқсастық-тары мен айырмашылық-тарды ажырата білу.

М3 Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы мүшесінің қосындысының формуласын білу

Б3 Арифметикалық прог-рессияның а1=5 а6=15 болса, S6 тап.

2. а1=5 d=2 болса S6-ны тап.

3. Геометриялық прог-рессияның b1=3, q=2 болса S8 тап

Т3 Өтілген материалды үнемі қайталау

М4 Арифметикалық және геометриялық прогрессияның негізгі қасиеті бойынша анықтама құру

Б4 1. аn=2,5,8,11,14......

Арифметикалық прогрессия бола ма?

2. bn=3,6,12,24,48 геометриялық прогрессия бола ма?

Т4 Арифметикалық және геометриялық орта табуды еске түсіру.




2. Математиканы оқытудағы инновациялардың практикаға ендірілуі дәрежесі
Математиканы оқытудағы инновациялар өзіне тән ерекшеленеді . ҚР-да математиканы оқытудағы инновациялардың практикаға ендірілуі төмендегі дәрежелерде екендігін тәжірибелер көрсетеді .

  1. Төменгі деңгей.

Бұған математикалық атаулар , анықтамалар және осыған ұқсас

өзгерістер назарынан инновациялар мысал бола алады .Яғни , жаңаша атаулар ендіріледі , жаңаша ұғымға анықтамалар практикаға ендірілді .

  1. Орта дәреже .

Мәнін өзгертпей тек формасын өзгерту ендірілуде. Бұған мысал :

математика сабақтарының түрлерінің атауы өзгеріп кетті.

  1. Жоғары дәреже.

Жалпы оқыту тізімін өзгерту және оның негізгі компоненттерін өзгерту

сияқты жаңалықтар.

Инновациялар арасындағы байланысты дәрежелік 80:17:3 қатынаста

орындалған .

Оқу процесі бірнеше қызметтерді – білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру және ұйымдастыру – атқарады. Бұлардың бәрі кешенді іске қосылады, алайда, тәжірибелік іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу міндеттерін тиінді жоспарлау үшін олардың әрбірін өз алдына қарастырған жөн.

Оқу процесінің білімдендіру қызметі ең алдымен білім, ептілік, дағдыларды, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады.

Білім (знание) – бұл деректер, мәлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар, формулалар мен сипаттамаларды, т. с.с. түсіну, есте қалдырып, қажеттікке орай қайта жаңғырту.

Оқу барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып, оның тәжірибелік қорына енуі қажет. Бұл қызметтің іске асырылуынан білім толықтығы, жүйелілігі және саналылығы, оның бекімі мен әрекетшеңдігі қамтамасыз етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс-әрекет түрлері бойынша мәліметтер жинақтайды,игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері қаланып, оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.

Педагогика теориясы мен тәжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу технологиялары нақтыланған;

  • ақыл – ой әрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);

  • теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);

  • жоғары қарқын және қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков);

  • оқушылардың өз оқу әрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков);

  • проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);

  • оқудың дамытушы әдістер жүйесін қолдану (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин);

  • оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);

  • оқушылардың танымдық іс-әректтерінің белсенділігін көтеру істерін қолдану (Г.И.Щукина)

  • төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс көңіл – күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу өнімділігін арттыру бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков).


Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр.

Орта мектепте кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары: дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі, математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин) есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.), шоғырландырып – қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., Нұрахметов Н.Н.), блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үдерісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, С.Лысенкованың алдын ала оқыту, В.Шаталовтың интенсивті оқыту, П.Эрдниевтің ірі блокпен оқытудың белсенді әдісі т.б. мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.Монаховтың, В.Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Л.Занковтың ұсынған оқыту жүйесінде оқушы өзін-өзі еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағыдай жасайды. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қатынастың іргесі қаланады. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технологияда әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.. Педагогикалық технология мен білімдену технологиясының ара-жігін ашып көрсеткен орынды. Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл бағыт негізгі ғылым жетістіктерін, XXI ғасырдың қол жетерлік табыстарын алдын-ала жобалауға, нәтижесін тиімді амалдармен, әдіснамалық деңгейде белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Лекция № 12 Оқытудың компьютерлік технологиясы

Жоспар:

    1. Компъютерлік технологияның оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы маңызы

    2. Математика пәнінен компьютерлік бағдарламалық пакеттер, интернет жүйесі, мультимедиа және т.б.


Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болды.

Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, даму-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық, педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады .

Компьютерлік технологияның көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру дегеніміз оқушылардың компьютерді пайдалану арқылы танымдық қызмет істеу барысында өздгінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру, қорытынды жасау сияқты дағдыларын қалыптастыру арқылы танымдық белсенділіктің мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалдық-еріктік компоненттерін дамытуды айтады /62/.

Компьютерлік технологияның көпфункционалды бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері: виртуальді лабораториялар, компьютерлік бағдарламалық пакеттер, интернет жүйесі, мультимедиа және т.б. оқушының танымдық белсенділігін арттырады, шығармашылық ізденіске баулиды.

Зерттеу нәтижелерін талдау қазіргі таңда математика пәні бойынша әртүрлі фирмалар және жеке қолданушылар өздерінің шығарған өнімдерін ұсынып отырғанындығын көрсетті. Олар: Ресейде «Математика 5-11 классы. Практикум» («1С»), «Все задачи школьной математики» («Просвещение-Медиа»), «Математика абитуриенту» («Новый диск»), «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики» («Дрофа»), «Интерактивная математика. 5-9 классы» («Дрофа»), «Курс математики базовый. Для школьников и абитуриентов» («Медиа Хаус»), «Алгебра. 7-11 класс» («КУДИЦ», «Кордис & Медиа»), Зеленоград мектебінің математика пәнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың бағдарламалары: «Теорема Виета» (8-9 сыныптар үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение линейных неравенств» (8-9 сыныптар үшін) т.с.с., Қазақстанда электрондық оқулықтарды шығарудағы көшбасшы – Ұлттық ақпараттандыру орталығы болып табылады. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары көптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың көпшілігі: 1) оқыту, 2) жаттығу, 3) бақылау деп аталатын алгоритм бойынша жасалған. Өздерінің қарапайымдылығына қарамастан бұндай бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы көмекші ретінде қызмет етуде.