Файл: Билет 1 Паллиативтік кмекті йымдастыру жне жргізу. Паллиативті кмекті даму тарихы, масаттары мен міндеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 618
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күнделікті тұрмыс жағдайындағы байланыс қауіпсіз, қолғап киюдің қажеттілігі жоқ.
Зәр, дәрет, қанмен ластанған жерлерді үй жағдайындағы тазалау құралдарымен немесе залалсыздандыру ерітін-ділерімен тазалау.
Ыдыстарды, төсеніштерді кәдімгі жуғыш заттармен жуу.
Қанмен және басқа сұйықтықтармен ластанған киімдерді басқа киімдерден бөлек жуу.
Тіс щеткасы, бритва, ине және басқа кесуші құралдары міндетті түрде бөлек болуы керек.
Науқастың киімін, төсенішін ауыстырғанда, биологиялық сұйықтықпен байланысты болғанда қолды сабындап жуу.
Мәйітті
жайғастыру ережелері
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті
жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты,
бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама
бланкілерін.
Іс-әрекет алгоритмі
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс
алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы
максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды)
стационарлық науқастың медициналық картасына
өлген күнін, уақытын тіркейді.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты
киіңіз.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде
арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында
б.т.
4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз,
тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.
6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық
науқастың мед.картасына тіркеңіз.
7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте
палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы
тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы
жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С
төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.
9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың
мед.карта номерын жазыңыз.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры,
клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті
каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау
бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция
бөлімшесіне хабарлаңыз.
12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады
және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес
кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді,
дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.
14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Билет № 16
1.Науқасты үйде күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету
Инфекциялық қауіпсіздік- аурухана ішінде жұқпалы аурудың таралмауын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық -профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар
Аурухана ішілік инфекция бұл -аурудың белгілері ауруханада болған кезде немесе одан кейін болған жағдайға қарамастан сол мекемедегі қызметшілер немесе тағы басқа науқастарды зақымдайтын жұқпалы арулардың жиынтығы.бұл ең көп таралған патология түрі болып саналады.
Инфекция алдын алу профилактикалары
• бір рет қолданылатын құралдарды қолдану
• стоматологиялық орындардың жұмысын бақылау
• қан құю станцияларында жаңа жоғары сезімтал диагностика әдістерін енгізу
• эндоскопиялық бөлімшілердің жұмысын қатаң бақылауға алу
• плазма мен қанның басқа компоненттерін тек ең керекті жағдайда ғана құю
• хирургиялық практикаға аз травмалық техникаларды енгізу
Ауруханалардағы инфекциялық қауіпсіздік ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын білдіреді
Медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік тұжырымдамасы екі аспектіде қарастырылады: оларды жою, әлсірету немесе олардың туындаған салдарын жою мақсатында және ауруханалар мен емханалардың пациенттері мен қызметкерлері арасында қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық шаралар. АІИ алдын алу үшін уақытылы дезинфекция жүргізіп отыру керек,яғни адамды қоршаған ортада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюымыз қажет
зонд арқылы тамақтандыру алгоритмі.
Назогастральді зонд – асқазаннан сұйықтықты немесе ауаны шығарып алуға, дәрілік затты енгізуге арналған асқазанға мұрын арқылы енгізілетін зонд. Жабдықтар: зонд, 200 мл көлемді оймақ немесе шприц, қоректік қоспа, вазелин майы (немесе глицерин), фонендоскоп, астау, салфеткалар, қысқыш, 100 мл ыстық су бар ыдыс, қолғап.
Емшараны орындау:
• Қолғап кию.
• Зондтың енгізілетін ұзындығын анықтап оған белгі салу: зондпен мұрын ұшымен құлақ сырғалығы арасын өлшеп оған төстің төменгі бөлігі мен (семсер тәрізді өсіндіге дейін) кіндік аралығын қосу(немесе басқа әдіс бойынан 100 см алып тастау).
• Пациентті Фаулер қалпына жатқызып мұрын тесігі арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 мм тереңдікке енгізіп пациенттен жұтынуын өтіну
4. Фонендоскопты іштің алдыңғы қабырғасына қойып тыңдау (зонд ішке түскенде іштен бүлкілдеген дыбыс естіледі).
5. Зондты бекіту (бинт немесе лейкопластырьмен).
6. Зондты қысқышпен қысу, зондтың бос бөлігін астауға салу.
7. Шприцке дайын тамақты сору немесе зондтың бос ұшына воронканы жалғау.
8. Зондтағы қысқышты босату және асқазанға қоспаны баяу енгізу.
9. Тамақтандырып болған соң басқа шприцпен зондты жуу.
10. Зондты қысқышпен қысып зондтың бос ұшын салфеткамен орап келесі тамақтандыруға дайындау.
11. Құралдарды өңдеу.
12. Қолғапты шешу, қолды жуу.
!Зонд өңешке немесе асқазанға түссе науқастың хал жағдайы өзгермейді. Ал егер зонд кеңірдекке түссе пациент көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, пациентті дем алдыру қажет.
!Зондтың асқазанға түскен түспегенін 2 тәсілмен білуге болады:
1) Фонендоскопты іштің алдыңғы қабырғасына қойып тыңдаған кезде бүлкілдеген дыбыс естілсе;
2) Тамақты жібермес бұрын шприц поршенын артқа қарай тартқан кезде асқазан сөлі келсе
!Зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3 тәулікте ауыстырып отыру керек
Билет № 17
Онкология (грек. oncos – өскін, ісік және logos – ілім) – медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы
Онкология 20 ғ-дың басында экспериментальді медицинаның қол жеткен жетістіктерінің негізінде 3 бағытта дамыды: вирустық Онкология (негізін салғандар француз ғалымы А.Боррель, 1903; америкалық Ф.Роус, 1911); химиялық Онкология (жапон ғалымдары К.Ямагива, К.Итикава, 1915); радиациялық Онкология (француз ғалымы А.Лакассань, 1932 және т.б.). Қазақстанда Онкология ғылымының дамуына ҚазКСР Мин. Кеңесінің “Рак жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үдету және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы” Қаулысының (1959) ықпалы зор болды. Сол жылы Қазақстан ҒА-ның жанынан онкология сектор ашылып, 1960 ж. ол Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылдыІсік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қа-лыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. І. клеткалары І-ке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза клетка ісік клеткасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, І-ке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, І. ауруына әкелуі мүмкін; қ. Қатерлі ісік, Қатерсіз ісік.
2. Онкологиялық пациентке ерлерге катетер қою іс- әрекет алгоритмі.
Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4. Науқасты арқасымен жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.
5. Науқастың бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз (стандартты қара).
6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
7. Науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара), жуу іс-әрекетін жүргізіңіз. Науқастың оң жағынан тұрыңыз, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні (салфетканы) алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораңыз.
8. Сол қолдың 3-4 саусақтары арасына жыныс мүшесін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырыңыз.
9. Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампонын алып, фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналынан шетке қарай тазартыңыз.
10. Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйыңыз.
11. Пинцетті ауыстырыңыз.
12. Оң қолда қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар арасына қысыңыз.
13. Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
14. Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см-де енгізіңіз.
15. Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап, зәр шығаратын каналға 19-20 см ұзындықта ақырын енгізіңіз.
16. Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.
17. Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа салыңыз.
18. Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң оң қолға салынған пинцетпен (керісінше реттілікпен) катетерді абайлап шығарыңыз.
19. Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.
20. Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
21. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты және сүртінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
22. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
23. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Бір рет қолданатын инфузиялық ерітінділерді құюға арналған жүйені құрастырып, 0,9% - 200 мл натрий хлорид ерітіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу техникасы.

-
Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.

Онкологиялық пациентке назогастральды зонд арқылы тамақтандыру алгоритмі

Онкология туралы түсінік.