Файл: 1таырып. аза тілін оыту дістемесі жеке ылым саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 158

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


















7. Оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы

7.1. Дәріс конспектісі


1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

Дәрістің мақсаты:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысанымен таныстыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қалыптасу және даму жолдарын баяндау

Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері.

3 Қалыптасу және даму жолдары.

4 Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пән.

5 Әдістеме саласының зерттелуі

Қазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл мәселелерді шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны не?.

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері қандай?

3. Қалыптасу және даму жолдары туралы айтыңыз

4. Қазақ тілі пәнінің мектепте алатын орны қандай?

5. Әдістеме саласын зерттеген ғалымдар кімдер?

Әдебиет: [1,2,3,20,21,38.]

2-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі

Дәрістің мақсаты: Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеменің психологиямен байланысымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізімен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдістеме – қоғамдық ғылым.

  2. Әдістеменің психологиямен байланысы.

  3. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі

  5. Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі

  6. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі

Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі

Тілді үйренуде оқушының қабылдау үдерісінің қызметі ерекше. Психологтер қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Тілді үйренуде есту және сөйлеуді қабылдаудың орны бөлек. Өйткені тіл үйренуде оқушылар алдымен ауызекі сөйлесуге үйренеді. Онда дыбыстарды, сөздерді есту, сөйлеуді қабылдау арқылы үйренеді.

Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі

Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың ұстанымдарына сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының негізін салады.

Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Әдістеме – қоғамдық ғылым екенін дәлелдеңіз.

  2. Әдістеменің психологиямен байланысы қандай?

  3. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі деген не?

Әдебиет: [1,2,3,20,29,30,40.]
3-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Дәрістің мақсаты: Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары:ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарымен таныстыру

Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары.



2Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б.Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.

С.Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту,оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары деген не?

2Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарына сипаттама беріңіз

Әдебиет: [1,2,3,16,20,40,31.]
4-тақырып. «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктер

Дәріс мақсаты: Тілдік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, қатысымдық, танымдық, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерімен таныстыру

Сұрақтар:

1. Тілдік құзыреттілік

2. Кәсіби құзыреттілік

3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі

4. Ақпараттық құзыреттілік

5. Қатысымдық құзыреттілік

6. Танымдық құзыреттілік

7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік
Құзыреттілік – адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Тілдік, лингвистикалық құзыреттілік: сөздерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай қолдана білуі, сөздің дұрыс айтылу, жазылу ережелерін білуі;мәтін түрлерін құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады.


Əлеуметті-құқықтық құзырет – өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту.

Ақпараттық  құзыреттілік – айрықша назар аударуды  қажет етеді. Себебі ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру  әр маманнан  талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық  технологияларды  меңгеруі тиіс.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1. Тілдік құзыреттілік деген не?

2. Кәсіби құзыреттілік деген не?

3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі деген не?

4. Ақпараттық құзыреттілік деген не?

5. Қатысымдық құзыреттілік деген не?

6. Танымдық құзыреттілік деген не?

7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік деген не?

Әдебиет: [4,7, 20,15,39.]

5-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі

Дәрістің мақсаты: Әдіс туралы түсінің беру, әдіс және тәсілдің аражігі, қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесімен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдіс – көпсатылы құбылыс.

  2. Әдіс және тәсіл туралы түсінік.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесі

Әдіс - белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, ал тәсіл - әдісті құрайтын әлементтер. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға жетудің оқыту кезеңдері мен шарттарына сәйкес тәсілдерін айқындайтын оқытудың бағыты.

С.Рахметова қазақ тілін оқыту әдістерін жинақтап, жүйелей келіп, оқу-таным әрекетінің басынан бастап соңғы нәтижесіне жеткенге дейінгі аралықты толық қамтитын негізгі үш топқа бөліп қарастырды:

«1) Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;

2) Оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;

3) Оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері».

Профессор Е.Я.Голант оқыту әдісінің 8 түрін береді:

  1. Ауызша мазмұндау; 2.Әңгіме; 3.Кітапты пайдалану; 4.Көрсету; 5. Экскурсия; 6.Лаборатория жұмыстары; 7.Жазу-сызу жұмыстары; 8.Практикалық жұмыс.



Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

  1. Әдіс – көпсатылы құбылыс екенін дәлелдеңіз

  2. Әдіс және тәсіл туралы түсінік беріңіз


  1. Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесіне тоқталыңыз

Әдебиет: [4,5,6,14,20,15,22,30,34.]
6-тақырып. Білім беру технологиялары

Дәрістің мақсаты: Білім беру технологиялары, олардың жіктелуімен, тұлғалық- бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту т.б. технологиялармен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Білім беру технологиялары. Олардың жіктелуі.

  2. Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологиялары т.б.


Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я.А.Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат - құрал оның қолдану ережелері нәтиже модулі шықты. Бұның өзі білім берудегі кез келген технологияның өзегі.

АҚШ-та ХХі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, В.М.Кларин, Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

  1. Білім беру технологиялары, олардың жіктелуіне тоқталыңыз

  2. Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологияларына тоқталыңыз

Әдебиет: [5,6,20,14,34,36.]
7-тақырып. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқу-әдістемелік кешені

Дәрістің мақсаты: Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар, қазақ тілі сабақтары, оның түрлерімен таныстыру. Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттері, қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдарымн сипаттау.