Файл: 1таырып. аза тілін оыту дістемесі жеке ылым саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 187

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ тілі сабағының құрылымы, оқу-әдістемелік кешенмен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар.

2 Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері.

3 Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттері.

4 Қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдары.

5 Қазақ тілі сабағының құрылымы.

6 Қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік кешені
Қазақ тілі пәніне арналған оқу-әдістемелік кешенге мыналар жатады: бағдарлама, оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау, оқу кітабы, жаттығулар жинағы, лексика-грамматикалық минимум, диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, оқушылардың тілін дамытуға арналған хрестоматиялар, сынақ, емтихан сұрақтары, тест жинағы, деңгейлік тапсырмалар жинағы, сөздік, суреттер, тірек-сызбалар, кеспе қағаздар жинағы, қызықты грамматика материалдары т.б.

Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады:

Қазақстан Республикасының «Білім беру турал» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:

- үздіксіз білім беру;

- барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;

- жалпы орта білімнің тегіндігі;

- орта білім нің міндеттілігі.

Standart (ағылшын) - норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.

Мемлекеттік білім беру стандарты - мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Оқу жоспары - оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1 Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар қандай?

2 Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері қандай?

3 Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттеріне нелер жатады?

4 Қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдарына нелер жатады?

5 Қазақ тілі сабағының құрылымы қандай?

Әдебиет: [6,7,8,20,31,32,36.]

8-тақырып. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты:
Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі, фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері, фонетикалық талдау, фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлерімен таныстыру.

Сұрақтар:

1 Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.

3 Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

4 Фонетикалық талдау.

5 Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.

6 Орфоэпиялық және орфографиялық сөздіктермен жұмыс
Мектеп оқушылары фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.

Мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете білуі тиіс. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін жете түсіндіруі қажет. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің жұмысқа кірісуімен байланысты екендігін, олардың бірімен-бірі актив екенін білгені дұрыс. Сөйлеу мүшелерінің қатысуы арқылы жасалатынын оқулықта берілген түрлі суреттер, схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түрде оқытады.

Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу -түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1 Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері деген не?

2 Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.

3 Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

4 Фонетикалық талдау.

5 Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.

6 Орфоэпиялық және орфографиялық сөздіктермен жұмыс

Әдебиет: [8,9,20,19,36.]

9-тақырып. Қазақ тілі лексикологиясын оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері, лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері, лексикалық норма, түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік және антонимдер т.б. сөздікпен жұмыс, лексиканы оқыту ұстанымдары, фраезологияны оқыту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту.



Сұрақтар:

1 Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері.

3 Лексикалық норма.

4 Түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік және антонимдер т.б. сөздікпен жұмыс.

5 Лексиканы оқыту ұстанымдары.

6 Фразеологияны оқыту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту.
Әдіскер А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: "Ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге, қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады. Лексиканы оқытудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ, оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек".

Лексикалық ұғымарды меңгертіп, оқушының білім дағдысын қалыптастыруда лексикалық талдаудың рөлі зор. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушы жеке сөздердің мағыналарын жете, жақсы түсініп мәтінде олардың орынды қолданылып тұрғандығын байайды.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары

1 Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері не?

2 Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктеріне нелер жатады?

3 Лексикалық нормаға нелер жатады?

4 Түсіндірме, фразеологиялық, синонимдік және антонимдер т.б. сөздікпен жұмыстың түрлерін атаңыз

5 Лексиканы оқыту ұстанымдары қандай?

6 Фраезологияны оқыту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін қалай танытуға болады?

Әдебиет: [8,9,5,7,20,19,36.]

10-тақырып. Сөзжасамды оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Тілдің сөзжасам жүйесі, сөзжасам саласының тілдің басқа салаларымен байланысы және зерттелуі жайлы білім жүйесін қалыптастыру.
Сұрақтар:

1 Сөзжасамды оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту.

3 Сөзжасамдық талдау.
1992 жылы қазақ тілі бағдарламасына «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4-сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5-сынып бағдарламасында: «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөздер және олардың емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылу процесі – тек грамматикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы лексика-грамматикалық категория.

Демек, сөздердің жасалуы барлық сыныптарда қайталанып отырады, бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға көп септігін тигізеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөзжасамның зерттеу нысанасын айтыңыз.

2. Сөзжасамды оқытудың мақсаты мен міндеттері қандай?

3 Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен қалай байланыстыра оқытуға болады№

4 Сөзжасамдық талдауға не жатады?

Әдебиет: [8,9,16,17,20,36.]
11-тақырып. Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерімен, грамматикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі, морфологияны оқытудың ұстанымдары, негізгі морфологиялық ұғымдармен, қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесімен таныстыру.

Қарастырылатын мәселелер:

1 Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі.

3 Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы.

4 Морфологияны оқытудың ұстанымдары.


5 Негізгі морфологиялық ұғымдар.

6 Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі.

7 Синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Оқушыда қалыптасуға тиіс дағдылар мен іскерлік жүйесі.

8 Синтаксистік талдау түрлері. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері.

9 Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. "Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше - оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ (сөз тудырушы) және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырады".

Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет. Әр тақырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, ұғыну оңайға соғады.
Бақылау сұрақтары:

1 Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері қандай?

2 Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесіне нелер жатады?

3 Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы не?

4 Морфологияны оқытудың ұстанымдары қандай?

5 Негізгі морфологиялық ұғымдарға нелер жатады?

6 Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі қандай?

Әдебиет: [8,9,16,20,36.]
12-тақырып. Мәтінді оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Мәтінді оқыту әдістемесі, мәтінді талдау әдістемесімсен таныстыру. Мәтінді фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, сөз тіркесі, сойлеммен байланыстыра оқыту әдістемесін сипаттау. Орфографияны оқыту әдістемесі, пунктуацияны оқыту әдістемесімен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

1 Мәтінді оқыту әдістемесі.