Файл: 1таырып. аза тілін оыту дістемесі жеке ылым саласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 190
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2 Мәтінді талдау әдістемесі.
3 Мәтінді фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, сөз тіркесі, сойлеммен байланыстыра оқыту әдістемесі.
4Орфографияны оқыту әдістемесі.
5 Пунктуацияны оқыту әдістемесі.
Орфографияны оқыту
Мектеп бағдарламасында орфографиядан жүйелі білім І-ІҮ және Ү-ҮІ сыныптарда беріледі. ҮІІ-ҮІІІ және ІХ-Х сыныптарда орфографияны арнайы өтпейді, бірақ жазу жұмыстарына байланысты сауаттылық қатаң талап етіліп, орфографиялық ережелерді қайталай еске түсіру, сол бойынша дағды, іскерліктерінің берік қалыптасуы үшін әртүрлі жұмыстар жүргізіледі.
Мектепте қазақ орфографиясының барлық тарауы оқытылады, әсіресе көңіл қоятын нәрсе дыбыстар мен қосымшалардың емлесі. Бұл бөлім бастауыш сыныптан басталып, Ү-ҮІ сыныптарда аяқталады.
Пунктуациялық қателердің түрлері: 1) тыныс белгісін қоймай кету, 2) тыныс белгісін артық қою, 3) тыныс белгісінің қайсысын қоярын білмеу, яғни бірінің орнына екіншісін қойып шатастыру. Кейде сонымен қатар қатенің төртінші тобы кездеседі. Тыныс белгісін тиісті жерге қоймай, басқа жерге қою. Тыныс белгісін артық қою мектепте ең жиі кездесетін қате.
Тыныс белгісін дұрыс қою үшін, жеке сөйлемнің, сондай-ақ тұтас мәтіннің мағынасын дәл және дұрыс түсіну, сонымен қатар әр сөйлемнің құрылу жолдарын жақсы білу керек.
Бақылау сұрақтары:
1 Мәтінді оқыту әдістемесі деген не?
2 Мәтінді талдау әдістемесі деген не?
3 Мәтінді фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, сөз тіркесі, сойлеммен байланыстыра оқыту әдістемесі қандай?
4Орфографияны оқыту әдістемесін сипаттаңыз
5 Пунктуацияны оқыту әдістемесін сипаттаңыз
Әдебиет: [7,8,9,20,33,36.]
13-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттерімен, тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлерімен, мазмұндама, шығарма, эссе т.б. жазу әдістемелерімен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1 Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.
2 Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері.
3 Мазмұндама, шығарма, эссе т.б. жазу әдістемелері
Мектепте тіл дамыту жұмысы І-ХІ кластарда үзбей жүргізіледі. Мүғалімнің айтқанына түсіну, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе білу - сол мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жткысы-мен, тіл үйренумен тығыз байланысты.
Белгілі педагог К.Д.Ушинский тілдің мәніне, әр сөздің мағынасына түсінбеген я шала түсінген оқушы тіл үйрену сабағы тұрмақ, басқа пәндерді оқығанда да әр сөздің байыбына барып түсіне алмайтын болады деген. Сондықтан оқушылармен тіл дамыту жұмысы барлық пәнде жан-жақты жүргізіледі.
Жалпы тілді дамыту баланың тілі алғаш шыға бастағаннан басталады. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, баланың сөйлеу, жазу тілімен жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Тіл дамыту - барлық сабақта жүргізіп отыратын процесс. Соның ішінде тіл сабағында оның алатын орны ерекше, өйткені оқушы сауатты жазып, сөйлемді дұрыс құра білуді, оқыған тілінің байлығын меңгерудің негізін осы тіл сабағынан бастайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері қандай?
2 Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлеріне нелер жатады?
3 Мазмұндама, шығарма, эссе т.б. жазу әдістемелеріне нелер жатады?
Әдебиет: [7,8,9,20,36.]
14-тақырып. Сөз мәдениетін оқыту әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Сөз мәдениетінің лингвоәдістемелік мәнімен, сөз мәдениетін қалыптастырудың мақсат-міндеттерімен, сөз мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің нормаларын оқыту мәселелерін сипаттау.
Қарастырылатын мәселелер:
1 Сөз мәдениетінің лингвоәдістемелік мәні.
2 Сөз мәдениетін қалыптастырудың мақсат-міндеттері.
3 Сөз мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері.
4 Қазақ әдеби тілінің нормаларын оқыту
Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл - адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің қүр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға (оқушыға) әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, тым қарапайым келте етіп те емес, дұрыс қүрастыра білу де - тіл, сөйлеу мәдениетіне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы қалыптасқан фразаларды (тұрақты сөз тіркестерін), мақал-мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп пайдалану да - тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.
Оқушыларды стиль тармақтарымен таныстыру үшін әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылатынын айту керек. Бұлар қарым-қатынас ауқымды ажырытылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Сөз мәдениетінің лингвоәдістемелік мәнін түсіндіріңіз.
2 Сөз мәдениетін қалыптастырудың мақсат-міндеттері қандай?
3 Сөз мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері қандай?
4 Қазақ әдеби тілінің нормаларын оқытуға не жатады?
Әдебиет: [10,12,13,20,36.]
15-тақырып. Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Шешендік сөз, оның тіл дамытудағы рөлі, ұлттық шешендік өнер туралы түсінік беру. Шешендік және сөз мәдениеті, шешендік сөздің тектері мен түрлері, жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдарымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1 Шешендік сөз, оның тіл дамытудағы рөлі.
2 Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік.
3 Шешендік және сөз мәдениеті.
4 Шешендік сөздің тектері мен түрлері.
5 Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдары.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.
Оқыту үдерісінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылау сұрақтары:
1 Шешендік сөз, оның тіл дамытудағы рөлін айтыңыз.
2 Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік беріңіз.
3 Шешендік және сөз мәдениетіне нелер жатады?
4 Шешендік сөздің тектері мен түрлерін атаңыз.
5 Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдарын атаңыз.
Әдебиет: [10,11,12,13,20,28,36.]
7.2. Практикалық сабақтар
-
тақырып: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
Өткізу формасы: практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысанымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері,
қалыптасу және даму жолдарын баяндау
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.
2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері.
3 Қалыптасу және даму жолдары.
4 Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пән.
5 Әдістеме саласының зерттелуі
Әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз.
Әдебиет: [1,2,4,5,6,8,9.].
2-тақырып: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі
Өткізу формасы: практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеменің психологиямен байланысымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізімен таныстыру.
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
-
Әдістеме – қоғамдық ғылым. -
Әдістеменің психологиямен байланысы. -
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі. -
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі -
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі -
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі
Әдістемелік нұсқаулар: Әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз.
Әдебиет: [1,2,4,5,6,8,9.].
3-тақырып: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Өткізу формасы: практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары:ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарымен таныстыру.
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1 Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары.
2Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары
Әдістемелік нұсқаулар: Әдебиеттерді қарастырып, өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз. Практикалық жаттығуларды орындасаңыз, осы тақырыпты жеңіл меңгересіз.
Әдебиет: [1,2,4,5,6,8,9.].
4-тақырып: «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктер
Өткізу формасы:
семинар сабақ
Сабақтың мақсаты:
Тілдік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, қатысымдық, танымдық, әлеуметтік- тұлғалық құзыреттіліктерімен таныстыру
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Тілдік құзыреттілік
2. Кәсіби құзыреттілік
3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі
4. Ақпараттық құзыреттілік
5. Қатысымдық құзыреттілік
6. Танымдық құзыреттілік
7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік
Әдістемелік нұсқаулар: Әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз. Практикалық жаттығуларды орындасаңыз, осы тақырыпты жеңіл меңгересіз.
Әдебиет: [1,2,4,5,6,8,9.].
5- тақырып: Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
Өткізу формасы: семинар сабақ
Сабақтың мақсаты:
Әдіс туралы түсінің беру, әдіс және тәсілдің аражігі, қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесімен таныстыру.
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
-
Әдіс – көпсатылы құбылыс. -
Әдіс және тәсіл туралы түсінік. -
Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесі
Әдістемелік нұсқаулар: Әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз. Практикалық жаттығуларды орындасаңыз, осы тақырыпты жеңіл меңгересіз.
Әдебиет: [1,2,4,5,6,8,9.].
6- тақырып: Білім беру технологиялары
Өткізу формасы: семинар сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білім беру технологиялары, олардың жіктелуімен, тұлғалық- бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту т.б. технологиялармен таныстыру.
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
-
Білім беру технологиялары. Олардың жіктелуі. -
Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологиялары т.б.
Әдістемелік нұсқаулар: Әдебиеттерді қарастырып, өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз. Практикалық жаттығуларды орындасаңыз, осы тақырыпты жеңіл меңгересіз.
7-тақырып: Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқу-әдістемелік кешені
Өткізу формасы: семинар сабақ
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар, қазақ тілі сабақтары, оның түрлерімен таныстыру. Қазақ тілін тереңдете оқыту, мақсаты мен міндеттері, қазақ тілі сабақтарына дайындалу, өткізу жолдарымн сипаттау. Қазақ тілі сабағының құрылымы, оқу-әдістемелік кешенмен таныстыру.
Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: