Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 9сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 296
Скачиваний: 4
СОДЕРЖАНИЕ
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын
өтініңіз.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін мақсат | Ойлау дағдаларының деңгейі | Тапсырма саны* | Тапсыр ма №* | Тапсырм а түрі * | Орындау уақыты, мин* | Балл | Бөлім бойынш а балл |
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар) | 9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 1 | ТЖ | 8 | 6 | 16 |
9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 2 | ТЖ | 12 | 10 | ||
Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) | 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп- салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау | Жоғары деңгей дағдылары | 1 | 3 | ТЖ | 13 | 7 | 14 |
9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру | Жоғары деңгей дағдылары | 2 | 4-5 | ТЖ | 12 | 7 | ||
Барлығы: | | 5 | - | | 45 | 30 | 30 | |
Ескерту:* -өзгерістеренгізугеболатынбөлімдер |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
-
Ауыр өнеркәсіптің дамуы
Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кестеде дәлелдер келтіріңіз.
1. |
2. |
3. |
[6]
-
Берілген деректерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
«Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан».
академикШапықШөкинніңестелігінен
-
Деректе сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз. Тұлғаға шығын сипаттама беріңіз.
[2]
«Асыра сілтеу, бұрмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты».
-
Деректе тарихи тұлғаның қандай еңбегі туралы айтылғандығын анықтаңыз. Тарихи еңбектің қай жылы жарық көргендігін жазыңыз.
[2]
-
Тарихи тұлғаның еңбегі туралы қандай пікірталастар туындағандығын сипаттаңыз.
[1]
-
Тарихи тұлғаның тұтқындалуынан кейінгі өмірінен ақпараттар келтіріңіз.
[2]
-
Ғалымның ғылымға қосқан үлесіне дәлелдер келтіріңіз.
|
|
|
[3]
-
Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Суретте берілген тарихи оқиғаның көрінісін анықтаңыз.
[1]
Себептері
Аталған тарихи оқиғаның Қазақстанға әкелген демографиялық өзгерістерінің себеп- салдарларын анықтаңыз.
Салдары
[6]
-
Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған жағымды өзгерістерді жазыңыз.
[3]
-
Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған жағымсыз өзгерістерді жазыңыз.
Қорытынды
[4]