Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 402

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1.Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері. Нейрондық желілердің сәулеті

1.2 Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері

1.3 Нейрондық желілердің сәулеті

2.2 Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

3.Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

3.1 Нейрондық желі жеңілдету ережелері

3.2 Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талап тар

4.Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы

4.1 Логикалық мөлдірліктің белгілері

4.2 Желі логикалық мөлдір түрінің вербализациясы

5.Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

5.1 Мәліметтердің файлдық құрылымы

6.Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

7.Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер

Лекция №1. Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері. Нейрондық желілердің сәулеті

2. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері.

3. Нейрондық желілердің сәулеті

Нейрондық желілердің элементтері

Нейрондық желілердің сәулеті

Лекция №2 Есептерді нейрондық желілерімен баяндау. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

2. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу.

Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

Лекция №3. Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

1. Нейрондық желі жеңілдету ережелері.

2. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талап тар.

Нейрондық желі жеңілдету ережелері

Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

Нейрондық желі жеңілдету ережелері.

Лекция №4. Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы

1. Логикалық мөлдірліктің белгілері.

2. Желі логикалық мөлдір түрінің вербализациясы.

Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру

Нейрондық желілердің вербализациясы

Лекция №5. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

1. Мәліметтердің файлдық құрылымы.

Мәліметтердің файлдық құрылымы

Лекция №6. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Мәліметтердің файлдық құрылымы

Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Лекция №7. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер

Объектілі-бағдарланған жобалау.

Практикалық сабақ

Тақырып №1-2. Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер

Тақырып №3-4. Есептерді нейрондықжелілерімен баяндау. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

Тақырып №5-6. Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

Тақырып №7-8. Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы

Тақырып №9-10. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

Тақырып №11-12. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Тақырып №13-14. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер


Студенттің БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект,

Эссе,

Жеке таныстырылымы,

Топтық жоба, және басқа.

80

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Ескерту!

  • 1,2 критерийлер мен баллдар барлық білім алушыларға жүреді.

  • Бағалау критерийлері мен соған сәйкес баллдарды оқылатын пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытушы әзірлейді.

  • «Платонус»ААЖ-нде апта сайын, сабақ кестесіне сәйкес көрсетіліп отырады.

V. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.


Зертханалық сабақтарға дәлелді себептермен қатыспаған білім алушылар оқытушы рұқсат еткеннен кейін, лаборанттың қатысуымен қосымша уақыт ішінде өтейді.

Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық және шептік бақылаулар, midterm және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалардың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың цифрлық эквиваленті

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


Пән оқытушылары: Жүсіпбек Б.К.

6. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



Лекция №1. Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері. Нейрондық желілердің сәулеті


1. Компьютерлік желінің түрлері. Компьютерлік желінің қолданылуы.

2. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері.

3. Нейрондық желілердің сәулеті


Лекция мақсаты: Копьютерлік желілер негіздері, жасанды нейрондық желілер, нейрондық желілердің элементтері және нейрондық желілердің сәулетімен таныстыру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: Желі, компьютерлік желілер, желіаралық байланыс, ауқымды желі,жергілікті желі, логикалық арналар, байланыс арналары,жасанды нейрондық желі, нейрожүйелер және т.б.

Компьютерлік желінің түрлері. Компьютерлік желінің қолданылуы

Желі дегеніміз- тасымалдау және берілгендерді өңдеуге арналған құрылғылырдан тұратын объектілердің жиыны. Халықаралық срандарттау ұйымы есептеуіш желілер деп өзара тәуелсіз жабдықтар арқылы тізбекті ақпараттың биттік бағытталған тасымалдануын айтады.

Компьютерлік желілерді түрлі белгілері мен қасиеттері бойынша бөлуге болады, бірақ көбіне территориялыққасиеттері бойынша, яғни желінің қамту аумағы бойынша жіктейді.

Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік беретіндіктен, компьютерлік желі дегеніміз
– ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты компьютерлік желілердің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:

  • Жергілікті желілер (LAN);

  • Аймақтық желілер (MAN);

  • Глобальді желілер (WAN).

Жергілікті желі шектеулі /радиусы 1-2 км-ден аспайтын/ аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.

Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.

Жергілікті желі перифериялық құрылғыларды (қатты диск, басып шығарғыш) қолдана отырып бір-бірімен байланысатын компьютерлер тобын құрайды. Жергілікті желілер бір және одан да көп файл-серверден, жұмыс станцияларынан және перифериялық құрылғыдан тұрады. Желідегі тұтынушылар бір файлды бір мезетте қолдана алады (берілгендер файлы секілді, және де бағдарламаның файлдарын да), жұмыс станциялары арасында хаттаманы жібере алады, сонымен бірге файлдарды сақтай алады.

Глобальді /WAN/ желіге Internet желісі жатады. Қазіргі кезде бұл мемлекеттер арасындағы байланысты біріктіретін желі болып табылады.

Аймақтық желілер / MAN/ соңғы уақытта пайдалана бастады. Аймақтық желілер – бір қала территориясында орналасқан компьютерлерді біріктіруші желілер. Локальдық желіліер алыс емес ара қашықтықтар үшін, ал глобальді желілер өте үлкен қашықтықта, бірақ жылдамдықтары мен ұсынылатын қызметтері шектеулі болуымен ерекшеленетін болса, аймақтық желілер аралық желі қызметін атқарады. Аймақтық желілерде цифрлық магистральдық байланыс арналары, көпшілік жағдайда жылдамдықтары 45Мбит/с аспайтын талшықты-оптикалық арналар қолданылып, қала ішінде пайдалануға және локальдық желілерді глобальдық желімен байланыстыруда қолданылады. Аймақтық желілер қоғамдық желі болғандықтан, олардың ұсынатын қызметтерінің бағасы қала ішінде пайдаланылатын дербес желі құрудан арзанырақ болады.

Компьютерлік желілер пайдаланылу саласы бойынша, құрылғыларының құрамы бойынша, программалық жабдықтар мен функционалдық мүмкіндіктері бойынша әрқилы болып бөлінеді.

Фукционалдық мүмкіндіктері бойынша есептеуіш, ақпараттық және аралас