Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 390

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

1.Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері. Нейрондық желілердің сәулеті

1.2 Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері

1.3 Нейрондық желілердің сәулеті

2.2 Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

3.Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

3.1 Нейрондық желі жеңілдету ережелері

3.2 Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талап тар

4.Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы

4.1 Логикалық мөлдірліктің белгілері

4.2 Желі логикалық мөлдір түрінің вербализациясы

5.Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

5.1 Мәліметтердің файлдық құрылымы

6.Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

7.Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер

Лекция №1. Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері. Нейрондық желілердің сәулеті

2. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері.

3. Нейрондық желілердің сәулеті

Нейрондық желілердің элементтері

Нейрондық желілердің сәулеті

Лекция №2 Есептерді нейрондық желілерімен баяндау. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

2. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу.

Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

Лекция №3. Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

1. Нейрондық желі жеңілдету ережелері.

2. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талап тар.

Нейрондық желі жеңілдету ережелері

Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

Нейрондық желі жеңілдету ережелері.

Лекция №4. Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы

1. Логикалық мөлдірліктің белгілері.

2. Желі логикалық мөлдір түрінің вербализациясы.

Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру

Нейрондық желілердің вербализациясы

Лекция №5. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

1. Мәліметтердің файлдық құрылымы.

Мәліметтердің файлдық құрылымы

Лекция №6. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Мәліметтердің файлдық құрылымы

Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Лекция №7. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер

Объектілі-бағдарланған жобалау.

Практикалық сабақ

Тақырып №1-2. Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер

Тақырып №3-4. Есептерді нейрондықжелілерімен баяндау. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу

Тақырып №5-6. Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар

Тақырып №7-8. Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы

Тақырып №9-10. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

Тақырып №11-12. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Тақырып №13-14. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер


Бақылау сұрақтары:

  1. Логикалық мөлдірліктің қандай белгілері бар?

  2. Желінің синапстары үшін шекті мағыналарға келтіруі қалай аталады?

3. Нейрондық желілердің вербализациясы жайлы не білесіз?

Лекция №5. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері

1. Мәліметтердің файлдық құрылымы.

2. Кіріс және шығыс мәліметтері.


Лекция мақсаты: Нейрондық желілірде мәліметтердің файлдық құрылымын, кіріс және шығыс мәліметтерімен таныстыру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: Басқару логикалық параметрі, кіріс және шығыс нейрондарының саны, оқыту векторлардың компонент мәліметтері.

Мәліметтердің файлдық құрылымы


Ақпаратты сақтау үшін мәтіндік файл құрамыз (*.txt). Файл мәліметтерді матрица түрінде ұйымдастырады:

Кіріс;

Шығыс.

Кіріс мәтіндік файлының құрылымы келесідей болады:

1 саны (басқару логикалық параметрі);

оқыту мысалдарының саны;

кіріс нейрондарының саны;

шығыс нейрондарының саны;

оқыту векторлардың компонент мәліметтері.

Кіріс және шығыс мәліметтері


Кіріс: қандай да бір кезеңнің иена курсының мәндері.

Шығыс: келешектегі қандай да бір кезеңге анықталатын иена курсының мәндері.
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

  1. Файл ұғымы және оның түрлері. Мәліметтердің файлдық құрылымы.

  2. Кіріс және шығыс мәліметтерінің маңыздылығы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет

  1. Амосов, О.С. Интеллектуальные информационные системы. Нейронные сети и нечеткие системы: Учеб. Пособие [Текст] / О.С. Амосов. – Комсомольск-на-Амуре: ГОУВПО «КнАГТУ», 2004. – 104 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Аналитические технологии для прогнозирования и анализа данных [электронный ресурс]: http://www.neuroproject.ru/neuro.htm

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтердің файлдық құрылымы жайлы не білесіз?

  2. Файл мәліметтерді қандай түрінде ұйымдастырады?

3. Кіріс мәтіндік файлының құрылымына тоқталыңыз


Лекция №6. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

  1. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері.


  2. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі.

  3. Программа жұмыс істеуінің негізгі қадамдары.

Лекция мақсаты: Нейрондық желілірде мәліметтердің файлдық құрылымын, кіріс және шығыс мәліметтерін ескере отырып программаның объектілі-бағдарланған көрінісін қарастыру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: Басқару логикалық параметрі, кіріс және шығыс нейрондарының саны, оқыту векторлардың компонент мәліметтері, нейрожелі класы, динамикалық массив және т.б.

Мәліметтердің файлдық құрылымы


Ақпаратты сақтау үшін мәтіндік файл құрамыз (*.txt). Файл мәліметтерді матрица түрінде ұйымдастырады:

Кіріс;

Шығыс.

Кіріс мәтіндік файлының құрылымы келесідей болады:

1 саны (басқару логикалық параметрі);

оқыту мысалдарының саны;

кіріс нейрондарының саны;

шығыс нейрондарының саны;

оқыту векторлардың компонент мәліметтері.



Кіріс және шығыс мәліметтері


Кіріс: қандай да бір кезеңнің иена курсының мәндері.

Шығыс: келешектегі қандай да бір кезеңге анықталатын иена курсының мәндері.

Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі


Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі 1 суретте көрсетілген.

Программа жұмыс істеуінің негізгі қадамдары


- Нейрожелі класының данасы жасалады;

- нейрожелі оған кіріс сигналдарымен толтырылған өрістердің динамикалық массивін жасайды;

- нейрожелі мәліметтер қайнар көзінің ішкі компонентісі арқылы өрістердің объектілеріне сұраным жасайды;

- осы өрістерге мәтіндік файлдан кестелік мәліметтері оқылады;

- өрістер олар өңделеген мәліметтерді желінің кіріс нейрондарына, немесе кіріс қабатына береді. Қабат нейрондардың контейнері қызметін атқарады;

- нейрожелі мәліметтерді кіріс векторы түрінде алады;

- нейрожелі өзінің не үнсіз қабылданған не пайдаланушы көрсетілген параметрлерін инициализациялайды;

- нейрожелі өзінде іске асырылған қатені қайта тарату алгоритмін іске қосады, сол кезде сигнал тарату процесі және сәйкес салмақтардың лайықты түзетуі желінің объектілері - элементтеріне, яғни нейрондарына жіберіледі;

- алдын ала берілген параметрлеріне сәйкес, желі циклдердің (замандардың) қандай да бір айқын санын өтуінен кейін, өзің-өзі тоқтатады;



- объектілер - өрістерден мәліметтерді пайдаланып, желі өзінің жұмысының нәтижесін кесте арқылы береді, онда нақты (толық үлгілері үшін) мағыналары, нейрожелі жауаптары және нағыз мағыналардан сәйкес қателердің ауытқулары көрсетілген.



Сурет 1 - Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

  1. Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет

  1. Амосов, О.С. Интеллектуальные информационные системы. Нейронные сети и нечеткие системы: Учеб. Пособие [Текст] / О.С. Амосов. – Комсомольск-на-Амуре: ГОУВПО «КнАГТУ», 2004. – 104 с.

  2. Амосов, О.С. Интеллектуальные информационные системы. Нейронные сети и нечеткие системы: Учеб. Пособие [Текст] / О.С. Амосов. – Комсомольск-на-Амуре: ГОУВПО «КнАГТУ», 2004. – 104 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Аналитические технологии для прогнозирования и анализа данных [электронный ресурс]: http://www.neuroproject.ru/neuro.htm

Бақылау сұрақтары:
  1. Программа жұмыс істеуінің негізгі қадамдарын атаңыз


  2. Кіріс сигналының таралуы және нейрон салмағының коррекциясы кезеңдеріне тоқталыңыз

  3. Қабат нейрондардың контейнері қызметін не атқарады?

  4. Нейрожелі мәліметтерді қандай векторы түрінде алады?




Лекция №7. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер


  1. Объектілі-бағдарланған жобалау (OOD) - объектті декомпозицияны қолданатын әдіс.

  2. OOD негізін негізгі элементтері.

  3. Объекті және класс ұғымдары және оның маңызы.

  4. Жүйенің программалық модульдерін жобалау.

Лекция мақсаты: Объектілі-бағдарланған жобалау (OOD) - объектті декомпозицияны қолданатын әдісін және кластар мен объектілерді қарастыру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: Объектілі-бағдарланған жобалау, абстракция, пайдалануға шек қою, иерархия, декомпозиция, класс, объект және т.б.

Объектілі-бағдарланған жобалау


Объектілі-бағдарланған жобалау (OOD) - объектті декомпозицияны қолданатын әдіс. Объектілі-бағдарланған жобалау негізінде объектті әдісі болады, оның өзінің шартты көрсетулердің жүйесі және логикалық мен физикалық үлгілердің бай терімі бар. Негізгі принциптері болып келесілерді айтуға болады: абстракциялау, пайдалануға шек қою, модульдік, иерархиялық, типтеу, параллельділік және тұрақтылық.

Объектілі-бағдарланған жобалау құрылымдық жобалаудың дәстүрлі әдістерінен принципиалды ерекшеленеді, өйткені, ол декомпозиция процесіне басқа әдісін қолдануды түсінеді. Құрылымдық тәсіл абстракцияларды белгілеуін және мәліметтерді пайдаланудан қорғауын қамтамасыз ете алмайды. Объектілі-бағдарланған программалау тілдерін қолданғанда құрылымдық тәсіл нәтижелі болмайды. OOD объектілі-бағдарланған программалауды қолданып жүйенің реализациясының негізі болады.

Объектілі-бағдарланған жобалау - бұл өзіңде объектілі декомпозиция процесі мен жобаланушы жүйенің үлгілерінің логикалық және физикалық сияқты және де, дәл осылай, статикалық және динамикалық көріну тәсілдерін біріктіретін жобалау методологиясы, яғни:

OOD объектілі-бағдарланған декомпозицияға сілтейді;

OOD кезінде үлгілердің көріну тәсілдерінің әр алуандығы қолданылады.

Сонымен, OOD негізін келесі негізгі элементтері құрайды:

- абстракциялау - объектінің оны басқа объектілердің барлық түрлерінен ерекшелейтін маңызды мінездемелерін бөліп алу, яғни осы объектінің ерекшеліктерін дәл анықтау;

- пайдалануға шек қою - объектінің бүтін сияқты маңызды мінездемелеріне тимей, бөлек элементтерін қорғау процесі;

- модульдік – тығыз байланысқан модульдерінің қатарына декомпозиция мүмкіншілігін беретін жүйенің қасиеті;

- иерархия - ранжирленген немесе реттелген абстракциялардың жүйесі. Иерархиялық құрылымдарының негізгі түрлері - кластардың құрылымы (номенклатура бойынша иерархия) және объектілердің құрылымы (құрамы бойынша иерархия) болып табылады.

Сонымен қатар үш қосымша элементі:

- типтеу – бұл объектілердің класына қойылатын шегі, ол әртүрлі кластардың өзара алмасуына кедергі болады (немесе осындай өзара алмасу мүмкіншілігін өте күшті шектейді);

- параллельділік - объектілердің белсенді не белсенді емес күй-жағдайында болу қасиеті;

- тұрақтылық - объектінің уақытта (осы объектті тудырған процеске тәуелсіз) немесе кеңістікте (объектіні ол жасалған адрестік кеңістіктен орын ауыстыру) бар болу қасиеті.


Бұдан басқа OOD-ға келесі түсініктері енгізіледі:

- мұрагерлік – типтердің иерархиясын құрастыру мүмкіндігін беретін механизм, мәліметтердің жаңа объектілі типтері бар объектілі типтердің қасиеттері мен әдістерін мұра ету мүмкіншілігіне ие болу керек;

- полиморфизм – объектілі типімен қатты байланысқан объектінің әдістерін шақыру механизмін іске асыру.

Объектілі бағдарланған тәсілді қолдану кезіндегі келесі артықшылықтарды белгілеп қоюға болады:

а) объектілі бағдарланған тәсіл объектілі және объектілі-бағдарланған программалаудың мәнерлі мүмкіншіліктерін толық қолдануға рұқсат етеді;

ә)объектілі-бағдарланған жүйелері объектілі-бағдарланбаған эквиваленттеріне қарағанда көбірек компактті болады (бұл өзімен тек қана программа коды көлемінің азаюын ғана емес, сонымен қатар, объектінің арзандатуын және зерттеп жасауды жоспарлауда үлкен ыңғайлылықты береді);

б)объектілі бағдарланған тәсілді қолдану тұрақты аралық суреттеулердің негізіне жүйелердің құруына ерітіп әкеледі, ал бұл өзгертулердің енгізу процесін оңайлатады. Бұл жүйеге бірте-бірте дамуына мүмкіншілік береді және де кіріс талаптардың өзгеруі кезінде оның толық қайта өңдеуіне ерітіп әкеледі;

в)объектілі бағдарланған тәсіл әлемді адамша қабылдауына бағдарланған. Объектілі-бағдарланған жобалаудың үлгісі жүйенің логикалық және физикалық құрылымдардың және де сонымен қатар, динамикалық аспектілерінің көрінуін түсінеді.

Кластар және объектілер


Объекті және класс ұғымын енгіземіз. Объекті – бұл ерекше таңылатын зат, блок немесе сущность (нақты немесе абстрактілі), оның осы пәндік облыста маңызды функционалдық тағайындалуы бар болады (яғни, айқын шекаралары бар бірдеңе). Объекті ие болады:

- күй-жағдайымен (оны сақталатын элементтері мінездейді);

- мінез-құлығымен (басқа объектілерге әсер етеді немесе өзі әсерге душар болады). Бұл өзінен кейін объектінің күй-жағдайының өзгеруін тартады;

- ерекшелігімен (объектінің айырмашылық қасиеттері). Объектілер арасындағы қарым-қатынастары - бұл келісілген толассыз бірлік жігерлері;

Класс - бұл құрылымдардың және мінез-құлықтардың жалпылығымен байлаулы объектілердің жиынтығы, бұл абстракция.

Класс баяндамасының интерфейстік бөлімі келесілерге бөлінеді:

- Жалпыға ортақ – берілген кластың барлық пайдаланушы-объектілері үшін көрінетін анықтамалары беріледі;

- қорғалған - анықтамалар тек берілген кластың ішкі кластарына тиіс объектілер үшін көрінеді;