Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Алгебра 8сынып рметті малім!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 1147

Скачиваний: 37

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңіз:

a)

b)

c)
Дескриптор: Білім алушы

- квадрат үшмүшенің түбірлерін табады/ квадрат үшмүшенің толық квадратын бөліп алады;

- квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын қолданады/ қысқаша көбейту формуласын қолданады;

- квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.
2-тапсырма

Кинотетр залында бір қатарында (x>5) орындықтан орналасқан, барлығы орындық бар. Барлық орындық неше қатарда орналасқан? (Жауабын өрнек түрінде жазыңыз)
Дескриптор: Білім алушы

  • қатардың санын есептеу үшін алгебралық өрнек құрады;

  • квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын қолданады;

  • өрнекті түрлендіріп, бөлшекті қысқартады.

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.2.2.5

түріндегі теңдеулерді шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Модуль таңбасы бар квадрат теңдеулерді шешу әдістерін қолданады

  • Модуль таңбасы бар квадрат теңдеулерді шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Теңдеуді шешіңіз:

a)

b)

c)
Дескриптор: Білім алушы

  • модульдің анықтамасын қолданады/жаңа айнымалы енгізеді;

  • теңдеуді түрлендіріп, квадрат теңдеуді құрастырады;

  • квадрат теңдеуді шешу тәсілін таңдайды;

  • теңдеудің түбірлерін есептің шартына сай тексереді.

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Теңдеуді шешіңіз:








Дескриптор: Білім алушы

  • бөлшектің бөлімін көбейткішке жіктейді;

  • бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді;

  • тепе-тең түрлендірулердің көмегімен эквивалентті теңдеу алады;

  • алынған квадрат теңдеуді шешу тәсілін таңдайды;

  • алынған теңдеудің түбірлерін табады;

  • табылған түбірлердің бастапқы теңдеудің мүмкін мәндер жиынын қанағаттандыратынын тексереді;

  • жауабын жазады.

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Жаңа айнымалы енгізу әдісін қолданып, теңдеулерді шешіңіз:










Дескриптор: Білім алушы

  • айнымалыны ауыстыру әдісін қолданады;

  • алынған теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

  • теңдеуді жаңа айнымалыға қатысты шешеді;

  • табылған түбірлердің бастапқы теңдеудің мүмкін мәндер жиынын қанағаттандыратынын тексереді;

  • бастапқы айнымалыға көшеді;

  • пайда болған теңдеуді шешеді.

3-ТОҚСАН

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

  • Мәтінді есепті квадрат теңдеудің көмегімен шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

a) Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 6 см-ге артық, ал ауданы 112см2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
b) Квадраты берілген санның өзінен 72-ге артық болатын санды табыңыз.
c) Аудармашы х сағаттың ішінде сағатына х+2 бет аудара отырып, барлығы 15 бет қолжазбаны аударды. Аудармашы барлық қолжазбаны неше сағатта аударды, және сағатына неше беттен аударып отырды?
d) Архат тіктөртбұрыш тәріздес бақшаны декоративті тастармен қоршағысы келді. Бақшаның периметрі 68м, ал ауданы 240 м2 болу үшін оның өлшемдері қандай болуы керек?
Дескриптор: Білім алушы

  • есептің шарты бойынша теңдеу құрады;

  • теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

  • теңдеуді шешеді;

  • теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

  • Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағат 20 минут жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.




  1. Бірінші жұмысшы 475 деталь дайындау үшін, екінші жұмысшы 550 деталь дайындауға кеткен уақыттан 6 сағ уақыт кем жұмсайды. Бірінші жұмысшы екінші жұмысшыға қарағанда сағатына 3 деталь артық жасайтыны белгілі болса, бірінші жұмысшы 1 сағатта қанша деталь жасайтынын табыңыз?


Дескриптор: Білім алушы

  • есеп шарты бойынша математикалық моделін құрады;

  • есептің шарты бойынша бөлшек-рационал теңдеу құрады;

  • алынған теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді;

  • теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

  • теңдеуді шешеді;

  • теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.

Бөлім:«Квадраттық функция»


Оқу мақсаты

8.4.1.2 және

түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін анықтайды

  • түрдегі квадраттық функцияның графигін салады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Берілген функциялардан параболаның тармақтарының бағытын және төбесінің координаталарын анықтаңыз.
a) y=3x2 b) y=-x2-4 c) y=-2(x+5)2+3 d) y=4(x-7)2
Дескриптор: Білім алушы

  • параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

  • параболаның төбесінің координатасын анықтайды.



2-тапсырма

y=-(x-2)2+5 функциясы берілген

a) параболаның тармақтарының бағытын анықтаңыз;

b) төбесінің координаталарын анықтаңыз;

c) симметрия осін табыңыз;

d) қосымша мәндер беріп, график салыңыз;

e) графиктің көмегімен функцияның анықталу облысын, мәндер облысын, өсу, кему аралықтарын, функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

  • параболаның төбесінің координатасын анықтайды;

  • симметрия осін табады;

  • квадраттық функциясының графигін салады;

  • функцияның анықталу облысын, мәндер облысын жазады;

  • функцияның өсу, кему аралығын жазады;

  • функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін жазады.

Бөлім:«Квадраттық функция»


Оқу мақсаты

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Квадраттық функцияның қасиеттерін анықтайды

  • Квадраттық функцияның графигін салады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Берілген функциядан параболаның тармақтарының бағытын және төбесінің координаталарын анықтаңыз: y=-2x2-8x-4

a) үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алу арқылы;

b) формуланың көмегімен.
Дескриптор: Білім алушы

  • параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

  • параболаның төбесінің координатасын анықтайды.


2-тапсырма

y=2x2+4x+1 функциясының графигін төмендегі схемаға сүйене отырып салыңыз:
a) тармақтарының бағытын анықтаңыз;

b) төбесінің координаталарын анықтап, оны координаталық жазықтықта белгілеңіз;

c) симметрия осін жүргізіңіз;

d) функция нөлдерін тауып және оларды координаталық жазықтықта белгілеңіз;

e) функция графигінің осімен қиылысу нүктесін анықтаңыз және координаталық жазықтықта белгілеңіз; параболаның симметрия осіне қатысты осы нүктеге симметриялы нүктені белгілеңіз;

f) егер қажет болса, функция графигіне тиісті қосымша нүктені және оған симметриялы нүктені анықтаңыз;

g) графиктен өсу, кему аралықтарын анықтаңыз;

h) функцияның ең үлкен/ең кіші мәнін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

  • параболаның төбесінің координатасын анықтайды;

  • симметрия осін табады;

  • функция нөлдерін табады;

  • функцияның осімен қиылысу нүктесін анықтайды (симметрия осіне қатысты симметриялы нүктені табады);

  • функциясының графигін салады;

  • функцияның өсу, кему аралығын анықтайды;

  • функцияның ең үлкен/ең кіші мәнін анықтайды.

Бөлім:«Квадраттық функция»


Оқу мақсаты

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады

  • Функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

a) Абсциссасы 2-ге тең у=2х2+3х-7 функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңыз.

b) у=х2+х–7 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңыз.

c) y=2х2–8х–3 функция графигінің ординатасы 7 болатын абсциссаларының айырымының модулін табыңыз.

d) Координаталары (3;20) нүктесі арқылы өтетін у=ах2+2 функциядағы а коэффициентін табыңыз.

e) Егер парабола төбесінің координаталары (-2; 6) болса, онда у=2х2 + bх + с функциясы үшін b, с коэффициенттерін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады;

  • функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;

  • функцияның мәні бойынша аргумент мәндерінің айырмасының модулін табады;

  • координата арқылы функциядағы белгісіз параметрді табады;

  • парабола төбесінің координаталарын табу әдістерінің көмегімен белгісіз коэффициенттерді анықтайды.

2-тапсырма

Фирма джинсы шалбарларын сату кезінде 1 күнде түсетін кіріс функциясымен берілген, мұнда Р-кіріс, х- бір джинсы шалбарының бағасы.

  1. Фирма 1 шалбарды 40$-дан сатса қанша кіріс кіреді;

  2. Шалбарды қандай бағада сатса күніне 1500$ кіріс кіреді;

  3. Қандай бағада сатса мүлдем ешқандай кіріс болмайды;

  4. Шалбарды қандай бағада сату ең тиімді?


Дескриптор: Білім алушы

  • аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады;

  • функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;

  • функцияның нөлдерін табады;

  • параболаның төбесін анықтайды.