Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы Алгебра 8сынып рметті малім!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 1145

Скачиваний: 37

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖОБА
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Алгебра8-сыныпҚұрметті мұғалім! Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады. Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді. Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз. Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз! Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны


1-ТОҚСАН 5

Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек» 5

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 17

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 18

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 19

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 20

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 21

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 22

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 23

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 23

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 24

3-ТОҚСАН 25

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 25

Бөлім: «Квадрат теңдеулер» 26

Бөлім:«Квадраттық функция» 27

Бөлім:«Квадраттық функция» 28

Бөлім:«Квадраттық функция» 29

Бөлім:«Квадраттық функция» 30

Бөлім: «Статистика элементтері» 31

Бөлім: «Статистика элементтері» 32

Бөлім: «Статистика элементтері» 33

4-ТОҚСАН 34

Бөлім: «Теңсіздіктер» 34

Бөлім: «Теңсіздіктер» 35

Бөлім: «Теңсіздіктер» 36

Бөлім: «Теңсіздіктер» 37

Оқу мақсаты

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Рационал және иррационал сандарды ажыратады

  • Нақты сандарды анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Тапсырма

  1. Берілген сандардың қай жиынға жататындығын кестеде «+» таңбасын қою арқылы белгілеңіз

Сан

Рационал сан

Иррационал сан

Нақты сан

0
































2,(3)










5,1121231234...



































  1. Бос орынды толтырыңыз.

Рационал және иррационал сандар жиыны бірігіп ____________ сандар жиынын құрайды. Диаграмманы N және Z жиындарымен толықтырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • рационал сандарды көрсетеді;

  • иррационал сандарды көрсетеді;

  • нақты сандарды көрсетеді;

  • сандық жиындар арасындағы өзара байланысты көрсетеді.

1-ТОҚСАН

Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек»


Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек»



Оқу мақсаты

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өрнек мәнін табу үшін арифметикалық квадрат түбір қасиеттерін қолданады

  • Өрнекті түрлендіру үшін арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Есептеңіз:





  1. ;



  2. ;

  3. ;




Дескриптор: Білім алушы

  • көбейтіндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • бөліндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • дәреженің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • өрнектің мәнін есептейді.


2-тапсырма

Сандық өрнекті есептеңіз

С



А



Е



О



П



Х



И



Т




Табылған жауаптарды ескере отырып төмендегі кестені сәйкес әріптермен және бос орындарды «Р» әрпімен толтырсаңыз, ежелгі грек мифологиясындағы 9 әйел құдайдың бірі – би құдайының есімін оқи аласыз.








200







6





































Дескриптор: Білім алушы

  • көбейтіндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • бөліндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • дәреженің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • өрнектің мәнін табады;

  • кестені толтырады.


Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек»



Оқу мақсаты

8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Квадрат түбірдің мәнін бағалайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Координаталық түзуде A, C, D нүктелері белгіленген. Олардың қайсысының координатасы , болуы мүмкін?


Дескриптор: Білім алушы

  • берілген сандарды квадраттайды;

  • табылған сандардың квадратын 11 және 12 сандарының квадраттарымен салыстырады;

  • берілген координатаға сәйкес нүктені анықтайды.




Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек»



Оқу мақсаты

8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығаруды қолданып, сандық өрнектердің мәнін табады

  • Көбейткішті түбір белгісінің астына алуды қолданып, сандық өрнектердің мәнін табады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алыңыз:



  1. ;













Дескриптор: Білім алушы

  • түбір белгісінің алдындағы көбейткіштің оң мәнін квадраттайды;

  • квадратталған көбейткішті түбір белгісінің астына алады;

  • түбір астындағы өрнекті түрлендіреді.



2-тапсырма

Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарып, алынған өрнекті ықшамдаңыз:














Дескриптор: Білім алушы

  • түбір астындағы өрнекті қандай да бір натурал санның (өрнектің) квадраты болатындай көбейткіштерге жіктейді;

  • көбейтіндінің квадрат түбірі қасиеттерін қолданады;

  • дәреженің түбірі қасиеттерін қолданады;

  • өрнекті ықшамдайды.


3-тапсырма

Тіктөртбұрыш тәріздес бақшаның ені м, ал ұзындығы енінен есе артық. Бақшаның ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

  • бақшаның ұзындығын табады;

  • тіктөртбұрыштың ауданының формуласын қолданады;

  • көбейткішті түбір белгісінің астына алу/ түбір белгісінің алдына шығаруды қолданып, сандық өрнектің мәнін табады.


Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек»



Оқу мақсаты

8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылту тәсілдерін қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Берілген сандардан өзара түйіндес сандар жұбын табыңыз:
, .
Дескриптор: Білім алушы

  • түйіндес сандар жұбын табады.



2-тапсырма

Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылыңыз:











  1. .


Дескриптор: Білім алушы

  • бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу тәсілін таңдайды: (бөліміндегі иррационал өрнекті бөлшектің алымына да, бөліміне де көбейтеді / бөліміндегі иррационал өрнектің түйіндесін бөлшектің алымына да, бөліміне де көбейтеді);

  • қажетті тепе-тең түрлендірулерді орындайды;

  • өрнекті ықшамдайды.

Бөлім: «Квадрат түбір және иррационал өрнек»



Оқу мақсаты

8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өрнекті түрлендіру үшін квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Өрнекті ықшамдаңыз:






Дескриптор: Білім алушы

  • амалдардың орындалу ретін анықтайды;

  • ортақ бөлімге келтіріп, қажетті түрлендірулерді орындайды;

  • бөлшекті бөлшеккке көбейту/бөлу ережесін қолданады;

  • квадрат түбір қасиеттерін қолданады;

  • түрлендірулерді орындайды;

  • өрнекті ықшамдайды.