ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.07.2020
Просмотров: 1958
Скачиваний: 5
Лекцияның жоспары:
-
Жастар ұғымы. Жастардың ерекше әлеуметтік топ ретіндегі көрсеткіштері.
-
Жастар мәселелерін социология тұрғысынан қарастыру.
-
Қазақстандағы жастардың әлеуметтік мәселелері.Қазақ жастарының әлеуметтік мәселелері.
Жастар социологиясы социологияның қомақты салаларының біріне жатады. Онда жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде, оларға тән әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік құндылықтар жүйесі қалпытасқанын қарастырады. Жастар деп 15 тен 29ға дейінгі адамдар тобын айтады. Бірақта жас мөлшері бойынша түрлі пікірлер бар. Жастарды ерекше жасына байланысты және тарихи буын ретінде де қарастырады. Жасқа байланысты буындар арасындағы айырмашылықтар тұрғылықты заңдылықтарға жатады. Олар тарихи уақытқа байланысты емес. Жас буын мен ересек буын арасындағы қарымқатынас үш мәдени типтер түрінде жүреді: постфигуративтік, конфигуративтік, префигуративтік. Постфигуративтік мәдениет ата- бабалардың мәдениетін игеріп сақтауменен сипатталады; конфигуративтік ересектер де жастарда өз замандастарының құндылықтары мен үлгілерін бойларына сіңіреді; префигуративтік мәдениетте үлкендер буыны жастар буынының мәдениетін қабылдап, оларды өздерінің рухани әлеміне енгізеді. Жаңа буының әлеуметтік өмірге енүінің екі жағы бар: 1) әлеуметтену; 2) ювентизация. Ювентизация деп жастардың қоғамның жаңаруына тигізген әсерін, соған байланысты оның құндылықтарының, нормаларының, рөлдік күтудің, іс-әрекет моделдерінің өзгеруін айтамыз.
Жастар мәдениеті ересектердікене қарағанда екіншілік сипатта. Ол ерекше субмәдениет болғандықтан өзінің мақсаты, құндылықтары, идеалдары, иллюзиялары болады.Олар үлкендердің мәдениетін қайталай бермейді.Қазіргі кезде жершары тұрғындарының 25 пайызын жастар құраса, дамып келе жатқан елдерде бұл көрсеткіш 80 пайзды құрайды. Соның ішінде 209 миллионы күніне 1,5 долларға күн көрүге мәжбүр, ал 515-і 3 доллармен шектеледі. 10 миллион жастар ВИЧ және СПИД ауыруыменен ауырады. 130 миллион жастар сауатсыз. Қазақстанда жұмыс істеүшілердің 28,9% жастар құрайды.
Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.
Дәстүрлі қоғамдарда жастар деген әлеуметтік-демографиялық топ болмайды. Өйткені жасөспірімдер ерте жастарынан инициация процестерінен өтіп өздерін ересек адамдар қатрына жатқызып, солардың мәртебесіне өтеді. дәрежесіне өтеді. Қазіргі қоғамда жастардың ересектер қатарына өтуі ұзақ уақытқа созылады. Формалды және құқықтың ересектерменен кәмілет жасына толғаннан соң тең болып сналғаныменен, шын мәніндегі теңдігі қажетті білім алып, мамандықты игеріп, жұмысқа орналасқаннан соң басталады. Сондықтан студенттердің өздерінің әлеуметтік мәртебелері жоқ. Олардың қоғамдағы мәртебелері ата-аналарының немесе болашақ мамандықтарына сәйкес анықталады.
Соныменен қатар, егерде ересек адамдардың мәртебелері олардың кәсіби сұранысына, жинаған әлеуметтік капиталыменен, әлеуметтік құрылымдағы алатын орныменен анықталатын болса, жастар өздерінің негізгі оқуымен қатар көптеген формалды емес қатынастарға түседі. Соның ішінде жастар қозғалысы, субмәдени ұйымдар, саяси, діни құрылымдар. Формалды емес мәртебе олар үшін өте маңызды рөлдер атқарады. Жастар өздерінің әлеуметтік, психологиялық, дүниегекөзқарастарының ерекшеліктеріне байланысты дамылсыз қалыптасу процесінде болады, олар түрлі әлеуметік-экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени бағыттардың ықпалына тез түседі және де болып жатқан әлеуметтік, мәдени, саяси өзгерістерді тікелей қабылдап оларға тез белсенді түрде іс-әрекеттер жасауға тырысады.
Жастар социологиясы бұл топқа жататындардың әлеуметтік сипаттарын; топтың шегін, құрылымын, оның даму динамикасының тенценциясын, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерін анықтайды. Соныменен қатар оның әлеметтену процесін, жағдайып, ерекшеліктерін қарстырады: өмір сүру және іс-әрекет жүріс-тұрыс моделдерін; түрлі әлеуметтік стратаның өкілдері болғандықтан олардың ерекшеліктерін; әлеуметтік мобильділіктің бағытын; құндылықтар бағыттарының өзгеруін; олардың өздерінің тұлғалық, кәсіби потенциалдарын ашу ерекшіліктерін және т.б. мәселелеруі қарастырады.
Қазіргі Қазақстан қоғамында жастар ең бір қорғаныссыз әлеуметтік топтар қатарына ілікті. Өйткені, олар жағымды өзгерістерменен қатар жағымсыз процестерге душар болып, солардың ықпалынан шыға алмауда.Мысалы қазіргі кезде Қазақстан қоғамдығы әлеуметтік жіктелу өте қарқынды жүруде, сондықтан стратификация мәртебесі статусы жастардың болашақ өмірі жоладарын түбегейлі анықтайды. Біржағынан кішігірім, жабық элиталық жастар тобының шексіз материалды, әлеуметтік білім алу мүмкіншіліктері, екінші жағынан жастардың көпшілігінің денсаулығын сақтауға, қажетті тамақ ішуге, киінуге, өз қалауынша мамандық, кәсіп таңдауына мүмкіндіктері жоқ. Қиын әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік, сыбайлас жемқорлық, жоғары лауазамды адамдардың тәртіп бұзуы, қылмысқа баруы сияқты келеңсіз жағдайлар жастардың рухани сенімдеріне жағымсыз әсерін тигізуде.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты жастардың ішінен шыққан іскерлер тобы пайда болды. Шет елден білім, тәжірибе жиып келген жастардың да көптеген әлеуметтік мәселелері бар. Қала жастары менен ауыл жастарының арасындағы ерекшіліктер, олардың бір мәмліге келу мәселері, қазақ тілді және орысша оқыған жастар арасындағы мәселелерде социологиялық зерттеулерін күтүде. Соныменен қатар жастардың ішінде таралған субмәдениет: эмо-мәдениеті, панктер, готтар, рэпперлер сияқты топтардың әлеуметтік ерекшіліктерін, жағымды және жағымсыз жақтарын қарастыру да жастар социологиясының өте өзекті мәселелері..
12 тақырып.
Білім және ғылым социологиясы.
Лекцияның мақсаты – білім мен ғылымды социологиялық тұрғыдан қарастырып олардың мәні мен мазмұнын, құрылымын, функцияларын көрсету, қазіргі дәүірдегі алатын орнын, атқаратын функцияларын ашу. Қазақстандағы білім мен ғылымның әлеуметтік мәселелерін айқындау.
Негізгі ұғымдар: білім беру институты, білім мен ғылым жүйесі, білімнің функциялары, ғылым, ғылыми потенциал, қадрлердің қартаюы, университеттер, коммерциализация, элитизация, регионалдану, децентрализация.
Лекцияның жоспары:
-
Ғылым мен білімнің тарихи даму кезеңдері.
-
Қазіргі замандағы ғылым мен білім арақатынасы мәселері.
-
Қазақстандағы ғылым мен білімнің әлеуметтік мәселелері.
-
Қазақтардың ғылым мен білімді игерудегі әлеуметтік мәселелері.
Білім беру жүйесі өте күрделі және ауқымды әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты адамның, қоғамның, мемкеттің мүддесіне сай мақсатқа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу және де мемлекеттің белгіленген біліми деңгейін игерген азаматқа арнайы құжаттар беру. Білім жүйесі келесі компоненттерден тұрады: білім беру жүйесін басқару; білім мекемелер жүйесі (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, университетер, академиялар және т.б.); творчесталық одақтар; ғылым мен білім мекемелдірінің инфрақұрылымы; білім беру бағдарламалары мен мемлекттік білім беру стандарттары; оқулықтар менен оқу-әдістемелік құралдары; периодикалық баслымдар. Білім беруге байланысты адамдардың қарымқатынасын регламенттеу мен ұйымдастыру нормаларының жиынтығы білімді әлеуметтік институттарға жатқызуға негіз береді. Білім берудің функциялары: бір буыннан екіншіге білімді жеткізу және мәдениетті тарату; қоғамның мәдениетін сақтау және оны жасау; тұлғаны әлеуметтендіру; тұлғаның мәртебесін анықтау; әлеуметтік іріктеу; қоғамды дифференциалау; жастарды кәсіби мамандыққа даярлау; үзілмейтін білім берудің жүйесін жасау; әлеуметтік мәдени иновациялар; жаңа идеялар ашу; әлеуметтік бақылау; тұлғаның мүмкіндіктерін ашу. Білім беру, білім жүйесінің сапасына экономиканың , еңбек ресурстарының , қоғамның даму жағдайы тікілей байланысты. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қайсы елдің білім беру жүйесі замани талапқа сай болып тұрса, сол ел алдыңғы қатарлы ел болмақ. Мысалы, Жапонияның экономикасының алдыңғы қатарға шығуының негізгі факторы осы білім жүйесіне модернизация жасау болды. Осының бір дәлелі ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында әлемнің кемелерінің жартысы ағылшын кемеверфилерінде жасалса, 60-жылдардың соңында Жапонияда жасалды. Оның себебі жапондықтардың жұмыскерлердің барлық деңгейне білімді, білікті мамндар тартқаны. Керісінше ағылшындар бұл жаққа көп мән бермей қалғандары. Бүкіл әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттің бюджетінде білім саласына жоғарғы орындар тиюі қажет. Мысалы білім саласы арқылы дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 40% жасалады. Ғылым саласы ең күрделі интеллектуалдық іс-әрекет саласы. Ол тарихи діннен, өнерден, білім беруден кейін өмірге келді. Біздің дәүірімізге дейінгі 5 ғасырларда ғылымның алғашқы бастамалары өмірге келсе, ал шып мәніндегі ғылымң, ғылыми-техникалық прогресс пен индустриалды революцияның жемісі, ХVI – XVII ғасырларда ғана өмірге келді. Ғылымның негізгі мақсаты объективті болмыс туралы білімдерді теориялық жүйелеу және жаңа теориялар құрастыру. Білім болса осы ашылған, жасалған жаңа білімді қоғамға жеткізуі керек. Қазіргі кезде ғылым саласына біздің мемлекетте көңіл аударылғаныменен де ол әлі жеткіліксіз болып отыр. Мұндай жағдай Рессейге де тән. Соның бір негізгі көрсеткіші ғылыммен айналысқандардың қартаюыі. Ғылым қартайынп отыр. Оның бір фундаменталды себебінің бірі кешегі социалистік жүйеде құрылған ғылым құрылымы. Ғылым мен білім берудің екеүі бір бірімен іштей байланысының болмауы. Сондықтан білім беру жүйесі тек ағартушылық, ақпараттық функциялар атқарса ғылым саласы өндіріспен байланысты болмағандықтан даму процесін өз ішкі ауқымыменен шектеуде. Сондықтан білім беру жүйесі де ғылымнан әзірге алар материалдары да шамалы болуда. Мұндай жағдайдың мәселелерін шешу ғылым, білім, өндіріс салаларының біртұтас жүйе болып ұйымдастырып құру. Дәл осы жолменен дамыған елдер жүріп келеді. Олардағы негізгі ғылыми жаңалықтар университеттер қабырғасында жасалады. Ол дегеніміз білім алу барысында студенттер білімді нақты ғылыми зерттеу процестеріне қатыса отырып алады. Қазіргі жоғарғы білім алу жүйесінуе келесі процестер жүрүде: коммерциалану. Ақылы білім алудың пайдалы жақтараменен кемшіліктері де, біздің дамып келе жатқан ел үшін, аз емес. Жеке меншік жоғары оқу орындары бизнестік іс-әрекеттің тек бір жағын негізге алып ақша табуды мақсат етіп алған. Сондықтан олар білімнің сапасынан гөрі қайткенде де ақша табуды ойлайды. Осыған байланысты ол жерде қажетті материалдық техникалық база жеткіліксіз, білім беру мекемесінің иесінің субъективті іс-әрекеті, жемқорлық сияқты келеңсіз жайлар орын алған; элитизация болса ата-аналары жұмысшы, әлеуметтері нашар балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Олардың сапалы білім алуына әлеуметтік жағдайлардың қолайсыздығы кедергі болады; аумақтану (регионализация) студенттердің негізінен өз аймақтарының аясында білім алуы. Мұның бір жағынан пайдасы олардың материалдық, психологиялық тұрғыдан тимді болуы. Өз ата-аналарының қасында, үйреншікті әлеуметтік орта, жолға, жүріп тұруға шығын шықпайтындығы. Ал келеңсіз жайы, ол сол оқу орындарының материалдық базасы, ұстаздардың білім деңгейі, мүмкіндері орталықта орыналасқан белгілі жоғарғы оқу орындарына қарағанда төмендеу болуы. Децентрализациялану.Жоғарғы оқу орындарының өздеріне еркіндіктің берілуі жалпы талаптың біркелкілі орындалмауына алып келеді. Ешқандай министрлік олардың бәрін тексеріп, бақылап түзетіп отыруға ешқашанда мүмкіншілігі бола бермейді. Бұл әрине тек білім беру жүйесіне тән жағдай емес барлық салаға тән көрініс. Мұның түп негізі біздің жалпы құқықтық, мәдени, моралдік, рухани, әлеуметтік, салт- дәстүрлік, діли жағдайменен байланысты. Олар өзгермейінше тек қана білім беру және ғылым саласында ерекше өзгерістер болуы мүмкін емес. Жоғарғы, арнай орта білім алушылардың жұмысқа орыналысу мәселелері де мемлекет тұрғысынан тиімді шешілмеген. Жоғарғы білім алу көп жағдайда тек мәртебеліктің көрсеткішіне айналып отыр. Бұл процесс стихиалық түрде жүруде. Шын мәнінде бәсекелік те әлде болса іске асырылмай отыр. Бұл поцесс сихиалық түрде жүруде. Керісінше кейбір жағдайда сыбайлас жемқорлық, бұрынғы социалистік жүйеден де артық асқынып отыр. Оның ең бір дамыған саласы ғылыми дәрежелер мен атақ алуда көрініс табуда. Бұл жерде осы қоғамның дерті өте қатты етек жайып отыр. Ғылыми зерттеу тақырыбы, оны зерттеу, оны жазу, қорғау, оның нәтижесін бекіту барлығы сыбайлас жемқорлықтың толық үлесінде. Міне бұл мәселенәң әлеуметтік мәнін, астарын зерттеу және ашу социтологияның өзекті мәселесі.
1 Тақырып.
Социологияның пәні.
Семинардың мақсаты – социологияның мәні мен мазмұнын анықтау. Ол үшін оның қолданатын ұғымдарын, парадигмаларын, құрылымын, басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшіліктерін айыру.
Семинар жоспары.
-
Социология дегеніміз не? Оның қазіргі кездегі қажеттілігі, атқаратын ролі.
-
Социологиялық ұғымдар менен парадигмаларға сипаттама.
-
Социологиялық білімнің құрылымы.
-
Қазақстандағы социология ғылымың қалыптасуы.
-
Социология ғылымы менен филология ғылымдарының арақатынасы.
Әдістемелік ұсыныстар
Қандай ғылым болмасын оның өзіменен бірге және оның қалыптасу процесіне негіз болған және оның даму деңгейін көрсететін ұғымдары, заңдары болады. Ғылымның жетіліп, дамығанының айғағы оның ұғымдарының категориялық деңгейге жеткені. Неғұрлам ғылым дамып біз сол ғылымның қарастыратын ауқамындағы қатынастардың негізгі, жалпы, қайталынатын, тұрақты қатынастарын бейнелейтін ұғымдарды айтамыз. Категориялардың жеке, ерекше, жалпы түрлері болады. Білімді игеру үшін оның ұғымдарын, категорияларын, заңдылықтарын ұғыну керек. Олсыз ешқандай ғылымды түсінү, игеру мүмкін емес. Мысалы, математика ғылымын оның формулалары, теоремалары, теориялық заңдылықтарын білмейтін адам математиканы білмейтіні бірден көрінеді және ол математикаға олсыз жолай алмайды. Ал гуманитарлық ғылымдарда қайсібір адам өзін білгіш санай береді. Оның себебі бұл ғылымдарда математикалық формулар жоқ, мәселені түсіндіртенде де көптеген күнделікті сөйлеп жүртен сөздер қолданылады, сондықтан оларды білеміз деген пікір қалыптасады. Ондай пікірдің қате екенін сол саланы жетік игерген кәсіби білікті мамандардың арнайы еңбектері дәлел болады. Кез келген адам оны бірден түсіне де алмайды, өйткені арнайы дайындықты талап етеді. Мысалы, Платон, Аристотель, Әл Фарабилардың еңбектері осыған дәлел.
«Социология ғылымы дегеніміз не?» – деген сұраққа жауап беру үшін «әлеуметтік», «әлеумет», «социологиялық» ұғымдарды ажыратып, олардың мәнін түсініп алу қажет. Себебі социология ғылымы осы әлеуметтік, социологиялық қатынастарды зерттейді.
Қандай ғылым болмасын ол қоғамның қажеттілігінен туындайды, сондықтан социология ғылымының өмірге келүінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, техникалық, ғылыми, рухани алғышарттарын анықтап, жеке- жеке айыра және жүйелі біртұтас тұрғыдан ұғынып, түсініп алу қажет. Тек сонда ғана социологияның қазіргі кезеңде қоғамдағы атқаратын рөлін, қажеттілігін түсінүге мүмкіндік алуға болады.
2 тақырып.
Социологияның тарихи.
Семинардың мақсаты – социологияның өмірге келуінің әлеуметтік және ғылыми алғышарттарын, ғылым ретінде қалыптасуын, негізгі теориялар, бағыттарымен танысу, ұғыну. Соның ішінде қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.
Семинар жоспары.
-
Социология ғылымының өмірге келүінің алғышарттары:
-
Саяси.
-
Экономикалық.
-
Әлеуметтік.
-
Ғылыми.
-
Рухани.
-
-
Классикалық социологиялық теориялар:
-
Объективистік (Э.Дюркгейм).
-
Дау жан-жалдық (К.Маркс).
-
Субъективистік (М.Вебер).
-
-
Қазіргі шетелдік социологиялық теориялар:
-
Функционалдық (Т.Парсонс).
-
Феноменологиялық (А.Шюц).
-
«Алмасу теориясы» (Дж.Хоманс).
-
«Структурация теориясы» (Э.Гидденс).
-
-
Социологиялық теориялардың қоғамды танудағы .
Әдістемелік ұсыныстар.
Социология ғылымының басқа ғылымдар сенілді күрделі жолдан өтетіні заңдылық. Оның себебі социологияның объектісі қоғамның күрделігінде. Сондықтан қоғамның өзінің өмірінің негізі де қайшылықтардан тұратындықтан социологиялық теорияларда бір-біріне қарма-қарсы келеді. Ғылымдағы теориялар жеке дара ғалымдардың есімдерімен байланысты. Сондықтан классикалық социологиялық теорияларды қарастырғанда Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Веберлердің өмірлеріне де қысқаша тоқталған жөн және де олар өмір сүрген кезеңге социологиялық сипаттама берген дұрыс, сонда біз олардың ашқан теорияларындағы солардың рухани таңбаларын, іздерін сезіне аламыз. Сонда ғана біз өз сезімдерімізді, рационалды санамызды бірге таным процесіне қоса аламыз. Тек сонда ғана біз сол алған білімді өзіндік деңгейге жеткіземіз. Дәл осы принциппен қазіргі шетелдік социологиялық теориялар қарастырылуы қажет: функционалдық (Т.Парсонс), феноменологиялық (А.Шюц), алмасу теориясы (Дж.Хоманс), структурация теориясы (Э.Гидденс), «іс-әрекет философиясы» (П.Бурдье). Әр теорияны қарастырғанда өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, өз тіршілігімізді сол тұрғыдан тануға умтылған жөн. Сонда ғана алған ақпарат тек ақпарат түрінде емес біздің біліміз деңгейіне көтеріледі.
Талқылағанда схемалар, мысалдар, нақты фактілерді мейілінше кең қолдануға тырысу қажет. Презентация жасағанда тек қана экрандағы көріністермен шектелмей оны біздің өмірімізбен байланыстыру қажет. Реферат, баяндамалар, дискуссияда осы талаптарды ұстану тиімді.
3 тақырып.
Қолданбалы социологиялық зерттеулердің тәсілдері.
Семинардың мақсаты – қолданбалы социологиялық зерттеудің негізгі түрлерімен танысу, олардың тәсілдерін даярлау және оларды жүрізу, жиған социологиялық деректерді өңдеу мен қорыту, мәліметтер беру.
Семинар жоспары.
-
Қолданбалы социологиялық зерттеулер дегеніміз не? Оның қажеттілігі, атқаратын функциялары.
-
Қазақстандағы қолданбалы социологиялардың ахуалы, мәселелері.
-
Зерттеу бағдарламасы: құрылымы, әр элементтерінің функциялары.
-
Сауалнама. Құрылымы, сұрақтың түрлері, композициясы. Жүргізу талабы.
-
Сухбатнама. Түрлері. Мәселелер.
-
Құжаттарды талдау. Газеттің бір номерін талдау.
Әдістемелік ұсыныстар.
Қолданбалы социологияның социология ғылымына қажеттілігін анықтап алу қажет. Ол үшін социологияның өмірге келүге байланысты қоғамдық қажеттіліктің қойған талабын еске түсіру керек. Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың жаңа ғылымды жазып шыққандағы осы ғылымның басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшелігіне аса көп көңіл бөледі және соған байланысты ғылымдардың күнделілігіне, маңыздылығына, сапасына қарай оларды реттейді. Социология ғылымына ең жоғары баға береді. Оның себебі неде? Міне сонда біз қолданбалы социологияның ерекшеліктерін, мәні, мазмұнын түсінеміз.