Файл: Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 21.07.2020

Просмотров: 1961

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әрбір өркениет өзіне сай қалалар типтерін өмірге келтіреді. Қалалардың сыртқы түрі менен ішкі құрылымы оларды туғызғын іс-әрекеттің, тіршіліктің ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, өндіріске негізделген қалалар сол өндірістің мәніне сай болуы қажет. Оның инфроқұрылымы да, мәдениеті де, салт-дәстүрі де соған бағындырылады. Шахтерлердің, металлургтердің, химиктердің және т.б. қалалары. Негізгі қалалардың типіне сай еуропалық яғни батыстық қалалар. Олардың эволюция тарихында антикалық, ортағасырлық және қазіргі өндірістік қалалар тізбегі көрініс табады. Еуропа қалаларының өмірге келүі тарихы олардың мемлекетпен күрес негізінде экономикалық және сауда орталығы болып орнықты. Дәстүрлі мүсылмандар қалалары діни ритмге бейімделіп, діни құндылықтырдың негізінде құрылды. Орыс қалалары негізінде мемлекеттің басшылығымен құрылды және көпке дейін ауылға тәүелді болды және де мемлекеттік биліктің тұрақты жері болатын. Империалардың өздерінің колонияларына салған қалаларына келсек олар сол колонияны жаулау, оны бағындарып тұру үшін құрылды. Қазақстанның Ресей империясының тұсында салынған қалалар осындай функцияларды атқаратын. Сондықтан мұндай қалалар жергілікті халықты қанаушы, жәбірлеуші функцияларды атқарғандықтан оларға жау болды. Кеңестік үкіметі кезінде де осы саясат бүркеме түрінде жүргізіліп отырды. Қазақтардың қалаға қоныстануы Орталық билік жүргізіген саясат арқылы бақылауда ұстап олардың қалалық болуына түрлі тәсілдер қолдану арқылы шектеу салды. Әсіресе бұл астаналық, облыстық қалаларға байланысты. Ерекше аталатын әскери өндіріс комплексі (ВПК) қалалары: Курчатов, Ленинск, Приозерск сияқты қалалар. Бұларға жергілікті халық өкілдеріне қоныстану мүлдем тиім салынған болатын. Қазіргі Қазақстандағы қалалар сол империялық саясаттың салдарынан әлі де болса құтыла қойған жоқ. Соның белгілері қала көшелерінің аттары, тұрғындардың жағдайы, орталық аудан, шеткі аудан, үйлер меншіктігі. Қалалардың тарихи мыңызы адамзат қоғамының жаңа мәдени ұйымдастыру типінің өмірге келүімен байланысты. Олар өндіріс орындары, ақпарат коммуникациясы, мәдениет мекемелері, білім, ғылым ордасы міне осылардың негізінде және оларды игеру арқылы қалалық мәдениетпенен қалалық сана қалыптасады. Урбанизация процесі қала халқының абсалюттік және салыстырмалы өсуі, оның үлкен қалаларда шоғырлануы, қаланың территориясының кеңеюі, қалалық қатынастардың ауылдық жерлерге енуі, ауылдық жердегі тұрғындардың әлеуметтік-кәсиби құрылымдарының өзгеруі, әлеуметтік мобилділіктің дамуы. Қаланың кеңістік сипаттары өзгереді: метрополиялар пайда болады. Ол үлкен қала және оны қоршаған территорияның халқы. Олар осы қаланың экономикалық, әлеуметтік орбитасына кіреді. Мегалополистердің өмірге келүі яғни бірнеше метрополиялардың бір-біріменен шекараларының шектесуі. Урбанизация процесінің жалпы кездеренің жүру реті: 1) негізінен ауылдық қоныстар, қала жаңа ғана өмірге келуде; 2) қалалардың тез өсүі; 3) қалалық агломерациялардың қалыптасуы; 4) субурбанизация яғни қалалық агломерациялардың сыртқы тұрғындар есебінен өсүі; 5) қаланың тарихи орталықтары өсулерін тоқтатып агломерациялық кеңестіктің қарқынды өсуі, қала халқының тығыздығының мөлшерінің кішіреюі. Егерде Еуропа урбанизация процесі индустриалық даму негізінде жүріп, қаланы басқару жүйесін, қалалық мәдениетті, соның ішінде өзінбасқаруды яғни қала тұрғындарының қалалық басқару жүйесінен өз орнын анықтап, соған орыналасуы, қаланың меншігіне ыждағаттылық пен қарау-қасиеттері қалыптасса, Рессей урбанизация сының аяқталмай, созылып кетуі. Оның көрінісі қалалықтардың өмір тіршілігі әлі де болса ауылдық қасиеттерменен ұштасып жатуы, қала халқына қызмет ететін салалардың деңгейінің төмендігі, қалалық инфроқұрылымның мешелдігі, қалалықтардың өз қалалық тұтынымдарын, соның ішінде тіптен қарапайым қажеттілігін де қанағаттандыра алмауы.


Қазақстан қалалары қазіргі заман талабына сай өркениетті елдердің қалаларының тарихи қалыптасу кезеңдерін сұраптан өткізу және де сол елдердің қазіргі қаларын салудың логикасын, құралымдарын, инфрақұрылымдарын зерттеуден өткізіп өзіміздің жағдаймыздың ерекшеліктерін ескере отырып қалалар салу, қалаларды сол талаптарға сай өзгерістен өткізу қажет. Әрине ол еліміздегі саяси жағдайға, биліктің түріне байланысты. Олар өзгермейінше ондай өзгерістер болмайтына да анық.




9 тақырып.

Отбасы социологиясы.

Лекцияның мақсаты – отбасын социологиялық тұрғыдан қарастыру, оның тарихи даму кезеңдерін, типтерін, атқаратын функцияларын, қазіргі кезеңге сай түрін және Қазақстандағы отбасының мәселеріне көңіл аудару.

Негізгі ұғымдар – отбасы, отбасының өмірлік циклі, нуклеарлық отбасы, дәстүрлі отбасы, эгалитарлық отбасы, неке, моногамия, полигамия, полигиния, полиандрия, топтық неке, біркарьерлік модель, екікарьерлік модель, эндогамия, экзогамия.






Лекцияның жоспары:


  1. Отбасы, оның өмір циклі.

  2. Отбасының типтері.

  3. Қазіргі отбасы мәселелері.

  4. Отбасы және әлеуметтік тап.

  5. Қазақтардың отбасы және неке құру барысындағы өзекті мәселелер.



Отбасы қоғамдағы фундаменталды төрт институттардың бірі. Ол қоғамның тұрақтылығын және халық санын келесі буын арқылы толықтырып отарады. Соныменен қатар отбасы ең ынтымақты және тұрақты кіші әлеуметтік топ. Адам өз өмірсүру циклінде көптеген әлеуметтік топтың мүшесі болады, бірақта тек қана отбасын ол ешқашан да тастамайды. Ал достарын, құрбаларын, кластастарын және т.б. кезек келгенде қалдырып отырады. Отбасы некеге және қандық туысқандыққа негізділген кіші топ. Оның мүшелері тұрмыс тіршілігінің бірлігіменен, біріне бірі көмекшілдігіменен, моральдік және құқықтық жауапкершілігіменен сипатталады. Социологтар отбасын туыстық тұрғысынан қарастырады. Соныменен қатар отбасы арқылы буындардың сабақтастығы жалғасып отырады. Әр буында отбасының сабақтастығын жалғастыруы отбасының маңызды сипаттарының бірі. Отбасының өмір сүру циклі биологиялық емес әлеуметтік процесс, себебі отбасы некеге отырудан басталады және де ол мемлекеттік құжатпенен заңдастырылады. Отбасының өмір сүру циклінің бітуі ажырасуменен аяқталады және ол да мемлекеттік құжатпенен дәлелденеді. Ал ажыраспаған отбасының өмір циклі келесі кезеңнен тұрады: 1) некеге тұрудан ең соңғы баланың тууы; 2) алғашқы ересек баланың өзінің отбасын құрап бөлініп шығуы; 3) балалардың үйленүі жалғасуда. Бұл кезең «кемелденген» кезең дейді; 4) барлық балалардың отбасынан кетуін «бос қалған ұя» кезеңі дейді; 5) жалғыз бастылық немесе «өшу» кезеңі. Бұл кезеңде ерлізайыптының бірі өліп екіншісі қалуы мүмкін. Екіншісі де өмірден озған кезең отбасының өмір сүру циклінің аяқталғаны. Неке адамзат қоғамында әлеумет қолдайтан және заң түрінде бекітілген ерлізайтаптылардың жыныстық қатынасын міндетті ететін форма. Жыныстық қанағатсыздық немесе опасыздық некені бұзуға жеткілікті негіз болады. Некенің екі негізгі түрі бар. Эндогамиялық және экзогамиялық. Эндогамияда партнер тек өз тобынан болуы тиіс. Экзогамияда-басқа топтан. Соныменен қатар моногамия (еркек пен әйел одағы), полигамия (екіден көп партнерлардың одағы). Полигамия да: 1) полигиния – (бір еркектің бірнеше әйелдермен); 2) полиандрия (бір әйелдің бірнеше еркектермен); 3) топтық неке (бірнеше еркектің және бірнеше әйелдердің некелік одағы).


Отбасын негізгі екі типке бөледі: 1) дәстүрлі (яғни көпбуынды); 2) нуклеарлық (екі буынды); Балалар санына байланысты: баласыз, бір балалы, көпбалалы. Қожалыққа байланысты: патриархалды (отбасының қожасы еркек), материархалды (отбасының қожасы әйел) және эгалитарлық (ерлі зайыптының екеуі отбасының қожалары болып саналады). Қазіргі отбасын нуклеарлық дейді (лат. Nucleus - ядро). Өйткені отбасының демографиялық ядросы ата-аналары менен балалары. Олар жаңа буынның өсіп-өнуіне жауапты. Олар отбасының биологиялық, экономикалық, әлеуметтік ядросын құрайды. Ал қалғандар-атасы, әжесі, ағалары, әкпелері отбасының перифериясын яғни шетін құрайды. Егерде олар бірге тұрса онда ондай отбасы кеңейген отбасы деп аталады. Қазіргі отбасындағы ролдердің бөлінүі. Қоғамның индустриалдыға дейінгіден индустриалдыға, одан соң постиндустриалды дәүіріне өтү процесі дәстүрлі көпбуынды отбасыдан нуклеарлық отбасына көшу үстінде. Батыс Еуропа, АҚШ-тарында нуклеарлық отбасының үлесі 70% асады. Нуклеарлық отбасының өзі де эволюциялық өзгерістерге ұшырауда. Егерде алғашқы кезде мұндай отбасына біркарьерлік модель тән болса яғни отбасында ер адам өндірісте қызмет істесе әйелі үй шаруасыменен бала тәрбиелеуменен айналысады. Қазіргі кезде екікарьерлін модель кең етек жоюда. Ері де әйелі де қызмет жасап үй шаруашылығын, бала тәрбиелеуді бірдей бөліседі. Отбасындағы лидерлік мәселесі. Қоғамның қазіргі дамуына сай отбасындағы қожалық кімнің қолында деген сұраққа жауап бір жақты болуы мүмкін емес. Егерде индустриалды қоғамның өзінде ер адамның айлығы, әлеуметтік қызметтік статусы, қоғамның пікірі осы жағдайды қолдайтын болса енді жағдай өзгеруде. Әйел адамдарда қазіргі кезде өмірдің барлық саласыңда тендік мәселесін көтеріп отыр. Соның бір ғана көрінісі гендерлік саясат. Бұл бағдарлама халықаралық дәрежеде өтуде, соған байланысты әр елде осы мәселе көтерілуде. Ал енді социолгттардың кейбір зерттеулерінің мәліметіне сүйенсек Кеңес одағы ыдырау кезеңіндегі жаппай өндіріс орындарының жабылуы ер адамдардың көбінің жұмыссыз болуына алыпкеп соқты, осыған байланысты отбасындағы нақты қожалық әйелдер қолдарына өтті. Бұл мәселенің көптеген әлеуметтік келеңсіз жайлары аз емес. Мысалы, ер адамның жұмыссыздығы оның психологиялық, моралдік үлкен стреске ұрынуына алып келеді. Отбасының ажырасу мәселелері де қазіргі күннің ең бір өзекті мәселелерінің бірі. Ажырасу тек қана ерлі зайыптыларға ғана емес олардың балаларына тигізер зияндығы көп. Мысалы әнесіз өскен ер балада еркектік қасиеттер жөндеп дамымауын көптеген социологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Отбасы менен тап мәселесінің орны да өзгеше. Оның себебі бір мемлекетте, бір елде, бір ұлттың өзінде стратификацияалық, таптық ерекшіліктер негізінде отбасылардың айырмашылықтары да өте үлкен болып келеді. Мысалы, ең бай олигархтардың отбасының өмір сүруі, саяи дәстүрі мен кедейлер отбасының айырмашылығы басқа ұлттардағы олигархтардың олигархтармен кедейлердің кедейлермен жақындықтарыменен теңестіруге болатын шығар. Осыған байланысты байлардың балаларына өзімшілдік, ештемеге жауапкереместік, агрессивтік, эгоистік, цинизм және тағы сол сияқты мінездердің қалыптасуына әсіресе біздің кешегі тоталитарлық жүйеден қалған бүкіл әлеуметтік институттараменен қалыптасқан мінез-құлық, ділде өз үлестерін қосуда. Социологтардың зерттеулерінің тұжырымдарынша жоғарғы, орта, төменгі топтардың әрқайсысына тән отбасылық ерекшеліктер бар және де сол ерекшеліктерді отбасы арқылы жалғастырып, дамытып отырады. Мысалы орта тап отбасында өздерінің тіршіліктерін саналы түрде болжау, жоспарлау жұмысшылар отбасыларына қарағанда жоғары дамыған.








10 Тақырып.

Этносоциология.

Лекцияның мақсаты-түрлі этникалық ортада және әлеуметтік топтарадағы әлеуметтік процестерді қарау, этникалық мәдениеттің, дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этникалық қарым-қатынастарды, соған байланысты дау жан-жалдарды көрсету.

Негізгі ұғымдар: этнос, этникалық дәстүр, этникалық мәдениет, этникалық өмір сүрүуүлгілері, эникалық қарым-қатынас, этнос және ұлт, этникалық идентификация.


Лекцияның жоспары:

  1. Этникалық социологияның пәні, маңыздылығы.

  2. Этнос, ұлт, диаспора.

  3. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті мәселелері, шешу жолдары

  4. Қазақстандағы этносаралық мәселер. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы.


Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсү динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Қәзіргі кезеңде аса маңызды мәселе ол дәстүрлі этникалық мәдениеттің модернизациалынған мәдениетпен арақатысын зерттеу болып отыр. Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеү арқасында әлеүметтіктінің не екенін түсінүге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеүге бағытталған. Этносоциологияның маңызды бөлігін этномәдениеттерді зерттеүлер құрайды. Модернизациялау кезіндегі қәзіргі қалалар менен ауылдардың айырмашылықтарына байланысты этноәлеуметтік мәдени өзгерістердің динамикасы, дәстүрдің индивидтер мен этникалық топқа тигізетін әсерін социологиялық тәсілдерменен зерттеу арқылы нақтылы фактлерге негізделген жаңа ақпараттар алынады. Соныменен қатар этникалық идентификация және өзіндік идентификация процестері; этностардың арақатынасының динамикасы соның ішінде этникааралық дау жан-жалдардың шығуы мен оның дамуы; этникалық мобилділік пенен, елдер арасында және де республикасының ішкі миграция процестінің әлеуметтік мәселелері; этникалық диаспоралардың өмірге келүі менен олардың мәселелерінің әлеуметтік жағы. Этносоциология өз мәселелерін қарастырғанда міндетті түрде басқа да гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін, зерттеген материалдардың мәліметтерін қолданады. Соныменен қатар этносоциология өзінің негізгі устаннымдары деңгейінде жалпысоциологиялық теориялық методологиялық парадигмаларменен тығыз байлыныста болады. Мысалы, этносоциологияның қәзіргі кездегі қарайтын мәселелері жалпы модернизация теориямен байланысты. Көпке дейін модернизация теориясы модернизациялық процестерөді альтернативсіз жағымды процесс деп дәлелдеуге тырысты да және осы жолда айтарлықтай жетістіктергетде қол жеткізді. Бірақ та, оның жағымдылығы этникалық салт-дәстүрді, өзімдік мәдениетті қолданатын этностардың қарсылығын туғызды. Оны әлеуметтік тәжірибе де дәлелдеді. Этностың этномәдениетінен алшақтауы, жейіркенуі, дәстүрлі әлеуметтік институттарды жою және қалыптасқан өмірінің салт-дәстүрінен бас тарту прогрестің орнына хаос және қоғамның ыдрап, жоқ болуына әкеп соқты. Қәзіргі социологиялық теория бойынша дәстүр менен модернизацияны бір-біріне қарсы қоюға болмайтынын дәлелдеді. Соңдықтан қәзіргі кезде этносоциологияның әлеуметтік болмыстың дәстүрлі этникалық формаларын зерттеу, оларды қәзіргі жүріп жатқан модернизация процесімен салыстыру мәселелері актуалды бағыт болып саналады.


Қазақстандағы этносаралық мәселері қәзіргі кезде мемлекеттің турақтылығына, оның дамыған, демократиялық қуқықты елдер қатарына қосылуына зор ықпалы бар. Этникалық мәдениетті, дәстүрлерді унитарлық мемлекеттің гүлденуіне, өркендеуіне қызмет етуі үшін олардың жетістіктерін, ерекшеліктерін жалпы мемлекеттің, елдің игілігіне жумылдыру қажет. Мысалы, қәзіргі нарықтың экономикаға көшу әр этностың өзіне тән дәстүрінің, ділінің, еңбекету тәжірибесінің, рухының қаншалықты дайын екендігін нақты көрсетті. Сондықтан саудаға, нарыққа жақын этностардың тәжірибесін үйрену әр этнос өкілінің қажетті ісі деп танылуы дұрыс болар. Кеңестік заманда сауда сатыққа ыңғайлы адамдарды, ұлттарды жек көрінішті етіп көрсету үйреншікті жағдай болатын, соған орай адамдардың ойлауы, ділі қалыптасқан еді. Қәзіргі кезде де осы келеңсіз жағдай іс жүзінде әлде болса жойыла қойған жоқ.

Кеңестік жүйе өз саясатында интернационалдық ұлттыардың, этностардың теңдегі деп жариялап, оны пәрменді насихаттады, ал іс жүзінде одақтас елдерді және де кішігірім этностарды жоюға бағытталғаны этностардың тарихы дәлел боп отыр. тарихы. Соның салдарынан мәнкүрттену процесі қарқынды жүрді. Оның бір көрінісі жертілікті ұлттармен этностардың өкілдері өз ұлтынан, этносынан жиіркеніп, оны кемсітітетін жағдайға дейін жетті.

Кезінде Рессей империясына көптеген ұлттар, этностар зорлықпен қосылды, оларға хайуандықтар жасалды. Міне оның барлығы халықтардыңң ұлттардың, этностардың тарихи жадында сақталуда. Сондықтан, этностарлық ынтымактастың болу үшін болған фактілер жарияланып, өзіне тиісті бағаларын алуы керек. Осы тұрғыдан еврей ұлты өзінің кезінде көрген қорлықтарының бірін қалдырмай қарастырып, оған кінәлі жеке адам болсын, бүкіл ұлт болсын құқықтық, экономикалық жазасын алып жатыр. Міне осы тәжірибе басқа ұлттар тұрғысынан қарстырылуы міндетті түрде керек. Олсыз ұлтаралық қатынастар терең және түбегейлі өзгермейді. Сондықтан қазақ ұлтының Рессей империясы, кейіннен Кеңес үкіметі кезінде көрген этногеноцидін сол еврейлер сияқты дәрежеде баға берілуі керек. Этносоциология адамзат тарихында этникалық мәселелер күн тәртібінен түспейтіні, адамзаттың демократиялық, гуманистік дамуы әр этностың өзіне тән мәдениетін, тілін, дінін, ділін дамыту, өркендеу негізінде ғана жүрегінін дәлелдеп отыр.


11 тапсырма.

Жастар социологиясы .

Лекцияның мақсаты – жастарды жасына қарай бөлек топ ретінде сипаттау; өмір жолының кезеңін қарастыру; жастар туралы негізгі концепциялармен танысу; жастардың субмәдениетінің ерекшелігін көрсету; қазіргі жастардың құндылық бағыттарына талдау жасау; соның ішінде қазақ жастарының.

Негізгі ұғымдар – жастар, жастық, буын, постфигуративтік, конфигуративтік, префигуративтік мәдениеттер, жастар мәдениеті, субмәдениет, стиль, дағдарыс, құндылықтар бағыттары, жастар саясаты, ювентизация.