Файл: Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 21.07.2020

Просмотров: 1962

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әлеуметтік рөл әр адамның қоғамдағы орны деген түсінікке де саяды. Мысалы, біреу инженер, біреу оқушы, біреу оқымысты болуы мүмкін. Олардың әрқайсысының қоғамда өз орны бар және оған сәйкес әлеуметтік рөлдері де айқындала түседі.

Әлеуметтік рөл түсінігінің сөздіктерде мынандай нұсқалары көрсетілген:

  • Әлеуметтік рөл әлеуметтік жүйе мүшелерінің белгілі бір қалыптасқан нормалардың, әлеуметтік статусы мен позициясы негізінде қоғамдық және жекелік қатынастарға түсуі. (Большой энциклопедический словарь)

  • Әлеуметтік рөл адамның жеке әлеуметтік позициясының әлеуметтік институттардағы әрекеттерінің моделі. Басқаша айтқанда, адамға қойылған талаптардың ақталуы. (Википедия)

  • Рөл актер сомдаған көркем образ.


Ең бірінші бұл басты рөльдерге жұмысты, отбасылы азаматтарға қатысты. Бұндай жағдайда қоғам көзқарасы Жеке тұлғаның көзқарасымен үйлеседі. Өйткені әлеуметтік рольдер тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен дамуының формасы болып табылады, ал олардың сәтті өтуі адамзат бақытының кепілі болады. Шындығында, бақытты адамдардың жақсы отбасылары болып, өздерінің іскерлік міндеттерін жақсы атқарып, қоғам өміріне, мемлекеттік істерге белсенді қатысып отыратынын байқау қиын емес. Алайда адамның өмір сүру кезіндегі әлеуметтік рөльдердің қажеттілігін табу оңай шаруа емес. Ол үшін күш-жігер, уақыт және қабілет керек , сонымен қатар әлеуметтік рөльдерді орындау барысында келіспеушілік бола қалған жағдайда соны шеше білу керек. Ол келіспеушіліктер ішкі, аралық және тұлғалық-рөльдік болуы мүмкін.

Ішкі-рөльдік келіспеушіліктерге бір рөльдің бір-біріне қарама-қарсы келуі жатады. Мысалы, ананың бойындағы қасиет балаларына тек қана жылылық пен жұмсақтық таныту емес, сонымен қатар талапеткіштік пен қаталдық. Сүйікті балаң бір қателік жасап соның жазасын беру керек болған жағдайда бұларды бір-бірімен сәйкестендіру оңай құбылыс емес. Ішкі-рөльдік келіспеушіліктің әдеттегі шешімі мынадай қағидаларға негізделеді: Әкенің балаға қатал қарап, жазасын беру міндеті болса, ананың міндеті сол жазаны жеңілдетіп, жұбату болады. Бұл жерде ата-ана берген жазаның әділетті екенін байқаймыз.

Аралық-рөльдік келіспеушілік бір рольдің қалауы екінші рольге қарама-қарсы болған дағдайда туындайды. Бұндай келіспеушілктің жарқын бір көрінісі әйел адамның екі жақты іс-қимылы десек болады. Отбасылы әйелдердің ісбастылығы оларға жақсы әйел және қамқор ана болуына кедергі етеді. Бұл келіспеушілікті шешуге аз шешімдер айтылған жоқ. Қазіргі уақытта іске асып жатқаны және болашақта да жалғасын табады деп ойлайтынымыз, ол отбасы мүшелерінің міндеттерді тең бөліп атқаруы және де әйел адамдардың қоғамдық жұмыстардағы уақыттарын қысқартуы.(мысалы, толық емес жұмыс күні, аптасы; күн тәртібінің ұтымды жасалуы.)

Енді әлеумттену түсінігінің мағынасын ашсақ - бұл барлық мәдени дәстүрлерге тән, сонымен қатар индивидтің білімін, құндылығын және нормаларын іске асыратын процесс. Әлеуметтену түсінігін философия , социология, әлеуметтік психология, психология, педагогика, тарих, этнография ғылымдары оқытады. Әлеуметтену философиялық қиындық ретінде тек әлеуметтік философия бағытында, әлеуметтік реализм дегендей қиындықтарға жолығады, тарихи категорияларда түрленбейді. Әлеуметтенудің философиялық негізгі дәстүрін әлеуметтік психология Тардтан бастау алады; ол белсенді түрде классикалық психанализде дамыды; интеракционизммен, марксизммен, жүйелі-функционалды талдаумен, бүгінгі күндегі әлеуметтенудің зерттелуі бойынша символикалық интеракционизм мен психодраманың бағыттарымен т.б. Әлеуметтену процесінде адамды мәдениетке қосу, сонымен қатар ол үшін автохтонды түрде болатын белгілі бір халық дәстүрінің мәдениетіне қосу болады.


Әлеуметтену процесі мәдени ортаға бейімделу процесі секілді индивидтің бүкіл ғұмырында жүріп отырады. Бірақ оның функционалы-мазмұнды экстремумы баланың екі жас пен алты жас аралығына ғана тиесілі. Ал бұл жастан өтіп кеткен homo sapiens үшін бұл мүмкін емес. Қасқырлардың ортасында өскен әйгілі Амал және Кемал, бүркіт ұясындағы Гоимед баланы әлеуметтендірудің олардың жағдайында мүмкін емесігін көрсетеді.

Әлеуметтену мәдени әдет-ғұрыптар сияқты жеке тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Бұл мағынада әлеуметтену нәтижесі ретінде бұрыннан қалыптасқан жеке тұлғаның варияциялары көрінеді. Олардың вариаттылығы нақты бір жекелеген әлеуметтік жағдайлардың және туа пайда болатын психологиялық жағдайлардың көптүрлілігімен шартталған.Олардың интегралдық қауымдастығы мәдениетте стандартталған тәуелділікке ие және белгілі бір орта түзетін матрицалардың парадигмалық бірлігі болады. Бұл жекелеген мінез-құлықтардың қоғам мақұлдамайтын жағдайларға әкелуімен аяқталады. Осындай бекітулерге операциялы түрде ие болу марапаттауға немесе жазалауға әкеп соқтыратын мынандай қағидалар арқылы жүзеге асады: «сүйсінушілік-қайғыру» (Фрейд) немесе «тежеуіштік-субстанция» (Парсонс). Әлеуметтенудің психологиялық механизмі тұлғаның мына рольдердің бірін қабылдауы арқылы көрінеді: «еліктеу» ( Тард), өзін басқа біреуге теңдестіру (Фрейд), « басқа біреудің ролін қабылдау» (Дж. Г. Мид), «еліктеушілік және теңдестірушілік» ( Парсонс). Осындай контекстерде әлеуметтену агенттері қиыншылықтарға тап болады, олар бұл жағдайда үлгі ретінде кім көрсетілуі тиіс деген сұрауға жауап іздейді. Бұл жерде әлеуметтену таным сапасының тұлға қалыптасуындағы мақсатталан ықпалы ретінде қарастыратыны сияқты, тұлғаның мәдени-әлеуметтік контекске сәйкес объективті ұйымдасқан процесстің маңыздылығын есте ұстау қажет. Фрейд концепйиясында бұндай үлгі болатын модель ретінде отбасы алынған (алдыменен ата-ана); ал Т. Тернердің көрсетуінше әлеуметтік агенттің референті ретінде отбсылық жағдайы жоқ топ қана қатыса алады делінген. Дегенмен, әртүрлі нұсқаларға қарамастан әлеуметтену біріншіден «басқа-басқалар» деп, екіншіден «мағыналы басқа-басқалар» деп түрленеді. Бұған мысал «мұғалім-оқушы» (Тард) принципіне негізделген тікелей қатынас бола алады. Жеке тұлға «өзіне жалпы құндылықтарды» басқа бір білікті адаммен қарым-қатынас жасау барысында алады. ( Парсонс) Мидтің айтуынша субъект үшін басқа бір тұлғаның рөлін қабылдау сатылай жүзеге асады. Алдымен өзі үшін беделді адамдардың роліне кіру ( ата-ана, үлгі тұтар достары, әдеби немесе кино кейіпкерлері), содан кейінгісі басқаны максималды түрде танитын абстрактілі «негізделген басқа» рөлінде. Негізделген басқа жағдайына жеткенде жаңағы әлеуметтенудің агенттері (ата-ана, топ) өзіндік бағалауға айналады. Бақылау жекелеген танымға кіреді де, физиологиялық организм рефлекстік таным «менге» айналады.(Мид)


7 тақырып.

Әлеуметтік стратификация.

Лекцияның мақсаты – теңсіздіктердің шығуы туралы теориялармен танысу, түрлі стратификалық жүйелерді талдау, қазіргі индустриалды қоғамның стратификациялық жүйесімен танысу, мобилділіктің түрлері, Казақстан қоғамының стратификациалық жүйесі.

Негізгі ұғымдар: теңсіздік, стратификация, тап, орта тап, мобилділік, тікелей мобилділік, тең мобилділік, ашық қоғам, жабық қоғам, стратификацияның тарихи типтері, стратификацияның профилі, каста, құлдық, білім, табыс, билік, мәртебе.


Лекцияның жоспары:


  1. Әлеуметтік стратификация: ұғымы, теориялар.

  2. Әлеуметтік стратификация жүйесі.

  3. Мобилділік, түрлері, каналдары.

  4. Жоғарғы, орта, төмендегі таптардың әлеуметтік көрсеткіштері.


Әлеуметтік стратификация социологияның негізгі тақырыбы. Онда қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы табыс және тұрмыс қалпы, мәртебе мәселері қарастырылады.

Алғашқы қоғамда әлеуметтік теңсіздік азғана, соңдықтанда аса әлеуметтік стратификация жоқтың қасы болатын. Күрделі қоғамда теңсездік өте күшті болғандықтан адамдар табысына, білім деңгейіне, билікке байланысты қатты бөлінді. Алдыменен каста, сонан соң сословие, кейіннен тап пайда болды. Кейбір қоғамдарда бір стратадан екіншісіне аусуға болмайды; кейбірінде аусуға болғанмен де шектеу қойылған; қазіргі кезде көбісінде толық рухсат етілген. Қоғамның ашық немесе жабақ екенін осы бір стратадан екіншісіне өту мүмкіншілдігі анықтайды. Стратификация ұғымы геологиядан алынған «страта» яғни жердің қыртысы дегенді білдіреді. Осы образ арқылы қоғамның құрылымы да жер қыртысы сияқты ерекше бөлшек- бөлшек болатынды көрсетеді. Әлеуметтік қыртыс төменнен жоғары қарай ерекше орыналысады. Оның ерекшелену негізінде байлықтың өлшемі жатады: кедейлер төменгі қыртыста, ал байлар жоғарыда орын алады. Әрбір қыртыс байлығы, билігі, білімі және мәртебесі шамасы бірдей адамдар тобынан турады. Әлеуметтік стратификацияны өлшеудің төрт өлшем көрсеткіштері бар: 1) байлық; 2) билік; 3) білім; 4) мәртебе.

Байлық қазіргі кезде ақшаменен өлшенеді. Байлар табының негізгі байлықтары ол олардың жиған мүліктері, өндірістері және т.б. Ал орта тап өкілдерінің негізгі байлықтары ол олардың ақшамен түсетін кірістері (айлықтарды, зейнетақылары және т.б.). Негізінен байлық атадан балаға мұра ретінде келеді, ал айлық болса тек жұмыс істегендерде болады. Байлық пен кірістің тең бөлінбеуі экономикалық теңсіздікті тудырады. Ақшалары, байлығы көп адамдардың тұрмыс қалпы да, тіршілікктері де басқа топ өкілдеріне қарағанда ерекше болады. Экономикалық теңсіздік түрлі топ өкілдерінің өмір сүру мүмкіндіктеріне қатты әсер етеді. Ақшалары көп адамдар жақсы, түрлі тамақтанады, өте комфортты үйлерде тұрады, жақсы демалады. Олардың өмір сүруілері кедейлерге қарағанда ұзақ және сапалы. Білім оқыған жылдың санаменен өлшенеді. Мысалы, профессор 20 жылдан астам формалды білім алады, ал сантехник болса ортажылдық білімі болмауы мүмкін.


Биліктің өлшемі қанша адамға шығарған үкім арқылы белгіленеді. Соныменен стратификация шкаласының үшеуінің объективті өлшемдері бар: долларлар, жылдар, адамдар. Ал, мәртебе болса субъективтік өлшемменен есептеледі. Мысалы, белгілі бір мамандық әр қоғамда әр түрлі бағаланады. Мамандықтар сол қоғамның пікірімен өлшеніп олардың мәртебелік иерархияда өзіне тиісті орнына ие болады. Кейбір жағдайда мәртебе ақшаның бағасымен есептелмейді. Мысалы, сантехник жоғарғы оқу орнының ұстазанан ақшаны көбірек табуы мүмкін. Бірақ та, көп қоғамда бұл екеуінің мәртебесі өте алшақ болады. Стратификацияның тарихи типтеріне келер болсақ олар қоғамның ашық немесе жабық түріне байланысты болады. Жабық қоғамда бір әлеуметтік статустан екіншісіне өту мүмкін емес. Бұндай жүйеге құлдық, касталық және сословиялық қоғам жатады. Ал ашық қоғамда бір стратадан екіншісіне ауысуға жағдайлар жасылған. Мысалы, Индиядағы касталық құрылымға келсек оларда негізгі 4 касты бар: брахмандар (діни қызметкерлер), кшатрии (әскерилер), вайшии (саудагерлер), шудра (жұмысшылар мен шаруалар) және 5 мыңға жуық негізгі емес кастлармен кастаның ішіндегі шағын топтар бар. Соныменен қатар қоғамнан шеттетілген, ешбір қорғансыз, құқықсыздар бар, олар ешқандай кастаға кірмейді және қоғамның стратификациялық сатысынаң ең төменгісі. Индустриализация соған тән урбанизацияға байланысты касталардың орнына таптар келүде. Бірақта ауылда, ал Индияның 7/10 тұрғандар сонда тұрады, сол касталық жүйе қалыптасқан. Жастар стратификациялық жүйенің ең жас және ашық типі. Американ зертеушісі Уорнердің топтастыруы бойынша американ қоғамы келесі страталардан турады:

  1. Ең жоғарғы жоғарғы тап – «қанынан аристократтар»;

  2. Төменгі жоғарғы тап – «жаңа байлар»;

  3. Жоғарғы орта тап – кіші буржуазия мен жоғары жалақы алатын мамандар;

  4. Ортаңғы орта тап – жақсы төлемақы алатын қызметкерлер, оқытушылар, орта қолды менеджерлер;

  5. Төменгі орта тап – төменгі қызметкерлер мен маман жұмысшылар. Бұлар тәп тәуір өмір сүруіне мүмкіндіктері барлар;

  6. Жоғарғы төменгі тап – орта және төменгі маман жұмысшылар, олар көпшіліктік өндірістерде жұмыс істейді. Олардың салыстырмалы бақуаты өмір сүреді, бірақта жүріс-тұрыстары, іс-әрекеттеріменен жоғарғы және орта топтан ерекшеленеді;

  7. Төменгі-төменгі тап – Бұларды «қоғамның түбі» немесе андеркласс дейді. Бұлар подвалдар мен чердактарда, тағы да сол сияқты адам тұруға еш жағдай жоқ жерлерде тұрады.


Стратификацияның профилі деп мемлекеттің тұрғындарының жоғарғы, орта және кіші таптағы пайыздық үлесін көрсететін графикалық сипаттама.


1992ж. АҚШ пен Рессейдің стратификациялық профилі:


АҚШ (1992ж)

Рессей (1992ж)

Жоғарғы тап

5%

5%

Ортаңғы тап

81%

14%

Төменгі тап

14%

80-90%



Посткеңестік қоғамда соның ішінде Рессейде, Қазақстанда стратификация әлеуметтік поляризация және «бразилификация» түрінде өтүде. Бірінші ұғым байлар мен кедейлердің арасының алшақтауын көрсетсе, екіншісі-орта таптың азаюын, кедейшіліктің, жұмыссыздықтың өсүі, көлеңкелі экономиканың, жемқорлықтың дамуын көрсетеді.


Қазіргі посткеңестік елдердегі (Рессей мен Қазақстан) жоғарғы ортаңғы, төменгі тапқа социологиялық талдау. Олардың мәселелері. Қоғамның «әлеуметтік түбі» және маргиналдар. Миргиналдар деп екі әлеуметтік таптың шекарасында тұрғандарды айтады. Олар екі тапқа да жатпайды және оларға тән сипаттарды игермегендер. Сондықтан бұлар «не анда, не мұнда жоқ» адамдар. Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б.






8 тақырып.

Қала социологиясы.

Лекцияның мақсаты – қалалық өмір сүрудің ерекшеліктерін анықтау; қалалардың пайда болуының тарихи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, тарихи типтерін қарастыру; урбанизация процесінің негізгі кезеңдерін және кеңестік-қазақстандық урбанизацияның ерекшіліктерін ашып көрсету.у, қалалық өмір сүру, батыстық қала, мұсылман қалалары, орыс қалалары, метрополия, агломерация, мегалополис, урбанизация, «жалған урбанизация».


Лекцияның жоспары:


  1. Қаланы социологиялық тұрғыдан қарастыру.

  2. Урбанизация процесі және қала мен ауыл арақатынастары.

  3. Қазақстан қалалары, урбанизация процесінің жүру мәселелері.

  4. Қазақ халқының қалалық болу, урбанизация процесіне араласу мәселелері.


Қаланың анықтамасында біртұтас территориялық бірлікте көптеген тұрғындардың тұратыны және олар өте жоғары тығыз, тұрақты тұрушылар, олардың өмірі әлеуметтік көптүрлі болып келетіні, өздерінде ауылшаруашылық өнімдерін өсірмейтіні келтіріледі. Қала менен ауылдың өмір сүру ерекшіліктері айырықша мәдени нормалар менен сананы қалыптастырудың негізінде қалалық және ауылдық өмір сүру болып бөлінеді. Ауылдағы өмір сүрудің ерекшеліктеріне тоқталайық: 1) тұратын қоныстың салыстырмалы кішігірімдігі және соның негізінде тұрғындардың тікелей бір-бірімен қарым-қатынасы, туыстық және көршілестік жақындық; 2) әлеуметтік мобильділіктің төмендігі: адамдар, негізінен, сол туған жерінде қалады; 3) өмір сүру темпі табиғат циклыменен анықталады, олар адамдардың іс-әрекетіне, дәстүрлеріне ықпал етеді және де әдет негізінде сақталып іске асырылады; 4) іс-әркетің басқаруының негізгі әлеуметтік механизмі сыртқы бақылау; 5) тұрақты тәртіпке және соны сақтайтын авторитетке (отбасы қожасынан мемлекетке дейін) мұқтаждық, дүниегекөзқарасында консерватизмнің басымшылығы, жаңалықтарды ұнатпаушылық. Жалпы қалалық өмірге тән сипаттар: 1) масштабтылық, тоқтаусыз өзгеріп отыратын орта, түрлі көптеген нәрселердің әсерлері; осыған байланысты тікелей жекелей қатынастардың орнына екіншіленген функционалды қатынастар қалыптасады. Олар кездейсоқ, таркәсібилік, прагматикалық; адамдар қатынасы терең болмайды, олар бірінен бірі алыстайды; 2) әлеуметтік мобилділік, әлеуметті өмірдің динамизмі, қалалық тұрғын статусының тұрақсыздығының ұлғайауы; 3) адамдар ара-қатынасы олардың кәсібилік мүддеріне негізделіп, көршілестік қатынастар әлсірейді, әлеуметтік-топтық құрылымда алдыңғы қатарға нуклеарлық отбасы (ата- анасы және балалары), өндіріс ұжымы, таңдап алынған жолдастар тобы; индивидтің өзінің көршілеріменен, туыстарыменен өткізетін уақыты азаяды; 4) өзінің іс-әрекеті құқықтық реттеуге және өзін-өзі бақылау механизмдеріне ауысады.