ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 21.07.2020
Просмотров: 1959
Скачиваний: 5
«Әлеуметтік факт» бағытын қолдаушы Э.Дюркгеймнің (1858-1917) ұғымынша қоғам жеке индивидтердің ынытазарлығы арқылы өмірге келіп, өмір сүреді. Әлеуметтік фактілер адамдардың бірігүін, қоғамның тұтастығын сақтап тұрады. Олар әлеуметтік нормалар, қоғамдық моралдің қарапайым ақиқаты, отбасы өмірінің үлгісі, діни ритуалдар мен ырымдар, әдет-ғұрыптар.
Жан-жалдастық бағытты қалаушыладың бірі немістің саяси қайраткері, философ, социолог, тарихшы, экономист К.Маркс. Ол адамзат тарихын материалистік көзқарас тұрғысынан қарайтын теория жасап шығарды және де сол теорияны іске асыру үшін әлемдік деңгейде үлкен революциялық қозғалыстар жүрді. Соның нәтижесінде социалистік мемлекеттер, социалистік жүйе қалыптасқан еді. Сондай мемлекеттердің бірі КСРО болатын. Қоғамның даму негізінде таптардың күресі жатады және де ол күрестің негізгі мақсаты тапсыз қоғам орынату. Капиталистік қоғамдағы негізгі таптар болып буржуазия мен жұмысшы табы саналады, сондықтан негізгі күрес осылардың арасында жүреді. Жұмысшы табы міндетті түрде жеңіске жетеді, бірақ та олардың мақсаты билікті өздерінде мәңгілік сақтап қалу емес , керісінше таптық қоғамды жойып тапсыз, әлеуметтік біртекті әділетті қоғам орынату. Бірақта бұл теория іс жүзінде өміршең болмай небары 70 жылдай өмір сүрүге ғана жарады.
Түсінісетін социологияны қалаушы М.Вебердің (1864-1920) ойынша адамның іс-әрекеттері саналы түрде жасалады, сондықтан оларды сыртқы бейнелеумен шектелмей ішкі мәнін ұғыну, түсіну қажет. Сондықтан Вебердің негізгі мақсаты адамдардың іс-әрекеті негізінде жатқан құндылықтр, сенімдер мен пікірлер, қағидаларды зерттеу. Жеке адам әлеуметтік іс-әрекеттің иесі. Осыған байланысты ол социологияға «идеалды тип» ұғымын енгізді. Идеалды тип дегеніміз әлеуметтік феноменнің негізгі сиппатарын айқындау үшін жасалған теориялық конструкция. Ол эмпиралық болмыс емес, теориялық схема. Оның реалдық өмірге дәлме- дәл келетін аналогы жоқ. Былайша айтқанда ол болған жағдайды өлшеуге мүмкіндік беретін өлшеуіш құрал.
Т.Парсонс /1902-1979/ ХХ ғасырдың екінші жартысының көрнекті социологтарының бірі. Ол функционалистік көзқарасты мейілінше толықтай жасап шықты. Ол әлеуметтік тәртіп мәселесін ең бір өзекті мәселе деп қарастырып, соны қоғамда қалай қалыптастырудың жолдары мен тәсілдерін анықтауға үлкен үлес қосты. Ол өз тұжырымын коммерциялық іс-әрекеттің тәжірибесін талдай отырып дәлелдуге тырысады. Бизнесмендер өз арақатынастарында тек заңға сүйеніп қана іс-әрекет жасамайды, негізгі жаупкершілік моральдық нормаларды бұлжытпай орындау керек деген құндылықарда жатады дейді ол. Егерде осындай жалпы барлық бизнесмендер мойындайтын құндылықтар болмаса, онда ешқандай бизнестің басқа өндіріс салаларында бәсеклікте жеңіп шыға алмас еді деген тұжырым жасайды. Сондықтан да экономика саласындағы тәртіп ортақ моральдік құндылықтарға негізделеді. Парсонс қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастырып,ондағы төрт фунционалдық талапты анықтап көрсетеді. Олар 1.Бейімделу. 2.Мақсатқажету. 3.Интеграция. 4.Үлгіні сақтап қалу. Социологиядағы феноменология бағытының негізін қалаушы австриялық А.Шюц (1899-1959). Оның ойынша адамдардың әлеумет әлемін тануы, оған мән беруі жеке адамға тән қасиет емес. Ол қоғамның барлық мүшесі қабылдаған, балаларға тіл үйрену, кітап оқу, басқа адамдармен сөйлесу арқылы берілетін «типизация», яғни заттар, құбылыстар табын белгілейтін ұғымдар. Олар арқылы адамдар бір бірін түсініп отырады.
П.Бурдье /1930-2002/ өте көрнекті француз социологы. Әлемдік ғылыми бағалау өлшемі бойынша /табель о рангах/ ол бірінші орында тұр. Ол алғашында философия саласында, онан антропология, содан барып социологияға келген. Оның көзқарасының негізін іс-әрекет ұғымы құрайды. Теоретикалық концепцияларының негізгі идеалары- әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік алаң /поле/, мәдени және әлеуметтік капитал, габитус. Соның ішінде габитус ұғымына тоқталайық. Бұл ұғым арқылы ол социология ғылымында қалыптасқан бір біріне қарама-қарсы /объективтік, яғни әлеуметтік құрылым және субьективтік, яғни жеке индивидтің практикасы/ екі теоретикалық ұстанымдардың біржақтылығы шеңберінен шықпақ болды. Габитус-агенттердің түсініктерін, практикасын құрылымдастыратын және оларды тудыратын диспозициалар жүйесі. қабылдау матрицасы, мақсат қою, мәселелерді шешу, іс-әрект жасау ретінде жұмыс істейді. Габитус дегеніміз қабылдаудың, бағалаудың, топтастырудың және іс-әрекет жасаудың, практиканың нәтижесі мен индивидтің сана елегінен өтпеген /бессознательный/ әлеуметтік құрылымдарды интериоризациаландырудың біртұтас диспозициялық жүйесі.
Бір жағынан габитус-бұл индивидтке тән қабылдау, бағалау, топтастыру және іс-әрекет жасаудың ішкі схемасы. Басқа жағынан- әлеуметтік агенттердің ұғынып және өзімденіп алған интериоризандылған әлеуметтік қатынастар. Габитус әлеуметтік институттарды ұдайы өндірілуіне жағдай тудырады, институт құрылымы индивидтің ішкі құрылымына сіңісіп болашақ практикада ұдайы өндіріліп /воспроизводство/ отырылады. Габитуста бір тап өкілдерінің, кәсіби мамандардың, ұлттардың бағалау және ойлау тәсілі, эстетикалық талғамы, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәнері, өмір сүру қалпы басқалардан ерекшелендіріліп нақтыланған.
Габитус әлеуметтік кеңістікте агенттің спонтанды үйренуіне және туындаған оқиғалар мен жағдайларға адекватты қыймылдауына мүмкіндік туғызады.Габитустың санадан өтпегедігі оның тәнділігімен /телесность/ анықталынады, денеге сіңілген ұстанымдар, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, жүрісі, стилі арнайы инкорпориаландырылған талаптарға бағыну арқылы көрінеді.
Джордж Каспар Хоманс /1910-1989/ ,амрикандық социолог, Гарвард университетінің профессоры. Ол алмасу теориясын өмірге әкелген ғалым. Хоманс әлеуметтік құрылым ұғымынан бас тартып, оның орнына алмасудың субмәдениеті ұғымын енгізді. Әлеуметтік іс-әрекетті материалды және материалдыемес құндылықтардың алмасуы ретінде қарастырды. Алмасудың дәрежесі мен сапасы әлеуметтік қатынастардың тұрақтылығына әсер етеді. Алмасу үдерісіне қатысушылардың әр қайсысы болмасын пайдаларын өсіріп, керісінше шығындарын азайтуға тырысады.
Энтони Гидденс /1938/ қазіргі заманның көрнекті британ социологы. Ол социологияда қалыптасқан құрылым мен іс-әрекет деп бөлінетін біржақты дәстүрді үйлестірмек болды. Оның тұжырымынша құрылым іс-әрекетсіз, іс-әрекет құрылымсыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік іс-әрекет құрылымдарды тудырады және де оларды жаңадан өндіріп отырады. Ол осы мәселені теориялық деңгейде шешу үшін «структурация» ұғымын ойлап тапты. Оның тұжырымынша құрылым әлеуметтік іс-әрекеттің іске араласуын қамтамасыз етеді, ал әлеуметтік іс-әрекет болса осы құрылымды тудырады. Осыған дәлел ретінде ол мысал ретінде тілді алады. Тіл-бұл әлуметтік құрылым, ол жеке индивиттерге тәуелді емес секілді көрінеді және оған негіз де бар. Өйткені жеке индивидтер өмірге келген кезде олар міндетті түрде қалыптасқан ережеге байланысты сөйлеп, жазып отырады. Бірақта өмірдің талабына сай тіл де өзгеріске ұшырайды. Ескі сөздер ұмытылып жаңа сөздер өмірге келеді. Ал оларды өмірге алып келген адамдар, яғни басында олар тілдің ережесіне бағынса, енді олар тілді тәуелді жағдай дәрежесіне түсіреді.
Гидденстің пайымдауынша адамдар туғанынан әлеуметтік өмірдің тұрақтылығын қалайды. Оларда табиғат пен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына деген тұтыным туғанан қалыптасқан. Бұл мүмкін тәннің өз физиологиялық қасиеттерін қорғап қалу үшін қалыптасқан жағдай шығар. Сонымен қатар адамдардың арасынан қоғамдағы қалыптасқан жағдайға келіспейтіндері де кездеседі. Олар көп ойланады, өз іс-әрекеттерінің қойған мақсаттарына жеттіме, жоқ жете алмады ма соны қарастырады. Егер де қол жеткізбесе, онда олар өздерінің іс-әрекеттерін өзгертеді. Ал ол дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан қарым-қатынастарды өзгетрту. Гидденстің тұжырымынша адамдардың қоғамдағы жүріс-тұрыстары билік қатынастарына байланысты.
Қазақстанда социология гылымының негізі КСРО аясында қалыптасты. ХХ ғасырдың 30-жылдары социология ғылымы қуғынға ұшырап 50-жылдарың екінші жартысында марксистік-лениндік идеологияның тұрғысынан өмірге келген болатын. Егеменді мемлекет құрылып топталитарлық жүйе ыдыраған соң социология әлемдік социологияның даму аясында дамуға бет бұрыс жасауда. Қазақстанда социология ғылымдары тек қана алғашқы қадамдарын жасауда. Әзірше өзімдік жасампаздық ғылым қалыптасқан жоқ. Көбіне шетелдік еңбектердегі теориялар мен ұстанымдар негізінде жазылған «көшірмелер» десек те болады. Социологияның ғылым болып дамуының материалды техникалық базасы, қажетті қаражаты да жоқтың қасы. Жоғарғы оқу орындарында жүретін социология пәні негізінен ақпарат беру, ағартушылық деңгейінде тіршілік етуде.
3 тақырып.
Қолданбалы социологиялық зерттеулердің тәсілдері.
Лекцияның мақсаты – қолданбалы социологиялық зерттеудің негізгі түрлерімен танысу, олардың тәсілдерін даярлау және оларды жүрізу, жиған социологиялық деректерді өңдеу мен қорыту, мәліметтер беру.
Негізгі ұғымдар: бақылау, құжаттарды талдау, эксперттік бағалау, эксперимент, сұрау, сауалнама, сухбатнама, іріктелген және жалпы жиынтықтар, репрезентативтік, зерттеудің жоспары мен бағдарламасы, зерттеудің пәні, гипотеза, құжаттарды формалды (контент-талдау) және мағналы талдау.
Лекцияның жоспары:
-
Қолданбалы социология: мәні, құрылымы, атқаратын функциялары.
-
Социологиялық зерртеудің бағдарламасы
-
Іріктеп алу
-
Сауалнама: құрылымы, сұрақтардың түрі, жүргізүі
-
Сухбатнама. Түрі, жүргізүі
-
Құжаттарды талдау: формалды (контент -талдау) және мазмұнды
-
Бақылау және эксперимент
Методологиядағы теориялық және эмпирикалық түсінік. 1.Социологияның пайда болуы және дамуы тікелей эмпирикалық зерттеумен байланысты, себебі бұл зерттеу әдісі социологияның қажетті білімін толықтырып, бағыт-бағдарын реттеп отырады. Біз социологиялық зерттеу арқылы нені түсінеміз? Социологиялық зерттеудің кең ауқымды тарихы бар. XVIII ғ. бірнеше елдерде үнемі халық санағын жүргізу басталды. Мысалы, АҚШ-та 1790жылдан бастап әр 10 жыл сайын санақ жүргізіледі. Бұл үкіметке халықтың демографиялық құрамын, динамикасын көруге, оны талдауға мүмкіндіктер тудырды. Сол себептен халық санауы социологиялық зерттеуді туғызды десек қателеспейміз. XIX ғ. Лондон қаласының тұрғындарынан санақ өткізу мақсатында, олардың өмір сүру дәрежесін анықтаған. Бұл техникалық әдістер кейіннен зерттеу әдісінде кең қолданылды. Эмпирикалық социологияның дамуы XX ғ. тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер өмірдегі нақты шиеленістерді шешу арқылы ғылымға айналып, дамыды. Компьютер мен техниканың дамуына байланысты, социологияның өзектелігі өсті, себебі олардың көмегімен адамдардың үлкен контингенттерімен жұмыс істеуге және көп ақпаратты өңдеүге мүмкіндіктер туды. Социологтардың нақты бір шиеленісті зерттеулеріне байланысты, социологияның ғылым ретінде жаңа қырлары ашылды. Нақты социологиялық зерттеу мынадай мүмкіндіктер бере алады:
-
Қоғамдағы жағдайлардың анық бейнесін көрүге;
-
Әлеуметтік қарым-қатынастардағы шиеленіс пен даму тенденцияларын бөліп қарау;
-
Социологиялық ситуацияларды болжау;
-
Қоғамның дамуының және шиеленістерді шешуінің ең тиімді жолдарын анықтау.
Социологияда ғылыми зерттеудің теориясы ретінде диалектикалық әдіс кең қолдалынады, өйткені ол қоғамның ішкі қарама-қайшылықтарын қоғамның дамуының негізі деп анықтайды.
Социологиялық зерттеу жүргізу үшін теориялық негізі мәселелері, мақсаттары,тапсырмасы болуы қажет. Сонымен қатар практикаға бағытталған техника-материалдық және ұйымдастырылған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
Социологиялық зерттеуге жүгінудің ең басты себебі: ақпараттық қажеттілік, яғни қоғамның «ішкі жан дүниесіне» байланысты болып келеді. Мәселен, қоғамның болашақ туралы не ойлайтынын, не болашаққа қойған жоспарлары туралы айтсақ қателеспейміз.
Социологиялық зерттеудің классификациясы көрсеткіштерге байланысты өткізілуі мүмкін. Жоспарының күрделілігіне байланысты және зерттеу көлеміне байланысты үш түрлі зерттеудің түрлерін айта аламыз:пилотаждық, баяндық, аналитикалық.
Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.
С оциологиялық зерттеудің кезеңдері |
С оциологиялық зерттеулерге кіретін процедуралар |
|
|
Ғылыми қорытындысын дайындау Толықтырулар мен қорытындысын шығару |
С оциологиялық зерттеудің түрлері |
Пилотаждық зерттеу-нақты социологиялық зерттеудің қарапайым түрі. Бұл зерттеудің түрі ұйымдасқан тапсырмаларды шешу үшін және кішкене ғана объектімен жұмыс істеу үшін арналған. Оны ажырататын белгілер: жеңілдетілген бағдарлама, әдіс және көлемі жағынан шағындығы.
Экспресс-сұрау – пилотаждық зерттеудің түрі болып саналады. Бұл көбіне ақпаратты тез жинау үшін қолданылады. Баяндық зерттеу (описательное) - социологиялық талдаудың тереңдетілген түрі. Зерттеу нысаны болып, жетерліктей үлкен қоғам, яғни олардың сипаттарын анықтау мәселесі қойылады.Себебі бұл зерттеу оларды салыстыруға, не салғастырумаға көмектеседі. Зерттеу барысында ақпараттың масштабының үлкеніне байланысты, ақпаратты өңдеуге машиналар қолданылады.
Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.
2. Социологиялық зерттеуді жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:
- Зерттеуге дайындық;
- Бастапқы социологиялық ақпараттарды жинау;
- Зерттеу материалдарын қорытуға және ЭЕМ-да өңдеуге дайындау;
- Ақпарат анализі, қорытынды мен социологиялық зерттеудің нәтижесін дайындау, байламдар мен толықтырулар.
Жүйеленген және негізделген ғылыми фактілер алдыңғы санаттағы білімді нақтылайды немесе жоққа шығарады.
Әлеуметтік зерттеулер әдіснамалық теориялық негіздеудің бағдарламасын жасаудан және нақты әлеуметтік құбылыс пен процестің методологиялық зерттелуінен басталады.
Бағдарлама элементтер қатарынан тұрады, олардан біз ең маңыздыларын айқындап аламыз. Кейіннен тақырып пен тапсырма таңдау болады. Ең негізгі құраушысы болып гипотезаның жасалуы, яғни зерттеу барысында расталып немесе жоққа шығарылуы мүмкін құбылыстық болжамы табылады. Негізгі және қосымша гипотезалар болуы мүмкін.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
(оның дайындығы барысында жасалады)
әдіснамалық бөлім әдіс бөлімі
-
Мәселенің айқындалуы -зерттелетін жиынтықты
мен негізделуі. Анықтау.
-
Зерттеу пәнінің объектісін -алғашқы мәліметтер
анықтау. жиынтығының әдіснамала-
-
Зерттеу мақсаттары мен рының сипаттамасы.
гипотезалар айқындалуының -инструментарийдің қол-
анықталуы. данылуының бірізділігі
-ЭЕМ-дегі мағлұматтар
бағдарламасын өңдеу.
Бағдарлама сонымен бірге ұғымдық және эмпирикалық индикаторлардың сипаттамаларынан және зерттеу объектісін анықтаудан, инструментарийді жасудан тұрады.
Зерттеу объектісі болып нақты қоғамның әлеуметтік мәселелері танылады. Ал олардың субъетілері болып нақты адамдар жатады. Зерттеуге анықталған барлық адамдар жиынтығын /барлық бірлікті қамтитын/ басты жалпылай жиынтық /генеральная совокупность/ деп атайды. Тәжірибе көрсеткендей жалпылай жиынтық тек қана кішігірім зертту объектерін қарастырғанда ғана қолдану мүмкін. Негізгі зерттеулер іріктеп алынған жиынтықтар арқылы жүргізіледі. Негізгі талап-- іріктеп алынған жиынтық бас жалпы жиынтықтың құрылымының микромоделі болуы қажет. Іректеп алудың қазіргі кезеңде ғылымда қалыптасқан әдістері бар.
Таңдаудың ең негізгі әдістері:
-
механикалық таңдау әдісі. Басты жиынтықтан бірдей аралықтар арқылы қажетті респонденттер саны анықталады (мысалы, әрбір 10-ыншы);
-
сериялық таңдау әдісі. Басты жиынтық бірнегізді бөліктерге бөлінеді және әрбір бөліктен анықтауға қажетті бірліктер пропорционалды түрде алынады;
-
ұялық /кластерлық/ таңдау әдісі. Таңдап алынатын объектілер кішігірім бірліктер ұялары /кластерлер/, немесе топ.
-
квотты таңдау әдісі. Респонденттер таңдауы бірнеше көрсеткіштер негізінде өтеді.Бұл көрсеткіштер жалпылай жиынтықтың әлеуметтік-демографиялық және де с.с. статисткалық көрсеткіштерден құрастырылады.