ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 13.08.2020
Просмотров: 843
Скачиваний: 4
Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: "Ғалымдық білімсіздік" , "Ғалымдық білімсіздік апологиясы" және т.б. Куза идеялары:
-
Құдай мен дүние болмысында қайшылық жоқ, қарама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;
-
"Бірлік" (Құдай) пен "шексіздік" (жаратылым) минимум мен максимум қатынасындай қатынаста болады;
-
абсолюттік минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;
-
сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;
-
қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;
-
идея мен материя бір;
-
актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;
-
Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;
-
Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;
-
абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді ("ғалымдық білімсіздік"- Николай Кузанский термині);
-
Құдаиадамилық, христиология идеялары.
Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне белгілі барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп эклектикалық "900 тезистер" деген кітап жазды. "Гептапл" (жеті күндік жаратылу) деген де шығармасы болды.
Мирандола идеялары:
-
үш дүниенің иерархиясы: періштелік-аспандық-жердегі;
-
адамды қоршаған дүниеден бөле қарастырды (адам ғарыштың "төртінші дүниесі");
-
адамның еркіндікті таңдау мүмкіндігін мойындау;
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, гелиоцентризм, гоецентризм, реформация, утопиялық социализм т.б
Дәріс №6.
Жаңа заман мәдениетіндегі философия
Мақсаты мен міндеттері: Жаңа Заман философиясының негізгі мәселелеріне жалпы сипаттама. Рене Декарт рационалдық философиясы.сана мәселесі. Философиялық материализм және ағартушылық идеяларын қарастыру.
Жоспар:
1. Жаңа заман философиясының ерекшеліктері мен сипаты. Эмпиризм және рационализм бағыттарының қалыптасуы (Ф. Бэкон және Р. Декарт).
2. Дж. Локктың сенсуализмі.
3. Б. Спиноза философиясындағы субстанция мәселесі.
4. Лейбництің Монадологиясы
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5. Асмус В.Ф. Декарт. М., 1956.
6.Нарский И.С. Западноевопейская философия XVII века. М., 1974.
7. Рассел Б. История западной философии. В 2-х т. М., 1993.
8. Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIII в.в.М.., 1996.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.
XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді.
Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни антифеодалдық қозғалыс белең алды. Жаңа Заманды кейде ағылшын және француз материализмі дәуірі деп те атайды.
Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері:
-
метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;
-
философияда екі бағыт- рационализм және эмпиризм пайда болды;
-
индуктивтік - эмпириялық әдіс - жаратылыстану әдісі;
-
дедуктивтік - рационалдық әдіс - идеалистік спекулятивтік әдіс;
-
материализм философиясы мен Ағартушының идеясы.
Декарттың рационалдық философиясы.
Рене Декарт (1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалықтары: аналитикалық геометрияның негізін салды, координата жүйесі, функция ұғымын енгізді, кемпірқосақ теориясы, бөлшектердің құйынды қозғалысы, адам, жануарлардың қан айналысы, космологиялық идеялары.
Картезийдің философиялық идеялары:
-
философияда тұңғыш рет сана мәселесін қарастырды;
-
ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі, рационализмнің негізін салды;
-
күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырды;
-
танымда жай абстракциядан күрелі ойлауға өту әдісі;
-
дуалистік метафизика, яғни екіұдайлық, екімағыналық бастама қағидасы;
-
ғылыми таныым әдісі, рационалдық методология және "туа біте пайда болатын идеялар" қағидасы.
Декарт сана мәселесін зерттеп, санада ойлау өзінен бастау керек дейді. Сезімдік танымды ескере отырып, Картезий анық, айқын, ақиқи білімді іздеді. Танымның ақиқаттылығы - тек күманданушы "Мен", күманданушы сананың бар болуы. Мен күмәннің өзінің бар болуынан өзгенің бар болуына күмәндануым мүмкін. Мен күмәнданып тұрғандықтан- ойлап тұрмын. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Сондықтан "Ego, cogito ergo sum" - "Мен ойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын".
Танымның негізгі түрі - ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным. Ақиқатты іздеп табудың мүмкіндігі - туа біткен идеялардың бар болуынан туындайды. Туа біткен идеялар дегеніміз- дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі. Интеллектуалды интуиция, дедукция бастамасы- рационалдық таным, ал оның құралы - сана, ақыл, парасат.
жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері:
-
сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландықтардың жетістігі (жаңа техникалық құралдарды қолдану, суда жүзу, коммуникация және т.б.);
-
өзге Еуропалық елдерге қарағанда буржуазиялық қоғами - экономикалық қатынастардың ерте басталып, қалыптасуы;
-
Еуропадағы ең алғашқы буржуазиялық - демократиялық революцияның болуы;
-
халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары болуы, кітап басудың дамуы, гуманизм идеясының кең тарауы.
Қайта өркендеу және Жаңа Заман дәуіріндегі атақты Голландия философтары- Э. Роттердамский, Г.Гроций, Б. Спиноза.
Дезидерий Эразм Роттердамский (1469-1536)- философ, діндар, гуманист, "Солтүстік Қайта Өрлеу" өкілі. Ең атақты философиялық шығармасы "Ақымақтықты мадақтау". Эразм философиясының негізгі қағидалары:
-
ортағасырлық схоластиканы сынау, келеке ету;
-
ерте христиандықты мадақтау ("ерте христиандық ренессансқа" оралу, католицизм идеясын қабылдамау);
-
моральдік іс-әрекетке шақыру ("Ғайса философиясын"сақтау);
-
идеалды мемлекет деп күшті, бірақ гуманистік монархияны ұғыну;
-
дүние екіұдайлы (диалектикалық) -қарама-қарсы құбылыстар, процестер өзара байланысты, бүтіннің әртүрлі жақтары болады;
-
дау, жанжал, эксцесс, аффект, экзальтациядан ада болу керек.
Адам мәселесін зерттей келе Эразм оның жақсы және нашар қасиеттерін көрсеттіп берді. Жақсы қасиеттер:
-
еркіндік, бейбітшілік, ұстамдылық, қарапайымдылық, сауаттылық;
Нашар қасиеттер:
-
фанатизм, надандық, зорлық, екіжүзділік, шектен асқан интеллектуалды шытырмандық ("схоластиканы" терістеу, сынау).
Гуго Гроций (1583-1645) - философ, заңгер, қоғам қайраткері, Голландиялық әлеуметтік - саяси және құқық философиясының көрнекті өкілі.
Гуго философиясының негізгі мәселелері:
-
гносеология, таным мәселесі;
-
мемлекет пен құқық мәселесі;
-
соғыс пен бейбітшілік мәселесі;
-
халықаралық қатынастар мәселесі.
Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалаушыларның бірі, оның идеялары:
-
құқықты Құдай бермеген;
-
құқық бастапқыдан адамда бітімделген;
-
барлық берілген құқықты екі үлкен тарауға бөліп қарастырды- табиғи құқық және жазылған (позитивтік) құқық;
-
табиғи құқық - адам табиғаты, болмысымен бітімделген (өмір сүру құқы, еркіндікке құқық, әділеттілік және т.б.) құқық, ол заңда жазылса да, жазылмаса да мүлтіксіз орындалуы керек;
-
позитивтік (жазылған) құқық-ресми құжаттарда, заңдарда жазылған, адам жасайтын тәртіп нормалары;
-
ресми (жазылған, позитивтік) құқық табиғи құқыққа негізделіп, оған кереғар болмауы керек.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Рационализм, эмпиризм, субстанция, монодология, таза тақта, индуктивтік-эмпириялық әдіс, дедуктивтік-рационалдық әдіс т.б.
Дәріс №7.
XIX ғ. Неміс классикалық философиясы - әлемдік философияның көрінісі ретінде.
Мақсаты мен міндеттері: Неміс классикалық философиясының логикасы және оның қоғамның рухани қалыптасуындағы маңызын қарастыру.
Жоспар:
1. И.Кант философиясы – неміс классикалық философиясының негізін салушы.
2. Гегельдің философиялық жүйесі және методы.
3. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
3. Абдильдин Ж.М. Диалектика Канта. А., 1974.
4. Нарский И.С. Западноевропейская философия XIX в. М., 1976.
5. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. М., 1986.
6. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия второй половины XVIII-XIX в.в.М., 1989.
Дәрістің қысқаша мазмұныұны:
Дәрістң қысықаша мазм
XIXғ. неміс философиясы-әлем философиясы тарихындағы тендесі жоқ құбылыс болды. Оның кейбір маңызды ерекшеліктері:
-
адамзаттың ғасырлар бойы сақтап келген ойлау бітімі мәселелерін терең зерттеп, болашақтағы философияның даму бағытын анықтады;
-
сол кезеңдегі белгілі барлық философиялық идеяларды зерделеп дүниеге жаңа көзқарас, тарихилық пен логикалықтың бірлігі диалектикасын қалыптастырды;
-
әлемдік философияның, "алтын қорына" ондаған данышпан көрнекті философтарды (Гегель, Кант, Маркс, Ницше және т.б.) қосты.
XIXғ. неміс философиясындағы негізгі бағыттар:
-
неміс классикалық философиясы (XIXғ. бірінші жартысы);
-
материализм (XIXғ. ортасы және екінші жартысы);
-
иррационализм, "өмір философиясы" (XIXғ. екінші жартысы, соңы).
§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс:"Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.
Неміс классикалық философиясының маңызы:
-
диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді;
-
философияның логикалық-теориялық аппаратын мейлінше дамытты;
-
философияның дәстүрлі мәселелерін (болмыс, ойлау, таным және т.б.) зерттеуді адам болмысын зерттеуге аударды;
-
субъективтік және трансценденталдық идеализмнен объективтік идеализмге өту;
-
философияны ғылыми білімдер жүйесі ретінде ұғынды;
-
тарихилық принципті негізге алды;
-
тарихты, қоғам дамуын философиялық мәселе тұрғысында қарастырды.
КНФ-да үш басты философиялық бағыт болды:
-
объективтік идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);
-
субъективтік идеализм (Фихте, Кант);
-
материализм (Фейербех).
НКФ негізін қалаған Иммануил Кант (1724-1804) болды:
-
Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;
-
адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.
-
категориялар туралы ілімді, яғни диалектикада негіз құрайтын, мейлінше жалпы ұғымдарды қарастырды;
-
моральдік заңды ("категориялық императив") тұжырымдады;
-
болашақта "мәңгі бейбітшілік болатыны" туралы идеяны, яғни соғыстың экономикалық жағынан тиімсіздігі және оған құқықтық тыйым салынатынын болжады.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өзіндік зат, категориялық императив, Мен және мен емес, аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, Рух феноменологиясы, панлогизм, тезис антитезиз синтез, антропологиялық материализм т.б.
Дәріс№ 8.
Марксизм философиясы.
XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.
Мақсаттары мен міндеттері: Марксизм идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларына әсері. Орыс философиясының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне дүниетанымдық бағдарлар.
Жоспар:
1. Марксизм философиясының негізгі идеялары, ерекшеліктері.
2. Орыс философиясының ерекше белгілері, дәстүрі, қайнар көздері.
3. Батысшылдар мен славянофильдер. Н.Бердяевтің философиялық идеялары: бостандық туралы, адам өмірінің мәні т.б.
Әдебиеттер тізімі:
. 1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж
3.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002
4.Хрестоматия по философии РнД., 1997
5.Спиркин А.П. Философия -М., 2002
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Маркстік философия өкілдері:
Карл Генрих Маркс (5.05.1818 – 14.03.1883);
Фридрих Энгельс (28.11.1820 – 5.08.1895).
Әйгілі шығармалары (философияға қатысты):
-
«1844 ж. Экономикалық-философиялық қолжазбалар», К.Маркс;
-
«Әулие үйішілері немесе сыни сыншылдықты сынау», К.Маркс;
-
«Философия қайыршылдығы», К.Маркс пен Ф.Энгельс;
-
«Неміс идеологиясы», К.Маркс пен Ф.Энгельс;
-
«Фейербах туралы тезистер», К.Маркс;
-
«Коммунистік партия манифесті», К.Маркс пен Ф.Энгельс;
-
«Капитал», К.Маркс;
-
«Табиғат диалектикасы», Ф.Энгельс;
-
«Анти-Дюринг», Ф.Энгельс;
-
«Людвиг Фейербах және классикалық неміс философиясының соңы»,
-
«Маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі», Ф.Энгельс;
-
«Үйіші, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы», Ф.Энгельс;
-
«Тарихи материализм туралы хаттар», Ф.Энгельс және т.б.
Маркстік философиясының пайда болуының алғы шарттары.
Маркстік философияны Ресейде әрі қарай жалғастырған В.И.Ленин өзінің «Марксизмнің үш қайнар көзі және үш құрамдас бөлігі» деген еңбегінде осы философияның шығу тегінің алғы шарттарын көрсетті:
а) Әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттар:
-
1831 – 1834 ж.ж. Лион тоқымашыларының көтерілісі;
-
1844 ж. Алманиядағы силезия тоқымашыларының көтерілісі;
-
XIX ғ. 30 – 40 ж.ж. Ұлыбританиядағы чартистік революциялық қозғалыс;
ә) Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері:
-
Энергияның сақталу және айналу заңдалықтарының ашылуы; (Р.Майер, Г.Гельмгольц, М.Фарадей, Дж. Джоуль, Э.Ленц.)
-
тірі организмдердің клеткалық құрылымы теориясы; (М.Шлейден, Т.Шванн – 1838 – 1839 ж.ж. Клетканың бөлініп, көбеюі).
-
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Табиғи сұрыптау.
б) Марксизмнің теориялық сүйенген негіздері:
-
Неміс классикалық философиясы. Диалектика ілімі. (И.Кант, И.Фихте, Й.Шеллинг, Г.Гегель, Л.Фейербах).
-
Ағылшын классикалық саяси экономикасы. Еңбектік құн теориясы. (А.Смит, Д.Рикардо).
-
Француздың утопиялық социализмі. Тапсыз қоғам орнату. (Сен-Симон, Фурье, Оуэн).