ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 775
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АЙТЫЛЫМ
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут).
«Компьютер қалай пайда болды?»
Тірек сөздер: компьютер, есептеуіш құрылғы, салмағы, мәлімет қоры, ақпараттық құрал.
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | А | 1 |
Дұрыс ,бұрыс, дұрыс | 1 1 | |
спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа деп бірнеше түрге бөлген. | 1 | |
«Бірінші байлық - денсаулық» «Денсаулық - терең байлық» | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | Туған жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз,ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. | 1 |
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін | 1 | |
С | 1 | |
Тәуелсіз – егеменді Кең –байтақ | 1 | |
А – 3, В – 1, С – 2 | 1 | |
5 балл |
ІІ нұсқа
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Спорт – денсаулық кепілі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа деп бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
«Бірінші байлық - денсаулық» немесе «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, жан мен тән саулығын қоршаған ортада дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
1. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. [2]
1.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы қандай болады?
А) шыдамды
В)көңілді
С)мықты
D)төзімді
2.Бірініші байлық – ол не?
А) денсаулық
В) ақша
С) көлік
D) әдемі киім
2. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. [1]
р/с | Ақпараттар | дұрыс | бұрыс |
А | Денсаулық – терең байлық | | |
В | Әрбір адам кем дегенде спорттың 23 түрімен айналысу керек | | |
С | Мықты болу үшін спортпен айналысу керек емес | | |
3. Мәтінде жауабы бар сұрақты анықтаңыз. [1]
А. Мектебіңде спорт секциясы жұмыс істейді ме?
Б. Сенің інің қандай спорт түрімен айналысады??
В. «Тәні саудың – жаны сау» деп айтқан кімдер ?
4. Жауапқа қарап сұрақ жазыңыз. [1]
_________________________________________________
Халықтың денсаулығы - болашағымыздың кепілі.
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Менің Отаным – Қазақстан.
Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елімді қандай елде, мемлекетте жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жерімізбен әрқашан мақтанамыз. Қазақ елінде17 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 130-дан астам өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді , қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны , президенті, астанасы бар. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993ж. 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданады.
Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктер де мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жерімен бірге табиғаты, өнеркәсібімен де ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ , химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Біз, жастар бүгінгі жетістіктерімізбен мақтана отырып, жаңа асуларға жету үшін көп оқып, мықты біліммен қарулануымыз қажет. Біз оған дайынбыз.
1. Сұраққа жауап беріңіз.
Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша нешінші орында?___________________________________________ [1]
2. Мәтінде берілген тәуелсіздіктің белгілерін жазыңыз.
1. _________________________
2. _________________________
3. _________________________ [1]
3. Мәтін бойынша берілген сандарға сипаттама беріңіз. [1]
15 қараша 1993 жыл ______________________________________________________
4. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сәйкес келеді?
А) Денсаулық - зор байлық.
В) Айлалы батыр алдырмас.
С) Туған жер - алтын бесік.
Д) Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. [1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз. [1]
| Оқиғалар | Реті |
А | Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданады | |
В | Біз оған дайынбыз | |
С | Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар | |
ЖАЗЫЛЫМ
«Компьютердің зияны» тақырыбында эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз. Жазылым мазмұнында сын есімдерді қолданыңыз. [10]
___________________________________________________________________________________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут). [10]
«Компьютермен жұмыс істеу ережесі»
Тірек сөздер: компьютер, артық отырмау, ереже, алыс, ұзақ,нашарлайды, үзіліс, жаттығу,тінтуір.
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл | |
Білім алушы | |||
Тыңдалым | Мықты, | 1 | |
Денсаулық | 1 | ||
А | 1 | ||
В | 1 | ||
Кімнің денсаулығы - болашағымыздың кепілі? / оқушы жауабы ескеріледі. | 1 | ||
5 балл | |||
Оқылым | 9-орында | 1 | |
Әнұраны, президенті, астанасы, ұлттық валютасы | 1 | ||
Ұлттық теңге енгізілді | 1 | ||
Туған жер - алтын бесік | 1 | ||
С – 1, А – 2, В - 3 | 1 | ||
5 балл |
Жазылым
Балл | Мазмұны (5 балл) | Тіл сапасы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. | Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. | Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. | Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. | Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді |
1 | Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. | Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы (5 балл) | Негізгі ойды ашуы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. | Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
3 | Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
2 | Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
1 | Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. | Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
БЖБ №1
«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым. Айтылым
Оқу мақсаты 5.1.6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
сұрақтарға жауап беру
5.2.5.1. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру,