Файл: араанды аласыны білім блімі мм дістемелік кабинет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 776

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. «Компьютердің адам өміріндегі орны» тақырыбы бойынша постер жасаңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Білетін сөздерін мәтін бойынша өз ойларын білдіреді


1

Тақырып бойынша үйренген сөздерін тиімді ьқолдана алады;

Мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алады;

1-мәселе

2-мәселе

1


1

1

Постерді мәліметтермен толықтырады

2

Мәліметтерді жинақтайды

1

3

Сөздерді орынды қолдана алады

1

Құнды мәліметтер келтіреді


1

Сөздердің орын тәртібін сақтайды.

1

Барлығы

7



«Аспан әлемінің құпиялары», «Компьютердің тілін табу – өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

ІI нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты 5.3.6.1. тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

5.4.4.1 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Білетін сөздерін мәтін бойынша өз ойларын білдіреді

  • Постерді мәліметтермен толықтырады

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

ОҚЫЛЫМ

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Компьютер адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге қарап, бар қызығын содан табатын балалар саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол адам денсалығына өте зиян. Сондықтан компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.


Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

1-тапсырма.Сұрақтарға өз көзқарасыңызды білдіріп, жазбаша жауап жазыңыз.

  1. Сіз бос уақытыңызда немен айналысасыз?

___________________________________________________

  1. Үй жұмысын орындаған кезде компьютерді қолданасыз ба?Не үшін?

___________________________________________________


  1. Компьютерде күніне қанша уақыт отыру керек деп ойлайсыз? Ойыңызды дәлелдеңіз.

___________________________________________________
2-тапсырма. «Аспан денелері» тақырыбы бойынша постер жасаңыз.


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Б

Білетін сөздерін мәтін бойынша өз ойларын білдіреді


1

Тақырып бойынша үйренген сөздерін тиімді ьқолдана алады;

Мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алады;

1-мәселе

2-мәселе

1


1

1

Постерді мәліметтермен толықтырады

2

Мәліметтерді жинақтайды

1

3

Сөздерді орынды қолдана алады

1

Құнды мәліметтер келтіреді

1

Сөздердің орын тәртібін сақтайды.

1

Барлығы

7


«Аспан әлемінің құпиялары», «Компьютердің тілін табу – өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Білім алушының аты-жөні ______________________________________


Бағалау критерийі


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқара-сын білдіру

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқара-сын білдіруде қиналады.

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мә-тінде көтерілген мәселеге өз көзқара-сын білдіруде қате-ліктер жібереді

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын толықтырып айта алады.

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасауда қиналады.

Мәліметтерді жинақ-тай отырып, тақы-рып бойынша постер жасауда қателіктер жібереді.

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

5.1.6.1 Тыңдалым

материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 140-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды

(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін екі ақпаратты белгілейді. Үшінші, төртінші және бесінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөйлеммен жауап береді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды.

10

5

2

5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 140-160 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Бірінші, екінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазады. Үшінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді.

Төртінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады. Бесінші тапсырмада мәтіндегі оқиғалардың ретін сандармен көрсетеді.

Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты анықтай алуын бағалайды.

10

5

3

5.4.3.1 Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Компьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында эссе жазады.

Мәтін мазмұнында білім алушының сын есімдерді қолдануы тиіс. Жазылым жұмысында эссе құрылымын сақтауы, сын есімдерді дұрыс қолдануы, тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады.

20

10

4

5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға бөлімдердің әрқайсысына қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі (суреттер мен тірек сөздер әр бөлімге дайындалу керек). Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды.

Әр білім алушыға

2 минут беріледі

10

Барлығы

40 мин

30



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары


І нұсқа
ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Спорт – денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа деп бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.

«Бірінші байлық - денсаулық» немесе «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, жан мен тән саулығын қоршаған ортада дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.


  1. Сөйлемді аяқтаңыз. Халықтың денсаулығы -

А) ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі

В) бірнеше түрге бөлген.

С) түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

Д) жаттығу жасау керектігін айтқан. [1]
2. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. [1]


р/с

Ақпараттар

дұрыс

бұрыс

А

Спорттың қандай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты.







В

Н.Назарбаев спортты бірнеше түрге бөлген.







С

Денсаулық – ел дамуының аса

маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.









Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Ибн Сина спортты мағынасына қарай қалай бөлген? [1]

____________________________________________________


4. Мәтінде денсаулыққа байланысты қандай мақал –мәтелдер берілген? [2]

______________________________________________________
ОҚЫЛЫМ

Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Менің Отаным – Қазақстан

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Туған жерде кімдер туып өскен? [1]

__________________________________________________
2. Қазақстанның жері қандай?

________________________________________________ [1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сәйкес келеді?

А) Денсаулық - зор байлық.

В) Айлалы батыр алдырмас.

С) Туған жер - алтын бесік.

Д) Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. [1]
4. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз. [1]

а. кең ___________
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз. [1]





Оқиғалар

Реті

А

«Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.




В

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан




С

Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.





ЖАЗЫЛЫМ

«Компьютердің пайдасы» тақырыбында эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз. Жазылым мазмұнында сын есімдерді қолданыңыз. [10]

___________________________________________________________________________________________________________________________________