ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 778
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз.
3-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз.______________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың біріне жұбыңызбен диалог құрастырыңыз, Сөздерді синоним, антонтим, омонимдерімен қатар қолданыңыз
Ұсынылатын тақырыптар:
1. «Алтын адам» – сақ жауынгері
2. Көшпелілер деген кімдер
Бағалау критерийі | тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. | 1 2 3 | Сұрақтарға толық жауап береді. 1 - сұрақ 2 - сұрақ 3 – сұрақ «Көшпелілер қандай халық» сұрағына жауап бере отырып, диаграмманы толтырады. 1,2,3,4,5,6,7-сөз Негізгі ақпаратқа қатысты мәтінге ат қояды. | 1 1 1 7 1 |
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады. Антоним, омоним, синоним сөздерді қолданады. Жоспарға сай баяндайды | 4 | Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады; | 1 |
Тақырыпты ашады; | 1 | ||
Сұрақты дұрыс құрастыра алады; | 1 | ||
Сұраққа түсініп лайықты жауап береді; | 1 | ||
Лексикалық минимумды тиімді қолданады; | 1 | ||
Синоним, антоним сөздерді қолдана алады. | 1 | ||
Барлығы | | | 17 |
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым. Айтылым.
Оқу мақсаты | 5.1.2.1.тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау 5.2.1.1.тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мүқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
Көшпелілер өркениеті – мал шаруашылығымен айналысатын, көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде жоқ.
Көшпелілерге Ү ғасырда өмір сүрген скиф-сақ тайпалары да жатады. Скиф халқының көсемі – Ишпақай. Скифтердің патшасы – Мадий. Массагеттердің патшасы – Сыпыр. Ал Сыпырдың қызы – Тұмар – сақтардың патшайымы. Тұмардың анасы ерте қайтыс болып, оны әкесі тәрбиелейді. Тұмар әскери ортада өседі. Ол өте ерте атқа мініп, қолына семсер алып, соғыс өнеріне жаттыққан. Тұмардың аты батырлығымен тарихта қалған.
Зерттеушілер мен тарихшылар көшпенділер «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, дұшпанға қатал, досқа адал, ержүрек, құдіретті ерлер» деп жазған.
1-тапсырма. Cұрақтарға толық жауап беріңіз.
1. Тұмар кім? _____________________________________________________
2. Тұмарды неге әкесі тәрбиелейді?
_________________________________________________________________
3. Тұмардың аты несімен тарихта қалды? _________________________________________________________________
2-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз.
3-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. _____________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың біріне жұбыңызбен диалог құрастырыңыз, Сөздерді синоним, антонтим, омонимдерімен қатар қолданыңыз
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Мұражайдағы «Алтын адам» экспонаты
2. Тұмар – сақ патшайымы
Бағалау критерийі | тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. | 1 2 3 | Сұрақтарға толық жауап береді. 1 - сұрақ 2 - сұрақ 3 – сұрақ «Көшпелілер қандай халық» сұрағына жауап бере отырып, диаграмманы толтырады. 1,2,3,4,5,6,7-сөз Негізгі ақпаратқа қатысты мәтінге ат қояды. | 1 1 1 7 1 |
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады. Антоним, омоним, синоним сөздерді қолданады. Жоспарға сай баяндайды | 4 | Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады; | 1 |
Тақырыпты ашады; | 1 | ||
Сұрақты дұрыс құрастыра алады; | 1 | ||
Сұраққа түсініп лайықты жауап береді; | 1 | ||
Лексикалық минимумды тиімді қолданады; | 1 | ||
Синоним, антоним сөздерді қолдана алады. | 1 | ||
Барлығы | | | 17 |
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудыңнәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді | Сұрақтарға мәтін мазмұны бойын-ша 1 сөз-бен жауап беруде қиналады | Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1сөзбен жауап беру-деқателіктер жібереді | Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап береді |
Шағындиалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді | ақырыпқа қатысты жоспар құрып, мазмұн-дауда, синоним, антоним сөздер-ді қолдануда қиналады | Тақырыпқа қатысты жоспар құрып, мазмұн-дауда, синоним, антоним сөздерді қолдануда қателік-тер жібереді | Тақырыпқа қатысты жоспар құрып, мазмұндайды, синоним, антоним сөздерді қолданады |
БЖБ №2
«Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым. Жазылым
Оқу мақсаты 5.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана
отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру
5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты,
белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.5 болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
-
білетін сөздерін қолдана отыры, мәтіндегі мәселеге ойларын білдіреді -
Эссе құрылымын сақтайды, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жаза алады; -
Жазба жұмысында болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана алады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақаты: 20 минут
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады»,- деп жазды. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай берілген 2 дұрыс ақпаратты ажыратыңыз.
Ақпараттар | дұрыс | бұрыс |
Жер бетіндегі судың 70 пайызы ішетін су болып саналады. | | |
Халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. | | |
Ересек адамның денесінде 74-75 литр су болады. | | |
Су теріні ылғалдандырып, сауықтырады. | | |
2-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз. (5 тірек сөз)
__________________________________________________________________
3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. __________________________________________________________________
4-тапсырма. Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп деген пікірмен келісесің бе?
__________________________________________________________________
ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. Эссе құрылымын сақтай отырып, «Ұлттық кітапханаға саяхат» тақырыбында эссе жазыңыз. Болымды, болымсыз етістіктерді қолданыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Білетін сөздерін қолдана отыры, мәтіндегі мәселеге ойларын білдіреді | 1 | мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты белгілейді; 1-ақпарат 2-ақпарат | 1 1 | |
2 | мәтіннен 5 тірек сөзді табады; 1-тірек сөз 2-тірек сөз 3-тірек сөз 4-тірек сөз 5-тірек сөз | 1 1 1 1 1 | ||
3 | негізгі ойды анықтайды. | 1 | ||
4 | өз көзқарасын білдіреді | 1 | ||
эссе құрылымын сақтайды, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жаза алады | 5 | эссе құрылымын сақтайды тақырыпты ашады; | 1 | |
лексикалық минимумды тиімді қолдана алады; | 1 | |||
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды; | 1 1 | |||
тыныс белгісін дұрыс қояды. | 1 | |||
Жазба жұмысында болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолдана алады | болымды, болымсыз етістіктерді біледі; | 1 | ||
болымды, болымсыз етістіктерді тиімді қолдана алады | 1 | |||
Барлығы | | 16 |