ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 773
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖАЗЫЛЫМ
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз. Сын есімдерді қолданыңыз. [10]
_________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут). [10]
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Отбасындағы дәстүрлер
2. Қызыл кітап
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | В | 1 |
В | 1 | |
А | 1 | |
1-С, 2-А | 1 | |
табалдырықты баспа, ерекше дәстүр, қызды сыйлау | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | Қазақстан жануарлары / оқушы жауабы ескеріледі. | 1 |
Қоректенеді | 1 | |
Түлкі, киік | 1 | |
Құлан, тасбақа | 1 | |
А – 3; В – 1; С – 2 | 1 | |
5 балл |
ІІ нұсқа
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау. Салт- дәстүрлер халықтың болмысын, мінез-құлқын, қасиеттерін танытады. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады, кеңес береді.
Қазақ дәстүрі бойынша ер адамдар бір-біріне қол беріп амандасады. Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят саналады. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап, төрден орын береді. Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады. Тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды. Ол- әдепсіздіктің белгісі.
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Мысалы, «Табалдырықты баспа, бақыт қашады» деген сөздер бекерге айтылмаған.
Қазақ отбасындағы ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Дастархан басында жастар қол жайып, көпті көрген қарт ер адамдардан, үлкендерден бата сұрайды. Бата адамға күш береді, жолын ашады. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу – әрбір қазақ отбасының парызы.
1. Мәтін бойынша батаны кімнен сұрайды?
А) жастардан
В) үлкендерден
С) балалардан
Д) немереден [1]
2. Тыйым сөздер жастарды неге тәрбиелейді?
А) жақсылыққа жақын болуға
В) күшті болуға
С) жаман істерге
Д) сабақты жақсы оқуға [1]
3) Салт-дәстүр бойынша төрге кімді отырғызады?
А) ақ сақалды аталар мен ақ шашты әжелерді
В) жастарды
С) балаларды
Д) немере-шөберелерді [1]
4. Бағдарсызық арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз.
1. Салт-дәстүрді құрметтеу А. төрге отырғызу, қарсы
сөйлемеу, қызды сыйлау
2. Ер адамдар В. қол беріп амандасады
С. әр адамның парызы [1]
5. Берілген сөздерді жұптастырыңыз.
1. қазақ а. сөздер
2. ерекше ә. халқы
4. тыйым б. дәстүр [1]
ОҚЫЛЫМ
Шығарманы түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін, - деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды.
Атасы барысты сайысқа дайындайды.
-
Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.
Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады.
-
Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады, - деп бүркіт жариялайды.
Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді.
Жартылай сайыста аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады. Барыс атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де, ептілікпен өзінен күшті аюды жеңеді.
Сөйтіп, барыс ептілік пен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. __________________________________________ [1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
байқау_________________ [1]
3. Мәтін мазмұны бойынша сайысты кім ұйымдастырды?
[1]
4. Сайыста кім жеңді?
[1]
5. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. [1]
| Сөйлемдер | Реті |
А | Аю мен барыс шешуші сайысқа шығады. | |
В | Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады. | |
С | Атасы барысты сайысқа дайындайды. | |
ЖАЗЫЛЫМ
Басқа қалада тұратын досыңызға Қожа мен Жанарды сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз. Сын есімдерді қолданыңыз. [10]
_________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут). [10]
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Қазақстан – қызғалдақтың отаны
2. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | В | 1 |
В | 1 | |
А | 1 | |
1-С, 2-В | 1 | |
Қазақ халқы, ерекше дәстүр, тыйым сөздер | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | Қазақша күрес сайысы / оқушы жауабы ескеріледі. | 1 |
Сайыс | 1 | |
Бүркіт | 1 | |
Барыс | 1 | |
А – 3; В – 2; С – 3 | 1 | |
5 балл |
Жазылым
Балл | Мазмұны (5 балл) | Тіл сапасы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. | Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. | Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. | Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. | Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді |
1 | Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. | Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы (5 балл) | Негізгі ойды ашуы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. | Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
3 | Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
2 | Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
1 | Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. | Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
БЖБ №1
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым. Айтылым
Оқу мақсаты | 5.1.2.1.тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау 5.2.1.1.тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу |
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі | Білім алушы
Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мүқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
Көшпелілер өркениеті – мал шаруашылығымен айналысатын, көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде жоқ.
Көшпелілерге V ғасырда өмір сүрген скиф-сақ тайпалары да жатады. Скиф халқының көсемі – Ишпақай. Скифтердің патшасы – Мадий. Массагеттердің патшасы – Сыпыр. Ал Сыпырдың қызы – Тұмар – сақтардың патшайымы. Тұмардың анасы ерте қайтыс болып, оны әкесі тәрбиелейді. Тұмар әскери ортада өседі. Ол өте ерте атқа мініп, қолына семсер алып, соғыс өнеріне жаттыққан. Тұмардың аты батырлығымен тарихта қалған.
Зерттеушілер мен тарихшылар көшпенділер «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, дұшпанға қатал, досқа адал, ержүрек, құдіретті ерлер» деп жазған.
1-тапсырма. Cұрақтарға толық жауап беріңіз.
1. Көшпеліліктің шығуына не әсер етті? _____________________________________________________
2. Көшпелілер немен айналысады?
_____________________________________________________
3. Көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым неге жоқ? _____________________________________________________