ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 402
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әл-Фараби атақты ақын ғана емес, өз дәуіріндегі логика мен эстетиканы, музыка өнерін, өлең сөздің теориясын жетік меңгеріп, ғылыми тұрғыда зерттеген трактаттар жазды. Оның ішінде әдебиеттанудың өзекті салаларына арналған еңбектерінде әдебиеттің теориялық мәселелеріне байланысты теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің танымдық сипаты кеңейіп, филологиялық білімдер жүйесі қалыптаса бастады, практикалық қолдану аясы да кеңейе түсті.
Трактатта әл-Фараби өлең өлшемдері мен фабула мәселесіне араб, парсы және ертедегі грек поэзиясына салыстырмалық талдауларға бару арқылы теориялық тұжырым жасағаны байқалады. Әл-Фарабидің поэзия қағидаларына тікелей қатынасы болмаса да өз кезеңіндегі ақындарды үш топқа бөлуі, әрқайсысына сипаттама беруі әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Олардың алғашқысы – өлең жазу қағидаларымен толық таныс болмаса да табиғат берген үлкен таланттың арқасында тамаша туындылар жаза алатындар, ал екінші тобына жататындар – табиғи дарыны болмаса да поэзия қағидаларын толық меңгеру арқылы өлең жазатындар, үшіншісі осы екеуіне еліктеушілер деп бөлінеді.
2. Құтты біліктегі Өгділміштің бейнесі.
а) күйді, күйші өнерін мойындай ма, ғашық болу қолынан келе ме;
ә) махаббат сезіміне беріле ме, асқақтық, тәкаппарлық мінез таныта ма;
б) қатыгездік, өнер алдындағы әлсіздік, жеңіліс таба ма.
Образдық талдау жасаңыз.
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған.Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді.
3.
3 | Жүсіп Баласағұн неліктен «Әділдік пен байлық, даналық пен қанағат» ұғымдарына ерекше мән береді? Бұл ұғымдар қай өлеңдерінде кездеседі? Сол өлеңдерге талдау жасаңыз |
Жүсіп Баласағұнның есімін əлемдік əдебиет тарихына мəңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір əдеби мұрасы — «Құтадғу біліг» (Құтты білік») дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, əдебиеті мен мəдени дəрежесі, əдет-ғұрпы, наным-сенімі, тағы басқа жөнінде аса қызықты əрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.
Ақын мораль философиясын арқау етіп, әділет, бақыт, ақыл, қанағат сияқты этикалық күрделі ұғымға мән береді. Оларға төрт кейіпкердің түрікше атын қояды. Күн нұры сияқты барша әлемге ортақ жылылық шуағын тарататын болғандықтан Әділетті -Күнтуды (патша ) деп атайды. Бақыт пен байлық, молшылық, дәулет пен мансап — шен мағынасын қамтитындықтан Бақытты- Айтолды (уәзір) деп Айға балаған. Өйткені дәулет пен бақта ай секілді бірде толысып, бірде ортайып, кейде тіпті кішірейіп адам баласының қолына қонбай кететін болғандықтан оны бақпен теңестірген. Ал ақылды Оғдырмыш — (уәзірдің ұлы), Қанағатты — Озғырмыш (уәзірдің кенжесі, қыз бала) деп атаған. Осылайша төрт кейіпкердің ара қатынасы бір — біріне сұрақ- жауап арқылы шешіліп, әр мәселе осылардың дүниета-нымы тұрғысынан алынып, автордың айтпақ болған идеясы барынша кең тұрғыда суреттеледі. Оның идеясы – адамдарды бақытты ету. Бақытты адамдар, өзге адамдардың өзі туралы не ойлайтынын уайымдамайды, барлығынан жақсылық көруге тырысады, әрқашан кеңпейіл және риза, осы сәтпен өмір сүреді, осы өмірдің бәрі кемел еместігін біледі, қоршаған ортаға өз үлесін қосады, үнемі жадырап, күлімсіреп жүреді, танып – білуін тоқтатпай, жалғастыра береді.
10 билет
1.
Алма Қыраубаеваның «Ежелгі дәуір әдебеиті» (1991), НематКелімбетовтың «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (2001) атты еңбектердінегізге ала отырып, Фарабидың «Өлеңді жазу талабы», «Бақытқа жетудің жолдары», «Музыканың үлкен кітабы» шығармаларының құрылымдық- мазмұндық желілерін талдап, аннотация түрінде жазыңыз. |
Алма Қыраубаева Мүтәліпқызы - (1947-2001). Қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1997). 1947 жылдың 26 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан станциясында дүниеге келді.
Ғалымның табанды зерттеулерінің нәтижесінде оның қаламынан «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Жаным садаға» (1995), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты монографиялар мен оқу құралдары, жүзден астам ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалар жарыққа шықты.
Шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген ұстаз-ғалым қазақ мектептеріне арналған тұңғыш «Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996), жоғары оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматиясының (1991) авторы.
Байтақ еліміздің күллі жоғарғы оқу орындарындағы филология факультетінің студенттері бүгінгі күнге дейін профессор Немат Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты оқулығын қолынан тастаған емес. Ғалым-зерттеуші өз еңбегінде қазақ әдебиетінің үш мың жылдық тарихын тереңнен қопара зерттеп, әр дәуірдегі ұлы бабаларымыздың соңында қалған рухани жәдігерліктерін ерінбей-жалықпай іздеп тауып, бір жүйеге түсіріп,сол мұралардың ғылымитанымдық негізін, көркемдік құндылығын құнарлы тілмен баяндап береді.
2.
«Диуани Лұғат ат түрік» шығарманы оқи отырып қандай оқиғаныелестете аламыз? Кімге, неге сүйсінеміз? Қай тұстары сіздерді әр түрлікүйге салды: қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, толғандырды, ойландырды? Шығарма несімен ұнады немесе неге ұнамады? Кімді, неніжек көреміз? Кімге жанымыз ашиды? Қандай оқиғаға, неге өкінеміз? Өзіндік тұжырым ұсыныңыз. |
Дүниенің төрт бұрышын алған көне түркілердің мұрагерлері орта ғасырлық түбі бір түркі халықтарының табиғи болмысы мен этностық дүниетанымын, кеңістік пен уақытты игерудегі рухани және материалдық құндылықтар жүйесін айшықтауда М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» энциклопедиялық жәдігерінің маңызы ерекше.
«Диуани лұғат-ит-түрік» тілінде кездесетін орта ғасырлық түркілер санасындағы ақиқат дүниенің идеялық құндылықтарын бейнелейтін концептілерге сараптамажасап, олардың тілдікмодельдерінің архимазмұнын қарастыру жалпытүркілік концептуалды жүйенің эволюциялық дамуы мен сыртқы және ішкі құрылымын зерделеуге мүмкіндік береді. Орта ғасыр мұрасына жататын «Диуани лұғат-ит-түрік» жәдігерін антропоөзектік лингвистика негізінде зерттеу арқылы көптеген концептуалды ғылыми ақпараттарға қанығумен қатар, бүгінгі түркі халықтарының болмысын, соның ішінде қазақ халқының таным ерекшелігін тани түсуге болады.
Аталмыш еңбектен түркі, соның ішінде қазақ дүниетанымына тән тәңірлік концептісін, ерлік, батырлық концептілерін, табиғат концептісін, отбасы концептісі мен жақсылық концептілеріне қатысты ойларды кездестіре аламыз.
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінің жазылу кезеңі Қарахан мемлекетіндегі ислам дінінің гүлденуімен тікелей байланысты болды. Сол себепті де сөздік тілінің этнолингвомәдени көрінісін ислам дінінен бөлек алып қарастыра алмаймыз. Себебі Қарахан мемлекетінің идеологиялық негізі – мұсылман діні болған.
3. Рабғұзи «Қисса сул әнбия» шығармасындағы Нұқ пайғампардыңпортреті:
«Діндар, құдайға жанындай берілуі, насихаттаушы, фанат»
Көркем деталь арқылы талдау жасаңыз.
Ыдырыс ұлы Мәнусалық Мәлік ұлы Нұх. Анасының аты Шамха бинт Анурш еді. Адам атаға дейін он ата еді, бәрі мұсылман болатын. Шын есімі Яшхир, қайғырып жылай берген соң Нұх аталды. Қайғыруына мынандай жағдай себеп болғандығы айтылады: Бір күні Ібіліс: "Ей, Нұх, мен туралы іс қылдың. Егер істерім, жолдастарым, серігім жиылып келсе де, бұл жерде білмес еді". деді.
Нұх "Қалай ол?" деді. Ібіліс "Сен дұға жасадың, қауымың опат болды. Бәрі тозақта менімен жолдас болады. Сабыр қылғаныңда біреу иман келтіріп, саған еретін еді" деді Нұх.
Нұх батыстан шығысқа дейін барша халыққа пайғамбар еді. Халықтан бос бір қарыс та орын жоқ еді. Бір кесек жерден үш жүз жүк бидай шығатын еді, жүз батпан бидай бір жылға азық болатын.
Нұх жүз жасқа келгенінде пайғамбарлық келгені айтылады. Елу мыңнан аз жыл үгіттеді. Топан судан кейін үш жүз жыл жасады.
11 билет
1. Ахмет Үігінеки прозасындағы жалпыадамзаттық құндылықтар, отбасы, Отан, қайырымдылық, махаббат сынды ұғымдар және оларға қарама-қарсы түсініктердің образдар арқылы жеткізілуін мысалдармендәлелдеңіз.
Ахмет Иүгінеки XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан "Әдиб Ахмет" деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, данлардың көш басы.
Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте туып, өскен. Жасынан зағиптық мехнатын тарткан кісі.
Сонымен бірге тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлендер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Түрік ғалымы Рашит Арат Рахмат дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. '"Ақиқат сыйының" прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді.
Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі — адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды.
Айтайын білім жайын, құнты бар бол,
Ей, достым, білімдіге ынтызар бол.
Ашылар білімменен бақыт жолы,
Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді — алтын, нұры ашылатын,
Білімсіз — қара бақыр шашылатын...