Файл: бастауыш мектептегі саба басымдытар жне жетілдірустратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсыны білім беру бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 1422
Скачиваний: 67
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8-күн
1-тапсырма. Бастауыш сынып оқушыларының математиканы меңгерудегі қиындықтар тобын және олардың белгілерін зерделеңіз.
-
Оқушыға оқу әрекеті барысында аталған қиындықтарды еңсеруге қалай қолдау көрсетуге болатындығын ойланыңыз.
Қиындықтар тобы
Оқу әрекетіндегі көрінісі
Дерексіздендіру амалдарын түсінбеу
Сандар қатарын және оның қасиеттерін түсіну, сандарды топтау т.б. амалдарды орындау секілді қиындықтардың орын алуы
Ұсақ мотриканың дұрыс жетілмеуі, көру-моторлық координациясының жеткілікті деңгейде қалыптаспауы
Сандарды жазуда қиындықтардың болуы (мысалы, санды теріс таңбалап жазу, тор көзге сиғызып жаза алмау т.б.)
Ассоциациялық байланыстардың және кеңістіктік бағдардың жеткілікті деңгейде дамымауы
Нүкте, түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, жазық және кеңістік фигураларды дәптер бетіне орналастыра алмау, геометриялық фигураларды кескіндеуді және салуды түсінбеу, геометриялық фигуралардан құралған композицияларды ажырата алмау.
Танымдық саласының және ой қызметінің жеткілікті деңгейде дамымауы
Бірнеше мысалды талдау негізінде ереже құрастыруда, тапсырманы шешу арқылы ой қорытындыларын жасай алмау
«Зияттық енжарлық» (интеллектуалдық енжарлық) – ақиқатты тану деген танымдық қатынастың жеткілікті деңгейде дамымауы (оқушыда білуге, тануға деген қызығушылықтың/ құштарлықтың болмауы)
Оқу материалының мазмұнын түсінбей жаттанды оқу, тапсырмаларды шешу жолын шамамен болжап шығара салу, үлгі бойынша ғана әрекет ету, тапсырманы/есепті шығару үшін басқаның нұсқауын қажет ету
-
Аталған қиындықтар тобының оқу әрекетіндегі көрініс белгілерінің бірін таңдаңыз. Оқушыға педагогикалық қолдау көрсету идеясын тұжырымдап, педагогикалық жоспар құрыңыз. Оқушыға қолдау көрсету идеясын жағымды шешімге негіздеп тұжырымдаңыз -
Эмоционалды, танымдық және әлеуметтік салаларды ескере отырып, оқушыны оқуда қолдауды жүзеге асырудың нұсқаларын ұсыныңыз.
2-тапсырма. Математиканы оқуда қиындығы бар оқушыға қолдау көрсетуде қолдануға болатын оқу материалын әзірлеңіз (тапсырма, ойын, үлестірме және/немесе демонстрациялық материал, нұсқаулық карта, үлгілік карта т.б.). Тапсырманы математиканың үлгілік оқу бағдарламасының бір бөлімі/бөлімшесі / оқу мақсатына сйкес құрастырыңыз.
Бөлім | |
Бөлімше | |
Оқу мақсаты | |
Тапсырма | |
9-күн
1-тапсырма. Эксперимент жүргізу жоспарын / алгоритмін қараңыз.
-
«Мен – зерттеушімін», «Заттар және олардың қасиеттері» бөлімдері бойынша оқу мақсаттарының бірін таңдаңыз. -
Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған эксперимент жұмысын жүргізуді жоспарлаңыз. Эксперимент жүргізуде берілген үлгіні қолдануға немесе өз тәжірибеңізге сүйенуге болады.
Эксперимент жүргізу жоспарының үлгісі
Сұрақ -Не туралы білгіңіз келеді? | |||
Температура нанның көгеруіне қалай әсер етеді | |||
Гипотеза (болжам) | Тексеру болжамы | ||
Температура төмен болса, нан ақырын көгереді. | Тоңазытқышқа салынған нан тіліміне қарағанда жылу батареясының жанына қойылған нан тілімі тезірек көгереді. | ||
Сіз нені өзгертесіз? | Сіз нені анықтайсыз? | Нені өзгеріссіз қалдырасыз? | |
Нанды сақтау температурасын. Мен бір тілім нанды тоңазытқышқа саламын, дәл сондай нан тілімін жылу батареясының жанына қоямын. | Нан көгеруін | Эксперимент жасау үшін бір нанның екі тілімін аламын. Мен нанның тілімін екі түрлі жерге бірдей уақытқа қоямын. | |
Материал – Экспериментке қандай құралдар қажет? | Алгоритм – Экспериментті қалай жүргізесіз? қадамдары | ||
|
|
Сілтеме: https://clck.ru/VEgEf
Экспериментті жоспарлауға арналған үлгі
Сұрақты тұжырымдаңыз -Не туралы білгіңіз келеді? | |||
| |||
Гипотеза (болжам) | Тексеру болжамы | ||
| | ||
Сіз нені өзгертесіз? | Сіз нені анықтайсыз? | Нені өзгеріссіз қалдырасыз? | |
| | | |
Материал – Экспериментке қандай құралдар қажет? | Алгоритм – Экспериментті қалай жүргізесіз? Қадамдарын жазыңыз. | ||
| |
2-тапсырма. Жаратылыстану бойынша үлгілік оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспардан «Мен-зерттеушімін» және «Табиғат физикасы» бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын қараңыз.
-
Бір немесе бірнеше оқу мақсатын таңдап зерттеушілік оқытудың екінші деңгейін және бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін эксперимент жоспарын әзірлеңіз. Эксперимент жоспарын әзірлеу үшін алдыңғы тапсырмада берілген үлгіні немесе өз тәжірибеңізде қолданып жүрген эксперимент жүргізу жоспарын қолдануға болады -
Эксперимент жүргізу барысында жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз/төмен немесе себептік-салдарлық байланыстар туралы қорытынды жасауға қабілетсіз / қиындығы бар, іс-әрекетінің реттілігін анықтай алмайтын немесе құрдастарымен бірлесіп әрекет етуде қиындығы бар оқушыларға қолдау көрсету тәсілдерін ұсыныңыз.
«Экспериментті жоспарлау» бақылау парағы
Жоспарлау элементтері | Сәйкес | Сәйкес келмейді |
Эксперимент тақырыбын таңдау (сұрақ қою немесе проблеманы тұжырымдау) | | |
Гипотеза (болжам) | | |
Шешу жолдарын іздеу мен мүмкін болатын нұсқаларды ұсыну:
| | |
Қажетті құралдар | | |
Эксперименттегі әрекеттердің (қадамдардың) реттілігін жоспарлау | | |
3-тапсырма. Сыныптағы барлық оқушының зерттеушілік дағдысын және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған сабақ жоспарын әзіреңіз. 1) Сабақ жоспарында талдауды, жалпылауды, болжам ұсынуды қажет ететін тапсырмаларды орындауда қиындығы бар оқушыларға немесе мәтінді түсініп оқуда, графикалық түрдегі ақпаратпен жұмыс істеуде қиындығы бар оқушыларға қолдау көрсету тәсілдерін жоспарлауды ескеріңіз.
2) Әзірленген сабақ жоспарын төменде кестедегі «Сабақ жоспарын бағалау критерийіне» сәйкес бағалаңыз.
3) Жаратылыстануды меңгеруде қиындығы бар оқушыға қолдау көрсету үшін әзірлеген тапсырманы «Жаратылыстану бойынша тапсырманы сараптау» кестесіне сәйкес сараптаңыз.
Бөлім: | | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | | |
Сабақтың мақсаты | |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| | | | |
Сабақ жоспарын бағалау критерийлері | |
Сабақ мақсаты | оқу мақсаттарына сәйкес тұжырымдалған |
пәннің ерекшелігіне бағдарланған | |
SMART форматында (сабақ шеңберінде нақты, өлшемді, қолжетімді және уақыт мөлшері белгіленген), оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескерілген. | |
Оқыту әдістері | оқу мақсатына жетуге ықпал етеді |
барлық оқушыларды оқу процесіне тартуға ықпал етеді. | |
оқыту оқушылардың жеке және/немесе ерекше қажеттіліктерін қолдайды | |
Тапсырмалар | оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес |
функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді | |
оқушының жеке және/немесе ерекше қажеттіліктеріне сәйкес |