Файл: бастауыш мектептегі саба басымдытар жне жетілдірустратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсыны білім беру бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 1416

Скачиваний: 67

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ»

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының

Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2022
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

1-КҮН

1 -тапсырма. Кестеде берілген ақпаратты зерделеңіз. Инклюзивті білім берудің басқа білім беруден айырмашылығы неде? Қандай фактілер «Инклюзивті білім беру – бұл сапалы білімнің барлығына бірдей қолжетімділігі» екендігін меңзейді? Дәлелдемелер келтіріңіз.

Стандартты білім


Арнайы білім

Сегрегация

«Қалыпты» бала

Жұмыр пішіндес қазықтарға арналған жұмыр қазықшалар

Қарапайым педагогтер

Қарапайым мектептер




«Ерекше» бала

Шаршы пішінді қазықтарға арналған шаршы қазықшалар

Арнайы педагогтер





Бала өзінің ахауларына, бұзылуларына сәйкес жіктеледі және осы бұзылуларға жауап беруге арналған мектептерде білім алады.

Интеграцияланған білім «Бала мектепке, білім беру жүйесіне бейімделеді»

Интеграция


Терапия

Түзету

Оңалту







Жүйе талаптарына баланы бейімдеу

Шаршы пішіндес қазықшаны жұмыр пішіндес қазықшаға айналдыру

Жүйе өзгеріссіз қалады

Бала жүйеге бейімделеді немесе жүйе бала үшін қолжетімсіз болады

Мүмкіндігі шектеулі балалар негізгі жүйеде, көбінесе арнайы сыныптарда немесе қажетті қолдаумен және бейімдеумен қамтамасыз етілмеген немесе жеткілікті деңгейде ойластырылмаған жалпы сыныптарда білім алады.

Инклюзивті білім беру «Мектеп, білім беру жүйесі бала қажеттілігіне бейімделеді»

Инклюзия



Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар және ол ерекшелік қайталанбауы мүмкін
Әрбір баланың білім алуға мүмкіндігі бар
Әр баланың қабілеті, этникалық тобы, жасы, бойы, шығу тегі әртүрлі
Баланың қажеттілігіне сәйкес білім беру жүйесі бейімделеді.

Балалардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мектептегі мәдениетті, саясатты, тәжірибені өзгерту қажеттігін дәне осы мүмкіндіктерді жүзеге асырудағы кедергілерді болдырмауды қамтамасыз етеді.

«Әр балаға тең мүмкіндік»


2-тапсырма. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдау және бағалау моделін зерделеңіз.


  1. Өз тәжірибеңіздегі кез келген сабақтың жоспарына талдау жасаңыз.

  2. Сіз бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыта алдыңыз ба және барлығын оқуға тарта алдыңыз ба, осы туралы қорытынды жасаңыз.

  3. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың маңыздылығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз



ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың медициналық моделі

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың әлеметтік-педагогикалық моделі


Оқытудағы қиындықтар мен проблемалар балаланың өзінде, сондықтанда ол бала «қалыпты емес, бойында ақауы бар, мүгедек» деген түсінікке негізделеді. Бағалау медициналық диагнозға, оқыту – түзетуге бағытталған [13].


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқудағы қиындықтары «барлық оқушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне жалпы білім беретін мектептердегі жағдайдың сәйкес келмеуі және білім берудің қоғамдық жүйесінің жетілмегендігі» салдарынан туындаған тұжырымға негізделген. Бағалау адамның қажеттіліктеріне бағытталады, ал оқыту білім алуды қолдауға және қоршаған орта факторларын бейімдеуге бағытталады [13].


«Бала мектепке емес, мектеп балаға және оның қажеттілігіне қадам жасайды»



Өз идеяңызбен бөлісіңіз:


2-КҮН

1-тапсырма. Төмендегі кестемен жұмыс істеңіз.
1) Инклюзивті ортаның сипаттарымен танысыңыз. Сіздің мектебіңізде/сыныбыңызда инклюзивті ортаның сипаттары қалай көрініс табатынының мысалдарын жазыңыз.

2) Өз тәжірибеңізге талдау жасаңыз, Сіздің мектебіңізде/сыныбыңызда инклюзивті ортаны қалыптастыруда қандай кедергілер мен кемшіліктер бар?

3) Сіздің мектебіңіздегі/сыныбыңыздағы инклюзивті ортаны жақсартуға қатысты ұсыныстар беріңіз.



Инклюзивті ортаға тән сипаттар

Педагогикалық қызметтегі инклюзивті орта сипаттарының мысалдары (мұғалімнің пайдалы тәжірибесі)

1. Мәдениет




Әрбір бала мектепке/сыныпқа қабылданған болып саналады





Оқушылар бір-біріне көмектеседі





Мектептің педагогтері бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді





Мектептегі педагогтер мен оқушылар бір-бірін құрметтейді





Мектептің педагогтері мен ата-аналардың арасында әріптестік қарым-қатынас бар





2. Құндылықтар




Әрбір оқушының табысқа жетуі күтіледі





Мектептің педагогтері, оқушылар мен ата-аналар инклюзия философиясын қолдайды





Оқушыларға тең көзқарас қалыптасады (Барлық оқушылар сапалы білім алуға құқылы)




Педагогтер оқудағы барлық кедергілерді жоюға тырысады





Мектеп оқушыларды кемсітушіліктің кез келген түрлерін жоюға тырысады





3. Тәжірибе




Оқыту барлық оқушыларды оқуға тарту қажеттілігін ескере отырып жоспарланады




Сабаққа барлық оқушылардың қатысуы ынталандырылады





Оқушылардың ерекшеліктерін қабылдау. Оқушылардың ерекшеліктері оқыту мен оқуда негіз ретінде қарастырылады





Мектептің ресурстары инклюзияны қолдау үшін дұрыс бөлінген





Кемшіліктер және кедергілер:









Сыныптағы/мектептегі инклюзивті ортаны жетілдіру бойынша ұсыныстар:











2-тапсырма. Инклюзивті оқытудың озық практикалық стратегияларын зерделеңіз. Сыныптағы қолайлы оқу ортасы мен психологиялық ахуалды қалыптастыруға қолайлы әсер ететін негізгі 3 факторды анықтаңыз және өз шешіміңізді негіздеңіз. Сіз өзіңіздің оқыту тәжірибеңізде озық практикалық стратегияларды қалай қолданасыз?

Инклюзивті оқыту әдістері, практикалық ұсыныстар және бақылау парағы

Инклюзивті оқыту мен оқу оқушылардың әртүрлілігі мен дағдыларына қатысты және барлық оқушыларды белсенді түрде қатыстыруға, қамтуға және барлық оқушыларға қатысты міндеттер қоюға бағытталады. Біздің оқушылар мектепке әртүрлі дайындықпен және әртүрлі дағдыларымен келеді. Инклюзивті оқыту тәжірибесі оқушылардың табысқа жетуі мен ортақтастық сезіміне нұқсан келтіретін қате түсініктер мен қате пікірлерге қарсы тұрады. Инклюзивті оқыту барлық оқушылар үшін қолайлы оқу ортасын қалыптастырады.

Ұсынылған бақылау парағы инклюзивті оқыту бойынша негізгі озық практикалық стратегиялардың басым бөлігін және әмбебап оқыту жүйесін қамтиды. Сіз қандай практикалық тәсілдер бойынша эксперимент жасайсыз?

Стратегия

Мысалдар

Қолданамын

Жоспарладым

Қолайлы ортаны қалыптастыру

Болжамдарды зерттеуші

1. Оқушыларға қатысты өз болжамдарын білдіру. Оқушылардың белгілі бір топтары немесе олардың дайындығы туралы Сізде қандай пікір қалыптасқан?







Барлық оқушылар үшін инклюзивті орта қалыптастыру

2. Инклюзивті оқыту ортасына ықпал ететін оқу бағдарламасының бөлімдерін енгізу







3. Барлық оқушылар үшін теңдік пен қолжетімділікті жетілдіру туралы айқын көзқарас қалыптастыру







4. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қолайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларды құрметтеу, қадағалау және қолдану (тұлға ретінде). Құпиялылықтың сақталуын қадағалау. Оқушылар үшін қолайлылық – артықшылық емес, әрбір оқушының білім алуға толық қол жеткізуіне және өзінің үйренгенін тиімді көрсете білуіне мүмкіндік беру құралы екенін есте сақтау.







5. Оқушылардың қажеттіліктерін ескеру. Оқушылардың басындағы әртүрлі өмірлік жағдайларды түсініп, ауырған жағдайда жанашырлық таныту, діни мерекелерді және эмоционалдық шамадан тыс жүктемені түсіне білу. Тоқсанның басында оқушылардан олардың сабаққа қатысуына немесе тапсырмаларды уақтылы орындауына әсер етуі мүмкін кез келген проблемалар туралы алдын ала хабарлауын ескерту.







6. Сыныпта және сыныптан тыс ұсынылатын ресурстар мен көмек барлығына бірдей пайдалы және қолжетімді болатын жағдайларды қамтамасыз ету. Мысалы, кеңес беруге арналған сабақтарды Zoom бағдарламасында ұсыну және жазу, тұтас сынып үшін пайдалы ақпаратты ұсыну







7. Әріптестеріңіздің немесе оқушыларыңыздың да осы практикалық нұсқауларды қолдануын қадағалау.







Жалпылама қарым-қатынасты өзгерту

8. Оқушыларды атымен атау







9. Оқушылармен және олардың жеке пікір-көзқарастарымен, дағдыларымен танысу (мысалы, сыныпқа кірген оқушылар сәлемдесу, оқушылармен сабақ басталғанша немесе сабақтан кейін қарым-қатынас жасау), жағымды қарым-қатынас қалыптастыру







Инклюзивті қарым-қатынас тілін, мінез-құлықты және көзқарасты қалыптастыру

10. Идиомаларды, метафораларды, танымал мәдениетке сілтемелерді пайдалануда тиісті мәнмәтінді қамтамасыз ету







11. Әртүрлі дағдылар/көзқарастар тұрғысынан қабылданған және бағаланатын тілді қолдану







Әртүрлі және аралас мысалдарды, ресурстар мен көзқарастарды енгізу

12. Пән бойынша материалдарда белгілі бір нақты көзқарастардың болмауын немесе олардың жеткіліксіз көрсетілуін айқындау







13. Әртүрлі салалардағы және/немесе әртүрлі көзқарастар мен тұрғындар топтарын қамтитын мысалдарды/иллюстрацияларды келесі мақсаттарда пайдалану:

1) оқушыларға әртүрлі мәнмәтіндегі тұжырымдардың қалай қолданылатынын түсінуге көмектесу және 2) оқушылардың материалды түсінуіне көмектесу.







Қарым-қатынасты және бірлесе қатысуды қамтамасыз ету

Қарым-қатынас, бірлесе қатысу және жұмысқа тартылу ережелерін әзірлеу, қолдану және бекіту

14. Қолайлы инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін және сыныптағы өзара сыйластық қарым-қатынастың негізгі нормаларын белгілейтін сынып/мектеп ережелерін әзірлеу, қолдану және бекіту (мысалы, әңгімеге қайта қосылмас бұрын үш адамның сөйлегенін күту керек болатын ережені бұзбау, басқалардың пікірлерін ескеру және басқаларды сынамау)







15. Сабақтар мен іс-шаралар кезінде оқушыларды қатысуға ынталандыру және бақылау. Бірнеше оқушының (немесе бір топтың оқушыларының) шағын топтағы немесе тұтас сыныптағы талқылауларда басымдық жасауын ескеру







16. Сыныпта орын алатын қақтығыстар/ереже бұзушылықтар бойынша жедел, жүйелі және мұқият әрекет ету







17. Белсенді тыңдауға ықпал ету (мысалы, пікірталасқа өз сөзімен қайталау және сұрақ қою әдістерін қосу)







18. Барлық сұрақтар мен пікірлерге құрметпен қарау







Топтық жұмыс ережелерін әзірлеу, бөлісу және бекіту

19. Командадағы және топтық жұмыстағы жетекшілік пен рөлдердің нақты белгіленуін және бөлінуін/кезектестірілуін қадағалау







20. Оқу нәтижелері үшін орынды болған жағдайда, сабақ барысында оқушыларды топтарға бөлу және олардың құрамын ауыстырудың әртүрлі нұсқаларын қолданыңыз







Әртүрлі белсенді оқыту стратегияларын қолдану

21. Әртүрлі оқыту стратегияларын, оның ішінде белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану







22. Талқылауға қатысудың балама жолдарын қамтамасыз ету (мысалы, параққа жазылған пікірлер, шертпе (кликер) құралдар)







Тұлғалық тұрғыдан дамыту ұстанымын қолдау/ Қателіктер мен күш-жігер жұмсау оқудың бір бөлігі екенін түсіну

Оқушыны зияткерлік дамытуда тұлғалық тұрғыдан дамыту ұстанымын қолдау

23. Интеллект тұрақты туа біткен қабілеттердің көрінісі емес, уақыт өте келе өзгеріп, өсе алады деген идеяны қабылдау (Дуэк, 2006). Мысалы, оқушының жетістігін туа біткен қабілеттің (немесе қабілетсіздігінің) белгісі ретінде сипаттаудан аулақ болу, «Кейбір адамдардың математика/жазу/сыни тұрғыдан ойлауда проблемалары бар» деген сияқты тұжырым жасаудан аулақ болу







24. Қателер жіберуге болатын ортаны сақтау және бұл қателерді оқуды жақсарту үшін тиімді пайдалану. Когнитивті тәуекелдерді қолдау және қателіктерге түсіністікпен қарау







25. Оқушылардың тұлғалық тұрғыдан даму ұстанымын дамытуға көмектесу (мысалы, кеңес беру сабақтарында немесе кері байланыс барысында оқушылар үшін қиындық туғызатын нақты салаларды анықтау және қиындықтарды еңсеру әдіс-тәсілдерін анықтауға көмектесу)







26. Жалғыз дұрыс жауап тәсілінен бас тартып, оқушыларға проблемалардың бірнеше шешімдерін және/немесе тәсілдерін ұсынуды және тұжырымдауды ұсыну







27. Оқушылардың көп күш-жігер жұмсауын қажет ететін емтихандарға және жоба жұмыстарына қосымша күш-жігерді аз қажет ететін тапсырмаларды қолдану







Оқушылардың оқуын жақсартуға көмектесетін кері байланыс ұсыну

28. Оқушылардың жұмысын бағалау үшін қолданылған критерийлерді (шарттарды) ұсыну арқылы объективтілік және ашықтық принциптерін сақтау







29. Түсінуді немесе жұмысқа қабілеттілікті қалай жақсартуға болатыны туралы сындарлы және қолдаушы кері байланыс ұсыну.

Мысалдар: «Ақылды кері байланыс»: 1) сыни кері байланыс ұсынатыныңызға сенімді болу, өйткені сізде сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес белгіленген; 2) оқушының орындаған жұмысының қай жерде осы критерийлерге сәйкес келетіні/сәйкес келмейтіні туралы нақты түсініктеме беру; 3) оқушылардың осы критерийлерге немесе сабақ мақсаттарына қол жеткізе алатынына сенімді болу (Коэн, 1999, Йегер, 2014).

«Стратегиялық кері байланыс»: тәжірибені жетілдірудің нақты бағыттарын белгілеу (Дуэк, 2012)







Оқушыларды қолжетімді (сыныпта, кітапханада бар) ресурстарды қолдануға ынталандыру

30. Оқушылардың ресурстар туралы хабардар болуына көмектесу және оларды сыныптар мен кітапханалардағы академиялық ресурстарды қолдануға ынталандыру







31. Оқушылардың мектепте және одан тыс жерлерде әртүрлі қолдау (кеңес алу) түрлерін пайдалануына көмектесу (YouTube сайтындағы бейнематериалдар, онлайн мектептер, т.б.): белгіленген мерзімдерді оқушылардың есіне салып отыру, кеңес беру сессиялары кезінде мүмкін болмаған жағдайда, кездесулерді жоспарлауға көмектесу, оқушылардың кеңес беру сабақтары туралы өтініштерін қарастыру, кеңес алуға келген оқушыға ізгі ниетті қарым-қатынаста болу







Өзінің оқыту тәжірибесінің сапасы мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс

Оқыту және оқу туралы пікірлерді білудің әртүрлі нұсқаларын қолдану

32. Әріптестерден немесе әкімдік өкілдерінен (сыртқы сарапшылардан) өзінің сыныпта оқытуын бақылауын және кері байланыс беруін сұрау







33. Оқытудың жаңа стратегияларын үйрену және өз дағдыларын жетілдіру үшін семинарлар мен конференцияларға қатысу







34. Оқушыларға пәннің мазмұны және өзінің оқуы туралы ойлануына, кері байланыс ұсынуына және сабақтарға қажетті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар беруіне мүмкіндік беру








Бұл практикалық нұсқаулар Зерттеулерді, оқыту мен оқуды интеграциялау орталығының (сонымен қатар инклюзивті аудиториялар қалай жұмыс істейтінін бақылау парағы), Лондон Империялық колледжінің, Сент-Луистегі Вашингтон университетінің, Аризона университетінің және Мичиган университетінің материалдары негізінде әзірленген.

Материалдар бейімделіп ұсынылған: Inclusive teaching practices tips & checklist [Электронный ресурс] mines.edu/diversity/trefnycenter.mines.edu

3-тапсырма. Оқыту тәсілдемелерін зерделеңіз. Төмендегі тәсілдемелердің қайсысы Сіздің тәжірибеңізде қолданылады? Өз тәжірибеңізден мысалдар (2-3) келтіріңіз. Оқыту процесінде саралап оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыруда басшылыққа алатын 5 принципті (бағалау үшін) тұжырымдаңыз.

Оқыту тәсілдемелері


Дәстүрлі

Саралап оқыту

• Оқушылардың ерекшеліктері бүркемеленіп ескерілмейді немесе проблемалар туындаған кезде ғана ескеріледі.



• Оқушылардың ерекшеліктері жоспарлаудың негізі ретінде қарастырылады



• Бағалау көбіне сабақтың соңында,

«кім түсінгенін» көру үшін жүргізіледі.



• Оқуды оқушының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкестендіру қажет екендігін түсіну үшін үздіксіз бағалау және диагностика.


• Интеллект туралы түсінікті салыстырмалы түрде тар шеңберде қабылдау басым.


• Оқушылар оқу түрін таңдауда көбіне қызығушылықтарды негізге алады.


• Жетілген деңгей туралы бірыңғай

түсінік қалыптасқан


• Оқу бейіндерінің көптеген нұсқалары қамтамасыз етіледі.

• Оқушылардың қызығушылықтары сирек ескеріледі.

• Әртүрлі білім беру тәсілдері мен іске асыру әдістері қолданылады.



• Оқу бейіні нұсқаларының салыстырмалы түрде аз мөлшері ескеріледі.

• Оқушының дайындық деңгейі, қызығушылығы және оқу бейіні оқыту бағдарын қалыптастырады.


• Тұтас сынып болып оқу басым қолданылады.

• Негізгі ұғымдар мен принциптерді түсіну және ұғыну үшін негізгі дағдыларды пайдалану оқу процесінің өзекті негізі болып табылады.


• Мәтіндер мен оқу бағдарламасы материалдарының қамтылуы оқуды ынталандырады.
• Мәнмәтіннен тыс фактілер мен дағдыларды меңгеру оқу процесінің басты бағыты болып табылады.
• Бір нұсқалы тапсырмалар қалыпты жағдай болып табылады.
• Сабақ уақыты салыстырмалы түрде икемсіз.


• Әдетте идеялар мен оқиғаларға қатысты әртүрлі көзқарастар қарастырылады.

• Оқуды жүзеге асырудың көп нұсқалы әдістері мен тәсілдері жиі қолданылады.

• Уақыт оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес икемді түрде пайдаланылады.
• Материалдардың мол көлемі ұсынылады.

• Идеялар мен оқиғаларды біркелкі интерпретациясы түсіндіру талап етілуі мүмкін.


• Мұғалім оқушылардың дағды-біліктерді меңгеруде өз ой-пайымдарына сүйенуіне ықпал етеді

• Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін басқарады.


• Оқушылар проблемаларды шешуде бір-біріне және мұғалімге көмек көрсетеді.

• Мұғалім міндеттерді шешеді.

• Мұғалім бағалау үшін жалпы сыныптық стандарттарды қамтамасыз етеді.


• Оқушылар тұтас сыныптық және
жеке оқу мақсаттарын айқындауда мұғаліммен бірлесе жұмыс істейді

• Бағалаудың бір формасы жиі қолданылады

• Оқушылар әртүрлі тәсілдер арқылы бағаланады