Файл: бастауыш мектептегі саба басымдытар жне жетілдірустратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсыны білім беру бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 1420
Скачиваний: 67
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5-күн
1-тапсырма. Ғылыми-танымдық шығармамен жұмыс жасау істеу ерекшелігін анықтау үшін «Теңіз тасбақасының өмірлік саяхаты» шығармасымен жұмысты кестеде берілген нұсқауға сәйкес орындаңыз.
| Алгоритм / Тәсіл (оқу түрін қалай жүзеге асырғаныңызды/ ұйымдастыратыңызды көрсетіңіз) | Мәтінді түсіну деңгейі | Ойлау дағдыларының деңгейі | Түйінді дағдылар |
Шолып оқу арқылы шығарма мазмұны не туралы екенін анықтаңыз. | | | | |
«Құмның бетіне шығу» бөлімінде не туралы айтылғанын анықтау үшін көз жүгіртіп оқыңыз.(1-тапсырма) | | | | |
Зерттеп оқу арқылы 2-тапсырманы орындаңыз. Зерттеп оқу тәсілін қалай жүзеге асырғаныңызды түсіндіріңіз. | | | | |
1. «Құмның бетіне шығу» бөлімінде не туралы айтылған?
а) әр түрлі тасбақалардың сырт келбеті қандай болады.
ә) тасбақалар қалай жүзіп үйренеді.
б) тасбақалар не жегенді ұнатады.
в) тасбақалар қалай жұмыртқаларын жарып шығарады.
2. «Теңіз тасбақасы балапандарының бірі қозғалып, жұмыртқасынан шыға бастайды».
Тасбақа жұмыртқасынан жарып шыққаннан кейінгі алғашқы екі әрекетін жазыңыз.
1-әрекет: ____________________
2-әрекет: ____________________
Теңіз тасбақасының өмірлік саяхаты
Тасбақа саяхаттарынан Гари Миллер
Құмның бетіне шығу
Бұл тамыз айының жұлдызды түні болатын. Жұмыртқалары бар ұя Коста-Рика жағалауынан 60 сантиметр тереңдікте құмда көмілген. Ұяның ішінде жасыл теңіз тасбақаларының 100-ден аса жұмыртқалары бар,
олардың әрқайсысының көлемі гольф добымен бірдей.
Теңіз тасбақасы балапандарының бірі қозғалып, жұмыртқасынан шыға бастайды. Тасбақа жұмыртқасының қабығын тұмсығының үшкір ұшымен жарады. Теңіз тасбақасының баласы құмның астына көмілсе де, еркіндікке шығады. Аз уақытта ұяның іші қимыл-қозғалысқа толады.
Тасбақаның баласы құм бетіне шығу үшін жүзбе қанаттарын қолданады. Құмның бетіне шығу үшін бір тәуліктен астам уақыт кетеді.
Суға жету
Жұмыртқасынан жаңа жарып шыққан тасбақа балапаны құмның бетіне жеткен кезде, мұхиттан шағылысқан ай жарығына қарай жүреді. Бақытына қарай, көрші үйлерден немесе көшелерден ешқандай жарық түсіп тұрған жоқ. Бұл жарық кішкентай тасбақаны шатастырады. Себебі олар теңізден алыстап, басқа жолға түсіп кетуі мүмкін.
Суға қарай жол – оның өмір сүруінің шешуші сәті деп санауға болады. Тасбақа баласының көлемі грек жаңғағынан үлкен емес. Теңіз шаяндары мен бақылдақ құтан сияқты құстар тасбақаның балапандарын жағалауда ұстап алуы мүмкін. Мына тасбақаның балапаны суға қарай кетіп барады.
Көпіршікті соқпа толқын тасбақаның балапанын артқа қарай итереді. Ол соқпалы толқынға қарсы жүзу үшін барынша күреседі. Тасбақаның балапаны алғашқы жүзуін күні-түні жалғастыра береді және екі күн бойы тоқтамайды.
Ашық теңізге шығу
Тасбақа баласының ашық теңізге саяхатын жиі «жоғалған жылдар» деп атайды. Жасыл теңіз тасбақасы өмірінің осы кезеңі туралы ғалымдар нақты деректер келтірмеген. Ол ағыс бойымен, теңіз балдырларымен қатар жүзуі мүмкін.
Тасбақа баласы теңіз балдырларының арасында және суда қалқып жүрген асшаяндарымен, медузалармен, ұлулармен қоректенуі мүмкін. Теңізде, өкінішке орай, адамдар тастайтын қоқыстар пластикалық қалдықтар болады. Оларды жеу тасбақаның өміріне өте қауіпті.
Теңізде одан да басқа қауіп-қатерлер бар. Теңіз түбінде жүрген акула сияқты жыртқыштар кездессе, жоғарыдан жыртқыш құстар қатер төндіреді. Бақытына қарай, оның сауытының түсі оған кішігірім қорған болады. Астыңғы бөлігі ақ түсті болғандықтан, астында жүзетін акулалар оны күн шуағының арасынан көре алмайды. Ал үстіңгі жағы қоңыр болғандықтан, үстінен қарағанда, ол су түбінің қоңыр түсімен қосылып, көрінбей кетеді.
Жасыл түске боялу
Бірнеше жылдар өткеннен кейін ол балғын тасбақаға айналады. Ол енді кішкентай балапан емес, бірақ әлі ересек те емес. Оның сауытының көлемі түскі ас ішетін тәрелкемен бірдей болады. Енді ашық теңіздің суларынан, Флориданың, АҚШ-тың жылы жағалауларына қарай кететін уақыт келді.
Сауытының үлкендеуінің арқасында балапан кезінен салыстырғанда, енді оған қауіп азаяды. Арасында медузаны жұтып қоятынына қарамастан, енді ол көбінесе балдырлармен және теңіз шөптерімен қоректенеді.
Ол жайлап өскенше, бірнеше жылдар өтеді. Ол жағалаудан алыс кетіп, теңіз түбінде қоректеніп ересек тасбақаға айналады.
Түнде ол судың астындағы тастардың, төмпешіктердің қасында, бес сағатқа дейін демін тоқтатып тынығады. Ол күнде тасбақа шөбі деп аталатын теңіз шөбінің қасына қайта оралады. Көгал шапқыш сияқты тасбақа теңіз шөбінің жайылымын азайтады. Теңіз шөбін және балдырларды жеуінің арқасында оның дене майы жасыл түске боялады. Сондықтан бұл
тасбақалар жасыл теңіз тасбақалары деп аталып кетті!
Құмға қайта оралу
Тасбақа 26-ға толған кезде, оның сауытының ұзындығы 90 сантиметрге, ал салмағы 120 килограммға жетеді. Енді ол жаңа саяхатқа аттанады. Ол өзінің ұзақ сапарын туған жеріне қайта оралудан бастайды. Сол кезде тасбақа өз жұмыртқаларын басуға дайындалады.
Теңіз тасбақасы 1 000 киллометрден астам қашықтықты жүзіп өте алады, себебі онда саяхатқа арналған заттың бәрі бар.
Оның жүзбе қанаттары құстың қанаттары сияқты. Ол судың ішінде ұшып жүреді. Ғалымдар теңіз тасбақалары өздерінің бағытын мұхит арқылы қалай табатынын әлі де зерттеуде. Олардың ойынша, тасбақалар Жердің магниттік алаңындағы өзгерістерді сезе алады. Бұл тасбақаларға бағыт картасын жасауға көмектеседі. Олардың еске сақтау қабілеті химиялық заттарды табуға немесе судың ішіндегі иістерді сезуге көмектеседі.
Туған жеріне оралғаннан кейін ол өзінің сыңарын табады. Бірнеше апта өткен соң, ол қараңғы батқанша күтіп, содан кейін жағалауға көтеріледі. Ол қараңғы батқаннан кейін шығады.
Келер буын
Судан шыққаннан кейін ол құрғақ жерге жету үшін бар күшін салады. Ол үлкен толқындар жұмыртқаларын шайып кетпейтін жерге жорғалайды. Алдыңғы жүзу қанатшаларын пайдаланып үлкен шұңқыр қазады. Бұл оның болашақ ұясы болады. Артқы жүзу қанатшаларының көмегімен ол шұңқырдың ішінен тағы кішірек шұңқыр қазады.
Екі сағат тынымсыз жұмыстан кейін, ол шұңқырдың ішіндегі кіші терең шұңқырға 100-ден аса жұмыртқа салады. Әрі олардың үстіне құмды тығыздайды. Содан кейін ұяның ішін толығымен құмға толтырады.
Келесі екі айдың көлемінде ол тағы да үш ұя қазып, олардың ішіне жұмыртқаларын салады. Екі айдан кейін жас тасбақалар қабықшаларын жарып шығып, өздерінің жеке саяхаттарын бастайды.
Тасбақалар өмірінің жалғасы
Барлық жұмыртқаларын салып болғаннан кейін, ересек теңіз тасбақасы қайтадан Флорида жағалауларындағы қорек алаңына барады. Көп жыл өткен сайын осы және басқа да ересек тасбақалар бұл жағалауға тағы да жұмыртқа салуға қайтып келеді.
Әрбір жасыл теңіз тасбақасы осылай өмір бойы жұмыс істейді, ол 80 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін. Бұл уақыт аралығында мыңдаған жас тасбақалар туылып, ашық теңізге кетеді.
Теңізге саяхат және қайта оралу
Сілтеме: «PIRLS құралнамасы және оны бағалау технологиясы». Жинақ – АТО АҚ: Астана, 2017 - 92 бет. Әдістемелік құралынан алынып әзірленді.
2-тапсырма. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалары бар кейстермен жұмыс жасаңыз.
Берілген тапсырмалар үлгілік оқу бағдарламасындағы қандай оқу мақсаттырына сәйкес келетіндігіне назар аударыңыз.
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеуде қандай мәселелерді ескеру маңызды екендігін ойланыңыз.
Кейс №1
Тапсырма: «Суға жету» бөлімін ізденістік оқу арқылы оқыңыз және берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Берілген Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың Берілген кестені нұсқаулыққа сәйкес толтырыңыз.
1. Құмның бетіне шыққаннан кейін балапан тасбақаларға дұрыс жол табуға не көмектеседі?
Балапандарды шатастыратын не?
2. Неліктен балапан тасбақаның суға жету жолы «өмір сүрудің шешуші сәті» деп аталады? Өз жауабыңызды түсіндіру үшін мәтінді пайдаланыңыз.
3. Кестені толтыруға арналған нұсқаулық:
- Оқушыларға берілген тапсырма үлгілік оқу бағдарламасындағы қандай оқу мақсатына сәйкес келетіндігін анықтаңыз.
- 1 және 2 - тапсырмалар оқушылардың ойлау дағдыларының қандай деңгейіне (Блум таксономиясы) келетіндігін анықтаңыз.
- 1 және 2 – тапсырмалар мәтінді түсінудің қандай деңгейде (Мәтінді жалпы түсіну; ақпаратты анықтау, интерпретациялау; рефлексия) бағытталғандығын бағалаңыз.
- Ізденістік оқу түрін мәтінмен жұмыс жасауда қалай қолдануға болатындығын (тәсілін) көрсетіңіз.
Оқу мақсаты | Ойлау дағдыларының деңгейі | Мәтінді түсіну деңгейі | Ізденістік оқуды қолдану |
| | | |