Файл: 1таырып. аза тілін оыту дістемесі жеке ылым саласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 506
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7. Оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы
7.1. Дәріс конспектісі
1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласыДәрістің мақсаты:Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысанымен таныстыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қалыптасу және даму жолдарын баяндауСұрақтар:1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері.3 Қалыптасу және даму жолдары.4 Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пән. 5 Әдістеме саласының зерттелуіҚазақ тілі әдістемесі - тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл мәселелерді шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны не?.2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері қандай?3. Қалыптасу және даму жолдары туралы айтыңыз4. Қазақ тілі пәнінің мектепте алатын орны қандай? 5. Әдістеме саласын зерттеген ғалымдар кімдер?Әдебиет: [1,2,3,20,21,38.]2-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізіДәрістің мақсаты: Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеменің психологиямен байланысымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізімен таныстыру.Сұрақтар:
-
Әдістеме – қоғамдық ғылым. -
Әдістеменің психологиямен байланысы. -
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі. -
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі -
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі -
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі
-
Әдістеме – қоғамдық ғылым екенін дәлелдеңіз. -
Әдістеменің психологиямен байланысы қандай? -
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі деген не?
2Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарыҚазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б.Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.С.Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту,оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.Өзін-өзі бақылау тапсырмалары1Қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік ұстанымдары деген не? 2Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдарына сипаттама беріңізӘдебиет: [1,2,3,16,20,40,31.]4-тақырып. «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгертілетін құзыреттіліктерДәріс мақсаты: Тілдік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, қатысымдық, танымдық, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерімен таныстыруСұрақтар:1. Тілдік құзыреттілік2. Кәсіби құзыреттілік3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі4. Ақпараттық құзыреттілік5. Қатысымдық құзыреттілік6. Танымдық құзыреттілік7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілікҚұзыреттілік – адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Тілдік, лингвистикалық құзыреттілік: сөздерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай қолдана білуі, сөздің дұрыс айтылу, жазылу ережелерін білуі;мәтін түрлерін құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады.
Əлеуметті-құқықтық құзырет – өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту. Ақпараттық құзыреттілік – айрықша назар аударуды қажет етеді. Себебі ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.Өзін-өзі бақылау тапсырмалары1. Тілдік құзыреттілік деген не?2. Кәсіби құзыреттілік деген не?3. Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі деген не?4. Ақпараттық құзыреттілік деген не?5. Қатысымдық құзыреттілік деген не?6. Танымдық құзыреттілік деген не?7. Әлеуметтік- тұлғалық құзыреттілік деген не?Әдебиет: [4,7, 20,15,39.]5-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесіДәрістің мақсаты: Әдіс туралы түсінің беру, әдіс және тәсілдің аражігі, қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесімен таныстыру.Сұрақтар:
-
Әдіс – көпсатылы құбылыс. -
Әдіс және тәсіл туралы түсінік. -
Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесі
-
Ауызша мазмұндау; 2.Әңгіме; 3.Кітапты пайдалану; 4.Көрсету; 5. Экскурсия; 6.Лаборатория жұмыстары; 7.Жазу-сызу жұмыстары; 8.Практикалық жұмыс.
-
Әдіс – көпсатылы құбылыс екенін дәлелдеңіз -
Әдіс және тәсіл туралы түсінік беріңіз
-
Қазақ тілін оқыту әдістерін жіктеу мәселесіне тоқталыңыз
-
Білім беру технологиялары. Олардың жіктелуі. -
Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологиялары т.б.
-
Білім беру технологиялары, олардың жіктелуіне тоқталыңыз -
Тұлғалық-бағдарлы білім беру, дамыта оқыту, ұжымдық өзара оқыту, проблемалық оқыту технологияларына тоқталыңыз