Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 811
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Емшараны орындау:
-
Бикстен халатты шығару -
Қолды созылынқы түрде ұстап, айналадағы заттарға және жеке киімге
жанаспау арқылы халатты ашу қажет
-
Жағаның артқы бөлігін ұстап, ішкі жағын өзіне қаратып бет денгейінде ұстау -
Екі қолды біркелкі жеңге кию, қолды жоғарға көтеріп екі жақа ажырату. -
Қолындағы байламдарды өзі байлау керек -
Белбеудін ұшын көмекшіге беру(көмекші артынан белбеуді және байламдарды қол мен халатқа жанастырмай байлайды) -
Залалсыздандырылған қолғапты кию.
-
Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде залалдықты сақтау.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандыру дез.ерітіндісі, «бикстерге арналған» таңбалы 2 дана ветош, зарарсыздандыруға дез.ерітіндісіне арналған ыдыстар, 2-пинцеттерді, 2-қолғап, бет перде, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған ақ жайма, дәкелік қаптардағы таңғыш материалдар (сүрткілерді турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикатор, күні, жауапты мейірбикенің қолы,бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп. -
Бикстін (қораптын) бүтіндігін тексеріңіз. -
Қолғапты, бет пердені киіңіз. -
Бикстін ішін және сыртын тізбектілікпен 2 рет, әртүрлі ветошпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз. -
Ветошттарді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты, бет пердені шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріп, екінші қолғапты киіңіз. -
Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз. -
Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз). -
Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне жаялықты төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет. -
Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз. -
Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:
-
сектормен (шеңбердін бөлім арасы), -
тік (қақпағына перпендикулярды), -
бос қопсытып.
-
Бикстін ортанғы бөлігіне залалды 2- индикаторды орналастырыңыз. -
Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған жаялықпен жабыңыз. -
Бикстің қақпағынын астына залалды 3-индикаторды,2-пинцеттерді салыңыз. -
Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз. -
Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз. -
Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз. -
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.
-
Залалсыздандырылған үстелді дайындау
Мақсаты: Асептика ережелерін қадағалау шарты бойынша 6 сағат бойы үстелде таңғыш
материалдарың және құрал- жабдықтардың залалсыздығың сақтау.
Құрал –жабдықтар: манипуляциялық үстел, 1% хлорамин ертіндісі, дез.ертіндіге арналған 2 ыдыс, үстелдің үстіне төсеуге арналған ақ жайма залалсыздандырылған құрал –жабдықтар, таңғыш материалдар,залалсыздандырылған бикс.
Процедураға дайындық:
-
Гигиеналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолымызды кептіріп. -
Арнайы киімді кию: халат, бас киім, бет перде, қолғап -
Дезерітіндіге малынған ветошпен үстелді екі рет келесі реттілікпен өңдеңіз: рамасынан бастап, кейіннен үстелдің сол жағынан оң жаққа қарай араларын ашық қалдырмай бір бағытта сүртіңіз. -
Кебуін күтіңіз. -
Хирургиялық деңгейде қолыңызды жуып, 0,5 % хлоргиксидин спиртті ертітіндісімен қолды өндиміз -
Залалсыздандарылған халатты киіңіз.
Іс- әрекет алгорітмі:
-
Залалсыздандырылған бикстен 4 қабатталған ақ жайманы алыңыз. -
Үстелдің бетін ақ жаймен жабаңыз, оның 2 шеттері төмен қарай 15-20 см салбырап тұруы керек. -
Ақ жайманың үстінгі қабатын жиып, бірінің үстіне бірін беттестіріп, ашып койыңыз. -
Залалсыздандырылған құрал- жабдықтарды қатарлатып койыңыз. -
Ақ жайманың үстіңгі қабатының 2 қырына қысқыштарды қыстырыңыз. -
3-5 см биік тұратындай етіп, қысқыштардың көмегімен ақ жайманың 2 қырынан ұстап, үстелді жабыңыз.
Процедураның аяқталуы:
Қысқыштың оң жағына дайындалған үстелдің күні мен уақыты жазылған бирканы бекітіп, үстелді дайындаған мейірбикенің қолы қойылады.
ІІ. Қабылдау бөлімшесі.
Ауруханаға науқасты қабылдау
Антропометрия - науқас денесі мен жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Аурухана бөлімшелеріндегі, емханалардағы, шипажайлардағы, демалыс үйлеріндегі мейірбикелер де қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді. Мейірбике сырқаттың бойын, дене салмағын және көкірек шеңберін өлшейді.
-
Науқастың дене салмағын өлшеу
Дене салмағын өлшеу
дұрыс орнатылған, жақсы реттелген медициналық таразыда өлшейді. Аш қарынға іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейді. Таразыға аурудың асықпай көтерілгені абзал.
Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіштері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау,
науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді
бақылау.
Қарсы көрсеткіштері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Құрал-жабдықтар: еденге орнатылатын таразы, сырқатнама, қолғап, тазартуға
арналған30х30 см ветош, зарарсыздандырылған клеенка, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар
ыдыс, клеенка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз. -
Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз. -
Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек. -
Таразының алаңына клеенканы төсеңіз. -
Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен. -
Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз. -
Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз. -
Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз. -
Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз. -
Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз. -
Қолғапты шешіп, ҚЖКЖ – ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
-
Науқастың бойын өлшеу
Арнайы аспаппен сырқаттың бойын өлшеу. Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік бөліктері бар алаңшаға бекітілген. Тіркеудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша қозғалады. Бойын өлшегенде сырқат тіркеуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Құлақ қалқанының жоғарғы ұшы мен көз сызығының ұшы бір горизонтал сызықтың бойында болатындай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсеткіштері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Құрал-жабдықтар: бой өлшегішт, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенка, клеенканы сүртетін шүберек, ішінде зарарсыздандыратын ертіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп,, қолғапты киіңіз. -
Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз. -
Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз. -
Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз. -
Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз. -
Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз. -
Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз. -
Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз. -
Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз. -
Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ертіндісінде 2 рет ылғалдатылған ветошпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз. -
Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК - ға салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
-
Кеуде қуысының шеңберін өлшеу
Кеуде қуысының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан ІV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бірқалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.
Құрал-жабдықтар: сантиметрлік өлшегіш
Іс-әрекет алгоритмі
-
Науқастың денесіне өлшегішті арқа жақта жауырынның төменгі бұрышының астынан, алдыңғы жақта IV қабырға деңгейінде (ер адамдарда емшек ұшының үстімен) өтетіндей салу керек. -
Сантиметр санын белгілеу.
-
Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.
Көрсеткіштері: бит және сіркенің болуы.
Қарсы көрсеткіштері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.
Құрал-жабдықтар: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтық: медициналық халат, орамалдар, (полиэтилен, ветош, сірке су қышқылының 6% ертіндісі, тістері жиі тарақ, педикулицидтердің біреуі («Ниттифор», «Антибит» лосьондары, «Педилин» сусабыны), дәке тампондар, лупа, қырыну кешені, киім-кешек, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қап, клеенка, резеңке қолғаптар, цинкпен қапталған шелек және астына қойғыш, стационарлық науқастың медициналық картасы, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форма (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алаты журнал (Ф-060/у).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз. -
Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. -
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп,, қолғапты киіңіз. -
Үстіңізге қосымша халатты киіп, орамал тартыңыз. -
Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз. -
Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз). -
Басын полиэтилен, орамалмен, оның үстінен орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт педикулициттердің түрімен байланысты. -
Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз. -
Шашты жылы 6% сірке су қышқылы ертіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз. -
Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз. -
Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз. -
Мақталарды, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз. -
Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. -
Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы). -
Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз. -
СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз. -
Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.