Файл: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 831

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



131. Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті КӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
Мақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Құрал-жабдықтар: көректік ортасы бар Петри табақшасы, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгек, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысы (судно) немесе горшок, қолғап, маска, форма бойынша жазылған жолдама, стеклограф (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандаш), бикс, қолғап, ҚЖКЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

  2. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

  5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

  6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

  7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

  9. Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.

  10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

  11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты, масканы шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  14. Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.


Ескерту:

  • нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

  • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

  • материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды;

  • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.



132. Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен»

нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: аузы мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтік, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампоны материалды алуға арналған, дәрет ыдысы (судно) немесе горшок, қолғап, бет перде, форма бойынша жазылган жолдама, стеклограф (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандаш), штатив, тасмалдауға арналған контейнер немесе бикс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғап пен бет пердені киіңіз.

  3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

  5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

  7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

  8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

  10. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

  11. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты, масканы шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.


Ескерту:

  • нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

  • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

  • материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

  • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.




133. Бактериологиялық зерттеуге

тікелей тік ішектен нәжісті алу
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған аузы мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтік, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампоны материалды алуға арналған, қолғап, бет перде, форма бойынша жазылган жолдама, клеенка, стеклограф, штативті тасымалдауға арналған контейнер немесе бикс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғап пен бет пердені киіңіз.

  3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

  5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

  7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

  8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

  9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

  10. Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

  11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

  12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

  13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  14. Қолғапты, дем пердесін шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.


Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.

134. Науқасты бронхоскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.

Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бронхоскоп, сүрткілер, транквилизаторлар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, сүлгі, ауру тарихы, жолдама.

Бронхоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеудің мақсатын мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп

ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  1. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.

  2. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

  3. Зерттеудің алдында наукас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

  4. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.

  5. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.

  6. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.

  7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.

  8. Наукасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.


135. Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асказан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскоп, сүлгі, зерттеуге жолдама.
ФГДС-ті дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрікет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

  3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

  4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

  5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

  6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады)

  7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.



Ескерту:

  • т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

  • биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.



136. Науқасты колоноскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.

Құрал-жабдықтар: колоноскоп, Эсмарх крушкас, шылапшын, қайнатылған су, фортранс, клеенка, жайма, судно, салфеткалар, қолғаптар, вазелин, шпатель, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, жолдама.
Колоноскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

  3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

  4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

  5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

  6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

  7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

  8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

  9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

  10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.