Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 300

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жеке сектордың МЖӘ құралдарын пайдалануы үшін қолайлы жағдайлар жасау» міндеті

Міндет шеңберінде МЖӘ рәсімін жеңілдету жөніндегі жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ жеке инвестициялардың қолданылу құралдары кеңейтілетін болады.

3.3 «МЖӘ рәсімдерін және тетіктерін оңайлату» бастамасы. Үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, МЖӘ рәсімдері мен тетіктерін оңайлату бойынша жұмыс жалғасады. Жобаларды бағалаудың және іріктеудің стандартталған тетігі енгізілетін болады, құжаттаманы келісу және шарттар жасасу кезеңдері мен мерзімдері оңтайландырылады. МЖӘ жобаларының валюталық тәуекелдерін қаржыландыру және кепілдендіру тетігі жетілдірілетін болады. Жалпы, реттеушi ортаның ашықтығын және болжамдығын арттыруға бағытталған заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру бөлігінде бюджет және салық заңнамасын жақсарту процесі жалғасады.

3.4 «Қолданылатын құралдар мен МЖӘ-ға тәсілдерді кеңейту» бастамасы. Негізгі құралдар объектілерін құру және/немесе реконструкциялау туралы талап қоймастан, жеке секторды тартуға мүмкіндік беретін қызметтер көрсету шарттары есебінен МЖӘ құралдарын әлеуметтік салада пайдалану кеңейтіледі. Сонымен қатар, МЖӘ құралдарын қолдану үшін объектілерді таңдауға қатысты бағдарламалық тәсіл қамтамасыз етіледі.

«Функцияларды беру және реттеуді оңтайландыру» міндеті

Мемлекеттің функцияларын бәсекелі ортаға беру салалардағы жұмысты неғұрлым тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады, сондай-ақ жеке сектордың дамуына ықпал етеді.

Реттеу, атап айтқанда, бақылау-қадағалау функциялары ыңғайлы болуы және жеке сектордың жұмысын жеңілдету үшін барынша оңайлатылған, ашық және болжамды болады.

3.5 «Функцияларды мемлекеттен бәсекелі ортаға беру» бастамасы. Мемлекеттің жекелеген функцияларын бәсекелі ортаға, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жүзеге асырылатын болады. Бәсекелі ортаға беруге жататын мемлекеттік органдардың функцияларын іріктеу Мемлекеттік функциялар тізілімі және оның жыл сайынғы кадастрын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.


Стратегиялық функцияларды, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiн қозғайтын функцияларды және беруге жатпайтын басқа да функцияларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың реттеу және іске асыру функцияларын бәсекелі ортаға беру қаралуда. Беру туралы шешім нарықтардың дайындығын объективті және тәуелсіз талдау нәтижелері бойынша ғана қабылданады. Тиісінше орындалмаған жағдайда функцияларды мемлекетке қайтару тетігі белгіленетін болады.

Алғашқы толқын шеңберінде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарды бақылау функцияларын мемлекеттiк органға бекіте отырып, экологиялық аудит пен бағалау қызметі саласындағы бірқатар функциялар өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілетін болады. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар бойынша функцияларды іске асыру көзделуде.

Бұл бастама сонымен қатар жекешелендіру, аутсорсинг және өзге де тетіктер негізінде квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бірқатар көрсетілетін қызметтерін жеке секторға беру бойынша шаралар қабылдауды көздейді. Бұл ретте стандарттау және регламенттеу мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын, халыққа және бизнеске қатысты жекелеген сақталған функциялар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жатқызылатын болады.


3.6 «Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерге қатысты рұқсат беру жүйесін жетілдіру» бастамасы. Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілерінің тарапынан олар көрсететін қызметтерге қатысты рұқсат беруші реттеуді кезең-кезеңімен реформалау жүргізілетін болады. Квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері рұқсат беру нормаларын белгілеу мүмкіндігіне қатысты көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі бекітіледі, сондай-ақ салалық заңнамада оларды берудің бірыңғай ашық рәсімдері, қағидалары мен біліктілік талаптары регламенттеледі.
3.7 «Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қысқарту» бастамасы. Қайталанатын және мемлекет пен тұтынушының қауіпсіздігіне қатер туғызатын тәуекелмен байланысты емес бақылау мен қадағалау функцияларын алып тастау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларына тексеріс жасау жалғасады. Бақылау органдарының жеке бизнесті тексерулерінің санын және ұзақтығын қысқарту жалғасады, сондай-ақ бақылау органдарының құжаттама көлемін және тексерулер уақытын қысқартуы есебінен тексерулер рәсімі оңайландырылады.

Тексерулер жүргізу мемлекеттік бақылау және қадағалау ашықтығын қамтамасыз ететін бірыңғай электрондық платформада жүзеге асырылады; сонымен қатар тексеру жүргізу үшін кәсіпкерлерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады.

«Профилактикалық бақылау» институты енгізіледі, бұл мемлекеттік органдарды қолданыстағы анықтау және жазалау саясатының орнына құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту саясатына қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.

3.8 «Есептілік және ақпарат беру талаптарын қысқарту» бастамасы. Есептілік және ақпарат беру бойынша талаптар жүйеге келтіріледі, олардың қайталануы жойылады. Оның ішінде цифрландыру есебінен кәсіпкерлік субъектілерінің ақпарат жинауға және беруге байланысты шығасылары қысқартылады. 2024 жылға қарай есептілік және ақпарат беру бойынша талаптар санын 50%-ға қысқарту жоспарланып отыр.
«Жеке бизнестің өсуін ынталандыру» басымдығы

Экономика өсуінің жаңа моделі шеңберінде елде бизнес жүргізу жағдайларын одан әрі жақсарту, қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру қажет.

«Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту» міндеті

Міндет шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау есебінен бизнестің өсуі үшін жағдай жасау және оны жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.


3.9 «Бизнеске қызмет көрсету және қолдау бойынша «бір терезе құру» бастамасы. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету үшін мемлекеттік дерекқорлармен және ақпараттық жүйелермен интеграцияланған және «бір терезе» қағидаты бойынша электрондық форматта мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын цифрлық платформа құрылады.

Бизнеске көрсетілетін рұқсат беру және әкімшілік сипатындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер «электрондық үкімет» веб-порталы мен жылжымалы желісінің абоненттік құрылғысының көмегімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін болады.

Бизнеске даму институттары көрсететін қызметтер де бір электрондық ресурста толық жүйелендіріліп, ретке келтірілетін болады.
3.10 «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шараларымен кеңейту» бастамасы. Кәсіпкерлік әлеуетті, құзыреттілікті арттыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында кәсіпкерлерді сервистік қолдау шаралары кеңейтіліп бизнесті қаржылық емес қолдау құралдары жетілдірілетін болады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту бағдарламаларына қатысушыларға, оларды іріктеу рәсіміне, басшылық пен тәлімгерлік деңгейіне мониторинг жүргізіледі, бұл бағдарламаның негізгі кемшіліктері мен ақтаңдақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін квоталар кеңейтіледі.

Құзырет орталықтарына айналатын кәсіпкерлерді қолдау орталықтары бизнесті қолдау мен дамытудың барлық қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары бойынша толық ақпарат береді, бизнес-жаттықтырушыларды тарта отырып, консультациялар мен білім беру бағдарламаларын ұсынады.

3.11 «Бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту» бастамасы. Дүниежүзілік Банк тобының «Бизнесті жүргізу» рейтингінде елдің позицияларын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Көрсетілетін қызметтер мен тауарлар экспортының уақыты мен құнын (шекаралық және кедендік бақылау, құжаттарды ресімдеу) қысқарту, электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылу рәсімдерінің санын азайту, кредиттік операцияларды қорғау және кредиттік тізілім мен кредиттік бюромен қамту деңгейін арттыру, есептілікті дайындауға, беруге және салықтар мен аударымдарды төлеуге (немесе ұстап қалуға) жұмсалатын уақытты қысқарту және т.б. сияқты артта қалу орын алған салаларды жақсартуға қол жеткізілетін болады.

Іс жүзіндегі жұмыста негізі назар, бірінші кезекте, өңірлердегі бизнес-климатты жақсартуға бағытталады.


3.12 «Орта бизнестің өсуін ынталандыру үшін салық жүйесін үйлестіру» бастамасы. Компаниялардың өсуін және ірілендірілуін ынталандыру, орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, әсіресе, қызмет көрсету саласындағы бизнесті көлеңкеден шығару үшін салықтық жағдайлар жасау мақсатында салық заңнамасын одан әрі жетілдіру жалғасатын болады,.

3.13 «Аграрлық сектордағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кооперативтер ұйымдастыруға ынталандыру» бастамасы. Жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін реттеу үшін нормативтік құқықтық база жаңартылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ауыл шаруашылығы кооперациясына барынша тарту және кооперативтердің ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау көлемін одан әрі ұлғайту үшін жағдай жасау және мемлекеттік қолдау көрсету жалғасатын болады. Бұл оларға жеке мүлікке билік етуде дербестікті сақтай отырып, экономикалық қызметті жүргізуге бірлесіп қатысу арқылы өздері өндіретін өнімді өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Тәуекелдерді азайту және қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету» міндеті

Жеке кәсіпорындардың қаржыландыруға қол жеткізуін кеңейту үшін кредиторлар мен инвесторлардың тәуекелдерін азайту мақсатында олардың төлем қабілеттілігі мен ашықтық деңгейін арттыру қажет. Міндет шеңберінде кəсіпорындарды жабу рәсімдері оңайлатылады, компанияларды корпоративтік басқару күшейтіледі, кредиттік-рейтингтік ұйымдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі артып, кредиттік шешім қабылдау процесі жетілдіріледі.

3.14 «Кәсіпорындарды жабу рәсімдерін оңайлату» бастамасы. Белсенді емес және тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлесін азайту үшін рәсімнің ашықтығын, қарапайымдылығын арттыру және мерзімдерін қысқарту есебінен заңды тұлғаларды жабу тетіктері оңайлатылады. Заңды тұлғалардың банкроттығы рәсімдерін одан әрі жетілдіру мүмкіндігі қаралады және жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері енгізіледі.

3.15 «Корпоративтік басқару деңгейін арттыру» бастамасы. Ашықтық деңгейін арттыруға және тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады.

Қарыз алушылар мен эмитенттердің қаржылық жағдайы туралы деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілетін болады.

Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және кредиттік есептерді ұсыну мәселелері бойынша кредиттік бюролардың банк институттарымен өзара
іс-қимылы күшейтіледі, ақпарат берушілердің және көрсетілетін қызметтер спектрінің тізбесін кеңейту мәселесі пысықталады, үздік халықаралық практикаға сәйкес қарыз алушылардың кредитті өтеуге қабілеттілігін бағалау құралдары жетілдіріледі.