Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 297
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстандық ғалымдардың Қазақстан үшін маңызы бар халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу пайызы артады. Міндетті түрде қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары бар 3-4 ғылыми-танымал бұқаралық журналды немесе интернет-басылымдарды дамыту арқылы отандық ғылымды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялау бойынша жұмыс жалғасады. Кемінде 1-2 қазақстандық ғылыми журнал, оның ішінде ағылшын тілінде басылып шығатын болады және оны ең ірі ғылыми базалар индекстейтін болады.
Қазақстан ғылымын халықаралық интеграциялау:
Helmholtz Association (Германия), Вашингтондағы Карнеги институты, Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) ұйымдары сияқты халықаралық жобаларға қатысушы мәртебесін алу;
ірі халықаралық компаниялармен ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
Scopus, Elsevier, Euromonitor сияқты халықаралық деректер базаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Ислам елдері ұйымының ғылыми қорын дамыту;
жас ғалымдарды оқыту және Қытай ұлттық жаратылыстану ғылымдары қорының, Еуропалық одақтың ғылыми орталықтарының жобаларына қатыстыру есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан халықаралық ғылыми ұйымдардың барынша көп
штаб-пәтерлерін тартатын өңірлік ғылыми хабқа айналуы тиіс.
2.21 «Ғылыми беделді қайта іске қосу» бастамасы. Бүгінгі таңда Қазақстанда бедел тетіктері жұмыс істемейді, олардың орнына әлі күнге дейін төрешілдік сипатқа ие, формальды, ғылымға тән емес бақылау құралдары қолданылады. Бұл жағдайды өзгерту үшін ғалымдар жұмысының тиімділігін бағалаудың ғылымиметрикалық параметрлері енгізіледі.
2.22 «Ғылыми өсу үшін қолайлы орта. Ғылымды тұрақты дамыту» бастамасы. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту жоспары 2025 жылға қарай 1 %-ға дейін жандандырылатын болады. Бұл ретте, бюджеттен тыс көздерден (жеке сектор) бюджеттік қолдау көрсетілетін ғылыми және инновациялық жобалардың кемінде 50% -ын бірлесіп қаржыландыруға міндетті талап енгізіледі. Нәтижесінде жеке қаржыландыру үлесін қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудың жалпы көлемінің 7%-нан 50%-на дейін арттыру жоспарлануда.
Ғылыми әзірлемелерді нарыққа шығаруға және бизнестің ғылымға қатысуын ынталандыру мақсатында қазақстандық әзірлемелерді коммерцияландыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін салық преференциялары мен жеңілдіктер көзделетін болады.
Ғылыми әзірлемелер нәтижелерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін қолданыстағы тетіктер мен процестерді жетілдіру, оның ішінде ғылымды үш жылдық бюджеттеуге көшу (үшжылдық шарттар жасасу) бойынша жүйелі мәселелер шешіледі. Бұл ғылыми процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, төрешілдік және әкімшілік кедергілерді төмендетеді, ҒҒТҚН-ды коммерцияландыру жөніндегі мемлекеттік бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін арттырады.
Базалық қаржыландыру көлемі ғылыми ұйымдар мен ұжымдардың нәтижелілік көрсеткіштерімен байланыстырылады. Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ең үздік ғылыми ұжымдар үшін бәсекеге түседі, сондай-ақ лайықты инфрақұрылымды қамтамасыз етуге уәжделетін болады.
Базалық қаржыландырумен қатар ғылыми ұйымды инфрақұрылымдық дамыту гранттар тартудан түскен қаражат есебінен қолдау табады. Грант саны неғұрлым көбірек тартылған сайын, университеттің немесе ғылыми ұйымның инфрақұрылымына соғұрлым жоғары пайыз аударылады.
Ранжирленген балдар негізінде ғылыми жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдер қабылдауының ашық және жария рәсімдері қамтамасыз етіледі.
«Ғылым қоры» АҚ базасында бүкіл «іргелі зерттеулер – қолданбалы зерттеулер – ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру» тізбесін сүйемелдейтін бірыңғай үйлестіру орталығымен білім мен технологияларды коммерцияландыру жүйесіне арналған бірыңғай басқару жүйесі құрылады.
Ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы инфрақұрылымы – жетекші жоғары оқу орындары жанындағы инжиниринг орталықтары, сондай-ақ металлургияда, газ-мұнай химиясында, АӨК-те, био- және IT-технологияларда және тағы сол сияқты технологиялық дамудың негізгі бағыттары бойынша ұлттық зерттеу орталықтарының (зертханалардың) дамыған жүйесі қалыптастырылады.
2.23 «Жоғары технологиялық өндірісте ғылыми әзірлемелердің талап етілуі» бастамасы. Жобаларды іске асыру кезінде ғылымның өңірлік өнеркәсіп алыптарымен және жүйе құраушы кәсіпорындармен өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі жұмыс жалғасады.
Бірлесіп қаржыландыру қағидаттарында гранттарды іске асыру өндірістік консорциумдар санының артуы есебінен жүзеге асырылатын болады.
2.24 «Ғылымның бизнес-процестерін цифрландыру» бастамасы. Мемлекеттік қолдау шараларын, жобалар мен бағдарламаларды, олардың орындаушылары мен нәтижелерін, ғылыми инфрақұрылым, материалдық-техникалық база туралы ақпаратты қоса алғанда, өзекті ғылыми-техникалық ақпаратты қамтуды көздейтін ғылым жөніндегі ұлттық ақпараттық жүйе енгізілетін болады. Жүйе ғылыми салалар, өңірлер, мекемелер бөлінісінде ғылымның дамуын онлайн-талдауды және ғылымның дамуын болжамдауды; авторлық құқықтарды сақтай отырып, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне және диссертацияларға онлайн-қолжетімділік ұсынуды; нақты уақыт режимінде ғылыми-техникалық дамудың есептерін, статистикасын, талдауын және басқа көрсеткіштерін онлайн-генерациялауды; гранттық және нысаналы бағдарламалық қаржыландыруға өтінімдер беруді толық автоматтандыруды; ғылыми-техникалық
сараптаманы автоматтандыруды; нақты уақыт режимінде ұлттық R&D-жобаларды басқаруды; ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің мобильді көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етеді.
Күтілетін нәтижелер
Инновациялық және ғылымды қажет ететін даму бастамаларын іске асыру қосымша құн жасау мен экономикадағы шығасыларды қысқартудың елеулі әлеуетіне ие, бұл 2025 жылдан бастап елдің ЖІӨ-нің жылына 4,5-5% деңгейінде өсу қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ретте
1,7-2,2% өсуге цифрландыру есебінен қол жеткізілетін болады.
ҒЗТКЖ шығындары бұл ретте ЖІӨ-нің 1%-на дейін артады.
Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижесі 2022 жылға қарай Қазақстанның халықаралық цифрландыру индексіндегі (БҰҰ АКТ даму индексі) отыз елдің қатарына және 2025 жылға қарай алғашқы 25 елдің қатарына кіруін жеделдетеді.
3-реформа. Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес
Реформаның мәні: дамудың жаңа кезеңінде жеке меншік бизнес экономикалық өсудің және жаңа жұмыс орындарының пайда болуының негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс, ал бәсекелестік өнімділік пен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін ынталандырулар қалыптастыратын болады.
Реформа мемлекеттің және мемлекеттік монополиялардың рөлін қысқартуға, бизнесті жүргізуге кедергілерді төмендетуге, жеке кәсіпорындардың, әсіресе орта кәсіпорындардың өсуін ынталандыруға бағытталған.
2025 жылға қарай Қазақстан үшін түбегейлі өзгерістер:
мемлекет иелігінен алу жөніндегі бағдарламаны шектеулі
қамтудан – бағдарламаны қамтуды, оның ішінде МЖӘ құралдары есебінен кеңейтуге;
тізім бойынша мемлекеттік активтерді сатудың «сандық»
міндетінен – компанияларды таңдаудың және жекешелендіру бағдарламасының табыстылығын бағалаудың құрылымданған жүйесіне;
жеке бизнес үшін күшейтілген әкімшілік бақылаудан және кедергілердің болуынан – қызметті қысқартуға және оңайлатуға, әкімшілік бақылау деңгейін және кедергілер санын төмендетуге;
төрелік ету мүмкіндігі бар салық жүйесінен – кәсіпорындар мен инвестициялардың өсуін ынталандыратын салық жүйесінің тұрақтылығына;
экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шектелген номенклатурасынан –экспортталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әртараптандырылған құрылымына.
Алда тұрған міндеттер
Мемлекеттің экономикадағы ағымдағы рөлін, оны ішінара төмендету және нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету арқылы өзгерту өте маңызды. Бұл жекешелендірудің тиімді және ақылға салынған процесінің, оның ішінде оның мақсаттары мен объектілерін нақты айқындау арқылы, мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға берудің және МЖӘ құралдарын пайдалануды кеңейтудің арқасында мүмкін болады.
Бизнес ашуды, жүргізуді және жабуды жеңілдету, үздік практикалар мен салалық стандарттарды ілгерілету, барлық бизнес субъектілерін қаржылық емес сапалы қолдауды (бірінші кезекте консультациялық және ақпараттық) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.
Компаниялардың, атап айтқанда, басқа салаларға көрсетілетін қызметтерді немесе аралық өнімдерді ұсынатын компаниялардың, мысалы, барлық қалған салалардың бәсекеге қабілеттілігіне мультипликативтік әсер ететін табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтерінің ішкі бизнес-процестерін оңтайландыру бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қажетті көзіне айналады.
Жеке бизнесті халықаралық нарықтарға, оның ішінде қаржылық емес қолдау шаралары мен экспортқа бағдарланған қызмет көрсетулерді ілгерілету есебінен экспанциялау оның өсуінің табиғи жалғасына айналады.
«Мемлекеттің экономикадағы рөлін өзгерту» басымдығы
Бес институционалдық реформа шеңберінде мемлекеттік меншік үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін (ЖІӨ-нің 15%-ына дейін) төмендету бойынша мақсат айқындалды. Бұл мақсат бизнес үшін, оның өзін-өзі дамытуы және елде адал бәсекелестік құру үшін кеңістік ашуға бағытталған.
Одан әрі жекешелендіру, МЖӘ құралдарын дамыту, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің түрлерін қысқарту, қайта реттеу, әкімшілік кедергілер мен қысымды төмендету бәсекелі экономиканың қалыптасуына және жеке бизнестің дамуына жәрдемдеседі.
«Жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыру» міндеті
Мемлекет экономиканың бәсекелі орта қалыптастыруға болатын секторларынан шығады. Бұл ретте елдің стратегиялық даму мақсаттары, ұлттық қауіпсіздік, экономикаға мемлекеттің қатысуының негізделген мерзімдері, саладағы бәсекелестік дәрежесі, компанияның инвестициялық тартымдылығы, әлеуметтік маңыздылығы, кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі және т.б. ескерілетін болады.
Аталған міндет шеңберінде жекешелендіру бағдарламасына қатысты тәсіл қайта қаралады, рәсімдер оңайлатылып, активтерді бәсекелі ортаға берудің ықтимал әдістері кеңейтіледі.
Жекешелендіру жекеменшік бизнес үшін («Yellow Pages» қағидаты) «қызмет кеңістігін тазартуға», ағымдағы бюджет шығындарын азайтуға, жекешелендірілмеген мемлекет пен квазимемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға тиіс.
3.1 «Жекешелендіру процесінің қағидаттары мен критерийлерін айқындау» бастамасы. Мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар мен ұйымдарды жекешелендіру, жою, біріктіру бағдарламасына енгізу үшін нақты критерийлер, сондай-ақ барлық тараптардың мүдделері ескеріле отырып, оларды өткізу қағидаттары айқындалатын болады.
Бір-бірінің қызметін қайталайтын компаниялар мен мемлекеттік сектор ұйымдарын, табысты коммерциялық компанияларды немесе «артық» функцияларды орындайтын компанияларды анықтау мақсатында тиісті функционалдық талдау жүргізілетін болады.
Компанияларды жекешелендіру (жеке қолға беру) жағдайында жаңа иеленуші қол жеткізе алатын тиімділік параметрлерін айқындау қажет.
Мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын функцияларды нарыққа беру орынды болмаса, оларды шоғырландыру, әкімшілік шығындарды қысқарту, басқарушылық және технологиялық процестерді цифрландыру есебінен тиімділігін барынша арттыру қажет.
Жекешелендірудегі реттеуді өзгерту және кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.
3.2 «Ашық және айқын жекешелендіруді жүргізу» бастамасы. Жекешелендіру үздік әлемдік практикаларға және айқындық, ашықтық және барлық инвесторлар топтарына әділ көзқарас стандарттарына сәйкес, сондай-ақ қоғамдық бақылау арқылы жүргізілетін болады.
Орталықтандырылған веб-сайтта жоспарлар, рәсімдер, мерзімдер, объектілер, мәмілелердің параметрлері мен құрылымы, сату алдындағы дайындық және мәмілелер жасасу барысы, мәмілелердің нәтижелері мен объектілердің жаңа иелері/операторлары туралы өзекті ақпарат қазақ, орыс және ағылшын (қажет болған жағдайда басқа) тілдерінде ұсынылатын болады.
Әлеуетті инвесторлар мен қоғамды жекешелендіру барысы мен нәтижелері туралы үнемі хабарландыру жүргізілетін болады.
Бұл шаралар қоғам тарапынан мемлекетке сенімді нығайтуға ықпал етеді және мемлекеттік меншіктің, сондай-ақ ұлттық компаниялар активтерінің тұлғалардың шектелген тобының пайдасына жосықсыз бөлінуіне жол бермейді.