Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 296

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жаңа экономика үшін негіз құру» басымдығы

Жаңа экономиканы дамыту экономиканы қажетті жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үздіксіз инновация процесін талап етеді. Ол үшін инновацияларға сұранысты қалыптастыруға жағдай жасау қажет.

Бұл ретте қолданбалы зерттеулер бизнестің күнделікті қажеттіліктеріне сай болуы, ал іргелі зерттеулердің нәтижелері жаңа технологияларды әзірлеу үшін негіз болуға тиіс. Ғаламдық зерттеу ортасына кіргізу арқылы отандық ғылыми қоғамдастықты интернационалдандыру жүргізілуі тиіс.

«Цифрлық құзыреті бар адамдарды дамыту» міндеті

Цифрландыруды тарату үшін экономиканы кадрлармен, мамандармен де, сол сияқты басқарушылармен де қамтамасыз ету қажет. Қажетті дағдылар мен құзыреттерді жедел дамыту үшін бастапқы мамандардың елеулі бөлігін даярлау шетелдегі, сол сияқты Қазақстан аумағындағы халықаралық орталықтар мен ұйымдарда жүргізілетін болады.

Азаматтарға цифрлық технологияның артықшылықтарын түсіндіріп, оларды күнделікті өмірде қолдануға үйрете отырып, халық тарапынан оларға деген сұранысты қамтамасыз ету маңызды, бұл цифрлық өнімдер мен шешімдерге сұранысты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

2.14 «Экономика салаларын АКТ саласындағы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету» бастамасы. Бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі «үлкен деректер», жасанды интеллект саласында білімі бар, экономиканың нақты салалары үшін АКТ саласында мамандар даярлау болып табылады.

Колледждер мен жоғары оқу орындары ірі кәсіпорындармен әріптестікте шетелдік жоғары оқу орындары мен трансұлттық компанияларды тарта отырып, ІТ-мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. Сонымен қатар осы мамандықтар бойынша талапкерлерге гранттар санын ұлғайту көзделіп отыр.

2.15 «Азаматтардың цифрлық технологияларды қолдануын ынталандыру» бастамасы. Халықтың барлық топтарын бастауыштан бастап кәсіби білім беруге дейінгі білім берудің барлық кезеңдерінде базалық және практикалық цифрлық дағдыларға, мемлекеттік көрсетілетін және өзге де қызметтерді электрондық форматта алуға оқыту процесі ұйымдастырылатын болады. Цифрлық сауаттылығы мен өнімділігін арттыру мақсатында ШОБ өкілдеріне ерекше назар аударылатын болады
; олар үшін жеңілдік шарттарымен АКТ көрсетілетін қызметтердің базалық топтамасының құрамы айқындалатын болады. Бұл бастама күнделікті және кәсіби өмірде цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолданатын цифрлық және жасампаз қоғам құру үшін бағдар болады.
«Инновацияларды ынталандыру» міндеті

Технологияларды ұзақ мерзімді дамыту үшін қазақстандық компаниялар шетелден жаңа шешімдер мен мамандарды импорттап қана қоймай, сонымен қатар өздерінің технологиялық әзірлемелерін, оның ішінде әлемге танымал шешімдерді ел нарығының ерекшеліктеріне бейімдеуге бағытталған технологиялық әзірлемелерін жасаулары қажет. Бұл үшін жаңа және цифрлық технологияларды оңайлату әрі оларға салынатын инвестицияларды неғұрлым тартымды ету мақсатында инновацияларды коммерцияландырудың толыққанды инновациялық экожүйесі мен кәсіпорындардың инновациялық қызметке қатысуын ынталандыру қажет. Бұл міндетті іске асырудағы маңызды нәтижелердің бірі ел аумағында технологиялық стартаптардың танымалдығын әрі санын арттыру болады.

2.16 «Инновациялық экожүйені дамыту және инновациялық бизнесті санаға сіңіру» бастамасы. Жаңа отандық инновациялық кәсіпорындардың (стартаптардың) пайда болуын ынталандыру үшін инновациялық экожүйені дамыту жалғастырылады. Бизнес-модельді жүргізу идеясынан бастап оны ауқымды етуге дейін бірыңғай саясат пен толық циклды қалыптастыру мақсатында инновациялар жүйесінің негізгі қатысушылары арасында байланыс, ақпарат желісін алмасу және ынтымақтастық кеңейтіледі.

Өнімді инновацияларды ынталандыру, инноваторлардың шекті массасына қол жеткізу, технологияларды және трансферттің мүмкіндіктерін коммерцияландыру мақсатында трансферт кеңселер желісі мен елдің ірі университеттерінде олардың әлеуеті мен институционалдық мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған технологияларды коммерцияландыру дамытылады.

Жобаларды ілгерілету үшін бастапқы кезеңдерде міндеті технологиямен байланысты бизнесті жеке инвестициялар үшін тартымды деңгейге дейін жеткізу болып табылатын бизнес-инкубациялау жүйесі және бизнес-инкубаторлар дамытылады. Бизнес-инкубаторлар, оның ішінде жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, стартаптарға консультациялық және тәлімгерлік көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы ұсынылатын болады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер білім алудан бастап бизнес-жоспарлар мен жобаларды іске асыруға дейін толық даму жолынан өте алады.

Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруда тікелей бизнес-инкубаторларды, сол сияқты олардың резиденттерін қолдауды көздейтін жеке бизнес-инкубациялауды дамыту процесі іске қосылады.



Жоғары технологиялық стартаптарға өндірістік алаңшалар түрінде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған өндірістер базасында, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, тәжірибелік үлгілерді, прототиптер немесе пайдалы модельдер құру, өз өнімдерінің аз сериялы топтамасын шығару үшін сервистік қолдау көрсетіледі. Жоғары технологиялық бизнестің шекті массасын ұлғайту мақсатында Қазақстанға инновация және технология саласындағы неғұрлым талантты қызметкерлерді тартуды қолдау жалғастырылады. Әріптестік желісі АҚШ, Еуропа, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері мен Азияның жетекші инкубаторлары мен қорларын қамтиды.

2.17 «Инновациялық жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыру жүйесін дамыту» бастамасы. Инновациялық жобалар мен стартаптарды қаржыландыру жоғары тәуекелмен байланысты бизнестің жекелеген саласын білдіреді және ерекше заңнамалық және саяси қолдау шараларын қабылдауды талап етеді. Осы себепті инновациялық гранттар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетуді және тәуекелді жеке қаржыландыруды тарту үшін жағдайлар жасауды қамтитын инновациялық жобалар мен стартаптарды қаржыландырудың кешенді жүйесін енгізу қамтамасыз етіледі.

Инновациялық гранттарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі. Инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау тәсілдері өзгертілетін болады, халықаралық үздік практикаға негізделген және венчурлік инвестициялау нарығына қатысушылардың белсенділігін ынталандыруға, осы салаға жеке капитал тартуға, инвестор мен кәсіпкердің өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған венчурлік қорларды ұйымдастырудың тиімді жүйесі енгізіледі.

Жеке тәуекелдік қаржыландыруды тарту және жас компаниялар мен инноваторлар үшін бастапқы жағдайлар жасау үшін ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы базасында Astana International Smart Technologies Hub халықаралық технологиялық хабы құрылады. Бұл, бір жағынан, стартаптарға инвестиция салуға мүдделі венчурлік инвесторларды, адал бизнесті, жеке инвестициялар қорлары мен басқа инвесторларды және екінші жағынан, өз идеяларын коммерцияландыру үшін қаражат іздейтін бүкіл әлемнің стартаптарын және инноваторларын тартуға арналған бірегей алаңша болмақ.

Хабтың тиімді жұмыс істеуі және оның барлық қатысушылары арасында өзара іс-қимыл жасасу үшін қолдау құралдары айқындалады, технологиялық инфрақұрылым, жаңа іске салынған инвестициялар қоры және инвесторлармен идея алмасу және кездесулер өткізу үшін әлеуметтік инфрақұрылым жасалады. Сонымен қатар идеяларды пысықтауда және тестілеуде стартаптар мен инноваторларға әріптес болатын Назарбаев Университеті жанындағы Ғылыми паркпен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.



2.18 «Кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыру» бастамасы. Компаниялардың инновациялық өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді әзірлеуге және жаңа технологияларды енгізуге мүдделілігін арттыру ынталандырылатын болады. Кәсіпорындар заңнамалық деңгейде ҒЗТКЖ мен инновацияларды ұзақ мерзімді инвестициялаудың перспективалары мен артықшылықтарын көздейтін жағдайлар жасалады. Салық заңнамасына ҒЗТКЖ-ны айқындауды қайта қарау; ҒЗТКЖ-ға шығыстарды салық салынатын табыстардан шегеру тетіктерін жеңілдету, сәтсіз инновациялар жағдайында шегерімге қатысты қағидаларды, қолайлы шығындардың тізбесін (негізгі қызметі ҒЗТКЖ болып табылмайтын компаниялар үшін ҒЗТКЖ-ға арналған шығындар) қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.

Квазимемлекеттік секторда басшыларды инновациялық қызметті жүргізуге уәждеу жүйесі күшейтіледі.
«Ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту» міндеті

Қазіргі бар ғылыми зерттеулер жүйесі технологиялық жаңғыртуды белсенді қолдауға қайта бағдарланатын болады.

Мемлекет ғылыми-зерттеу жобаларына, ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметтің (бұдан әрі – ҒҒТҚН) нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі арқылы ғылымды өндіріспен байланысқа бағдарлайды.

2.19 «Адами капиталға басты назар аудару және жас ғалымдарды қолдау» бастамасы. Жас ғалымдарды қолдау гранттық қаржыландыру үшін өткізілетін конкурстар шеңберінде, сондай-ақ тікелей ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар ішінде жүзеге асырылады. Барлық кезеңдерде жас ғалымдарды белсенді қолдау PhD-ге және тағылымдамаларға гранттар санын ұлғайту, жас ғалымдар топтары үшін ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыру үшін шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Жастарды ғылымға белсенді тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығы құрылады, ал ғылымды жалпыға танымал ету және жас ғалымдар санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіледі,
ғылыми-танымал журналдар шығарылады және ғалым мамандығы имиджін барынша насихаттау жүзеге асырылады.

2.20 «Қазақстандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялау. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді кезең-кезеңімен ағылшын тіліне көшіру» бастамасы.