Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 303
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5-реформа. Мықты өңірлер және урбандалу
Реформаның мәні: реформа бүкіл ел бойынша өмірдің базалық сапасын қамтамасыз еткен кезде қолда бар жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдаланумен қамтамасыз етілетін өңірлердің экономикалық өсуі есебінен елдің ЖІӨ-ін арттыруға бағытталған.
2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:
орталықтандырылған жоспарлаудан және ресурстарды бөлуден – экономикалық дербестік пен бюджетті ұтымды пайдалану үшін өңірлердің жауапкершілігі;
бюджеттен трансферттер мен субсидиялар бөлу арқылы өңірлерді қолдаудан – өңірлерде бизнес үшін тартымды жағдайлар құру арқылы жеке, әсіресе шетелдік инвестициялар үшін бәсекелі күрес;
ұлттық жоспарларды «шартты» орындаудан – түпкілікті жалпыелдік нәтижеге үлес қосуға бағдарлану;
ішкі дамуды ескере отырып аумақтық жоспарлаудан – бірыңғай экономикалық нарық ретінде аумақтық дамуды үйлестіру;
бүкіл ел бойынша өмір сүрудің базалық деңгейін теңестіру тәсілінен – өңірлердегі өмір сүрудің сапасын арттыру және барлық азаматтар үшін ұтқырлық болмақ.
Алдағы міндеттер
Реформа аясында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, урбандалу және байланыста болуды қамтамасыз ету және барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету сияқты үш басты басымдық айқындалды.
Өңірлік саясаттың бағыты шығыстарды теңестіруден өңірлердің өз кірістерін өсіруді ынталандыруға ауыстырылатын болады. Өңірлердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарда ынталандыру жүйесін қалыптастыру қажет. Өңірлік саралауды азайтуға қол жеткізу ресурстарды өңірлер арасында қайта бөлу есебінен емес, өңірлердің өздері жүзеге асыратын даму жолдары мен көздерін іздестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мұндай ауысу фискалдық және бюджеттік саясатты өзгертуді, жеке инвестицияларды тарту бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін жандандыруды және өндірістің экспортқа бағдарлануын талап етеді. Нашар дамыған өңірлерге субсидиялар мен трансферттер беру саясатынан алшақтау кезеңділік сипатқа ие болуға тиіс. Барлық өңірде базалық деңгейде сапалы білім беруді, денсаулық сақтау қызметтерін, қолжетімді баспананы және қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қамтамасыз ету қажет.
«Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» басымдығы
Өңірлердің бәсекеге қабілетін арттыру үшін оларға жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру мен іске асыру және бизнесті қолдау шараларын таңдау, инвестициялар тарту, жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамыту, жергілікті жерлерде кадрлар ресурсын басқару бойынша өкілеттіктерді беру есебінен өңірлердің экономикалық дербестігі мен жауаптылығын арттыру қажет.
«Өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету» міндеті
Бұл міндет өңірлердің экономикалық, кадрлық дербестігін, оның ішінде өкілеттіктерді одан әрі беру есебінен арттыруға бағытталған. Сонымен бірге дербестікті ұлғайту жергілікті билік органдарының халыққа есептілігін күшейтуді көздейді.
5.1 «Мемлекеттік басқару деңгейлер арасындағы өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу» бастамасы. Өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ жергілікті биліктің жоғары тұрған органдарынан төменгі тұрған органдарына дейінгі мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін қамтиды.
Республикалық деңгейде қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, бірыңғай салықтық, бюджеттік, көліктік-коммуникациялық және энергетикалық, әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету мәселелері және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды мәселелер сақталатын болады.
Өңірлердің өздерінің алдына қойылған стратегиялық, атап айтқанда, бизнесті қолдау, инвестициялар тарту, жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша мақсаттарға жету үшін саясаттың қажетті шараларын дербес айқындау жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілетін болады.
Бұл ретте өкілеттіктерді қайта бөлу жаңа функциялар мен өкілеттіктерді орындауға орталық және жергілікті мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының операциялық, кадрлық материалдық-техникалық, институционалдық дайындығын қамтамасыз етумен сүйемелденетін болады. Жаңа функциялар мен өкілеттіктерді орындау үшін тиісті кадрлар мен материалдық-техникалық ресурстар қамтамасыз етілетін болады.
5.2 «Өңірлердің экономикалық дербестігін арттыру» бастамасы. Жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен субсидияларға тәуелділігін төмендету және оларды өздерінің мықты жақтары мен бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына сәйкес өңірлердің экономикасын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ынталандыру қажет.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кірістік базасы капиталдың ұлттық нарығына инвестициялық қарыздарды тарту және кәсіпкерлікті ынталандыру нәтижесінде жергілікті бюджет кірістерінің артуы есебінен кеңейтіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, өңірлік бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер берілетін болады.
5.3 «Жергілікті жерлерде кадрлар ресурсын басқару» бастамасы.
Биліктің барлық деңгейлерін білікті кадрлар құрамымен қамтамасыз ету үшін штатты күшейту және жергілікті атқарушы органдардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ олардың еңбегіне ақыны кеңейтілген өкілеттіктер мен функцияларға сәйкес көтеру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Бағалау мен еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі шеңберінде өңірлерде қызметкерлердің қызметі мен құзіреті нәтижелерін ескере отырып, бағалаудың алдыңғы қатарлы әдістері мен өңірлердегі бонустық жүйені кезең-кезеңімен енгізу қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттiк қызметтiң тартымдылығын арттыру мақсатында ауылда мемлекеттiк қызметшiлер үшiн әлеуметтiк қолдау шаралары көзделетін болады.
5.4 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі нығайту» бастамасы. Аудандық маңызы бар қалаларда 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдарда, қалалар мен ауылдық округтерде, тәуелсіз бюджет және жергілікті
өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншіктері енгізілетін болады. 2020 жылдан бастап осы нормалар барлық елді мекендерде жұмыс істейтін болады. Бұл халықты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік береді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органын құру мәселесі пысықталады, бұл жергілікті қауымдастықтың бюджетті бекітуге қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің кіріс көздерін одан әрі арттыру мәселесі де пысықталады. Мәслихаттардың бюджеттік процесс бөлігіндегі құзыретін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.
5.5 «Жергілікті биліктің есептілігін қамтамасыз ету» бастамасы. Жергілікті биліктің есептілігі тиісті мәслихаттардың, халықтың, бизнес пен сараптамалық қоғамдастық алдында тұрақты есеп берудің толықтығын, ашықтығын, қолжетімділігі мен дұрыстығын арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Азаматтар жергілікті деңгейде бюджеттің жасалуы мен мемлекеттік қаржыны басқару туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қолжетімділік алады.
«Өңіраралық бәсекелестік пен кооперацияны дамыту» міндеті
Өңірлерді дамыту үшін маңызды ынталандыру республикалық бюджеттен инвестициялық қаражатты алу үшін бизнесті жүргізудің жеңілдігі мен жарыспалылығы бойынша өңірлердің рейтингі негізінде олардың арасындағы бәсекелестік болуы тиіс. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе
хаб-қалаларында макроөңірлердің белсенді экономикалық, капиталдарды, ресурстарды, озық технологиялар мен қызмет көрсетулерді шоғырландыру орталықтары бар бірыңғай экономикалық нарық құру жалғасады.
5.6 «Бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлік рейтинг жүйесін қолдану» бастамасы. Тұрақты негізде экономикалық көрсеткіштер мен бизнес пікіртерімдер нәтижелеріне құрылған рейтинг түрінде өңірлерді салыстыру жүргізілетін болады. Рейтингтің негізгі міндеті өңірлер арасында экономикалық даму, мысалы, желілерге қосылуды, жерге қолжетімділікті, іс-әрекеттердің айқын бағыттарын қамтамасыз ету есебінен бизнес үшін жағдай жасау бөлігінде бәсекелестікті ынталандыру болады.
Рейтинг жыл сайын жаңартылады, ашық түрде жарияланады және оның негізінде өңірлер арасында үздік практиканы жинау мен тарату жүргізілетін болады. 2018 жылдан бастап рейтинг тек өңірлерді ғана емес, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқарудың аудандық деңгейін де қамтитын болады.
5.7 «Республикалық бюджеттен инвестицияларды негіздеу процесін енгізу» бастамасы. Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті жобаларды айқындау кезінде жеке сектор қоса қаржыландыратын жобаларға басымдық берілетін болады. Салымдар бірлігіне шаққанда ең көп адам санын қамтитын және өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңартуға, цифрландыруға және экспортқа бағдарланған тауарларды шығаруға бағытталған жобалар басым жобалар деп есептелетін болады.
5.8 «Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынталандырулар жасау» бастамасы. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың дамуы мен сапасының жоғарылауында әрі мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсетулерге қолжетімділігінде синергетикалық әсер алу үшін өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл болады. Мұндай өзара іс-қимыл бірлескен/үйлестірілген даму жоспарларын, бірыңғай жеткізу тізбегін құру мен құндылықтар жасау, көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құру және басқару бойынша бірлескен жобаларды іске асыру үшін индустриалды дамуды үйлестіруді қамтуы мүмкін.
Аумақтық кластерлерді дамыту мен қолдау жөнінде шаралар қабылданатын болады және оларды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты бөлінетін болады.
«Урбандалу және байланысты қамтамасыз ету» басымдығы
Урбандалу мен қалалық ортаны дамыту деңгейі жалпы елдің даму деңгейін көрсетеді және одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды фактор болып табылады. Орта және шағын қалаларға мемлекеттік және жеке инвестицияларды, сондай-ақ еңбек ресурстарын тарту үшін мынадай міндеттер іске асырылатын болады.
«Шағын және орта қалаларға басымдық беріле отырып реттелетін урбандалу» міндеті
Мемлекеттің назары перспективалы, әсіресе ірі қалалардың – агломерациялар орталықтарының ықпал ету аймағында орналасқан шағын және орта қалалардың экономикалық дамуына, «SmartCity» тұжырымдамасы негізінде қалалық ортаны басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге, перспективалы елді мекендер мен аудандардың дамуын үйлестіруге бағытталатын болады.