Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 299
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5.19 «Ластаушы төлейді» қағидатын енгізу» бастамасы. Қоршаған орта ластануын болдырмау үшін кәсіпорын тарапынан қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеуді көздейтін «ластаушы төлейді» қағидатын іске асыру бойынша ең үздік халықаралық тәжірибе зерделеніп, қабылданатын болады. Бұл кәсіпорындарды ластаушы заттар эмиссиясын төмендетуге ынталандырады, қоршаған ортаны қорғау шараларына инвестиция салуға, сондай-ақ жазалаулар мен айыппұлдарды мемлекеттің мәжбүрлеу тетігі ретінде шектен шыққан жағдайларда ғана пайдалануға мүмкіндік береді.
5.20 «Компаниялар үшін кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу» бастамасы.
Санитарлық қорғау аймақтары шекарасында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануын нормалауға негізделген, кәсіпорындардың ықпалын экологиялық реттеудің қолданыстағы жүйесінің орнына ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдануға негізделген кешенді экологиялық рұқсаттар беру жүйесі зерделенеді және енгізіледі.
5.21 «Кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау процесін өзгерту» бастамасы. ШОБ кәсіпорындарының экологиялық сауатты басқару шешімдерін қабылдауы үшін қоршаған ортаның жағдайына және халықтың денсаулығына кез келген шаруашылық қызметі әсерінің сипатын, белсенділігін және тәуекелдік дәрежесін анықтау процесі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесіне өзгертілетін болады.
5.22 «Қоршаған ортаны қорғау саясатын белсенді ілгерілету» бастамасы. Жарияланымдар, қағидалар мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуіш пен компаниялар арасында тікелей байланыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер үшін салалық наградаларды табыстау арқылы «жасыл» саясатты кеңінен ілгерілетуге назар аударылатын болады.
Күтілетін нәтижелер
Жергілікті жерлерде мүмкіндіктерді кеңейту, өңірлік мемлекеттік аппараттар қызметкерлерінің ынтасын күшейту, бизнесті жүргізудің жеңілдігін арттыру мен еңбек ресурстарының ағыны мен одан әрі урбандалу (60% дейін) үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету есебінен өңірлердің арасындағы ЖӨӨ бойынша айырмашылық 2,7 белгісіне дейін төмендейді (ЖӨӨ көрсеткіштері ең жоғарғы сегіз өңір бойынша орташа мәннің көрсеткіштері ең төменгі сегіз өңір бойынша орташа мәнге қатынасы) және өңірлердің теңгерімді экономикалық өсуі қамтамасыз етілетін болады.
Әсіресе салыстырмалы түрде алғанда даму әлеуеті төмен өңірлерде өмір сүрудің базалық сапасын ұстап тұру БҰҰ-ның адам дамуы индексіндегі Қазақстанның позициясын 56-дан 40-қа дейін көтеру, өмір сүру ұзақтығын
75 жасқа дейін ұлғайту, нәрестелер өлімін төмендету (1000 тірі туған нәрестеге сәйкесінше 7,2-ге дейін), мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен 1-ден
6 жасқа дейінгі балалардың 80%-ын қамту сияқты өлшемдерде көрініс табады.
6-реформа. Қоғамдық сананы жаңғырту
Реформаның мәні: «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы күшті және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі нәтижесі тұрғындардың өз болашағына деген жауаптылығының, жеке бәсекелестікке қабілеттілігі мен прагматизмінің артуы, ұлттық мәдениетті ілгерілету, азаматтардың бойында білімге құштарлықты, сана
ашықтығын – үздік идеялар мен практикаларды қабылдай білуді қалыптастыру, сондай-ақ экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу болып табылады.
Қазақстанда 2025 жылға қарай орын алатын қағидатты өзгерістер:
«тек өзімнің және өзіме жақын ортамның қамын ойлаймын» деген көзқарастан – қалаға және елге қамқорлық жасайтын «жауапты азамат»;
жас ұрпақтың еліктеуі үшін іріктемелі үлгілерден – өмірдің барлық салаларындағы рөлдік модельдер;
шетелдік мәдениетті ішінара қабылдаудан – елде де, одан тыс жерлерде де ұлттық мәдениетті ілгерілету;
Қазақстанның полиэтникалық азаматтарынан – азаматтық бірлік негізінде күшті азаматтық қоғамға және азаматтық ұқсастық негізіндегі бірегей ұлт болмақ.
Алдағы міндеттер
Саяси жүйені және экономиканы сәтті жаңғырту үшін қоғамдық сананы жетілдіру қажет, бұл күшті және жауапты адамдардың біртұтас елі болуға мүмкіндік береді. Бұл процестің маңызды шарты жүргізіліп отырған жаңғырту сәттілігінің іргетасы ретінде ұлттық бірегейлікті сақтап қалу болып табылады. Ол үшін келешек ұрпақты Қазақстандық табысты тұлғалардың үлгісінде тәрбиелеу, жалпыұлттық мәдениетті тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де насихаттау, сондай-ақ қоғамда экстремизмге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажет. Отбасылық саясатты қалыптастырудағы жеке көзқарасымызды айқындаудың маңызы зор, өйткені ұлттың адами капиталының дамуында отбасының маңызы ерекше. Салауатты өмір салтын танымал етуді одан әрі жалғастыру қажет. Өз еліне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, өзінің шағын отанына деген сүйіспеншіліктен басталатын патриотизмге тәрбиелеуге ерекше мән беріледі.
«Өмірге прагматикалық көзқарасты тәрбиелеу» басымдығы
Прагматикалық көзқарас өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты түсінуді, оларды үнемдеп жұмсауды, өзінің болашағын жоспарлай білу дегенді білдіреді. Өзінің біліміне, салауатты өмір салтын ұстануына және кәсіби жетістіктеріне назар аудара отырып, өмір сүруге ұтымды көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеуге баса назар аударылады. Жеке адам ретінде де, тұтастай ұлт ретінде де, өз мүмкіндіктері мен шамасын есепке ала отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу жалпы алғанда ел дамуының негізі болады.
«Жауапты азамат бейнесін танымал ету» міндеті
Міндеттің аясында қоршаған әлемге жауапты қарауға, жергілікті және ұлттық деңгейде қоғамдық өмірге белсене араласуға, қатысушылық пен бастамашылық сезімін дамытуға бағытталған әрбір азаматтың сана-сезімін жаңғырту үшін негіз қамтамасыз етілетін болады. Бағдарламада жаңғыртылған жаңа қоғам құру үшін негізінен жастарға көңіл аударылады.
6.1 «Азаматтардың бойында меншік иесі мәдениетін дамыту» бастамасы. Білім беру қызметі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жеке өзінің меншігі үшін ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншік үшін де жауапты болу тұрғысынан жүзеге асырылады. Әлеуметтік бастамалардың картасы әзірленіп, жүзеге асырылатын болады, өздерінің ұсыныстарын беру және маңызды мәселелер бойынша шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі арқылы азаматтардың елді мекендердің әлеуметтік өміріне тартылуын қамтамасыз етеді.
6.2 «ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің үшжақты әріптестігі жүйесін құру» бастамасы. Әлеуметтік бастамаларды іске асыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде үкімет емес ұйымдардың (бұдан
әрі – ҮЕҰ) мемлекетпен және бизнеспен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін алаң және тұрақты құқықтық база құрылады. Жобалардың, бағдарламалардың нәтижелері мен ықпалын қоса алғанда, ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың кешенді әдістемесі әзірленеді және енгізіледі. Азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысу жүйесін жетілдіру үшін қоғамдық кеңестер қызметі, қоғамдық бақылау жүйесі жетілдіріледі, сондай-ақ жаңа әлеуметтік технологиялар енгізіледі.
6.3 «Халық арасында «экологиялық» мәдениетті дамыту» бастамасы. Жеке және өндірістік тұтыну кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ақпараттық-насихаттау қызметі жүзеге асырылады.
«Салауатты өмір салтын танымал ету» міндеті
Міндеттің аясында салауатты өмір салтын ұстанатын, дұрыс тамақтанатын, спортпен айналысатын адамдардың санын көбейтуге ерекше назар аударылатын болады. Салауатты ұлтты қалыптастыру үшін жағдай жасау адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттырады, денсаулық сақтау шығыстарын азайтады, өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін және еңбек өнімділігін арттырады.
6.4 «Бұқаралық спортпен айналысуды насихаттау» бастамасы. Ең алдымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің қолжетімділігін арттыру және мәдени-бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу есебінен спортпен айналысуға халықты жаппай тарту қамтамасыз етілетін болады. Спорттық объектілер халықтың тығыздығын, көлікке қолжетімділігін және спорттың дамып отырған түрлерін ескере отырып орналастырылатын болады. Дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспірімдер клубтарының желісін құру және жалпы білім беретін мектептерде Отбасылық спорт күнін өткізу бойынша жұмыс жалғасады. Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпы ұлттық жүйесі қалыптастады, оның шеңберінде азаматтардың жеке ерекшеліктеріне байланысты таңғы және өндірістік гимнастиканы қоса алғанда, қозғалу белсенділігінің көлемі блйынша ұсынымдар әзірленеді және енгізіледі.
Тұзды және қантты шамадан тыс пайдалануды, алкоголь мен темекіні тұтынуды төмендету арқылы дұрыс тамақтануды насихаттауды жалғастыру қажет.
6.5 «Цифлық платформалар негізінде салауатты өмір салтын насихаттау» бастамасы. Жиі кездесетін және қауіпті аурулар, олардың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану қағидаттары, спортпен шұғылдану мүмкіндіктері туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда кеңінен таратылады және ілгерілетіледі.
6.6 «Спорт саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту» бастамасы. Спорттық менеджмент, спорт жаттықтырушысы, спорттық медицина, спорттық психология сияқты мамандандыру бойынша оқу орындарында бейінді спорттық білім беру бағдарламаларын құру және жақсарту мүмкіндігі қаралатын болады. Негізгі мақсат әуесқой және кәсіби спорт саласында мамандарды даярлау сапасын арттыру болады.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығы
Қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ұлттық салт-дәстүрді, тілді, музыканы, әдебиетті сақтаудың маңызы зор. Қазақстанда әрбір адам жеке үлесі мен жеке кәсіби қасиеттері бойынша бағаланатын меритократиялық қоғам құрылатын болады. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті азаматтың «рөлдік модельдерін» таңдап, оларды кеңінен танымал етуді жүзеге асырудың маңызы айрықша зор.
Ұлттық деңгейде әлемдік нарықтарға шыға алатын, бәсекеге қабілетті, қолжетімді мәдени ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету талап етіледі. Мәдениет саласында талантты және перспективалы қайраткерлерді одан әрі ынталандыру және қолдау көрсету, сондай-ақ барлық мәдениет ұйымдарының қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізе отырып, мәдени өнімдерге жоғары сұранысты жандандыру қажет. Бос уақыт мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке, өнерге, тарихқа және қасиетті жерлерге деген қызығушылықты арттыру бойынша шараларды іске асыру талап етіледі.
Сонымен бірге, отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Отбасы мен неке, отбасылық тәрбие мен қоғамдағы әйелдер мен ерлердің теңдігі мәселелері алдыңғы қатарда болуы тиіс. Сондай-ақ экстремизмнің таралуына жол бермеу бойынша дәйекті және жүйелі жұмыс істеудің маңызы зор екенін айтып өткен жөн.
«Бәсекеге қабілетті, қолжетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдау» міндеті
Өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде мәдениетті тану отандық мәдениетті әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялауды, сондай-ақ Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын елімізде және шетелде кеңінен танытуды, өзінің мәдени брендтерін қалыптастыруды талап етеді. Осы міндеттің шеңберінде халықтың қалың тобы арасында талғам мен жоғары эстетикалық құндылықтарды тәрбиелеу, олардың сабақтастығын, саланың инновациялық дамуын ынталандыру және еліміздің мәдени өміріне кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасалатын болады. Бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытуға құндылықтардың орныққан жүйесі, шығармашылық белсенділік және мәдениеттің сұранысқа ие болатын өнімдерін жасау қабілеті ықпал етеді. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен дәстүрлер жаңғыртудың сәттілігінің маңызды алғышарттары және табыстылығының міндетті шарты болады.
6.7 «Тілдік жаңғырту» бастамасы. Шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде үштілдікті енгізу жалғасады, орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін үйретудің жаңа тәсілі енгізіледі.
Қазақ тілінің қазіргі заманғы болуы шеңберінде әлемде тұрақталған және жалпыға бірдей қабылданған терминдер аудармасының негізділігін айқындау тәсілдері қайта қаралады, сондай-ақ бұрын аударылған терминдерге тексеру жүргізіледі.
Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру тілдік жаңғыртудың дербес бағыты болып табылады. Жүйелілік пен кезең-кезеңділік көшудің маңызды факторы болады. Өзара байланысты іс-шаралар кешені жаңа әліпбиді оқытуға және орта мектеп үшін оқулықтарды дайындауға бағытталатын болады. Тиісті ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс жүргізіледі.
6.8 «Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу» бастамасы. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.