Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 298
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6.9 «Шығармашылықты ынталандыру және оған қолдау көрсету» бастамасы. Талантты адамдарды іріктеу, оларға қолдау көрсету және оларды танытудың үздіксіз тұтас жүйесі құрылады, сондай-ақ дуальды оқытудың «мектептен үлкен өмірге дейін» қағидаты бойынша өмір бойы үздіксіз білім алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қолайлы креативті ортаны қалыптастыру үшін шығармашылық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының, мәдени-туристік кластерлердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жағдайлар жасалады.
6.10 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын ұйымдастыру» бастамасы. Өзіміздің ұлттық символикамызды жасау және тарихи-мәдени объектілерді адамдар көп баратын жерлерге айналдыру, оларды барлық қазақстандықтардың ұлттық санасында сабақтастырып, елдің бірыңғай рухани белдеуіне біріктіруге мүмкіндік береді. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін ұлттық санада орнықтыру үшін киелі жерлердің географиясындағы олардың рөлі мен орны бойынша әрбір қазақстандыққа білім беру қамтамасыз етіледі. Киелі жерлер бойынша ішкі және сыртқы мәдени-туристік бағдарлар іске қосылады, оларды елде және әлемде кеңінен таныту қамтамасыз етіледі.
6.11 «Өлкетану жұмысын ұйымдастыру және әлеуметтік бастамаларды қолдау» бастамасы. Бұл бастама шеңберінде білім беру, экология және абаттандыру, өңірдің тарихын зерделеу, мәдени-тарихи ескерткіштер мен жергілікті маңызы бар мәдени объектілерді қалпына келтіру саласында өлкетану жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері мен жастар атынан өзінің туған жеріне қолдау көрсету үшін ұсынылатын әлеуметтік бастамаларға жәрдем көрсетіледі.
6.12 «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру» басымдығы. Шетелде қазақстандық мәдени әлеуетті кеңінен ілгерілету және таныту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл ретте ақпарат пен материалдарды берудің қазіргі заманғы әдістері мен нысандары, яғни отандық мәдениетті мультимедиалық сүйемелдеудің барлық жиынтығы қолданылады.
«Отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеу» міндеті
Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасының жан-жақты дамуына ықпал ететін қажетті жағдайларды жасау, ана, әке болуды және балаларды қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың негізі болады. Қазақстанның гендерлік саясаты қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің паритеттік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттерге және мүмкіндіктерге жетуге, сондай-ақ жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін жеңуге бағытталатын болады.
6.13 «Отбасылық және гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру» бастамасы. Бұл бастама шеңберінде отбасылық қатынастар, ана мен баланы қорғау, балалардың тәрбиесі үшін жауапкершілікті арттыру саласында ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, жыныстық белгілері бойынша кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына жол бермеу мәселелерінде заңнаманы жетілдіру қамтамасыз етілетін болады.
6.14 «Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік реттеу және оған гендерлік әсерді бағалауды енгізу арқылы гендерлік теңдік институтын нығайту» бастамасы. Гендерлік саясат саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті орган айқындалады. Гендерлік тәсілдер, оның ішінде гендерлік статистиканың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялану мәселесі пысықталады.
6.15 «Ерлер мен әйелдерді тең дәрежеде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау» бастамасы. Ұлттық шоттар жүйесіне бейресми секторда, күтіп-бағудағы есептелмейтін үй еңбегінде, үй еңбегінде, жалдау бойынша үй жұмысында және басқаларында жұмыспен қамтылуды өлшейтін гендерлік-сезімтал көрсеткіштер қосылатын болады. Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі.
6.16 «Кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті барлық ресурстарға ерлер мен әйелдердің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» бастамасы. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ерлер мен әйелдер тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Тұрақты негізде тұрғылықты жері, жасы, мүгедектігі мен мүліктік жағдайы бойынша гендерлік аспектіде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге талдау жүргізіледі. Әкімшілік ауыртпалық тосқауылдарын, шектен тыс нормативтік шектеулерді, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлерлігінің дамуындағы тосқауылдарды қысқарту бойынша саясат жетілдіріледі.
6.17 «Гендерлік оқу-білімді ілгерілету» бастамасы. Барлық жастағы адамдарды қамтитын және гендерлік стереотиптерді жоюға ықпал ететін гендерлік білім беру және халықты ағартудың дамыған жүйесі жұмыс істейді. Гендерлік теңдікке және мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың алдында гендерлік аспектілерді жан-жақты есепке алуға бағытталған білім беру мен біліктілікті арттыру бағдарламалары кеңейтілетін болады.
6.18 «Ерлер мен әйелдердің тең әріптестігіне негізделген отбасылық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы отбасы институтын нығайту» бастамасы. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді ілгерілету, мәдени-ағарту және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтау бойынша жұмыс күшейтіледі, сондай-ақ отбасы саясаты проблемаларын зерделеу бойынша институционалдық құрылымды айқындау мәселесі қаралатын болады. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, асырап алу, баланы қабылдайтын отбасы сияқты балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша, сондай-ақ отбасылық типтегі балалар үйлерін құру бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Заңнамалық реттеу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қаралады. Барлық мүдделі тараптарды тартумен ата-аналардың, соның ішінде жалғызбасты ата-аналардың құзыреттілік моделі әзірленетін болады. Әкенің рөлін арттыру институты күшейтіліп, бала тәрбиелеп отырған әкелердің құқықтарын іске асыру үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде отбасыларға кәсіби көмек көрсету саласындағы ҮЕҰ қызметі (отбасын ресурстық қолдау, дағдарыс орталықтары, сенім телефондары) жанданатын болады.
«Экстремизмнің таралуына жол бермеу» міндеті
Қазақстанда барлық дін өкілдерінің заң алдындағы теңдігі мен діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауға және діни нанымдарға құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастар қалыптасты.
Сонымен бірге қазіргі заманғы қатерлерді ескере отырып деструктивті ағымдар идеологиясы таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау өте қажет.
6.19 «Ұлттық қауіпсіздік саласындағы анықтау, алдын алу және жолын кесу жұмыстарын уақтылы нормативтік қамтамасыз ету» бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, әсіресе, қайта туындаған қауіпке, ең алдымен терроризмге және діни экстремизге қарсы әрекет ету саласындағы жедел ден қою бөлігіндегі құқықтық нормаларды уақтылы әзірлеу және тиімді қолдану бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
6.20 «Экстремизмнің алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бастамасы. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы көпшілікке экстремизмнің қауіпі туралы объективті ақпаратты ұсынуға, ұлтжандылық сезімін сіңіруге, зайырлылық және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталған жобалар арқылы мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы аясында жүзеге асырылатын болады.
6.21 «Экстремизмнің таралуына жол бермеу бойынша нақты алдын алу жұмыстары» бастамасы. Радикалды идеялар таралуының алдын алудағы ең тиімді нысан оны таратушылармен нақты оңалту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осыған байланысты тиісті кадрлармен, әдістемелік, материалдық-қаржылық ресурстармен қамтамасыз етумен елдің барлық өңірлерінде оңалту орталықтары (қызметтері) желісін ұйымдастыру мүмкіндігі; радикалды көзқарастағы адамдарды оңалтумен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру; мұсылман дінінің өкілдерін нақты теологиялық оңалтуға барынша тартуды қамтамасыз ету шараларын іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады.
6.22 «Радикалды идеологияны ұстанушылар үшін оңалту орталықтары мен бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру» бастамасы. Радикалды идеологияның ұстанушылары үшін оңалту орталықтары мен бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі бастаманы іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі түрде ынтымақтастық орнатылады. Бұдан әрі көптеген өңірлерде құзыретті мамандарды тартумен осындай орталықтарды ұйымдастыру мүмкіндігі қаралады.
6.23 «Экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарға діни қызмет өкілдерінің қатысуын күшейту» бастамасы. Экстремизмнің таралуының алдын алу бойынша жұмысқа ресми діни қызмет өкілдері тартылатын болады. Ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердің әлеуеті дін саласында заң жобасы, ақпараттық-түсіндіру және өзге де қызметте пайдаланатын болады.
Күтілетін нәтижелер
Қоғамдық сананы сәтті жаңғырту Стратегиялық жоспарды іске асыру ұсынатын мүмкіндіктерді толық пайдалана алатын азаматтардың белсенді, жауапты және іскер қоғамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл білім алу, шағын және орта бизнесті бастау және дамыту, еңбек ұтқырлығы, инновацияларды қолдану, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде пайдалану бөлігіндегі мүмкіндіктер.
Алға қойылған тапсырмаларды орындау жергілікті қоғамдастықтардың және жекелей алғанда әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін және прагматизмін арттырады, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық процестерге белсенді қатысу мәдениетін дамыту, мемлекет істерін басқарудағы азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ҮЕҰ пен бизнестің қатысу тетіктерін жетілдіру арқылы жалпы қоғамның эволюциялық даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
7-реформа. Мемлекеттік сектор өзгерістер көшбасшысы ретінде
Реформаның мәні: өзінің үлгісінде өзгерістердің жүзеге асырылуын көрсететін, елдегі өзгерістердің бастамашысы және көшбасшысы ретінде мемлекеттік органдардың рөлін арттыру. Мемлекеттік органдардың қызметі өнімділігін, технологиялылығын, бейімділігін, клиентке бағдарлануын және ұйымдастыру мәдениетін арттыру олардың жұмысының сапасын жеке корпорациялардың үздік үлгілері деңгейіне көтеруді қамтамасыз етеді. Реформаны жүзеге асыруда бағдарламалар мен саясатты әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға қоғам өкілдерін тарту арқылы «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың рөлі ерекше болмақ.
2025 жылға қарай Қазақстанда орын алатын қағидатты өзгерістер:
ішкі процестерде технологияларды шектеулі пайдаланудан – технологияларға өнімділікті арттыратын қозғаушы күш ретінде қарау;
проблемалар мен қажетті әрекеттерді дербес айқындаудан – проблемаларды бизнеспен және халықпен әріптестікте шешу;
тәуекелді барынша азайту және нақты инновацияларды қолданудан – мемлекеттік органдарда және бүкіл елдегі өзгерістерді қолдау және кеңінен тарату;