Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1033
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Адам интеллектісі дамуының лингвистикалық аспектілері1. Адамның рухани тәрбиесі, ақыл тәрбиесі туралы айтқанда, тіліміздегі тағы бір ұғым негізгі назарға алынуы тиіс. Ол ұғым – қайрат. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың пікірі қандай екендігін талдаңыз.М. Жұмабаевтың түсіндіруі бойынша: «...қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп, жолға салмақшы, жүзеге асырмақшы. Қайрат арқылы ғана адам жанындағы қалың күштер жарық көрмекші. Өмірде адам басына қиын-қыстау істер келгенде, қажытпай алып шығатын сол қайрат. Сермеген қолды аспандағы айға жеткізбесе де, ойлаған ойға жеткізетін сол қайрат. Сондықтан тәрбиеші баланың қайраты өркендеу үшін қызмет қылуға міндетті». М.Жұмабаев айтқандай бастаған істі аяғына дейін жеткізетін күш – ол адамның бойындағы қайраты. Бар күш-қуатты салу арқылы еңбектену, оның нәтижесіне қол жеткізу. Қиын-қыстау сәтте жеңілмей, жігерленіп, жеңіске жеткізетін бойыңдағы қайратың деп атап көрсетеді. Өмірде талаптанып, алдыға мақсат қойып, өзіңді қолға алу. Сондықтан әр ата-ана мен ұстаз балаға білім мен тәрбиені беріп қана қоймай, оны өмірге бейімдеп, қанаттандырып, өзіне сенімді тұлға ретінде өсіруі тиіс.2 Жоғары интеллектің бірнеше түрі болады: адам ақылының кемелденіп, даналық, данышпандық, ғұламалыққа өтуі, IQ тесті қорытындысынан үнемі 120-дан жоғарғы көрсеткішке ие болу қабілеті. Әр түрін талдап жазыңыз.Адамның жоғарғы интеллектуалдық сипатын тілімізде үнемі қолданылатын даналық,данышпандық, ақылгөйлік, кемеңгерлік, ғұламалық, ақыл кемелдігі, тереңинтеллектуалдылық сияқты тілдік бірліктермен атаймыз.Даналық – мағынасы терең ұғым. Ғылыми түсінігі бойынша: «зат. 1. Өмірдің шындығын, оның есебі мен салдарын кемеңгерлігімен танып білетін қасиет. 2. филос. Адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесінәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққаұлағатты ой-пікір, өнегелі, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адамқасиеті» [26, 486 б.]. Мысалы: Оның қасқа маңдайына қазақтың ар-ұятысыйып тұр. Төле, Қазыбек, Әйтеке тәрізді төбе билердің ақылындай ақылы,даналығы, қамқорлығы, бітіспес дауды бірауыз сөзбен шешер тілмарлығы,сөйлесе сөзге шешендігі, дүниені алдына алып толғанар ой тереңдігі, шебержазушының ұлы таланты тұла бойында тұнып тұр.(З. Алдамжар)Даналық –адамды тек ізгілікке, өмір-дүниенің терең мәніне апарар жол.Мәселен, кез келген ақылды деп таныған адамды дана деп атауымыз екіталай.
Себебі, даналықтың да өз уақыты, жетер шыңы, білім деңгейі болуы керек.Дана салған даңғыл ақиқаттардың,Терісі бар, дұрысы бар – бәрі ізгі. (М.Мақатаев)Дана өмірдің дастаны,Дана мидың жыр, сыры. (М.Мақатаев)Данышпандық – даналықтықлықтың мағыналас ұғымы. «зат. 1.Даналық, парасаттылық пен кемеңгерлік, асқан білгірлік.2. филос. Тарихи-әлеуметтік мәні бар мәселелерді асқан парасаттылықпен шеше алатын кемеңгертұлғаларға тән қасиет [26, 486 б.].Ақылгөй – «зат. Ақылшы, білімдар» [26, 295 б.]. Бұл ұғым даақылдылықтың тереңдеген, кемелденген, асқан кезін сипаттайды. Ақылгөйлікданалыққа қарағанда ақылшы сөзінің мағынасына жуық. Мысалы: Базаржырау «Темір тұяқ мұрынды» мақтаса, халқы «Құрандай жапырылып» сөзінеқұлақ салғаны үшін, яғни жалпақ елдің ақылгөйі болғаны үшін мақтап отыр(М. Жұмабаев)Тілімізде жоғарғы интеллектіні сипаттайтын ғұламалық деген ұғым бар.Бұл ұғым да адамның білім-ғылым жолында ақылының толыққан,тәжірибесінің жинақталған кезеңін білдіреді. Мысалы: Еркін өлім жайындағыойлары құдыретті дауыл боп көтеріліп, енді ұлы ғұлама белгіленген мерзімдебұл өмірден кету туралы асқақ ойының танымдығына жетеді: өмір адамдыбөлшектеп, бүлдіреді, өлім күллі бірліктің ішінде балқытып, бұрынғы тазақалпына келтіреді. (Оңтайгүл Торжан)Ертегіден жаңарып, қала тұрған,Ертегіден ғұламадана туған.Бұл күнгі ғаламаттар, алдыменен,Адамның қиялында жаратылған. (М. Мақатаев)Сұлулық, әдептілік, білімділік, ерлік, даналық – бәрі де жеке адамныңменшігінде емес, ең алдымен, елдің, халықтың еншісі. (Ғ. Мүсірепов)Анахарсис – скиф философы, әлемдік философия тарихында әйгілі «жетіғұламаның» бірі саналады.Жоғарғы интеллект иелері, әдетте, белгілі бір білім саласын жетікмеңгерген болуы да мүмкін. (Бір өз басында әдебиетші, сыншы, көсемсөзші,мәдениеттанушы, саясатшы, философ, тарихшы, т.б. салаларды тереңмеңгерген, шын мәніндегі зиялы, жоғары интеллект иесінің адамға,ағайынға, туысқа қатысты жайында бірер мысал келтірудің жөні келіп тұр.(ҚӘ)Кейбір жан-жақты білімді, интеллектісі жоғары, орыс, еуропамәдениетін бойына сіңірген адамдардың ағайын, туысқанға еренсіздігінкездестіріп те қаламыз. (ҚӘ)3 Адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын зерттеуде және оның педагогикалық астарын (аспектісін) талдауда «концепт», «интеллект» тірек ұғымдарының терминдік, ұғымдық мәнін, қазіргі қазақ тіліндегі қолданыс аясын айқындап жазыңыз.
Адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын зерттеудежәне оның педагогикалық астарын (аспектісін) талдауда «концепт»,«интеллект» тірек ұғымдарының терминдік, ұғымдық мәнін, қазіргі қазақтіліндегі қолданыс аясын айқындап алу маңызды.Ең алдымен, концепт ұғымын қазақшаға аудару туралы ойдың, әсіресе,танымдық тіл білімін зерттеушілерінің арасында аратұра туындайтынынайта кеткен жөн. Бір топ ғалымдар «концепт» терминін «ұғым» деп атаудыұсынса, басқа зерттеушілер «тұжырым» түсінігін қолдануды жөн санайды. Концепт сөзінің жалпы беретін мағынасына (ұғым, түсінік, қойма, мағына, ұрық және т.б.)жүгіне отыра, қазақ тілінде бұл терминді тұжырым немесе ұғым деп атауғанегіз бар деген ойдың тууы да заңды. Десек те, концепция термині өз алдына басқа мағыналы, ал концепт терминінің мағыналық қызметі де, қолданыс аясы да мүлдембасқаша, сондықтан да қазақ тіл білімінде де концепт ұғымының сол күйіндеқолданылуы жөн деп есептейміз.Бұл мәселені (концепт терминін тұжырым деп қазақшалау туралыойлардың болғандығын) өз зерттеуінде Г. Шоқым да айтып өткен. Г. Шоқым: «Б. Хасанұлы еңбектерінде концепттерминінің қазақша баламасы ретінде тұжырым сөзі қолданылған. Аталған терминге қазақ тілінде берілген түсініктемелерге назар аударатын болсақ: Интеллект – «зат. 1. Зияткерлік (адамның ойлау қабілеті; ақыл, ес). 2. зоол. Зоопсихологияда жоғары сатылы жануарлардыңпсихологиясы» [26]. Түсіндірмеден көріп отырғанымыздай және қазіргіпедагогикалық еңбектерден, БАҚ жазбаларынан оқып жүргеніміздей,интеллект терминінің қазақша зият деген баламасы пайда болған. Мәселен,қоғамдық ортада – зиялы адам (интеллигент), зиялы қауым (интеллигенция),зияткер (интеллектуал), зияткерлік ойын,зияткерлік мектеп(интеллектуалдық ойын, интеллектуалдық мектеп), зият тестілері(интеллектуалдық тест), заң саласында – зияткерлік меншік(интеллектуалдық меншік), техникалық ғылымдар саласында – жасандызияткерлік (жасанды интеллект) сияқты көптеген қолданыстар барБіздің байқауымызша, қазақ тілінің тарихына, бүгініне көз жүгіртсек,зият терминінен гөрі зиялы ұғымы жиі әрі орынды, түсінікті қолданылыпжүр.4 Эмоционалды интеллект ұғымының психолингвистикамен байланысын талдап, салыстырыңыз.Эмоционалды интеллект (ЭИ) мен психолингвистиканың кейбір ортақ тұстары бар, бірақ олардың мақсаттары мен әдістерінде ерекшеленеді.
ЭИ-бұл өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын тану, түсіну және басқару қабілеті. Ол адамның мінез-құлқы мен эмоцияларын түсінуге, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу үшін қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған.Екінші жағынан, Психолингвистика тіл мен ойлау арасындағы байланысты, соның ішінде тілді қабылдау мен түсіндіру тәсілдерін зерттейді. Психолингвистиканың мақсаты-адамдардың тілді қарым-қатынас жасау және өз ойлары мен идеяларын білдіру үшін қалай қолданатынын түсіну.Алайда, психолингвистика мен ЭИ байланыста болатын бірнеше салалар бар. Мысалы, екеуі де адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді. Бұл тілдің құрылымын және эмоциялар мен ойларды жеткізу үшін қолданылатын механизмдерді түсінуді қамтиды.Сондай-ақ, психолингвистикадағыдай, эмоционалды интеллект адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы ақпарат алу үшін мәтінді талдау, әлеуметтік өзара әрекеттесу және қабылдау сияқты зерттеу әдістерін қолданады.Осылайша, екі бағыт бірін-бірі толықтырады, бірақ өзіндік мақсаттары мен зерттеу әдістері бар. Кейбір зерттеулер эмоционалды интеллект қоғамда қарым-қатынас орнату және қолдау мәселесінде интеллект пен логикалық ойлаудан маңыздырақ болуы мүмкін деп болжайды.5 Философияда «интеллект» әлеуметтік-мәдени феномені мәселесіне әр дәуірде көптеген ойшылдар мән берген.Бірнеше философтың тұжырымдамасын ұсыныңыз.Гераклит: «танымның негізі сезінуде (түйсіну), бірақ текойлау ғана даналыққа әкеледі: егерде белгілі бір зат сезіммен қабылданғанжарықтан таса қалса, ол сана жарығынан тысқары қала алмас еді», [30] –дегенін білеміз. Аристотель өзінің «Жан туралы» трактатында ақылды материалдықдүниенің әмбебап бастамасы ретінде анықтаған, содан кейін барып оныадамзат тіршілігінің ажырамас бөлігі деген. Екінші ұстаз әл-Фараби «Философиялықтрактаттарында» ұстазының интеллектіге қатысты пайымдауларын талдап,өз тарапынан да философиялық талдау жасаған: «Интеллект деген сөздітүрлі мағынада қолдануға болады. Біріншісі – қарапайым сөзде, адамжөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екіншісі –әркім оны өзінше түсініп, мутакаллимдердің үнемі айтысқа түскендеайтатын мағынасында.Аристотельдің «Жан туралы» трактатындағы интеллектіге берілген
анықтаманы саралай келе, Әл-Фараби төрт топты атағанын жазған: «ол мұнытөрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуалды; в) жүре келе дарыған; г)әрекетшіл интеллект» [32; 25 б.]. Осындай түрлерді атай келе, әл-Фарабиәрқайсысына анықтамасын да жазған:а) потенциалды интеллект – бұл өзі әлдебір жан, жанның бір бөлшегі,жан қабілеттерінің бірі немесе материаядан дүниеде бар заттар парқы менформасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бірдеңе;б) егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдалғышобъектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілердіинтеллекцияның актуалды объектілеріне айналдырады;в) актуалды интеллект, актуалды пайымдағыш болғандықтанинтеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалғышобъектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуалды деп саналып келгенинтеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады;г) бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуальды интеллектболып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын [32; 25-39бб.].6 Қарапайым өмірде өзіне қажетті орынды таба білу және керек кезде бағыт-бағдарын өзгерте алу қабілеті ретінде танылатын әлеуметтік интеллект ұғымын түсіндіріңіз.Әлеуметтік интеллект – қарапайым өмірде өзіне қажетті орынды табабілу және керек кезде бағыт-бағдарын өзгерте алу қабілеті. Мәселен, біз өмірдебала немесе ересек, оқытушы немесе студент, басқарушы немесе оныңқарамағындағы жұмысшы бола аламыз. Кей кездері кім болатынымызды өзімізтаңдай аламыз, кейде біреуге таңдатамыз. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқанадам өзінің орынын лайықты таңдай біле алатын, өз бағытын дұрыс басқараалатын адам.Сондай-ақ адамның мәдениеті мен тәжірибесі менталдық интеллект,эмоциялық интеллект, физикалық интеллект сияқты интеллект түрлерінеқатысты қалыптасып, дамып отырады.7 Жылдам есептеу, белгілі бір сұраққа тез жауап қайтару, берілген істің мәнін жете түсіну сияқты және т.б. белгілері бар менталдық интеллект ұғымына қатысты пікіріңізді ұсыныңыз.