Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 385

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Менталдық интеллект – қазіргі түсінік бойынша ең көп таралған

интеллектуалдық қабілет. Оның жылдам есептеу, белгілі бір сұраққа тез жауап

қайтару, берілген істің мәнін жете түсіну сияқты және т.б. белгілері бар.

Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күні көп таралған IQ тесттері өлшеп шығаратын

интеллект, яғни көпшіліктің түсінігіндегі интеллект осы.

8 Абай өзінің «Қара сөздерінде» нақты «интеллект» терминін қолданбаса да, семантикасы мен философиялық мазмұнына қарай «ақыл» (кейде арабша «ғақыл»), «ғылым» деген ұғымдарды қолданады. Қай қара сөздерінде берілген, талдаңыз

«Отыз сегізінші қара сөзінде» мынадай түйін айтады: «Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән. Мұның табылмақтығына себептер –

әуелі һауас салим һәм тән саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы

ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым

махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған

үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды.

Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе, өзі

іздейтіндей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік

болса, сонда ғана оның аты адам болады»

«Отыз екінші қара сөзінде» философиялық кеңес береді:

«Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек

болар еді деп іздемеске керек...

Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек

керек...

Үшінші – әр хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт,

өлсең айырылма!

Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі

– мұлахаза (араб. ойласу, пікір алысу), екіншісі – мұхафаза (араб. сақтау,

қорғау)...

Бесіншісі – ...ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек.

Соның ішінде уайымсыз, салғырттық деген нәрсе бар, зинһар (араб. қалайда,

әйтеуір), жаным, соған бек сақ бол, әсіресе!

Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол

мінез бұзылмасын»

9 Ақыл ұғымынан туындайтын қазақ тілінде адамның интеллектуалдық ерекшеліктерін көрсететін көптеген тілдік бірліктер, паремиялар мен фразеологиялық бірліктер, тұрақты теңеулер, т.б. бар. 10 мысал жазыңыз.Сонымен, ақылды адамды әдетте саналы, парасатты, ойлы, жетелі, есті, милы деген сын есімдер сипаттайды. Жалпы аталған микроконцептілер (саналы, парасатты, ойлы, жетелі, есті, милы) де өз алдына мағыналық-ақпараттық орта тудыра алады.


зерттеулерде «интеллект» макроконцептісін адамның бүкіл ақыл-ой, ес, сана жүйесін

білдіретін барлық сөздердің мағынасын толық қатмтитын тұжырым ретінде

қарастырамыз. Өйткені, «интеллект» халықаралық тілдік бірлігінің бүгінгі

күнге дейінгі қолданысын, мағыналық ерекшелігін, этимологиясын қарастыра

келе, адамның ми құрылысының қызметінен туындаған іс-әрекетінің барлығын

(ойлау, сөйлеу, жазу, дене әрекеті) «интеллект» терминімен ғана атауға толық

негіз бар. Жалпы аталған

микроконцептілер (саналы, парасатты, ойлы, жетелі, есті, милы) де өз

алдына мағыналық-ақпараттық орта тудыра алады.

«Интеллект» және оның концептілік ӛрісіне енетін тілдік бірліктердің ең алдыңғы қатарындағы ұғым – АҚЫЛ, яғни бұл «интеллект» макроконцептісінің мағыналық аясына енетін базалық концепт. Негізі-нен, араб тілінің «ғақыл» сӛзі қазақ тілінде «ақыл» формасында қолданылады және «адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі» [1, 696] дегенді білдіреді. Ақыл – адамның бүкіл болмысы, қоршаған айналасымен тығыз байланысты абстрактілік ұғым ретінде психологияның да, философияның да, логиканың да, тіл білімінің де қарастыратын концептісі. «Сабыр, ақыл – парасаттың белгісі, Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі» (Баласағұн), демек, адам дүниенің барлық жаратылысынан ақылы арқылы ғана ерекшеленеді. Ақыл ұғымынан туындайтын қазақ тілінде адамның интеллектуалдық ерекшеліктерін кӛрсететін кӛптеген тілдік бірліктер, паремиялар мен фразеологиялық бірліктер, тұрақты теңеулер т.б. бар.

«САНАЛЫ сын. 1. Парасатты, ақылды, ойлы, ой-сезімі күшті, әр нәрсені ақылмен ойлай білетін, толғамды, есті. 2. Мәнді, мағыналы» [1; 640]. Контексте ақыл мен сана сӛздері қатар немесе бірінің орнына бірі қолданыла береді (ақылды, саналы). Негізінен, биологиялық тұрғыдан алғанда адамда ең алдымен сана пайда болады, кейін ақылы толығады. Адамның инллектуалдық жетілуінің деңгейі: «...адамның күрделі ми қызметіндегі таным үдерісінің белгілі бір сатысы» [2].

«ПАРАСАТТЫ – ақылды, ойлы, білімді, зерделі» [1; 668]. Бұл ұғым ақылмен бірге жиі қолданылға-нымен де, ӛзінің маңыналық реңкінде басқа микроконцептілерге (сана, ой, білім, т.б.) қарағанда ерекше-лігі басым. Парасат ұғымы ақылға қарағанда терең интеллектуалдық мағынаны береди, яғни ақылды адамнан кӛрі парасатты адамның білм-тәжірибесі, кӛрген-түйгені, ойлау қабілеті артық (салыстырмалы түрде). Парасат ұғымы, кӛбінесе, ақылы әбден жетілген, толыққан, кемелденген ересек адамдарға, білім-ғылымға етене жақын жандарға айтылады. Ақыл мен парасат – егіз ұғым. Кӛптеген контексте болсын, ауызекі сӛйлеуде болсын, ғылыми сипаттамада да, тіпті, интеллект терминінің түсіндірмесі/аудармасында да жиі бірге қолданамыз. Мыса-лы: Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен ӛнердің қыр-сырын ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықтың аражігін ажыратуға кӛмектесетін күш. (Әл-Фараби) Егер адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын градациялық (үдемелі) әдіспен топтайтын болсақ, «пара-сат» ұғымы жоғарғы интеллект кӛрсеткіші болады.



ОЙЛЫ «1. Сана-сезімі мол, ақылды, саналы. 2. Мағыналы, мәні терең» [1; 625] деген екі мағынаны меңзейтін ұғым. Бұл түсініктің басқа интеллект мәнді микроконцептілерден айырмашылығы – мағыналық тереңдігі мен қолданыс ерекшелігінде. Мағыналық тереңдік дегенде, ойлы адамның, біріншіден, ақылды екендігін (Айналасындағы әр алуан ӛмір құбылыстарына үңіле қарап, олардан келешек үшін керекті бір қорытынды шығармақ болған ойшыл жырау ӛмірмен, адам тіршілігімен байланысты кӛп мәселелерді сӛз етеді... Ол – адам жаны, адамзаттың ойы десек, оған да шабуыл жасар күн алыс емес-ау. (О.Бӛкей), екіншіден, белгілі бір мәселені ойлау үдерісін (Құмтӛбенің басында күпісін жамылып, омырауын аңырайта аша сонау батысқа қарап ой үстінде тұрған Бархан тағы да, тағыда сол кӛп кешеуілдемей, салып ұрып келер қыстың қамын ойлады. (О.Бӛкей), үшіншіден, адамда туындаған ойдың немесе идеяның бар екендігін (Жеті жүз саулықты ӛлім-жетімге ұшыратпай қыстан қалай алып шығамын, қалай тӛлдетем, бесжылдықтың айқындауышы жылынды 140 қозы ала аламын ба? Секілді тағы сол үйреншікті, он бес жылдың бедерінде санасына қонақтаған ой – баяғы ой тыныш таптырмаған. (О.Бӛкей), тӛртіншіден, адамның уайымы, қайғысы болғандығын (Бархан оның сӛзін естіген жоқ, ӛз ойымен ӛзі әуре... (О.Бӛкей), бесіншіден, белгілі бір шешімі, қорытынды-тұжырымы бар болғандығын (Сайып келгенде, – деп ой түйетін, – батыр болу дегеніміз, ең әуелі адал болу. (О.Бӛкей) айтпақшымыз. Бір қарағанда, бастапқы ойлы – ақылды деген нұсқа ғана интеллект мәнді болып кӛрінгені-мен, психикалық күйді сипаттайтын басқа да белгілер, негізінен, адамның интеллектуалдық қызметін талап етеді.

ЕСТІ – «1. Ақылды, саналы, парасатты. 2. Білімдар, ойшыл» [1; 238] деген мағынаны береді. Жалпы «ес» түбірінің түрленуіне байланысты және есті адамның әр түрлі психологиялық сипатта болатынды-ғына байланысты тілімізде сӛз қолданыстар молынан кездеседі. Сондай-ақ «Естияр – ауыс. түйсігі бар, сӛзінетін» [1; 238] деген мәнді беретін тілдік бірлік бар. Бұл ұғым адамның (баланың) ақыл-есі қалыптаса бастаған, белгілі мӛлшерде толыққан кезін сипаттауға қатысты айтылатыны белгілі. Бұған ұқсас «есі кірген» тіркесін де адамның ақылы, санасының артуына байланысты мағынада жиі пайдаланамыз. Бірақ, естияр ұғымына қарағанда есі кірген тіркесінің қолданылу шеңбері кеңірек, себебі естияр сӛзі адамның балалық жастан ересек жасқа ӛткендігін сипаттайды. Мысалы: Дәл биыл да болған «ес кірейін дегені шығар, байғұсқа» деп жорыды. (О. Бӛкей)

ЖЕТЕЛІ ұғымы тілімізде саналы, ойлы сӛзімен синонимдес. Негізінен, «жете ауыс мағынада ақыл, сана, ми, ӛре» [1; 383] дегенді білдіреді және халқымызда бар «Жетелі жеті жұртқа барады» деген нақыл сӛз осы мағынаны айшықтайды.


Ақыл ұғымынан туындайтын қазақ тілінде адамның интеллектуалдық ерекшеліктерін көрсететін көптеген тілдік бірліктер, паремиялар мен фразеологиялық бірліктер, тұрақты теңеулер, т.б. бар. 10 мысал жазыңыз.

Кез келген тілдегі тұрақты тіркестер – халықтың салт-санасынан ақпарат беретін адам ақыл-ойының тілдік көрінісі. Халықтың танымын аңғартатын, ұлттың ұшқыр ойын, терең білімін айқындайтын, ғасырлар бойы қолданысын жоймай келе жатқан фразеологизмдер адамның интеллектуалдық сипатын таныту үшін қолданылады. Қазақ тілінде жиі айтылатын: көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан), ақылы там (ақылды, ақылы мол), надан кеуде (көңілі соқыр, топас адам), ақылы Аплатондай (дана) және т.б. көптеген қолданыстар бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде адамның ақылын танытатын, білім деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесін, шешендігін білдіретін немесе интеллектісінің төмендігін я біліктілігін бейнелейтін жүзге жуық тұрақты тіркес қамтылған.

Мысалы: Ақыл қосты (кеңес берді, ой салды), ақыл таразысына салды (ой елегіне салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады), ойға қонымды (көңілге, ақылға сыятын; түсінікті), көзі ашық (білімді адам, тереңнен ойлайтын жан), ми жетті (ақыл жетті, білді). тілдің майын ағызды (сөзге шебер, шешен кісі туралы айтылады), Ойға салды (ойланып қарады, пікір таразысына өлшеді). Мысалы: Кім біледі кез болса арттағылар, Ойға салып оқыр да сөзін сынар (Абай). Ақыл [ой] таразысына салды (ой елегіне салып, екшеді, артық-кемін оймен салмақтады). Мысалы: Қобыланды мен Ақжол дауын тағы да ақыл таразысына салу керек (І. Есенберлин). Сауат ашты (хат таныды). Мысалы: Ішінде сауатын ашқан біреуі жоқ, сонда да кітаптың әрбір сөзін қалт жібермейді (І. Омаров). Бес саусақтай білді (жатқа білді, жетік білді). Мысалы: Барлық сабақты бес саусақтай біліп алып, барлық класты аузына қаратса ғой! – деп қиялданды Сапар (М. Иманжанов).


10 ««Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негізі – тәрбие» екендігін тұжырымдап беріңіз.

Ең жүйелі түсініктемесі бойынша: педагогикалық ғылым – «1) тәрбиелеу процесінің нақты-тарихи дамуының объективті заңын зерттейтін, қоғамдық қатынастардың даму заңдылықтарымен және бала тұлғасын қалыптастырумен органикалық байланысты ғылым, сондай-ақ өскелең ұрпақты қалыптастырудың шынайы қоғамдық тәрбиелі-оқытушы практикасының тәжірибесі, педагогикалық процесті ұйымдастыру ерекшеліктері мен жағдайлары; 2) педагогикалық ісәрекет, оның заңдылықтары мен мәнді қасиеттері, сондай-ақ оны зерттеудің және қайта құрудың тәсілдері туралы ғылыми білімнің жүйесі; тәрбие, білім беру мен оқытуды зерделеуші теориялық қолданбалы ғылым жиынтығы; 3) тәрбие, білім беру және адамды дамытуға арналып бағытталған өзін-өзі тәрбиелеумен, өзіндік білім алумен және өзіндік оқумен оқытудың өзара байланысы процесінде пайда болатын тәрбие қатынастары туралы ғылым; 4) педагогика оқу орындарында және басқа да мекемелерде бағдарлы бағдарламалар бойынша оқытылатын оқу курсы» [57].

11 Физикалық интеллект ұғымын қандай қағидалар мен ерекшеліктер негізінде талдар едіңіз, өз тұжырымыңызды жазыңыз.

Адамның танымдық қабілеттеріне тек интеллектуалды ғана емес, сонымен қатар физикалық дағдылар да кіреді. Физикалық интеллект сіздің денеңізді басқару, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында қорғау және өмір сүру қабілетін білдіреді.

Физикалық интеллекттің ерекшелігі-оның жан-жақтылығы. Ол тепе-теңдік, үйлестіру, икемділік, күш, төзімділік, жылдамдық, дәлдік, қозғалысты қабылдау және кеңістіктегі бағдар сияқты қасиеттерді қамтиды.

Физикалық интеллект ұғымын талдау даралық принципі негізінде жүргізілуі мүмкін. Әр адамның физикалық қасиеттерінің өзіндік ерекше жиынтығы бар, оларды дамытуға және жақсартуға болады.

Сонымен қатар, адамның физикалық интеллектісі жаттығулар мен спорт арқылы жақсарып, дами алады.

Жалпы, физикалық интеллект адамның танымдық қабілетінің маңызды бөлігі деп айтуға болады және оның дамуы физикалық денсаулық пен жалпы әл-ауқаттың жақсаруына ықпал етеді.

12 Халық педагогикасы арқылы тәрбие мен интеллектіні қалыптастырудың тетіктері қандай деп білесіз, ойыңызды дәлелдер арқылы жазыңыз.

Адамның интеллектуалдық сипатының педагогикамен қандай байланысы бар деген сұраққа келер болсақ: адамның биофизиологиялық – ми қызметі, психофизиологиялық – жан мен тәннің дамуы, лингвоперсонологиялық – адам, индивид, тұлға ретінде тілді қолдануы, әлеуметтік – отбасында, жалпы қоғамдағы адам қызметі, лингвокогнитивті – адам танымының тілмен байланысы, ең алдымен, интеллектуалдық (ой, сана, ақыл, тәжірибе, мәдениет, сөйлеу және т.б.) сипатқа негізделеді.Жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі педагогикалық үдерісті қалыптастыратындықтан бұл, әсіресе, халық педагогикасынан танылады. Онда: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие (дене, жан, ақыл, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі – А.Р.) тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын», [58] – деп тұжырымдайды. Оның пікірі бойынша, адам үшін физиологиялық саулық, интеллектуалдық әлеует, эстетикалық қуат, руханиадамгершілік қасиет – тәрбиенің басты тетіктері.Қазақта бала тәрбиесіне ерекше мән берілгендігін, соның айғағы ретінде киіз үйдің, бесікке бөлеудің баланың жан және тән денсаулығына аса пайдалы екендігін ғалым ерекше атап өтеді. Бұл халық педагогикасының тәжірибесі десе де болады.