Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 386

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ойын индустриясында. Ойында шынайылық сезімдерін тудыру үшін түрлі жасанды интеллект туындыларын қосады. Жасанды интеллект ойындарда сауықтыру емес, практикалық  рөл атқарады.

71 Концептілік жүйе иерархиялы (сатылы) құрылымнан тұрады, әр сатыға түсінік жазыңыз: 1) дүниенің қасиеті, белгілері (сенсорлы перцептивті қабылдау);2) когнитивті модель (ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, стереотип формаға ие болуы); 3) концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы); 4) дүниенің тілдік бейнесі (метафора, фразеологизм, сөз, сөйлем, поэтикалық мәтін)

Бір топ ғалымдар «концепт» терминін «ұғым» деп атауды ұсынса, басқа зерттеушілер «тұжырым» түсінігін қолдануды жөн санаған. Тіліміздегі жиынтық мағынаны білдіретін тұжырым деген сөзге мән берсек, тұжырым – «белгілі бір істің қорытындысы, байламы, шешімі» . Демек, ұғым белгілі бір мәнді, ұғымды меңзейтін нақты зат немесе құбылыс атауы болса, тұжырым белгілі бір зат немесе құбылыс туралы жасалған ой-тұжырым, шыққан қорытындыны білдіреді.

Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу. Адамның барлық танымдық әрекеті - дүниені тануға бағытталған бір дамушы үрдіс. Бұл әрекеттердің нәтижесінде концепт қалыптасады. Демек, концепт – бұл адам психикасында бейнеленген барлық дүние бейнесінің, ой тілінің, концептуалдық жүйенің, ментальды лексиконның мазмұндық бірлігі. Концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.

Концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады. Концептілік жүйе иерархиялы (сатылы) құрылымнан тұрады:

  1. дүниенің қасиеті, белгілері (сенсорлы перцептивті қабылдау);

Біз қоршаған әлемді сезіну мен қабылдау қабілетінің арқасында түсіндіреміз және түсінеміз.

Сенсорлық қабылдау дегеніміз - бұл сенсорлық тітіркендіргіштерден ақпаратты кодтау мен өңдеуге болатындай етіп қабылдау процесі. Оған дәлел, біз күнделікті өмірде кез келген дүниені саналы түрде қабылдап, мида өңдейміз, тәжірибе арқылы белгілерін есте сақтаймыз. Әсіресе, адамның көңіл-күйіне байланысты болмақ.Көру, есту, хощ иісті сезу, дәмді қабылдау, еркелету, тәрбиелеу.

Метафизикалық к-т: жан, өмір, тағдыр, махаббат т.б.

Ұлттыө-мәдени к-т: дала, көш, домбыра, күй т.б.


Эмоциялық к-т: қуаныш, қайғы, бақыт, мұң.

  1. когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, стереотип формаға ие болуы);

Әлемнің концептуалды бейнесі (когнитивті модель) адамның саналы, танымдық әрекеттерінің нәтижесін бейнелейді; біздің шынайы өмірді, физикалық, химиялық әлем бейнесі және т.б. арнайы бағытталған әлем бейнесін жалпылай көрсетеді. Әлемнің концептуалды бейнесі ойлау заңдары арқылы ұйымдастырылады.

Мысалы: Шындық туралы ақпараттың өзгеруінің әсерінен әлемнің концептуалды бейнесі әрдайым жаңарып тұрады, яғни динамикалық түрде жасалынады. Оның қалыптасуында ойлаудың көрнекі, бейнелі, тәжірибелік, ізденушілік, адвербалды- ұғымдық түрлері қатысады.

Г.Гиздатовтың тұжырымынша: «Когнитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі ұғымның бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құралады. Когнитивтік модель – сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпараты, бұл модель – білімнің танылуы мен сақталу формасы».

  1. концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы);

фрейм – қарапайым форма (таңбалар арқылы көрініс табады), сценарий – жүйені құрайтын бөлшектер (фреймнен туындайтын эпизод) , скрипт – күрделі форма (көзбен көрген, тәжірибеден өткен оқиғалар) , схема – сызбалы форма (когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер арқылы ақпараттарды тану), ойсурет- бейнелі форма (ең күрделі форма, санада метафоралау, суреттеу тәсілі. Көркем мәтінде жиі кездеседі.

Мысалы: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы Кедейлік концепциясы:



  1. дүниенің тілдік бейнесі (метафора, фразеологизм, сөз, сөйлем, поэтикалық мән)».

«Дүниенің тілдік суреті» дегенімізді тілде көрініс тапқан, жалпы ұлт өкілдеріне және ұлттық әлеуметтік мәдени өкілдеріне ортақ ұжымдық ұлттық мәдени тәжірибе негізінде жиналған білім жүйесі.

Б. Ақбердиева, Ш. Елемесова, Н. Аитова, Қ. Қаирбаева, Ф. Қожахметова, Г. Имашева, Ж. Саткенова, З. Абдуллина, А. Байғұтова, Ж. Абдрахманованың, т.б. зерттеулерінде тіл арқылы сақталып, берілетін ұлттық, мәдени, дүниетанымдық қордың концептілік жүйесі жан-жақты қарастырылған. Соның нәтижесінде анықталған концептілер жиыны тұтас және құрылымдық орта ретінде концепт аясын құрайды.

72 «Ақылды» базалық концептісіне қатысты сызбаны талдап жазыңыз: (саналы, парасатты, есті)



«Ақыл» базалық концептісіне саналы, парасатты, есті, ойлы, жетелі микроконцептілері енеді.

Қазақ тіліндегі «интеллект» макроконцептісінің мағыналық-ақпараттық өрісі өте кең: ақыл, білім, ғылым, мәдениет, тәжірибе, шешендік және т.б. Тілімізде интеллект ұғымы ақыл сөзінің орнына жұмсалып, қолданыла береді. Жалпы түсінік бойынша ақыл мен интеллект бір-бірімен мағынасы тең ұғымдар.

Ақыл – адамның бүкіл болмысы, қоршаған айналасымен тығыз байланысты абстрактілік ұғым ретінде психологияның да, философияның да, логиканың да, тіл білімінің де, педагогиканың даобъектісі. «Сабыр, ақыл – парасаттың белгісі, Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі» (Баласағұн), демек, адамдүниенің барлық жаратылысынан ақылы арқылы ғана ерекшеленеді. Ақылды адамды әдетте саналы, парасатты, ойлы, жетелі, есті, милы деген сын есімдер сипаттайды.

САНАЛЫ «1. Парасатты, ақылды, ойлы, ой-сезімі күшті, әр нәрсені ақылмен ойлай білетін, толғамды, есті. 2. Мәнді, мағыналы». Контексте ақыл мен сана сөздері қатар немесе бірінің орнына бірі қолданылуы мүмкін (ақылды, саналы). Негізінен, биологиялық тұрғыдан алғанда адамда ең алдымен сана пайда болады, кейін ақылы толығады. Адамның инллектуалдық жетілуінің деңгейі: «...адамның күрделі ми қызметіндегі таным үдерісінің белгілі бір сатысы» Бірақ «интеллект» макроконцептісінің мағыналық өрісіне енетін түсініктердің әрқайсысы белгілі бір деңгейі немесе сатысы нақтыланып айтылмайды, себебі, адамның ойының, ақылының, санасының не есінің шегі бар деген тұжырым жоқ. Мәселен, ауызекі сөйлеу тілінде: «Бұл адамның миы істейді» немесе «Бұл адамның ақылы бар», «Бұл адам саналы», «Бұл адам ойлы (ауыс. ақылды)», «Бұл адам есті (ауыс. саналы)» деген сөйлемдерді қолдананмыз. Барлық сөйлемге ортақ ұғым – адамның интеллектуал екендігі. «Сана» ұғымынан: саналы, санагер, саналан, сана-сезім, сана-саңылау, саналы жан, саналы сөз, саналы әрекет, құлдық сана, құқықтық сана, халықтық сана, рухани сана деген мағыналық өріс қалыптастыруға болады.

ПАРАСАТТЫ «ақылды, ойлы, білімді, зерделі» . Бұл ұғым ақылмен бірге жиі қолданылғандығымен де, өзінің мағыналық реңкінде басқа микроконцептілерге (сана, ой, білім, т.б.) қарағанда басымдық бар. Парасат – ақылдан сәл интеллектуалдық мәні артығырақ демекшіміз. Себебі, адамды ақылды деп сипаттағанымызбен де, парасатты деген баға беруде аса талдаушылықпен қарайтынымыз бар.
Мәселен, ауызекі тілде айтатын «Бұл бала ақылды екен» деген сөйлемді «Бұл бала парасатты екен» деуіміз екіталай. Парасат ұғымы, көбінесе, ақылы әбден жетілген, толыққан, кемелденген ересек адамдарға, көбінесе білім-ғылымға етене жақын адамдарға айтылады.

Ақыл мен парасат – егіз ұғым. Көптеген контексте, ауызекі сөйлеуде, ғылыми сипаттамада да, тіпті, интеллект терминінің түсіндірмесі немесе аудармасында да жиі бірге қолданылады. Мысалы: Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықтың аражігін ажыратуға көмектесетін күш. (ӘлФараби) Егер адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын градациялық (үдемелі) әдіспен топтайтын болсақ, «парасат» ұғымы интеллектініңжоғарғы деңгейін иеленетін еді.

ЕСТІ – ұғымы «1. Ақылды, саналы, парасатты. 2. Білімдар, ойшыл» деген мағынаны береді. Жалпы «ес» түбірінің түрленуіне және есті адамның әр түрлі психологиялық сипатта болатындығына байланысты тілімізде сөз қолданыстар молынан кездеседі. Сондай-ақ «Естияр – ауыс. түйсігі бар, сезінетін» деген мәнді беретін тілдік бірлік бар. Бұл ұғым адамның (баланың) ақыл-есі қалыптаса бастаған, белгілі мөлшерде толыққан кезін сипаттауға қатысты айтылатыны белгілі. Бұған ұқсас «есі кірген» тіркесін де адамның ақылы, санасының артуы деген мағынада жиі пайдаланамыз. Бірақ, естияр ұғымына қарағанда есі кірген тіркесінің қолданылу шеңбері кеңірек, себебі естияр сөзі адамның балалық жастан ересек жасқа өткендігін сипаттайды. Мысалы: Дәл биыл да болған «ес кірейін дегені шығар, байғұсқа» деп жорыды. (О. Бөкей) «Есті» микроконцептісі адамның интеллектуалдық сипатын қалай білдірсе, кей контекстерде, тілдік қолданысымызда психикалық, эмоциялық ерекшеліктерді де айшықтап беріледі. Мәселен: Есішығып айғай салды да, жын ұрғандай құм көшкен ізбен дедек қағып, қос өкпесі қабына жүгіріп барады, әне...(О. Бөкей). Бұндағы «есі шығу» тіркесі жоғарыда айтылған «есі кіру» қолданысымен құрылымы (шығу-кіру) жағынан да, семантикалық тұрғыдан да антонимдес. Есі шығу берілген мәнмәтінде адамның эмоциялық әрекетін, психикалық күйін бейнелеп тұр және осындай жағдайда адамның ісқимылы немесе сөзі санасына бағынбайтыны (тура мағынада) белгілі. Демек, санасы, ақылы«итермелеуші» болмаған әрекет деген сөз. «Ес» микроконцептісінің ақпараттық ортасынами, жад деген тілдік бірліктер енеді. Мәселен, ауызекі тілде: есіне сақтау, миына түю, жадына жазып алу, ойына жинаусияқты мағыналас тіркестер соны көрсетеді. Аталған ұғымның осындай мәнде қолданылған бірнеше мысалын (О. Бөкей шығармаларынан) келтірейік: -
Ұмыт қалдырып, есіне түсіре алмай басы қатқан қимасын іздегендей меңірейді де жүрді. - Оның есіне өткен қыстың қалай өткені түсті. Оның есіне тағы да мектептегі өмір түсті.

73.Г.Ю. Айзенк бойынша интеллектінің жіктелуі туралы төмендегі сызбасын түсіндіріп жазыңыз:

психология и, биология и, социалный и..... Ғалым айтып отырған бөлініс: биологиялық интеллект, психометрикалық интеллект, әлеуметтік интеллект. Биологиялық интеллект танымдық әрекеттің физиологиялық, нейрологиялық, биохимиялық, гармональдық негізі ретінде, яғни бастағы ми қыртысының қызметі мен құрылысымен байланысты белгілерін көрсетеді. Осылар интеллектіні жеке ажыратуға жауапты десе де болады. Бұл құрылымдардың табиғатында маңызды рөл атқаратын – гентикалық фактор. Келесі психометрикалық интеллектіге мәдени факторлар, отбасындағы тәрбие, білім алу және әлеуметтік-экономикалық дәреже өз үлесін қосады. Әлеуметтік интеллектіні танытатын мынадай факторлар: әлеуметтікэкономикалық деңгей, уәж, тамақтану, мәдени факторлар, алкогольге көзқарас, әрекет стратегиясы, отбасы тәрбиесі, психикалық ауытқулықтар, 32 білім, тұлғалық, денсаулық, тәжірибе. Ғалымның өз сызбасын да көрсете кетуге болады: