Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 383

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


13 Психолог-ғалым Ж. Пиаженің «Интеллект психологиясы (Психология интеллекта)» еңбегінде өз көзқарасының негізгі қағидаларын қалайша қалыптастыратындығын жазыңыз.

Ж. Пиаже Ғалым «Интеллект психологиясы (Психология интеллекта)» еңбегінде өз көзқарасының негізгі қағидаларын былайша қалыптастырады:

1. Интеллект мінез-құлыққа сараптама жасау кезінде, яғни сыртқы орта мен субъектінің арасындағы өзара, ерекше алмасу жүргенде анықталады.

2. Интеллект табиғаты жағынан басқа да биологиялық үдерістер сияқты бейімделгіш болып келеді.

3. Интеллект жүзеге асыратын таным шынайылықтың статикалық көшірмесі емес. Нысанды тану – дегеніміз оған әсер ету деген сөз, демек оны динамикалық түрде іске асыру, ал нақты интеллектінің мәні – оның әрекеттік табиғатында.

4. Интеллектуалдық қызмет субъектінің материалдық әрекеттерінен туындайды. Оның бөлшектері өзгермелі, тұрақты және жылжымалы тұтас құрылымдар қалыптастыра отыра, өзара ұйымдасады.

5. Басқа когнитивті қызметтер сондай-ақ құрылымдық сипатымен ерекшеленеді. Осыған байланысты интеллект пен басқа да когнитивті қызметтердің (мысалы, қабылдау)

генетикалық жақындығы байқалады. Олар мынадай жолдармен шешіледі: «Интеллект бейімделушілік үдерістің жиынтығын жалғасырушы және аяқтаушы»: егер органикалық бейімделу «бір сәттік қана, белгілі бір орында ғана іске асатын, сол үшін өте шектеулі теңдікпен қамтамасыз етсе» [45], онда қарапайым когнитивті (қабылдау, жад, дағды және т.б.) қызметтер «бұл теңдікті кеңістікте де, уақытта да туындатады», бірақ тек интеллект қана бүкіл шындық жиынтығын икемдеуге және оған әрекеттерді дағдылауға тырысып, тотальды теңдікке жетелейді. Айтылған ережелерден Ж. Пиаже бойынша интеллект психологиясының негізгі қағидаларын шығаруға болады. Ол – интеллектуалдық операцияларды генетикалық тұжырымдау қағидасы.

14 «Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негіздерін қандай қағидаларды ескере отыра айқындауға болады.Өз тұжырымыңызды келтіріңіз.

«Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негіздерін соындай қағидаларды ескере отырып айқындауға болады:

Халық педагогикасының бала тәрбиесіне ықпал ететін үлгілері:

1. Тұрмыс-салт

2. Дәстүр (ырым-тиым)

3. Әдебиет

Халық педагогикасының бала интеллектісіне әсері:


1. Тұрмыс-салттың тіршіліктегі мәнін ұғу

2. Дәстүрден аттамаудың танымдық сырын меңгеру

3. Әдебиетті бойына сіңіру, білімділік

Халық педагогикасының бала тәрбиесі мен интеллектісін дамытатын факторлар:

1. Тегі

2. Анасының парасаты (ана сүтімен берілетін қабілет)

3. тиянақты білім мен тәрбие

«Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негізін айқындайтын негізгі ерекшеліктері –адам интеллектісімен байланысты халық педагогикасы, интеллектуалдық қызметті пайдаланушы педагогикалық тұлға, адамның (тұлғаның) тәрбиесі.

15 ««Интеллект» концептісі «ғылым» ұғымынан тыс зерттелуі мүмкін емес» деген пікірді ғылыми тұжырымдар негізінде дәлелдеп жазыңыз.

Ғылым адам интеллектісінің жемісі, тірегі, итермелеушісі т.б кқптеген қырларынан қарастыруға болады. Негізінен ғылым – ғалымның кәсібі, қызығушылығы, қызметі, еңбегінің жемісі. Осылайша ғылым «оқу біліммен» тығыз байланысты, бір-бірінсіз дамымайтын абстрактілі түсініктер. Ақылмен тікелей байланысты, қатар жүретін ұғым.

««Интеллект» концептісі «ғылым» ұғымынан тыс зерттелуі мүмкін емес». Адам миының қызметімен байланысты дамитын ғылым саласын интеллектіден бөліп қарауға болмайды. (Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды (Абай, 10-сөз). Сондықтан да бұл ұғымды интеллект макроконцептісінің мағыналық-ақпараттық өрісіне қосамыз.

16 Техникалық ғылымдарға негізделген автоматтандыру, электрлік есептеу сияқты және т.б. құрылғылармен байланысты, технологиялық мәдениет негізінде пайда болған, жаһандану үдерісіне тікелей әсері бар ақыл-сана түрі жасанды интеллект ұғымының ерекшелігін түсіндіріңіз.

Жасанды интеллект (AI) - дауысты тану, табиғи тілді өңдеу, оқыту, шешім қабылдау, жоспарлау және ақыл-ойдың басқа аспектілері сияқты адамның интеллектуалды қабілеттеріне еліктейтін компьютерлік технология. AI математикалық және алгоритмдік әдістерге, сондай-ақ Машиналық оқыту мен нейрондық желілерге негізделген.

Техникалық мәдениеттен туындаған ақыл-ойдың өзіндік ерекшелігі бар. Ол көптеген ақпаратты өңдеуге және жылдам оқу жылдамдығына ие, бұл оны медицина, банк,, көлік және логистика сияқты көптеген салаларда тиімдірек етеді. Алайда, AI эмоционалды және этикалық интеллектке ие емес, бұл кейбір салаларда күтпеген салдарға әкелуі мүмкін.

Ai негізіндегі құрылғылармен байланысты жаһандану процесі ақпаратты тиімдірек өңдеуге, процестерді жылдамдатуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік беретіндіктен орын алады. Бұл халықаралық сауданың жеделдеуіне және капиталдың ауысуына, әлемдік аренадағы мемлекеттік және корпоративтік ықпалдың артуына және бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі. Алайда, AI сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық проблемаларды тудыруы мүмкін, мысалы, жұмыс күшін тоқтату және қажетті дағдылары жоқ адамдар үшін жұмыс қол жетімділігін жоғалту, бұл өз кезегінде қоғамдағы теңсіздікке әкеледі.

Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі түлекке заманауи сұраныс артты, яғни түлек атрибутында жасанды интеллекттің құрамдас бөлігі технологиялық болмыс, технологиялық құзыреттілік болуы тиіс деген тұжырымға келеміз.

17 Эмоциялық зерде (интеллект) және оны жетілдіру жолдары туралы өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз

Эмоционалды интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек. EQ әсер ететін бірнеше фактор бар. Өз-өзіңді тану, шыңдау, мотивация, эмпатия және әлеуметтік дағды. Өзін-өзі тану сезім мен іс-әрекет арасындағы байланысты ұстауға жәрдем береді.
EQ-і жоғары адам өзін шыңдай түседі. Өзіне сұрақ қоюға, мәселені шешуге бейім келеді. Ол бәрін жеңіл қабылдауға тырысады. Бұл оған мотивация сыйлайды. «Мүмкіндікті байқап көрмесең, ұтыласың» деп ештеңеден бас тартпайды. Сынап көреді, жеңеді. Эмоциялық интеллектіңізді дамыту үшін өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту қажет. 1. Өз-өзіңді дұрыс сезіну сізге эмоцияны түсінуге, оларды түсінуге, олардың пайда болу себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Өз сезімдеріне жақсы білетін адамдар көбінесе көшбасшы бола алады, өйткені олар өз сезімдеріне сенім артып, қиын шешімдер қабылдай алады.

Өзін-өзі басқару - эмоциялық интеллекттің екінші негізгі компоненті. Бұл кез-келген жағдайда өзіңізді бақылап, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға үйретеді, қорқыныш, ашу-ыза немесе алаңдаушылық ойлаудың анықтығына кедергі келтірмейді және соққыларға жол бермейді.

18 Ғылымға бет бұрған, оқу-білімді бағалаған адамдарға Абай өзінің «Отыз екінші қара сөзінде» философиялық кеңес береді. Ұсынылған алты кеңесті жазыңыз

«Отыз екінші қара сөзінде» философиялық кеңес береді:

«Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек

болар еді деп іздемеске керек...

Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек

керек...

Үшінші – әр хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт,

өлсең айырылма!

Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі

– мұлахаза (араб. ойласу, пікір алысу), екіншісі – мұхафаза (араб. сақтау,

қорғау)...

Бесіншісі – ...ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек.


Соның ішінде уайымсыз, салғырттық деген нәрсе бар, зинһар (араб. қалайда,

әйтеуір), жаным, соған бек сақ бол, әсіресе!

Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол

мінез бұзылмасын»

19 Адам интеллектісін дамытудағы қарым-қатынас қағидаттары дегенді қалай түсінесіз? Критерийлерін өзіңіз құрастырып ұсыныңыз

Менің ойымша, қарым-қатынас принциптері адам интеллектінің дамуында маңызды рөл атқарады. Олардың ішінде келесі критерийлерді атап өтуге болады:

Белсенді тыңдау-әңгімелесушіні тыңдау және түсіну, оның көзқарасы мен мәлімдемелеріне қызығушылық таныту қабілеті.

Ашық диалог пен жаңа таныстыққа дайын болу, әртүрлі пікірлерді құрметтеу және басқаларды тыңдай білу.

Тұжырымдай білу-өз ойлары мен идеяларын нақты және қысқаша жеткізе білу, дәлелдер мен нақты мысалдарды қолдану.

Эмоционалды интеллект-бұл сіздің эмоцияларыңызды басқара білу және басқа адамдардың эмоционалды жағдайын қабылдау, эмпатия мен эмпатия көрсету.

Бейімделу-бұл жаңа жағдайларға тез бейімделу, қарым-қатынастың өзгеруіне дайын болу

Өзін және басқаларды құрметтеу-өзін және басқа адамдарды соттамай немесе сынамай қабылдауға дайын болу.

Шығармашылықты дамыту-проблемалардың стандартты емес шешімдерін таба білу, міндеттерге жаңа көзқарастар іздеу және шығармашылық қабілеттерін көрсету.

Жалпы, қарым-қатынас принциптері бізге интеллектті дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге және өзімізді және басқа адамдарды жақсы түсінуге үйренуге көмектеседі. Сонымен қатар, өмірдің әртүрлі салаларындағы қарым-қатынас бізге жаңа білім мен тәжірибе алуға, тұлға ретінде дамуға және қоғамда өз орнын табуға көмектеседі.

20 А.В.Крюкованың: «Интеллектіге сараптама жасаудың неғұрлым толық әрі жүйелі әдісі – оны құрылымдық-генетикалық, факторлы-аналитикалық және прагматикалық тұрғыдан қарастыру» - деген тұжырымдамасын нақты дәлелдер негізінде түсіндіріңіз

Орыс ғалымы А.В. Крюковтың «интеллект» концептісін ағылшын және орыс тілінің тілдік факторлары негізінде зерттегені (2005 ж.) белгілі. Өз еңбегінде ғалым интеллектінің психологиялық сипаттамасын жүйелі түрде түсіндірген. Зерттеушінің пікірінше: «Интеллектіге сараптама жасаудың неғұрлым толық әрі жүйелі әдісі – оны құрылымдық-генетикалық, факторлы-аналитикалық және прагматикалық тұрғыдан қарастыру» [20; 35 б.].

Орыс зерттеушілерінің арасында адамның интеллектуалдық сипатын зерттеу тақырыбына байланысты еңбектердің ең жүйелісі – А.В. Крюковтың «интеллект» макроконцептісін орыс және ағылшын тілдерінің материалдарын салғастыру негізінде жазған жұмысы (2005 ж.). Нақты статистикалық мәлімет негізінде ағылшын және орыс тілдеріндегі интеллектуалдық сипатты білдіретін тілдік бірліктердің концептуалдануы, концептуалдық метафоралануы, интеллектінің жағымсыз жақтарының қос тілде қолданылуы және семантикалық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл ғылыми зерттеуді әлеуметтік лингвистика және лингвомәдениеттаным бағытындағы жұмыс деп бағалауға болады.


21 Интеллектіге қатысты концептуалдық өріс: ақыл, ой, сана, пайым, алғыр, шешен сөздерінің әрқайсысына анықтама жазыңыз.

АҚЫЛ – адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі. Ақыл – адамның бүкіл болмысы, қоршаған айналасымен тығыз байланысты абстарктілік ұғым ретінде психологияның да, философияның да, логиканың да, тіл білімінің де, педагогиканың да объектісі.

САНА – 1. Парасатты, ақылды, ойлы, ой-сезімі күшті, әр нәрсені ақылмен ойлай білетін, толғамды, есті.

2. Мәнді, мағыналы. Адамның интелектуалды жетілуінің деңгейі.

Сана ұғымынан: саналы, санагер, сана-сезім, саналы сөз, саналы әрекет, құлдық сана, рухани сана деген мағыналық өріс қалыптастыруға болады.

ПАЙЫМ - ойлау процесінің формасы, белгілі бір сатысы. Анық та айқын пайымдау, өз ойын дұрыс құру, фактілерді дәл жіктеп, дұрыс жүйелеу қабілеті таным процесінде өте қажет. Пайымға сүйене отырып, шындықтың мәнін ашуға жетелейтін танымның шығарм-қа толы жоғары деңгейі зердеге байланысты.

АЛҒЫР -  адамның психикасындағы зейінділік, зеректік, ұғымталдық сияқты ақыл-ой әрекеттерінің бір-бірімен үйлескен қасиеті. Ойы алғыр адам айналасындағы бейне-құбылыстарды шапшаң қабылдап, оларды ақыл-ой елегінен өткізіп, қажет кезінде қайта жаңғыртады. Халық: “Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, олақ жігіт оңай жұмысты жүк қылар” дейді. Алғырлық — ақыл-ойдың жемісі ретінде адам ойының ұшқырлығы, талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау, нақтылау секілді қасиеттерге тығыз байланысты. Алғыр адамның дүние танымы мен білімін көзқарасынан, ойды, іс-әрекетті қабылдауынан, соған қатысынан байқауға болады. Алғырлық балалардың жас ерекшеліктерімен ақыл-ойының даму деңгейіне сәйкес үнемі ілгері өрістеп, күрделіленіп отырады.

ШЕШЕН - 1. Сөзге ағып тұрған, қызыл тілді, тілге жүйрік адам. 2. Шаршы топ алдында тапқырлық танытып, нанымды, шебер сөйлеуші адам 3. Би, тапқыр, ділмар адам деген мағынаны білдіреді

22 Интеллект ұғымына қатысты философиялық ой-тұжырымдарды талдаңыз

Қазақ философы Қ. Әбішева дамның ойлау жүйесін идеалдық категорияға жатқызады да: «Ойлау бұрын да айтқандай организмнің ішкі күйін білдіретін процесс қана болса, адам сыртқы дүниені де, өзін де өзгерте алмас еді. Ойлау әр адамнан тыс дүниенің сырына да, оның өз сырына да, өзінен тыс объектідей қатынас жасап бойлай алатын және соның негізінде өзінің идеялдық дүниесін жасайтын адамның қызметі. Оған субъективті психикалық қызмет те, әрі сыртқы дүниеде іс-әрекет түрінде жалғасатын түрі де жатады», [37] – деген сипаттама береді. Үндістандағы сегіз философиялық мектеп Нәтижесінде адам табиғаты рух пен материяның қосылысы бола бастайды, осылайша, материяда жасырын жатқан рух «біртіндеп өмірге және санаға түрткі болып отыруы керек»