Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 1996

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. Келісемін:

Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы — Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайда қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.

Өзінің қайнар бастауын сонау 1992 жылдан алатын әлем қазақтарының Құрылтайлары жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты алаңына айналуда. Құрылтай қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, оны молайтуға мүмкіндік береді. Ол, сондай-ақ, біздің отандастарымыздың Қазақстанға өз еркімен қоныстануына жол ашады. Осынау маңызды іс-шара көші-қонға жауапты мемлекеттік органдарға шетелден қоныс аударушылардың өздерінің тарихи отандарында бейімделуіне,  этникалық көші-қон мәселелерін шешуге, көші-қон жәнен білім туралы заңдарына байланысты уақыт талабын ескеруге жаңаша тұрғыдан қарауға көмектеседі.

 Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және отандастарымыздың елімізге оралуының маңызы. 1991 жылы республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 40%-ды құрады. Қазақ халқының азшылыққа айналуына қуғын-сүргін, күштеп қоныс аударту, депортация, өлкедегі ашаршылық секілді оқиғалар әсер еткен. Сарапшылардың пікірінше, кез келген елдің ішкі этносаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 75–80% болуы керек. Осы тұрғыда иммиграция, ирредента, эмиграция мәселелеріне зор көңіл бөлініп отыр.

  Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, елде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде көбінесе жергілікті ұлт пен көптеген диаспоралардың өзара түсіністікке негізделген арақатынасы және жалпы халық санындағы қазақтардың үлес салмағының өсуі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеде шетелдегі қазақ диаспораларының өз отанына көшіп келуіне жол ашу, елде орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету анағұрлым оңтайлы шешім болып табылды. Біріншіден, отандастарымыздың тарихи отанына көшіп келуі демографиялық үдерістерді шешудің тиімді жолдарының бірі саналады. Өйткені оларда көпбалалы отбасын қалыптастыру ұстанымы берік сақталған. Екіншіден, Қазақстандағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жоюға жәрдемдеседі. Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан елдерінен арзан жұмыс күшінің үнемі және жаппай ағылуы экономикалық жағынан өте тиімсіз. Сондықтан олардың орнына этникалық қазақтардың келуі, тапқан табысты өз елімізде жарату мен салық төлеу республика бюджет қорын толықтырады. Үшіншіден, шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы қазақ тілі мәртебесін көтереді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолия қазақтары мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Ресей қазақтары да ана тілін меңгеруге аса ниетті. Төртіншіден, белсенді көші-қон ағымы арқылы тарихи әділдікті орнатуға мүмкіндік аламыз. Бесіншіден, экономикалық, мәдени, спорт табыстарына қол жеткіземіз. Отандастарымыздың еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, саяси өмірінде елеулі өзіндік үлес қосып жүргені мәлім. Мысалы, Өзбекстаннан елге оралғандардың бірі – сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков. Түркиялық Халифа Алтай – Құранды араб тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды.


65. «Жаңғыртылған «Жаңа Ұлы Жібек жолы» Қазақстан экономикасының дамуында басты рөл атқарады». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.

Бұл тұжырыммен келісемін.

1-дәйек:Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-мәдени маңызы үлкен. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б. елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мәдени, ғылыми жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және оқ-дәрімен танысты. Бүкіл әлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әртүрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені – ежелден келе жатқан дәстүр.

  2-дәйек:Ұлы Жібек жолының ортаазиялық бағытында халықаралық сұхбат үрдісі орнықты. Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия түйісетін Ұлы Жібек жолында біріне бірі ұқсамайтын мәдениеттердің өзара құндылықтар алмасулары үшін қолайлы жағдай қалыптасты.

  1-дәлел: 1987 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды.

  1996 жылы Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің бірлескен декларациясында Ұлы Жібек жолы басты нысан етіп алынды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске асыру» туралы Жарлыққа қол қойды.

  2-дәлел:1998 жылы «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бағдарламасы, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар біздің жерімізден «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі өтеді. Бұл жоба тасымалданатын жүктердің транзитінен Қазақстанға қаржылай мол табыс әкеледі.



66. VI - XIII ғ. басында қазақтардың этногенезіне қатысқан негізгі тайпалар мен тайпа одақтарын атаңыз.

Түркі тайпалар. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңттүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндарүйсiндерқаңлыларсарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығыменкен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндарүйсiндерқаңлылар.

Көктүрік қағандығы 600 ж. шамасындағы Батыс (қызғылт) және Шығыс (көгілдір) Көктүрк қағандықтары. Сұйықтау түс тікілей билеуін, қоюлау түс ықпалды аумағын көрсетеді.Ұзақ заманғы бұл этникалық процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұндайиркичуречубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды.603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этникалық саяси негiзi «он тайпа» (көнетүркіше:он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өзенінiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi.

Түргеш қағандығы .Оның орнына Түргеш қағандығы (704756), одан кейiн Қарлық (қарлұқ) қағандығы (756940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды.

Оғыз бірлестігі.

Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шігілдер, яғмалар, адғұрлар мекен етсе, Орталық Қазақстан

 мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi 
ЫрғызЖайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджыжагарчарукқарлұқимурбайандұрқай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында бесенелер (орыс. печенеги) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi.

Қимақ қағандығы


9 — 11 ғғ. басында өмiр сүрген  Қимақ қағандығының аумағы СолтүстікШығысОрта Қазақстанды алып жатты. Бұл федерацияға алғашқы жетi тайпа: еймуримектатарбайандұрқыпшақланиказажлар тайпалары кiредi. Қимақтарға (кимектерге) қарасты аумақта қыпшақ бiрлестiгiмен қоса 11 — 12 ғғ. жекелеген топтары қыпшақтардың рулық-тайпалық құрамына кiрген кумандар да айтылады. Олар 9 — 10 ғғ. жазбаша деректер мәлiметтерi бойынша Батыс Қазақстан аумағын мекендеген және қимақ (кимек), қыпшақ, куман тайпаларының үш құрамды бiрлестiгiнiң батыс тармағы болған.

Қарахан әулетi


10 ғ. орта шенiнде Қашқар және Жетiсу жерiнде түркi тектес қуатты Қарахан әулетi (9421210) билеген күштi мемлекет құрылды. Кешiкпей Қарахан ұрпағының хандары Әмудария мен Сырдария аралығындағы ол кезде әлсiрей бастаған самани әулетi билеген мемлекеттi бағындырып алды. Мұның өзi Орта Азия халықтарының экономикасы мен мәдениетiне зор әсерiн тигiзiп, ЖетiсуШығыс Түркiстан халықтары мен тайпаларының арасындағы өзара байланысты күшейттi.

Найманкерейiтжалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орта Азияның шығысында — Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да, олардың қазақ тарихына тiкелей қатысы бар. Моңғолдар талқандағаннан кейiн найман мен керейiт топтары, жалайырлар қалыптасып жатқан көптеген түркi халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына бiртiндеп сiңiсе бердi. Наймандар моңғол кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен. Керейiттер Едiл бойына дейiн барып, кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтардың құрамына кiрдi. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында көшпелi мал шаруашылығымен айналысқан қыпшақтар өмiр сүрдi.

Қыпшақ бірлестігі


Қыпшақтар 11 ғ. кең байтақ қазақ даласы мен Оңтүстік орыс даласына үстемдiк еттi де, 12 ғ. Днепр өзеніне дейiн жайлап жатты. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр топтары кейiнiрек өзбекқарақалпақбашқұрт және қырғыз халықтарының да құрамына қосылды.