Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1994
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек. Мәдени мұра. Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі. Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.
61. «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Тұжырыммен толықтай келісемін. Кәсіп адамға өте үлкен байлық әкелуі мүмкін. Кәсіпті дұрыс таңдап, оны жақсы көріп, өзінің кәсібімен айналысқан адамдар сол кәсіптен бақыт табады. Кәсіптің қоғамдағы сұранысқа ие түрімен айналысатын адамдар сол кәсібінің арқасында еңбегінің жемісін жеп отыр деп ойлаймын. Менің елімде ондай адамдар өте көп. Кез келген сұраныстағы кәсіпті алсақ, оның иелері жас кезінен, қиындықтан бастап, жас кезінде бейнетін көріп, жасы келгенде, яғни, жылдар өткенде соның зейнетін көріп отырғандар қаншама? Біздің мектепте балалары оқыған Бауыржан атты кәсіпкер ағайды мысалға алғым келеді. Жас кезінен өз кәсібіне берік ағай, қаншама қиыншылық болса да, тастамай сол кәсібінен қазір байып еліміздің миллонерлерінің қатарында тұр. Ағай кәсіпті үйренгенде көп оқыды, білім алды, ол білімі таусылмай, жыл өткен сайын шыңдала түсті.
"Бай болғың келсе– кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылып қалады, ал шеберлік жоқ". Мен айтар едім, шынайы байлық біліммен, шеберлікпен, адал еңбекпен алынады. Әрине, мен бұл тұжырыммен келісемін.
1-дәйек: Мен ұлы ақын Абайды келтірер едім. Абай жалпы адамзаттық ақиқатты әлемді ұлттық қабылдау ерекшелігі мен қазақ халқының құндылықтар жүйесі арқылы ашады. Еңбек санатынан кейін талап (мақсаттылық) келеді. "Адамдар арасында ұмтылысы жоқ адам ол - бейшара ". Бірақ маңызды бұл ұмтылысы неге бағытталатынын анықтау керек –байып, жетіле түсуіне не даңқын асыруға немесе білімге, ғылым, ізгілік, әділдікке ме?
2-дәйек: Абай ұғымындағы білім еңбек категориясымен байланысты. Ол еңбекке деген әдеттегі көзқарасты ауыр міндет, қажеттілік ретінде қайта қарастырады және еңбек біртұтас тұлға мен халықтың адамгершілік сана – сезімін қалыптастырудың негізі деп тұжырымдайды.
1-дәлел: Абай байлықты жоққа шығармайды және кедейлікті дәріптемейді, өйткені ол өзі де бай және асыл отбасынан шыққан.
2-дәлел: Мәселе мынада: адам жақсы мақсаттарды жүзеге асыру үшін байлыққа ие бола ма – туыстарына, халқына көмектесу үшін – немесе, керісінше, байлық адамға ие бола ма, оны құлға айналдырады, адамгершілік қасиеттерінен айырады. Абай байлықты ит сияқты игерген адам, оны ит сияқты жұмсайды деп есептейді.
62. Қазақстандық заңнамалық актілер негізінде ҚР Көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтаңыз. Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
1-дәйек: Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатының ерекшеліктері. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды.
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.
2-дәйек: 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында репатриант деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған. Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
ҚР КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1.Экономиканың жекелеген салаларына, мерзімдік жұмыс күші ретінде шетелдіктерді уақытша тарту;
2. Өндіріске инновация мен жаңа технологияны енгізу мақсатымен біліктілігі жоғары қызметкерлерді тұрақты қызметке тарту;
3.Өндіріс қуаты мен қызметкерлердің мамндық деңгейін көтерудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру үшін шетелдермен мамандар алмасу.
Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды.
Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады. Аталған мәселелерді ескере келе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1998 жылы ТМД Саммитында «Қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынған болатын.
2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық саны өсіп, миграциялық үрдістің екінші кезеңі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түрікмен, ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға дейін жетті.
Ішкі көші-қон ерекшеліктері. Тәуелсіздік жылдары ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден ірі қалаларға көшумен жалғасты. Еңбек мигранттарының едәуір бөлігін қазақ жастары құрады.
Қазақстан үкіметі 2008 жылы көші-қонды басқару жөнінде «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
«Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды.
2014 жылдан бастап «Серпін» жалпыұлттық жобасы жүргізіліп келеді. Осы жоба бойынша мамандар даярланып, еңбек ресурстары мол аймақтардағы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша батыс және солтүстік аймақтарға оқуға тартады.
63. «Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ұлттық бірлік пен қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған». Сіз бұл тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Келісемін. Өз жауабыма бірнеше дәйек пен дәлел келтірейін:
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Алматыда өткен Қазақстан халықтарының бірінші форумында ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – Президент төрағалық ететін консультативті-кеңесші орган. Қазіргі таңда Ассамблея Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының сенімді тетігіне айналды. 2002 жылы 26 сәуірде ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы бекітілді.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда маңызды қызмет атқарады. Біріншіден, ол Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталады. Екіншіден, Ассамблея ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі. Үшіншіден, бұл қоғамдық құрылым мемлекеттік тілді және Қазақстан диаспораларының ана тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсетеді.
2008 жылы Елбасы бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылданып, Ассамблеяның құқықтық мәртебесі кеңейтілді.
Қазіргі таңда Ассамблея 23 республикалық және 470-тен астам аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын қосып, «Достықтың инфрақұрылымына» айналды.
2014 жылы бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары құрылды. Ассамблея қызметін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі тұрақты және жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен қызметі. Ассамблея құрылымында 17 кіші ассамблеялар біріктірілген, олар 14 облыстық және 3 республикалық маңызы бар қалалардың ассамблеялары. Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік кіші ассамблеялары ұлттық-мәдени орталықтары мен диаспоралар бірлестіктерінің жұмысын біріктіреді және үйлестіреді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері өңірлік Ассамблея төрағалары қызметін атқарады. 2008 жылы Ассамблея ұлттық-мәдени орталықтары ресми түрде этномәдени қоғамдық бірлестіктер болып қайта тіркелді.
ҚХА маңызды жиыны Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткізіледі. Ассамблея жанынан шығатын «Достық – Дружба», «Менің елім» журналдары этносаралық қатынастар саласындағы атқарылған іс-шаралар туралы ҚХА-ның ақпараттық ресурстары ретінде бүкіл елімізге таралады. Ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған түрлі жиындар, форумдар өткізіледі.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, Парламент Мәжілісінде ҚХА-ның 9 өкілі депутаттар құрамына енген. Сенаттың 15 депутатын ұлттық-мәдени және басқа да қоғамның өзекті мүдделерін ескере отырып, Президент тағайындайды. ҚХА депутаттарының алдына елдегі этносаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту басты міндет етіп қойылған. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру тәжірибесінің әлемдік сахнадағы орны зор. Қазақстан халқы Ассамблеясының құнды тәжірибесі әлемдік тәжірибеге енгізіліп, жоғары бағасын алды. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретіндеҚазақстанның халықаралық абыройының өсуіне ықпал етуде.
Республиканың көпұлтты халқының өміріндегі Ассамблеяның рөлі туралы шетелде ірі халықаралық конференциялар өткізілді. Қазақстанның Ассамблея құрудағы тәжірибесін бірқатар ТМД елдері (Ресей, Қырғызстан, Молдова) қолданып отыр.
Қазақстандық үлгі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан айтқандай: «Қазақстан барлық мемлекеттер үшін тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің үлгісі болып табылады».
2010 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға сапары барысында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаты мен бағыт-бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс қағидатына толық сәйкес келеді», – деп айрықша атап өтті.
64. «Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы отандастарымыздың елге оралуына үлкен әсер етті».